Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит кеңейтілген ESG деректерімен тұрақты даму жөніндегі екінші есебін жариялады

Банк ЦентрКредит өзінің екінші қаржылық емес есебін жариялады. Құжат АРРФР ұсынымдарына және халықаралық стандарттарға — GRI, SASB, IFRS S1 және S2 сәйкес дайындалған. Есепте тұрақты дамудың негізгі бағыттары қамтылған: мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, қызметкерлерді дамыту, адам құқықтарын сақтау, қоршаған ортаға әсерді азайту және экономикалық дамуға қосқан үлес. 2024 жылға арналған есепте ақпаратты жариялау ауқымы мен тереңдігі едәуір кеңейтілді – құжат банк қызметімен қатар, оның еншілес ұйымдарына қатысты деректерді де қамтып, ESG тәсілдерінің бүкіл Топ деңгейінде іске асырылып жатқанын көрсетеді. 

2024 жылдың басты жетістіктерінің қатарында 2030 жылға дейінгі жаңартылған ESG стратегиясының қабылдануы, Орталық Азия банктері арасында алғашқы болып Климаттық стратегияның әзірленуі, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша мақсаттар мен «жасыл» қаржыландыру көлемін арттыру жоспарлары бар. 2024 жылы өткізілген халықаралық S&P Global Corporate Sustainability Assessment бағалау нәтижесінде банк тұрақты даму саласындағы басқару жетілдіру деңгейі жоғары банктердің әлемдік топ 10%-на енді. 

Есепте банктің стратегиялық ESG бастамалары мен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпарат берілген. Негізгі бағыттардың қатарында экологиялық және мәдени жобалар, білім беру қолдауы, цифрлық инклюзия және гендерлік теңдік бар. Бұл жобалардың көпшілігі банк қызметкерлерінің белсенді қатысуымен және ЮНЕСКО сияқты серіктестермен бірлесе жүзеге асырылады. Әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға 6,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, банк халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту мен ЕҚДБ-ның GEFF II сияқты «жасыл» қаржыландыру бағдарламаларына қатысуды жалғастыруда. 

«Жасыл офис» бағдарламасы аясында экологиялық бастамалар жүзеге асырылуда: энергия және ресурстарды үнемдеу шаралары енгізіліп, ел бойынша кеңселерде қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі кеңейтілді. Алғаш рет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды растайтын IREC сертификаттары сатып алынды. 

Адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. 2024 жылғы жағдай бойынша банкте 7 692 қызметкер жұмыс істейді, олардың 66,3%-ын әйелдер құрайды. Есепті кезеңде BCC Academy және Көшбасшылық мектебі сияқты білім беру жобалары іске қосылып, 200-ден астам оқу бағдарламасы өткізілді. 

Өткен жылы сияқты, есеп халықаралық KPMG аудиторлық компаниясымен ISAE 3000 стандартына сәйкес шектеулі растаудан өтті, бұл ұсынылған ақпараттың шынайылығы мен ашықтығын растайды. 

2024 жылға арналған тұрақты даму есебінің толық нұсқасы мен ESG Databook құжатын Банк ЦентрКредиттің ресми сайтынан табуға болады. 

 

*ISAE3000 халықаралық аудит стандартының талаптарына сәйкес шектеулі сенімділік 

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы. 

Жаңалықтар
2025 жылғы 22 шілдеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

22 шілдеде сағат 03:00-05:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz қолданбасы мен сайтында операция жүргізу, банкоматтар мен терминалдар арқылы операция жүргізу, сондай-ақ төлем жасау және ақша аудару мүмкін болмайды.


Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Цифрлық премиум карталарын ашуғаарналған тарифтердітөмендету 

24.07.2025 жылы ЦентрКредит Банкініңцифрлық премиум карталарын ашу бағасыөзгереді және қолжетімді болады: цифрлықкартаны шығару енді физикалық картаменсалыстырғанда екі есе арзан болады. 

Мысалы, bcc.kz қолданбасында цифрлық #IronCard картасын 15 000 ₸ ашуға болады, мұндай картаны шығару уақытты ғана емес, қаражатты да үнемдейді. 

Сондай-ақ #IronCard пен #DragonCard карталарын қайта шығару және жабу тарифтеріде қайта қаралды. 

«Тарифтер» бөліміндегі өзекті бағалардытексеріңіз.

Жаңалықтар
Плановые технические работы 12 июля 2025 года

12 июля с 00:00 до 05:10 утра будут проводиться плановые технические работы. В связи с этим будут недоступны приложения bcc.kz и bcc business, а также операции с банкоматами и терминалами.

Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее спланировать необходимые операции.

