Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап bcc plus жазылымдарының тарифтері өзгереді

Құрметті клиенттер! 

Сіздерді bcc plus Standard, Comfort, Premium, Private және Private+ жеке тұлғаларға арналған қызмет пакеттерінің тарифтерінде өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз. 

Өзгерістер 2026 жылдың 05 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
bcc.kz қолданбасындағы «24/7 режиміндегі жеке консьержіңіз» қызметі уақытша өшірілді

Құрметті клиенттер!

Техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты bcc.kz қолданбасындағы «24/7 режиміндегі жеке консьержіңіз» сервисі уақытша жұмыс істемейді.

Қызметтің қайта іске қосылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.

Сіздер Visa консьерж-сервисінің қызметтерін Telegram (https://t.me/VisaConciergeBot) және WhatsApp (https://wa.me/380443000503) арналары арқылы пайдалана аласыздар.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
БЗЖҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер

Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне өзгерістер енгізілді.

Стандарт салық шегерімдерін қолдану мерзімі

2025 жылғы 15 шілдедегі №208-VIII ҚР Заңымен Салық кодексінің 48-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгеріс — БЗТ түрінде кірістерге стандарт салық шегерімдерін қолдану бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.

Егер сіз 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында БЗТ алған болсаңыз және стандарт шегерімдерді қолдануға құқығы бар тұлғалар санатына жатсаңыз (ҚР СК 346-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшалары), бірақ шегерімдерді толық қолданбаған болсаңыз — 2025 жылдың соңына дейін БЗЖҚ-ға өтініш беріп, растайтын құжаттарды (БЗЖҚ автоматты түрде алатын құжаттарды қоспағанда, мысалы, мүгедектік туралы мәліметтер) ұсына аласыз.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді, оған сәйкес:

ҚР жеке тұлға резиденттеріне БЗЖҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ), жеке табыс салығынан (ЖТС) толық босатылады.

ҚР бейрезиденттері бойынша ЖТС ұстау сақталады.

01.01.2026 жылғы жай-күй бойынша кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық міндеттеменің күші жойылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық қалай қолданылады

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін БЗТ бойынша 10% ЖТС қолданыстағы нормаларға сәйкес (01.01.2026 жылдан бастап күшін жоятын Салық кодексі) ұсталады. Кейінге қалдырылған ЖТС ай сайын тең үлестермен 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ұсталады (353-1-бап, 2-тармақ, 2-тармақша) немесе алушы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (353-1-бап, 6-тармақ), төлемдер еңбек сіңірген жылдары үшін жүргізілсе (353-1-баптың 7-тармағы), «ЖТС-ны біржолғы ретпен ұстап қалу» тәсілі таңдалған болса, біржолғы түрде ұсталады.

Зейнетақы жинақтарымен операция жүргізген кезде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне енгізілген өзгерістер туралы толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/

Жаңалықтар
1 ақпаннан бастап DragonPass залдарына тегін кірудің жаңа талаптары күшіне енеді

1 ақпаннан бастап әуежайлардағы DragonPass залдарына тегін кіруге қатысты Visa-ның жаңа талаптары күшіне енеді:

  • #IronCard — айына кемінде 550 000 теңгеге сауда жасау қажет
  • #TravelCard — айына кемінде 300 000 теңгеге сауда жасау қажет


Премиум картаңызды белсенді түрде пайдалануды ұсынамыз, себебі жаңа ереже 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді. Бизнес-залдарға тегін кіру үшін 26 желтоқсаннан бастап жасалған сауда есепке алынады.

Бұрынғыдай, сапарға дейінгі соңғы 5 күн есептелмейді.

Өзгеріс келесі қызметтерге қатысты болады: 

  • DragonPass залдары
  • Fast Track International қызметі
  • Астана әуежайының VIP-залындағы лаунж
  • Алматы және Астана әуежайларында жүкті орау
  • Алматы әуежайында жүкті сақтау
  • Алматы әуежайынан трансфер қызметі
  • Forbes журналының онлайн-нұсқасын пайдалану
Жаңалықтар
Сыйлықты қазір алып, ақысын кейін төлеңіз: #картакарта арқылы кредит лимитін пайдаланыңыз
Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит ESG мәселелеріне арналған тренинг ұйымдастырды

Астанада «ESG: трендтер, тәжірибе, мүмкіндіктер» атты тренинг өтті. Іс-шараға бизнес өкілдері, сондай-ақ Банк ЦентрКредит, KPMG Кавказ және Орталық Азия, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), АХҚО Жасыл қаржы орталығы, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (AFSA) сарапшылары қатысты. Тренинг Банк ЦентрКредиттің Тұрақты даму орталығы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ АХҚО-дағы филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Тренинг аясында ESG саласындағы негізгі трендтер, тұрақты қаржыландырудың практикалық құралдары, сондай-ақ тұрақты даму талаптарының күшеюі жағдайында компаниялар үшін ашылатын мүмкіндіктер қарастырылды. Қаржы институттарының ESG күн тәртібін қолдаудағы рөліне және жауапты қаржыландыру құралдарын тәжірибеде қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тренинг гибридті форматта (офлайн және онлайн) өтті. Офлайн форматта қатысқан қатысушыларға Банк ЦентрКредит атынан атаулы сертификаттар табысталды.

«Банк ЦентрКредит ESG тәуекелдерін басқару тәжірибесін енгізу бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Біз үшін мұндай іс-шаралар серіктестер мен әріптестермен жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Бастаманы қолдағаны үшін KPMG, АХҚО және AFSA ұйымдарына алғысымызды білдіреміз - олардың қатысуының арқасында іс-шара мазмұнды әрі нәтижелі өтті», - деп атап өтті Тұрақты даму орталығының басшысы (CSO) Арнур Ибраев.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған қағаз тасымалдағыштағы сыртқы аударымдар бойынша тарифтерге енгізілетін өзгерістер

18.12.2025 ж. бастап бизнес-клиенттер бойынша қағаз тасымалдағыштағы сыртқы аударымдар бойынша тарифтерге өзгерістер енгізіледі:

  • Стандарт тарифі – 10 000 KZT
  • «Еркін» қызметтер пакеті – стандарт тарифке сәйкес
  • «Базалық» қызметтер пакеті – 7 000 KZT
  • «Оңтайлы+» қызметтер пакеті – 3 500 KZT
  • «Премиум» қызметтер пакеті – 2 500 KZT
  • «Ультра» қызметтер пакеті – 0 KZT

Талаптар тиімді болу үшін интернет-банкинг немесе BCC Business мобильді қолданбасы арқылы онлайн-аударымдарды пайдалануды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 18 желтоқсаннан бастап bcc plus Standard, Comfort және Premium тарифтері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Сіздерді bcc plus Standard, Comfort және Premium жеке тұлғаларға арналған қызмет пакеттерінің тарифтерінде өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз.

Өзгерістер 2025 жылдың 18 желтоқсанынан бастап күшіне енеді және қолжетімді құралдардың ауқымын кеңейтуге, сондай-ақ қаржылық операцияларды ыңғайлы етуге бағытталған.

Жаңалықтар
Жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері ұлғайтылды

12.12.2025 жылдан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгертілді:

  • «Рақмет» депозиті — 12.12.2025 жылдан бастап ашылған жаңа депозиттер бойынша.
  • «AQYL» депозиті — 12.12.2025 жылдан бастап ашылған жаңа және қазіргі депозиттер бойынша.


 Жаңа мөлшерлемелермен «Депозиттер» бөлімінде танысуға болады.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі желтоқсан айына bcc plus жазылымын сыйлайды

Желтоқсан бойы bcc plus жазылымын тегін пайдаланыңыз. Бұл жазылым қосымша жоғары кешбэк санаттарын, қолма-қол ақша алу бойынша жоғары лимиттерді, #картакарта бойынша ұзартылған жеңілдікті кезеңді және басқа да артықшылықтарды ұсынады.

Қолданыстағы жазылымы бар клиенттерге

4-31 желтоқсан аралығында барлық жазылым түрі бойынша төлем алынбайды.

Маңызды: егер төлем күні 1 желтоқсанға сәйкес келсе, төлем жүргізіліп үлгеруі мүмкін. Алайда 4-31 желтоқсан аралығында жазылым түріне қарамастан, ешқандай төлем алынбайды.

Жазылымы жоқ клиенттерге

4-31 желтоқсан аралығында bcc plus қолданбасында Comfort жазылымын тегін қосып, бір ай бойы пайдаланыңыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 10 желтоқсанда bcc plus жазылымдарының тарифтері өзгертіледі

Құрметті клиенттер! 

Сіздерді bcc plus Standard, Comfort, Premium, Private және Private+ жеке тұлғаларға арналған қызмет пакеттерінің тарифтерінде өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз. Өзгерістер 2025 жылдың 10 желтоқсанынан бастап күшіне енеді және қолжетімді құралдардың ауқымын кеңейтуге, сондай-ақ қаржылық операцияларды ыңғайлы етуге бағытталған.

Жаңалықтар
Қаңтар айында сауда жасап, #IronCard және #TravelCard сыйлықтарын алыңыз
Жаңалықтар
bcc.kz қолданбасындағы жалақыға дейінгі ақша

Жалақыға дейінгі ақша — бұл жалақы жобасына қатысушыларға берілетін кепілсіз кредит, тек bcc.kz қолданбасында қолжетімді.

Комиссия: 5,9%, мөлшерлеме: 0,1%, ЖТСМ: 45,17%
Комиссия: 0%, мөлшерлеме: 37,5%, ЖТСМ: 43,54%

  • Қарыз сомасы — 50 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін
  • Кредит мерзімі — 3 ай
  • Ішінара мерзімінен бұрын өтеу қарастырылмаған
  • Толық мерзімінен бұрын өтеу бойынша шектеу жоқ
Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 1 желтоқсанда техникалық жұмыстар жүргізілуде

Құрметті клиенттер! 

bcc.kz мобильді қосымшасы мен банк сервистерінің жұмысында ақаулар орын алуда. Мәселені шешу бойынша талдау жүргізіліп, оларды түзетуге бағытталған шаралары қабылданып жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен Coffee BOOM ұсынған iPhone 17 ұтыс ойыны

Біздің банкіміз бен Coffee BOOM iPhone 17 ұтыс ойынын іске қосты. Қатысу үшін 2025 жылғы 10 желтоқсаннан 2026 жылғы 10 ақпанға дейін Coffee BOOM желісінде кез келген сомаға жасалған тапсырыс ақысын #картакарта, #bccpay, #IronCard немесе #BlackEdition карталарымен төлеу жеткілікті.

Сонымен қатар әр сауда сомасынан кешбэк есептеледі — #картакарта, #bccpay және #IronCard карталары бойынша 5%, ал #BlackEdition бойынша 12%. Бас жүлде — 512 GB iPhone 17. Жеңімпаз 2026 жылғы 16 ақпанда @coffeeboom2010 Instagram-парақшасында кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады.

Акцияға қосылып, Coffee BOOM-да банкіміздің карталарымен төлеңіз де, iPhone 17 ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
Плановые технические работы 29 ноября 2025 года

29 ноября с 02:00 до 05:00 будут проводиться плановые технические работы. В связи с этим будут недоступны приложения bcc.kz и bcc business, онлайн-операции по картам, а также отправка кодов через SMS.

Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.

Жаңалықтар
Банк карталарын шығару және қайта шығару талаптарына өзгеріс енгізілді

2025 жылғы 28 қарашадан бастап бір карта ұстаушыда болуы мүмкін карталар саны бойынша ереже жаңартылды.

Бір клиент корпоративтік карталарды қоса алғанда, ең көбі 4 банк картасын ресімдей алады. Лимитке картаның барлық түрі кіреді: дебет, кредит, премиум және корпоративтік.

Балаларға арналған және әлеуметтік карталар лимитке кірмейді.

Жаңалықтар
Акция для держателей бизнес-карт VISA продлена до 31 декабря 2025 года

Сообщаем о продлении акции для держателей бизнес-карт #business и #businessprime платёжной системы VISA до 31 декабря 2025 года.

Для участия клиенту необходимо:

привязать бизнес-карту к одному из мобильных кошельков: Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay или Garmin Pay

совершить не менее трёх покупок на общую сумму от 15 000 теңге.

В акции участвуют только те карты #business и #businessprime системы VISA, которые ранее не были привязаны к указанным кошелькам.

Призовой фонд

Победители получат подарочные сертификаты онлайн-магазина электроники iSpace:

  • 20 сертификатов по 25 000 теңге — при совершении не менее 3 покупок на сумму от 15 000 теңге;
  • 5 сертификатов по 250 000 теңге — при совершении не менее 10 покупок на сумму от 40 000 теңге;
  • 3 сертификата по 500 000 теңге — при совершении не менее 15 покупок на сумму от 100 000 теңге.

Акция действует до 31 декабря 2025 года включительно.

Жаңалықтар
Жеке кәсіпкерлік шотын ҚР кез келген банкінің картасынан толықтыру

Енді жеке кәсіпкерлігіңіздің есеп айырысу шотын ҚР кез келген банкінің картасынан толықтыра аласыз.

Шотты тікелей BCC Business қолданбасында толықтыруға болады, тек банк картасының нөмірін және алынатын соманы енгізу жеткілікті. Толықтыру лимиті – айына 1 млн теңге. Назар аударыңыз: картаны шығарған банк комиссия ұстауы немесе лимит белгілеуі мүмкін.

Шотты 24/7 режимінде толықтыруға болады, ал қаражат есеп айырысу шотына әп-сәтте түседі.

Жаңалықтар
#BlackEdition: оле-оле-оле!

Клиенттерімізді жаңа жарқын акциямен қуантамыз, бұл - нағыз жанкүйерлерге арналған сыйлық.  

10 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жалпы сомасы кемінде 20 000 теңгеге сауда жасаған #BlackEdition картасының әрбір иесі билеттер ұтыс ойынына қатысып, «Қайрат» - «Олимпиакос» матчына тегін бару мүмкіндігіне ие болады.  

3 желтоқсанда 4 жеңімпазға екі билеттен ойнатылады. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. 

Акция басталды. Бұл - #BlackEdition картасын ресімдеудің ең жақсы сәті.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
Плановые технические работы 10 ноября 2025 года

10 ноября с 03:00 до 03:50 будут проводиться плановые технические работы. В связи с этим будут недоступны операции по картам, платёжным терминалам и банкоматам, а также P2P-переводы.

Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.

Жаңалықтар
Жаңа #180 картасы — 180 күнге дейін пайызсыз

ЦентрКредит Банкі 180 күнге дейінгі рекордтық жеңілдік кезеңі бар жаңа #180 кредит картасын іске қосты. Енді сіз жарты жылға жуық пайыз төлемей, банк қаражатын пайдалана аласыз!
#180 картасы сіздің жайлылығыңызға арналған:

  • Кредит лимиті — 3 000 000 ₸ дейін
  • Картаны шығару және оған қызмет көрсету — 0 ₸
  • bcc.kz қолданбасында ыңғайлы ресімдеу

 Картаны онлайн ашып, бүгіннен бастап пайдаланыңыз!

Қолданбаны жүктеп алу

Жаңалықтар
VISA #business және #businessprime карталары иелеріне арналған акция!

Бизнес-картаңызды Apple/Google/Samsung/Garmin Pay әмияндарына тіркеп, 15 000 теңге не одан жоғары сомаға кемінде 3 рет сауда жасаңыз.

Акцияға жоғарыда аталған әмияндарға бұрын тіркелмеген VISA жүйесінің #business және #businessprime карталары ғана қатыса алады.

Жүлде қоры iSpace электроника онлайн-дүкенінің сыйлық сертификаттары түрінде ұсынылады:

- 25 000 теңгелік 20 сертификат – 15 000 теңге не одан жоғары сомаға кемінде 3 рет сауда жасалған болса;

- 250 000 теңгелік 5 сертификат – 40 000 теңге не одан жоғары сомаға кемінде 10 рет сауда жасалған болса;

- 500 000 теңгелік 3 сертификат – 100 000 теңге не одан жоғары сомаға кемінде 15 рет сауда жасалған болса.

Акция мерзімі: 01.11.2025 – 31.12.2025.

Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қазаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 24 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді