E-mail: Pr@bcc.kz
21 февраля с 03:00 до 04:10 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны операции с банкоматами, оплаты картой офлайн и онлайн, а также переводы с карты на карту.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
2026 жылғы 19 наурыздан бастап «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер күшіне енеді.
Жеке тұлға-клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- Қазақстан Республикасының барлық азаматы басқа елде тұруға ықтиярхаттың (ТЫ) болуына қарамастан, ҚР резиденті болып танылады, яғни сіздің валюталық операцияларыңызға ҚР резиденттеріне белгіленген ережелер қолданылады.
- Аталған күнге дейін басқа елде тұруға ықтиярхаты бар ҚР азаматтары бейрезидент болып саналады.
Бизнес клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- ҚР-да жұмыс істейтін шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері де резиденттер болып танылады.
- Бұл өзгерістер бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен бекітілген ұйымдарға қатысты емес.
Бұл неге маңызды?
Өзгерістер ережелерді біріздендіруге бағытталған және клиенттерге банктік қызмет көрсету жағдайларының нашарлауын көздемейді. Резидент немесе бейрезидент мәртебесі жекелеген валюталық операцияларды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібіне әсер етеді.
Birge+ депозитін ашып, жақындарыңызбен немесе достарыңызбен бірге ақша жинаңыз. Ортақ мақсат біріктіреді, ал қаражатты бірге жинау әлдеқайда оңай.
Арманыңызға тезірек жету үшін bcc.kz қолданбасында Birge+ депозитін оңай ашып, бес қатысушыға дейін қосыңыз: әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосып, нәтижені көре алады.
Баспана алу немесе армандаған саяхатқа шығу – мақсат қандай болса да, Birge+ арқылы қаражатты бірге әрі тезірек жинаңыз.
«Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз» функциясы bcc.kz мобильді қолданбасында #IronCard және #TravelCard карталарын ұстаушыларға қайта іске қосылды.
Банк қолданбасынан шықпай-ақ, консьерж-сервис мамандарының көмегін 24/7 режимінде алыңыз:
басты экран → карта → «Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз».
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 12 ақпаннан бастап шетел валютасымен қойылатын төлем талаптары бойынша тарифке өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қолданыстағы тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы қарай аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап #DragonCard және #GoldCard бойынша кешбэк бағдарламасының жаңа талаптары қолданылады.
#DragonCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 5% кешбэк – айына 40 000 ₸ дейін беріледі.
#GoldCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 3% кешбэк – айына 20 000 ₸ дейін беріледі.
Гонконгта, Макаода, Тайваньда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Қытай юанімен (CNY) ақша аудару тарифіне өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескеруді сұраймыз.
Тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
Құрметті бизнес‑клиенттер!
2026 жылғы 30 қаңтарда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттерге банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарына (№002 Қосылу шарты) енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы хабарлаймыз.
Өзгерістер «Депозит‑кепілдік+Кепіл салым» өнімінің күшін жоюға (заңнамаға енгізілген түзетуге байланысты), сондай‑ақ Банктің еншілес ұйымдары арасында клиенттер туралы ақпарат беру талаптарының өзгеруіне қатысты болды.
Аталаған өзгерістермен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.bcc.kz/about/sbornik-form-dogovorov/.
Қайта қаржыландыру қолданыстағы кредитті біздің банкімізге ауыстырып, төлемдерді жаңа талаптармен жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қайта қаржыландыруды банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады. Толық шарттарды, қарыз алушыға және кепіл объектісіне қойылатын талаптарды bcc.kz сайтынан қараңыз.
Мөлшерлеме 23-25%
ЖТСМ 26-29,2%
Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне және 16% мөлшеріндегі ҚҚС-ның енгізілуіне байланысты халықаралық SWIFT аударымдары бойынша тарифтерге түзету жүргізілетінін хабарлаймыз.
Жаңартылған талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді. Түсіністік танытып, бізге сенім білдіргендеріңізге рақмет!
Біз реттеуші органнан ипотекалық қарыздарды өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) қаражатын пайдалануға қатысты ақпаратты нақтылап жатырмыз.
Қазіргі уақытта біздің клиенттеріміз БЗТ қаражатын бұрынғыдай негізгі борышты да, пайыздарды да өтеу үшін пайдалана алады.
Ресми түсініктеме алғаннан кейін барлық өзгеріс туралы міндетті түрде хабарлаймыз.
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, енді біржолғы зейнетақы төлемдері ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тек негізгі борышты ішінара немесе толық өтеуге бағытталуы мүмкін. Зейнетақы жинақ ақшасы есебінен пайызды, өсімпұлды және айыппұлды өтеуге енді жол берілмейді. Бұрын мұндай мүмкіндік ережеде қарастырылған болатын.
Сонымен қатар өтініш беру тәртібі өзгертілді. Арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші зейнетақы қаражатын пайдалану туралы электронды өтінішті толтырады, онда шот нөмірін, пайдалану мақсатын және қолдануға болатын соманы көрсетіп, ЭЦҚ арқылы куәландырады. Бұрын осы өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілі де көрсетілуі тиіс еді.
Бұған қоса бұйрықта тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайларға және жақын туыстарға беруге болатыны әрі олардың бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға бере алмайтыны нақтыланған.
Бұдан бөлек растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы шотына қайтарылады. Ал қаражат қате аударылған жағдайда, уәкілетті оператор үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің келісімімен БЖЗҚ-ға хабарлама жолдайды, содан кейін БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш берушінің шотына қайта аударады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жеке табыс салығынан босатуға қатысты қағидаларды қоспағанда, 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін жоспарлы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2240-шот («Клиенттердің міндеттемелерін қамсыздандыру (кепілге қою, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты») алынып тасталады. Осыған байланысты клиенттердің міндеттемелері бойынша кепілге салынған ақша ретінде қабылданған ақшалай қаражатты сақтауға арналған шот үлгі шот жоспарынан алынып тасталады.
Осы өзгерістер аясында ЦентрКредит Банкі «JAÑA ипотека» өнімі бойынша қарызды қамсыздандыру ретінде пайдаланылатын кепілге салынған ақшаны «Кепілдік» депозитіне аударады.
Бұл клиент үшін нені білдіреді:
- кепілге салынған ақша депозит ретінде ресімделеді
- депозит бойынша жылдық 0,1% мөлшерінде сыйақы есептеледі
- бұл клиентке талаптарды жақсартады, себебі бұған дейін сыйақы есептелмеген.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті түрде кепілдік беріледі
bcc.kz қолданбасында пуш-хабарлама жіберілгеннен кейін, келесі құжаттарға онлайн қол қоюыңыз қажет:
- депозит ашу туралы өтініш;
- «Кепілдік» депозиті шарты;
- қажет болса, жұбайының (зайыбының) келісімі;
- банктік қарыз шартына қосымша келісім.
Қарыздың талаптары мен оған қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударыңыз.
bcc.kz қолданбасы әлі орнатылмаған болса, оны QR-код арқылы жүктеп алыңыз.
Сұрақтарыңыз болса, 505 нөмірі арқылы бізбен байланысыңыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлаймыз, оған сәйкес жекелеген банк комиссияларына ҚҚС (қосылған құн салығы) салынады.
Мұндай қызметтер бойынша Банктің тарифтері қосымша немесе жасырын төлемдерсіз, ҚҚС-ны есепке ала отырып көрсетілген.
Банк бизнес-клиенттерге тиімді қызмет көрсету талаптарын сақтайды.
Жекелеген өнімдер бойынша тарифтердің/сыйақылардың өзгеруі туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша берілген:
Факторинг
16.02.2026 ж. бастап BCC төлемдері
Тарифтерге және (немесе) банк қызметтерін көрсету талаптарына қосымша өзгерістер енгізілген жағдайда, Банк клиенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде хабардар етеді.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жекелеген банк қызметтеріне қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады. Аталған күннен бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға тең болады.
ЦентрКредит Банкі өнімдері бойынша тарифтердің басым бөлігі өзгеріссіз қалады. Өзгерістер төлемдерге қатысты болады — жаңа тарифтер 2026 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптарды сілтеме бойынша «Тарифтер» бөлімінен қарауға болады.
Сеніміңізге мың алғыс. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және банк қызметтерін сізге ыңғайлы әрі пайдалануға жеңіл етуді жалғастырамыз.
Шот өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелген жеке тұлғалардың кәсіби қызметтен түскен кірістерін аударуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолдану аясында есеп айырысуға арналған.
Шотты bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим сізге сай, егер:
- Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе қандас болсаңыз.
- Қызметті жалдамалы қызметкерлерсіз өз бетіңізше жүзеге асырсаңыз.
- Кірісіңіз айына 300 АЕК-тен аспаса, шамамен 1 297 500 ₸ болса.
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызмет түрімен айналыссаңыз (тізбені ҚР Үкіметі бекіткен).
Жаңа талаптар аясында ЦентрКредит Банкі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жеке шоттар мен карталарды дайындап жатыр. Бұл шешім клиенттерден төлем қабылдауды жеңілдетіп, жеке және кәсіптен түскен қаражатты бөлуге мүмкіндік береді. Сервисті іске қосу клиенттер үшін барынша оңай әрі ақауларсыз өтуі үшін шешім әзірленіп жатыр. Аталған жаңа сервисті іске қосу туралы қосымша хабарлаймыз.
Толығырақ сілтеме бойынша
27.01.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша еуромен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиені есептен шығару туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, делдалдарға жүгінбеуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.
Қазіргі уақытта қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен бірлесіп әрекет етуінің бірыңғай тәртібі қолданылады.
«Проблемалық қарыз» бөліміне сілтеме: https://www.bcc.kz/kz/personal/other/troubled-debt/
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі – Банк) осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге өз құрметін білдіреді және Банкке білдірген сеніміңіз үшін алғыс айтады.
Осы хабарлама заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып саналатын клиенттерге, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған шаруа (фермер) қожалықтарына (бұдан әрі – Клиенттер) жолданады.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес, клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында қарастырылған тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк өзі дербес жүзеге асырады. Заңның 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам ақша болмаған жағдайда банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (банктік шотты жабуға) құқылы. Заңның 29-бабының 7-тармағында клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және банктік шоттарды жабады деп қарастырылған.
Банк соңғы 12 (он екі) айдан асатын кезең үшін қалдық 0 (нөлге) тең және Хабарлама орналастырылған күннен бастап келесі 3 (үш) айда ақша қалдығы болмайтын банктік шоттардың жабылғаны туралы (жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаудан бас тарту туралы) хабарлайды. Бұл ретте ағымдағы шоттарды жүргізу және жабу үшін комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес алынады. Іскерлік қатынастарды тоқтатумен келіспеген жағдайда, Банкті жазбаша түрде хабардар етуді немесе ағымдағы шот бойынша ақша аудару операциясын (яғни төлем жасау және (немесе) ақша аудару) жүргізуді немесе банктік салымды толықтыруды сұраймыз.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.
Осы Хабарламаның жарияланған күні: 202___ жылғы «___» _________.
2026 жылғы 03 ақпаннан бастап ЦентрКредит Банкіндегі сейфтік қызметтер бойынша жаңартылған тарифтер күшіне енетінін хабарлаймыз. Тарифтермен мына жерде таныса аласыздар.
Ыңғайлы болу үшін сейф ұяшығын bcc.kz мобильді қолданбасында онлайн түрде брондауға немесе банк бөлімшелерінің кез келгеніне баруға болады.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
26 декабря с 03:00 до 04:00 будут проводиться плановые технические работы. В связи с этим будут недоступны операции по картам, платёжным терминалам и банкоматам, платежи и переводы в приложении bcc.kz, а также мобильный банкинг.