Жаңалықтар
online.bcc.kz платформасы арқылы ағымдағы шотты/ депозиттері ашқан жаңа бизнес-клиенттерге арналған акция

2025 жылғы 8 шілдеден бастап қоса алғанда 8 қыркүйек дейінгі кезеңде online.bcc.kz платформасы арқылы ағымдағы шотты/ депозиттері ашқан жаңа бизнес-клиенттер үшін акцияның іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

Талаптары:

Акция өткізу кезеңінде online.bcc.kz платформасы арқылы ағымдағы шот ашқан жаңа бизнес-клиенттерге:

  • 6 айға дейін «Мерзімді», сонымен қатар 3 ай және 6 ай мерзіміне «Жинақтаушы плюс» салымдарын ашқан кезде стандартты мөлшерлемеге + 1,0 %
  • 6 айға дейін «Овернайт» салымын ашқан кезде стандартты мөлшерлемеге + 0,5%.


Тек теңгемен қаражат тарту.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған “Оңтайлы+” және “Премиум” қызметтер пакетіне енгізілетін өзгеріс

Құрметті “Оңтайлы+” және “Премиум” қызметтер пакетін пайдаланатын бизнес-клиенттер

Сіздерге теңгемен жүргізілетін сыртқы тегін төлемдерді ұсыну талаптарының өзгергені, атап айтқанда төлем санының көбейтілетіні туралы хабарлаймыз:

  • “Оңтайлы+” — айына 20 төлемнен 100 төлемге дейін
  • “Премиум” — айына 50 төлемнен 250 төлемге дейін


Өзгеріс 04.07.2025ж. бастап күшіне енеді.


Құрметпен

«Банк ЦентрКредит» АҚ

Жаңалықтар
Банк карталарын шығаруға/қайта шығаруға қойылатын талаптарға енгізілетін өзгеріс

02.07.2025ж. бір карта ұстаушыға банк карталарын шығару/қайта шығару санына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілді.

 

Бір клиент (карта ұстаушы) бір банкте корпоративтік карталарды қоса алғанда ең көп дегенде 5 төлем картасын ғана аша алады. Кредит, дебет, премиум және корпоративтік карталардың барлық түрі ескеріледі. Балаларға арналған карталар бұл лимитке кірмейді.

Жаңалықтар
Банктің «жасыл» қаржыландыру саясатына тәуелсіз бағалау (Second Party Opinion, SPO)

Банк ЦентрКредит «жасыл» қаржыландыру саласындағы саясатына тәуелсіз бағалаудан (Second Party Opinion, SPO) сәтті өтіп, Халықаралық капитал нарығы қауымдастығының (ICMA) «жасыл» облигациялар қағидаттарына (GBP) ең жоғары сәйкестік деңгейін алды.

Астана халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы (AIFC GFC) жүргізген бағалау АО «Банк ЦентрКредиттің» жобаларды іріктеу мен басқару бойынша рәсімдері мен тетіктерінің жоғары деңгейін, сондай-ақ экологиялық және/немесе әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша ақпарат ашудың және ашықтықтың жоғары деңгейін көрсеткенін растады.

AIFC GFC бағалауына сондай-ақ Банктің алғашқы «жасыл» облигациялар шығарылымынан түсетін қаражатты пайдаланудың болжамды шолуы да кірді. Бұл облигациялар 2025 жылдың екінші жартыжылдығында шығарылуы жоспарланған және олар Банктің «жасыл» қаржыландыру саясатына сәйкес іріктеу критерийлеріне жауап беретін экологиялық жобаларды қаржыландыруға және/немесе қайта қаржыландыруға бағытталады.

Қаржы нарығындағы ең үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес, Саясатта көрсетілген қабылдауға болатын жасыл жобалардың критерийлері Climate Bonds Initiative (CBI) ұйымының талаптарымен үйлестірілген.

SECOND PARTY OPINION

Жаңалықтар
ЦКБ мен BCC Life-тан саяхат ұтып алыңыз

Назар аударыңыз: біз акция талаптарын жаңарттық

2025 жылғы 1 шілде мен 31 шілде аралығында BCC Life біздің банкімізден кепілсіз кредит алған кезде өмірді сақтандыруды ресімдеген клиенттер арасында акция өткізеді.

Қатысу үшін не істеу қажет?

  • ⁠1 шілде мен 31 шілде аралығында қолданбада немесе банк бөлімшесінде қарызды қайта қаржыландыруды немесе қолма-қол ақшамен берілетін кредитті ресімдеу
  • Өмірді жинақтаушы емес сақтандыру шартын жасау


Жүлде қоры — 3 000 000 ₸
Қазақстанның әр өңірінен бір-бір жеңімпаздан барлығы үш жеңімпаз болады. Әр жеңімпаз туристік жолдамаға арналған сыйлық сертификатына ие болады.

Ұтыс ойыны нәтижелері 2025 жылғы 20 тамызда Instagram желісіндегі ресми centercreditkz парақшасында тікелей эфирде жарияланады. Жеңімпаздар акция талаптарын орындаған қатысушылардың арасынан кездейсоқ түрде анықталады.

Мөлшерлеме: 11,8-38%
ЖТМС: 24,43-46%

Акция талаптарымен толығырақ Акция ережесінде танысуға болады.

Кредит ресімдеп, ұтыс ойынына қатысыңыз

Кредит ресімдеу

Жаңалықтар
#IronCard және #BusinessPrime карталарымен Алматы әуежайынан тегін трансфер

#IronCard және #BusinessPrime премиум карталарының иелеріне арналған жаңа акция.

  

2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 

Алматы әуежайынан тегін трансферге тапсырыс беріңіз, бұл Telegram-дағы @VisaConcierge чат-боты көмегімен оңай жасалады.  

  • #BusinessPrime – акция кезеңінде 4 сапар. 

  • #IronCard – айына кемінде 300 000 ₸ сомасында сауда жасаған кезде 6 сапар. Демалыс күндері мен сапар алдындағы соңғы 5 күнді есептемегенде, 30 күн ішінде жасалған сауда ескеріледі.  

  

Бүкіл отбасымен жайлы саяхат жасау үшін 3 жолаушы және 3 багаж орны: 

  • Жүкті тасуға көмек 

  • Чатта рейс туралы ақпаратты көрсету жеткілікті 

  • Трансферге тапсырысты кемінде 3 сағат бұрын беру қажет 

Жаңалықтар
1 шілдеден бастап #GoldCard және #DragonCard карталары бойынша кешбэк шарттары өзгереді

16 маусымнан бастап #GoldCard және #DragonCard карталарымен Қытайда жасалатын сауда сомасынан 10% кешбэк беру тоқтатылады. Алайда 1 шілдеден бастап юаньмен жасалатын барлық сауда сомасынан 1% көлемінде негізгі кешбэк беріледі.

Сіздің көңіліңізден шығатын жаңа ұсыныстар дайындап жатырмыз!

Жаңалықтардан хабардар болыңыз — қызық болмақ!

 

Картаңыздың артықшылықтары туралы толығырақ сайт арқылы біліңіз:

Жаңалықтар
25 жеңімпаз жаздың басты музыкалық оқиғасына барады
Жаңалықтар
2025 жылғы 17 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

17 маусым күні жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 03:00-05:00 аралығында bcc.kz қолданбасы мен http://m.bcc.kz сайтын пайдалану, төлем жасау, ақша аудару, сондай-ақ банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 03:00-04:30 аралығында төлем карталары бойынша операция жүргізу, банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу, P2P арқылы ақша аудару, сондай-ақ интернет арқылы сауда жасау мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 12 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

12 маусым күні сағат 02:00-03:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz сайты мен қолданбасында 15 минут бойы депозит ашу және жабу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттарды жабу

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты)  351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.


25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет  көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес)  күнтізбелік  күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.

Жаңалықтар
bcc smart арқылы бөліп төлеуді қалай өтеуге болады?

bcc smart арқылы бөліп төлеу қызметін қалай пайдаланып, өтеуге болатынын сізге ыңғайлы әрі түсінікті ету үшін толық нұсқаулық дайындадық. Онда барлық маңызды ақпарат қамтылған: төлем мерзімі, төлеу тәсілдері және пайдалы кеңестер. Жоғалтып алмау үшін өзіңізге сақтап қойыңыз.


bcc smart арқылы бөліп төлеуді қалай өтеуге болады?

Жаңалықтар
2025 жылғы 10 маусымдағы жоспарлы техникалық жұмыстар

10 маусым күні 00:30-дан 02:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында bcc.kz қосымшасындағы кейбір төлемдер (көлік, ТКШ, электронды ақша), сондай-ақ BCC Mall қолжетімсіз болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

16 маусым күні сағат 03:00-05:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде bcc.kz қолданбасы мен m.bcc.kz сайтын пайдалану, сондай-ақ банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 5 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

5 маусым күні сағат 04:00-05:10 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде bcc.kz сайты мен bcc.kz мобильді қолданбасында депозит ашу және жабу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Астанадағы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі

14 маусымда «Хан Шатыр» ОСО-да ЦентрКредит Банкі мен Center Home компаниясының ұйымдастыруымен ауқымды жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Бір алаңда Астананың ең ірі құрылыс компаниялары бас қосып, өздерінің үздік тұрғын үй жобаларын ұсынады.

Қатысушылар қатарында жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшылары бар:

G-Park, The Akan Building, SAT-NS, «Ұлытау», «Айва», Enigma, Orda Invest, «Сардар», Sensata, СМК, BI Group.

Іс-шара өз қаражатына не ипотекаға тұрғын үй сатып алуды жоспарлап жүргендердің бәріне қызықты болмақ. Келушілер мамандардан кеңес алып, түрлі ұсыныстарды салыстырып, қолжетімді кредит беру бағдарламалары туралы толық ақпарат ала алады.

ЦентрКредит Банкі тиімді ипотека өнімдері мен арнайы талаптар жайында баяндайды.

Center Home жылжымайтын мүлік объектілерін ұсынып, сізге ең қолайлы пәтерді таңдауға көмектеседі.

Сондай-ақ бағдарлама аясында бағалы жүлделер мен ақшалай сертификаттың ұтыс ойыны өткізіледі. Басталуы — сағат 10:00-де. Армандаған пәтеріңізді табуға және сыйлық ұтып алуға берілетін тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең белсенді эмитент банк ретінде танылды

2025 жылғы 13 мамырда Лондонда ЕҚДБ-ның Сауданы дамыту бағдарламасы (Trade Facilitation Program, TFP) аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жолы да ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең белсенді эмитент банк ретінде танылды. Аталған номинацияның жеңімпаздары ЕҚДБ тарапынан TFP бағдарламасы аясында жасалған мәмілелер санына қарай айқындалды, бұл Банктің халықаралық сауданы дамыту ісіне жоғары деңгейде қатысатынын көрсетеді. Банк ЕҚДБ-ның TFP бағдарламасына белсенді қатысып, клиенттерге сауда қаржыландыру құралдарының кең ауқымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл құралдар клиенттерге тауар мен қызмет құнын айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ халықаралық саудада қосымша артықшылықтар алуға жағдай жасайды.

«Біз аталған марапатқа қайта ие бола отырып, бұл тек біздің белсенді жұмысымыздың ғана емес, сонымен қатар клиенттеріміздің бізге артқан сенімінің нәтижесі дегіміз келеді. ЦентрКредит Банкі өзін бизнеске арналған сенімді қаржы серіктесі ретінде танытып, компанияларға халықаралық сауданың тиімді талаптарын ұсынуды жалғастырып келеді. TFP бағдарламасына қатысу клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және ЦКБ-нің жаһандық аренадағы сенімді серіктес ретіндегі беделін нығайтады. Біз бұл марапатты мақтан етеміз және осы жетістікке орасан зор үлес қосқан командамызға алғыс айтамыз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

ЕҚДБ-ның TFP бағдарламасы арқылы банк халықаралық кепілдіктер алады, бұл мәмілелерді саяси және төлем тәуекелдерінен қорғайды. Ал бұл экспортқа да, импортқа да тиімді талаптармен қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
2025 жылғы 1 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

1 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 01:00-ден 04:00-ге дейін bcc.kz сайтында өтінім беру сервистерін, ал сағат 03:00-ден 05:00-ге дейін bcc business қолданбасын пайдалану мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
«СЭҚ-пен демалыс» акциясын ұсынамыз, жаз бойы жаңа клиенттерден комиссия алынбайды!

2025 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін біздің банкімізде жаңа шот ашқан және «Оңтайлы+» немесе «Премиум» қызмет пакетін қосқан жаңа клиенттерге арналған «СЭҚ-пен демалыс» акциясы өткізіледі.

Акцияның талаптары:

  • Валюталық келісімшартты тіркеу — 0 ₸
  • Ақша айырбастау — тиімді бағаммен 0 ₸
  • Валютамен ақша аудару — лимит аясында 0 ₸:
    • «Оңтайлы+» — айына 10 аударымға дейін
    • «Премиум» — айына 15 аударымға дейін

Жеңілдікті талаптар акция кезеңінде Банкте бірінші шот ашқан күннен бастап 3 ай мерзімге ұсынылады.


Қосымша артықшылықтар — цифрлық сервистер:

  • Валюталық бақылау сарапшысымен бейнебанк
  • Контрагентті тексеру
  • Санкциялық шектеуге қатысты тексеру (ЗТ, СЭҚ ТН)
  • SWIFT GPI трекері – валютамен жасалатын төлемнің нақты уақыт режиміндегі мәртебесі
  • SWIFT Pre-validation – төлем деректемелерін алдын ала тексеру

Шотты ашып, пакетті қосыңыз да, СЭҚ қызметтерін артық шығынсыз жаз бойы пайдаланыңыз!

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді