Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Телефон нөмірі арқылы кез келген банкке ақша аудару

Телефон нөмірі арқылы кез келген банкке ақша аудару

ЦентрКредит Банкі қазақстандық банктердің арасында алғашқы болып VISA компаниясымен бірге телефон нөмірі арқылы кез келген банкке ақша аудару қызметін ұсынады. Енді картаның нөмірін және алушының ұзақ деректемелерін енгізудің қажеті жоқ, телефоныңыздағы байланыс нөмірін таңдап, кез келген банктің кез келген картасына ақша аударыңыз!

Ақша аударымдары қазіргі өмірдің қалыпты және қажетті аспектілерінің біріне айналды. Біз оның қолайлы екенін бұрыннан білеміз және күн сайын балаларымыздың, ата-аналарымыздың және әртүрлі қызметті сатушылардың карталарына ақша аударамыз. Бұл процестің ең күрделі жақтарының бірі алушылардың карталарының нөмірін сұрату, көшіру немесе қолмен теру болатын, қателер де орын алатын. Енді бәрі оңай, телефоныңыздың кітапшасынан қажетті нөмірді таңдасаңыз жеткілікті, ақша лезде аударылады!

«Мобильді аударымдар – қазіргі уақыттың басты технологиялық өнімдердің бірі, – дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарушы директоры Павел Кравченко. – Біз бұл процесті бұдан да жеңіл, жылдам әрі қауіпсіз еткенімізге шын жүректен қуаныштымыз. Сонымен қатар VISA компаниясымен жасалған ортақ бағдарламаның арқасында ақша аударымдарының географиясы айтарлықтай кеңейе түседі, өйткені бағдарламаға қатысушы банктер бүкіл әлемде бар, бірнеше батырманы бассаңыз болғаны, ақша аударылады!»

Ақша аудару үшін:

1.       BCC.KZ мобильді қосымшасын ашу;

  1. «Телефон нөмірі арқылы ақша аудару» функциясын табу;
  2. Қажетті алушыны таңдау;
  3. Қажетті соманы енгізу;
  4. Аударымды растау қажет.

Ақша аударымын алу үшін:

1.       Өз банкіңіздің мобильді қосымшасын ашу;

  1. «Телефон нөмірі арқылы ақша аудару» функциясын табу;
  2. Телефон нөмірі арқылы аударылған ақшаны алу мүмкіндігін қосу;
  3. Ақша аударылатын Visa картаңызды таңдау;
  4. Күйге келтіруді сақтау қажет.

Картаның ұзақ нөмірін ұмытып, ақшаны телефон нөмірі арқылы аударыңыз!

ЦентрКредит Банкі туралы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 116-дан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді.  Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.


Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
505 – Жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

Жаңалықтар
Ответы на часто задаваемые вопросы (график работы, банкоматы, приложение)
Жаңалықтар
Аударымдар штаттық режимде жұмыс істейді

Құрметті клиенттер!
Халықаралық ақша аударымдары, P2P, Золотая корона, WesternUnion, SWIFT жүйелері штаттық режімде жұмыс істейді

Жаңалықтар
Алматы қ. Жұмыс күндері бөлімшелер сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайлары:

Алматы қ.
Жұмыс күндері бөлімшелер сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайлары:
- Панфилов көш., 98
- Бөгенбай батыр көш., 156
- Тимирязев көш., 42
- Назарбаев көш., 65
- Шевченко көш., 140
- Шевченко көш., 100
- Абай даңғылы 151/115
- Гагарин көш., 244 А
- Гоголь көш., 15
- әл-Фараби даңғылы 38

Жаңалықтар
Бөлімшелердің жұмыс тәртібі

Құрметті клиенттер! 

Бүгінгі таңда ЦентрКредит банкінің бірнеше бөлімшесі қалыпты режімде жұмыс істейді. 

Жұмыс кестесімен толығырақ мұнда танысуға болады: cілтеме

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің бөлімшелері мен банкоматтарының жұмысы туралы ақпарат 

ЦентрКредит Банкі бүкіл Қазақстан бойынша 71 бөлімшенің қызметін толық іске қосқаны туралы хабарлайды. Жұмыс істейтін бөлімшелерде Банк жеке тұлғалар мен бизнес-клиенттерге қаржы қызметтерінің барлық түрін көрсетеді. 

Жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін. 
Жұмыс кестесімен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады

«Алматы қаласында біздің 7 бөлімшеміз, 9 АТМ және 9 төлем терминалы зардап шекті. Біз оларды жөндеп, тез арада іске қосу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. 
Осыған байланысты ЦентрКредит Банкі Алматы қаласында уақытша тек бизнес-клиенттерге ғана қызмет көрсетеді. Түсіністік танытқандарыңызға алғысымызды білдіреміз және уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім өтінеміз,» - деп хабарлайды банктің Баспасөз қызметі. 

Барлық ұялы байланыс операторлары базасында жұмыс істеп тұрған мобильді қосымша арқылы банктің барлық сервистерін пайдалануға болатынын естеріңізге саламыз. 

Ақпараттың жаңартылуын біздің Telegram арнамызда сілтемесі бойынша қадағалап отырыңыздар.

Банктің Call-center қызметі:
 ⁃ Жеке тұлғалар үшін: 505
 ⁃ Заңды тұлғалар үшін: 605
WhatsApp center:
          87471111505
         87471111605.
Өздеріңіз бен жақындарыңызға бекем болыңыздар! 

#СилавЕдинстве!
#КүшімізБірлікте!

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің жаңалықтары BCC.KZ NEWS Telegram арнасында

Құрметті клиенттер!

Енді Банктің соңғы жаңалықтарымен біздің telegram арнамызда танысуға болады, сілтеме

Жаңалықтар
Банк қызметінің қайта қалпына келуі туралы

Біз қымбатты клиенттерімізге қамқорлық танытып, банктің барлық сервистері жақын уақытта толық көлемде жұмыс істеуі үшін барлық іс-шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Қазірдің өзінде:
BCC.KZ және BCC BUSINESS қосымшалары; банктің кейбір бөлімшелері мен банкоматтар штаттық режімде жұмыс істейді.
BCC.KZ және BCC BUSINESS қосымшаларында банкаралық аударымдар мен валюта айырбастау уақытша тоқтатылған. ҚР ҰБ ақпараты бойынша бұл қызметтер жақын арада қолжетімді болады. Сондай-ақ қазіргі сәтте «Төлемдер» бөлімінде жұмыстар жүргізіліп жатыр (Beeline байланыс операторы пайдасына баланс толықтыру уақытша қолжетімсіз).

Жаңалықтар
Банктің Басқарма Төрағасы Хұсаинов Ғалымның үндеуі

Банктің атынан және жеке өзімнің атымнан елімізде болған соңғы оқиғалардың салдарынан қаза болғандардың отбастарына және зардап шеккендерге қайғырып көңіл айтамын. Біз бейбіт өмір мен тәртіпті қалаймыз, ал кез келген қайшылық тек құқықтық жолмен шешілуі тиіс. Банк ретінде біз елімізде антитеррористік операцияның жүргізілуін толық қолдаймыз және кез келген шектеулерді түсіністікпен қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан басқа банктермен бірге өз клиенттеріміз үшін қолымыздан келетін барлық іс-шараларды жүзеге асырамыз:

1. ТЖ жарияланған кезеңде біз барлық кредиттер бойынша кез келген өсімпұл мен айыппұл есептеуден бас тартамыз;
2. Кредитті өтеу мерзімін кейінге жылжытқысы келетін барлық тұлғалар үшін біз 19 қаңтарға дейін төлем мерзімін ұзартуға рұқсат береміз;
3. Тонаушылар мен террористердің іс-әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен ШОБ өкілдеріне кредитті өтеу мерзімдерін ұзағырақ уақытқа кейінге жылжытуға мүмкіндік береміз және әр кредит бойынша өтінішті дербес қарастырамыз;
4. Борышын өтеу барысында қаза болған барлық әскери қызметшілердің кредиттерін есептен шығарамыз;
5. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек ретінде 1 млн теңгеден өтемақы төлейміз. Банктің жұмысын қалыпқа келтіру үшін біз қазір:

1. Мобильді қосымшаларымыздың жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз, бұл жағдайда біз мемлекеттік органдарға тәуелдіміз, Мусин Бағдат осы мәселе бойынша бізге көмектеседі деп сенеміз;
2. Өңірлерде біздің банкоматтарды пайдалануға болады, Алматыда бұл жұмыс қолға алынып, жақын арада оларды қалпына келтіреміз;
3. Алматыда біздің үш бөлімшеміз зардап шекті, біз қазір оларды жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жақын арада іске қосамыз;
4. Банктің барлық карталары бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді және бұл қызметті қазір қолдануға болады;
5. Жақын уақытта біз Банктің негізгі сайтын іске қосамыз. Қазіргі уақытта ең бастысы біздің клиенттеріміз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі деп білеміз!
Клиенттерімізге деген қамқорлықпен, Хұсаинов Ғалым

Жаңалықтар
Сіздің картаңыз Google Pay-мен және ЦКБ-мен бірге смартфонда

Сіздің картаңыз Google Pay-мен және ЦКБ-мен бірге смартфонда


Біз Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Google Pay контактісіз төлемдерін іске қостық, олар Android базасындағы смартфоныңызды ғана пайдаланып, Google Pay жүйесі бойынша төлемдер қабылдайтын дүкендер мен сайттарда сауда жасауға мүмкіндік береді.

Смартфон арқылы төлем жасау үшін телефонды бұғаттаудан алып, оны POS-терминалға жақындату қажет. Google Pay арқылы контактісіз төлемдер жасаған кезде, картаның деректері берілмейді, оның орнына бірегей виртуалды шот пайдаланылады. Осылайша, клиенттердің деректері қорғалатын серверде шифрланған күйде сақталады, ал төлем бар болғаны бірнеше секундта комиссиясыз жасалады. Google Pay-ді төлем тәсілі ретінде BCC.KZ қосымшасындағы «Күйге келтіру» тарауында банкіміздің келесі кез келген картасына қосуға болады: 30%-ға дейін кэшбэк беретін #картакарта, премиум санатындағы IronCard пен TravelCard, #ҮлкенгеҚұрмет зейнетақы картасы, #business бизнес-картасы, сонымен қатар #bccpay жалақы картасы.

Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ # BCCPAY / # ҮлкенгеҚұрмет, #mevioletovo / # baribir және #IronCard өнімі тарифтерінің өзгергені туралы хабарлайды.

Құрметті Клиенттер!


«Банк ЦентрКредит» АҚ 2022 жылдың 10 қаңтарында күшіне енетін #BCCPAY/#ҮлкенгеҚұрмет, #мнефиолетово/#baribir және #IronCard өнімдеріне тарифтер төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілгенін хабарлайды, осылайша қаңтар айынан бастап. 2022 жылдың 24 күні күшіне енеді.


#BCCPAY/#Үлкенгеурмет, #мнефиолетово/#baribir карталары үшін «Негізгі/қосымша карта қызметі» және «Қолма-қол ақшаны алу» бөлімдеріне өзгерістер енгізілді.


#Ironcard үшін «Картаны қайта шығару (ауыстыру)/жабу» және «Қолма-қол ақшаны қабылдау» бөлімдеріне өзгерістер енгізілді.


Өзгерістер 24.01.2022 бастап күшіне енеді.


Жаңа тарифтермен сілтеме бойынша таныса аласыз.

Жаңалықтар
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингтерін B2-ден B1-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингтерін B2-ден B1-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

Moody's Investors Service ("Moody's") агенттігі 2021 жылғы 23 қарашада «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (BCC.KZ) жергілікті және шетел валютасында ашылған депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингтерін B2-ден B1-ге дейін, кредитті өтеу қабілетінің базалық бағасы (BCA) мен түзетілген BCA-ді caa1-ден b3-ке дейін, контрагент тәуекелінің (CR) ұзақмерзімді бағалауын B1 (cr)-ден Ba3 (cr)-ке дейін, контрагент тәуекелінің жергілікті және шетел валютасындағы ұзақмерзімді рейтингтерін (CRR) B1-ден Ba3-ке дейін көтерді және оның шетел валютасындағы кіші реттелген борышы Caa3 (hyb)-ден Caa2(hyb)-ге дейін өсті.

«B және одан жоғары рейтингке ие банктер жоғары жеке қаржылық тұрақтылыққа ие болады. Әдетте мұндай рейтингке жоғары бағаланатын және берік нарықтық позициялары, сонымен қатар жақсы қаржылық көрсеткіштер бар ұйымдар ие болады. Олар алдын ала болжанған және тұрақты операциялық ортада әрекет етеді», – деп болжайды агенттіктің аналитиктері.

Сонымен қатар Moody's агенттігі банктік депозиттердің ұзақмерзімді рейтингін ұлттық шкала бойынша Ba2.kz-ден Ba3.kz-ге дейін және CRR ұзақмерзімді рейтингін ұлттық шкала бойынша Baa3.kz-тен Ba1.kz-ге дейін көтерді.


Агенттіктің ойынша, ЦКБ рейтингтерін көтеру Банктің активтері мен кірісінің сапасының жақсарғанын, оның капитал буферлері мен өтімділігінің нығайғанын, сонымен қатар оның депозиттік базасының тұрақтылығын көрсетеді.

«Біз клиенттеріміздің сенімін жоғары бағалаймыз, ол ЦентрКредит Банкінің рейтингтерін «тұрақты» болжамы бойынша растаумен тікелей байланысты», – дейді Банктің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. «Аталған жетістіктерге қол жеткізу бөлшекті бизнес пен ШОБ-ты дамытуға назар салып, клиенттер мен қызметкерлерге қолайлы экоорта құруға бағытталған Банктің таңдалған даму стратегиясын рет-ретімен іске асырудың арқасында мүмкін болды. Біз меншікті бизнес моделімізді жақсарту және жаңа технологиялық процестердің арқасында өсімді қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс жүргіздік. Мұның барлығы Банктің көрсеткіштеріне оң әсерін тигізіп, рейтингтердің жоғары болуына әкелді. Біздің сүйікті клиенттерімізге тұрақтылығы мен сенімі үшін алғыс білдіреміз».

01.10.2021ж. жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың активтері 2 трлн теңгені (ҚР ЕДБ рэнкингіндегі 7-позиция), несиелік портфелі 1,2 трлн теңгені (5-позиция), депозиттері 1,3 трлн теңгені (7-позиция) құрады; реттеушінің барлық пруденциялдық және басқа талаптары артығымен сақталады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 19 филиалы мен 122 бөлімшелері арқылы 1,9 млн заңды және жеке тұлға клиенттерге қызмет көрсетеді.

Осы жерде қозғалған рейтингтердің толық тізімімен Moody’s агенттігінің келесі ресми баспасөз релизінен танысуға болады.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Шымкент қаласында жаңа бөлімше ашты

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Қаратау ауданы, Нұрсат ықшамауданы, 197-үй, корпус 4А мекенжайында орналасқан Банктің жаңа бөлімшесінің ашылуы туралы хабарлайды.

 

«ЦентрКредит Банкінің жаңа бөлімшесінің ашылуы – клиенттерімізге қарай бағытталған кезекті қадам, – дейді Банктің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Қазіргі күні үлкен мән берілетін цифрлық арналарды енгізумен қатар, біз ЦентрКредит Банкінің ең үздік сервистерін барынша көп қазақстандықтың пайдалана алуы үшін ЦКБ-нің өңірлік желісін жүйелі түрде дамытуды жалғастыра отырып, классикалық банктік қызмет көрсету туралы да ұмытпаймыз. Шымкент – өте әдемі, қарқынды дамып келе жатқан, әлеуеті жоғары, республикалық маңызы бар қала. Біздің банкіміздің тағы бір бөлімшесінің дәл осы жерде ашылғанына шын жүректен қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!»

 

ЦКБ-нің жаңа бөлімшесі қаланың орталығында, кіреберісі мен тұрағы ыңғайлы жерде орналасқан. Офистің заманауи жабдықталуында бөлімшенің әрбір келушісінің өзін барынша жайлы сезінуі ескерілген. ЦентрКредит Банкінің білікті менеджерлері жек тұлға, сондай-ақ заңды тұлға клиенттер үшін банктік қызметтердің алуан түрін ұсынады.

 Бөлімшенің жұмыс кестесі:

 Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00

Сенбі: 09:00 – 16:00
Жексенбі: Демалыс

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз:


Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан тегін                                                                                       WhatsApp +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 29 қазан күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-тен бастап 4:15-ке дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Изменение лимитов по интернет-операциям

Құрметті клиенттер!

ЦентрКредит Банкі интернетте тауар сатып алуға белгіленген лимиттерді өзгерткені туралы хабарлайды. Өзгерістер Банк карталарын басқарудың және пайдаланудың ыңғайлы болуы үшін енгізілген.

27.10.2021ж. бастап сіздердің карталарыңыз бойынша жүргізілетін барлық интернет-операциялар үшін бірыңғай лимит – Интернетте төлем жасау (бұрын болған "Интернетте төлем жасау", "Электрондық әмиян", "Казино", "Құмар ойындар сайттары", "Брокерлік-дилерлік сайттар" орнына) белгіленетін болады. 

Лимитті BCC.KZ қосымшасында өзгертуге немесе жабуға болады: Карта -> Күйге келтіру -> Карта бойынша лимиттер - > Интернетте төлем жасау. 


Сонымен қатар 20.10.2021 ж. бастап Банктің әрбір картасына белгілі бір тәуліктік лимит белгіленетін болады:


- премиум санатындағы #IronCard және #TravelCard карталары бойынша – күнінен 300$;

- жоғарыда көрсетілгендерден басқа барлық карталар бойынша – күніне 150$;

- балаларға арналған #juniorbank картасы бойынша – күніне 12$;

- зейнетақы және басқа әлеуметтік жәрдемақыларды алуға арналған карталар бойынша – күніне 0$.


Сұрақтарыңыз болса, Call-орталыққа хабарласыңыздар:


Жеке тұлғалар үшін:

505 – мобильді телефоннан тегін     

WhatsApp +7 (747) 1111-505


Заңды тұлғалар үшін:  

 605 – мобильді телефоннан тегін                                                                               

 WhatsApp +7(747) 1111-605

Жаңалықтар
15-17 қазан аралығында ВСС.KZ қосымшасында АЛСЕКО төлемдерін жүргізу қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

15-17 қазан аралығында ВСС.KZ қосымшасында АЛСЕКО төлемдерін жүргізу қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
БЦК стал банком-партнером ЕБРР по программе финансирования зеленых технологий
Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!
07 тамызда сағат 2:55-тен 3:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты "Банк ЦентрКредит"АҚ-ның төмендегі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз:
• АТМ, ИПТ, POS-терминалдар, Р2Р және карталары бойынша операциялар 3:00:00-ден - 3:50:00-ге дейін – 50 минут;
• BCC.KZ, BCC business бірге 2:55:00-ден - 3:30:00-ге дейін – 35 минут;
 Для физических лиц:
505 – бесплатно с мобильного
WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
Standard & Poor's агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтингін арттырды – болжам “тұрақты”

Үш ірі рейтинг агенттіктерінің қатарына кіретін «S&P Global Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі халықаралық шкала бойынша ЦКБ рейтингін "В/В" деңгейінде растады, сонымен қатар ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzBB+" деңгейінен "kzBBВ-" деңгейіне дейін көтерді.


Рейтинг агенттігінің пікірінше, ұлттық шкала бойынша рейтингтің көтерілуі Қазақстанда экономикалық ахуалдың тұрақтануы және экономикалық тәуекелдің азаюы жағдайында Банктің өзіндік кредит беру қабілетінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді.


S&P Global Ratings агенттігінің ЦентрКредит Банкі бойынша “Тұрақты” болжамы экономиканың қалпына келуіне, акционер мен мемлекеттің қолдауына және портфельдің тазалануына байланысты активтердің көрсеткіштері сапасының біртіндеп тұрақтануын білдіреді.


01 қыркүйектегі жай-күйі бойынша Банктің шоғырландырылған таза пайдасы 11,5 млрд теңгені құрады.


Капиталдың рентабельділігінің көрсеткіші 12,3%-ды құрады.

Жаңалықтар
20.09.2021 жылғы оқиғаларға қатысты Банктің түсіндірмесі


Баспасөз
-релизі                                                                                                   21.09.2021

 

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Ақбұлақ» ықшамауданында орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біз Сіздермен бірге орны толмас ауыр қайғыға ортақтасамыз. Орын алған қайғылы оқиға бізді қатты күйзелтті, барлық даулы жағдайлардың шешімі тек құқықтық желі аясында табылуы тиіс екендігіне сенімдіміз.

 

Аталған істің мән-жайын түсіндіре кету қажет деп есептейміз.

2011 жылғы шілдеде қарыз алушы «Нано Плюс» ЖШС-ға негізгі борыш пен пайыздар бойынша төлем мерзімін 6 айға кейінге жылжыту арқылы жалпы сомасы 102 000 000 теңгені құрайтын екі қарыз берілді.

Шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру ретінде кепіл шарттары жасалды, мұнда кепілді қамсыздандыру ретінде тұрғын емес жай, жер телімі, сонымен қатар Алматы қ., Алатау ауд., «Ақбұлақ» ықш., Сыздықов көш., 29-үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй қабылданды.

07.03.2012 жылы қарыз алушыға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша төлем мерзімін қосымша үш айға кейінге жылжыту ұсынылды. 20.08.2012 жылдан бастап қарыз алушы міндеттемелерін орындамай, төлем мерзімін өткізіп алды. Банк 11.10.2012 жылы және 17.01.2013 жылы міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаларды жөнелтті.

Қарыз алушы мен Кепілгердің Шарттар бойынша көзделген міндеттемелерді орындамауына байланысты 17.04.2013 жылы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Осы сәттен бастап Банк аталған қарыз бойынша пайыз есептеуді тоқтатты.

Банк Алматы қ. Алмалы ауданының №2 аудандық сотына қарыз алушы мен Кепілгерлерден берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берді.

 «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес: «Кепілгер кепілге қойылған мүлікті нарықтық бағамен тәуелсіз сатуға құқылы, борышкер болса сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы».

 Қарыз алушы да, Кепілгер де аталған құқықтарды пайдаланбады.

 «Атқарушылық іс жүргізу» ҚР заңының 80-бабының 3-тармағына сәйкес (Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

Электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып, мүліктің құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасатын болады.

Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс».

 22.01.2018 жылы Алматы қ. Алатау аудандық сотының сырттан шығарылған шешімі бойынша Кепілгерге тиесілі тұрғын үй түріндегі кепіл мүлкіне өндіріп алу қолданылды.

16.08.2018 ж. тұрғын үй түріндегі кепілге берілген мүлік бойынша электрондық соттық сауда өткізілді. Электронды аукционның қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес оның жеңімпазы болып Н.С. Турганов танылды. 23.08.2018 ж. жеке сот орындаушысы мен Н.С. Тургановтың арасында сатып алу-сату шарты жасалды.

26.12.2018 ж. Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ұйғарымымен Алматы қаласының Алатау аудандық сотының тұрғын үй түріндегі кепілге берлген мүлікті өндіріп алу туралы 22.01.2018 жылғы сырттай шығарылған шешімінің күші жойылды.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысымен Банктің 29 417 000 теңге мөлшерінде іске асырған кезде бастапқы сатылым құнымен тұрғын үй түріндегі кепілге берілген мүлікті өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.

ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.07.2020 жылғы қаулысымен А.П. Демирчяннің, И.И. Дужновтың ҚР ЖС азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарастыру үшін Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысын қайта қарастыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды. Осылайша тұрғын үй (алғаш рет өткізілген сот саудасынан сатып алынған) Н.С. Тургановтың меншігінде қалды.

 Кейін тұрғын үйден шығару жеке тұлғаның (сатып алушы) пайдасына шығарылған сот актісінің негізінде жүзеге асырылды, осылайша тұрғын үйден шығару туралы іс азаматтар арасында құқықтық қатынастарға өтті, бұл трагедияға әкеп соқты. Банк тұрғын үйді іске асыру, кейін тұрғын үйден шығару ісін жүргізген жоқ.

Банкке кепілге берілген тұрғын емес жайға қатысты, 07.03.2017 жылы ықтимал сатып алушылардың болмауына байланысты ол бойынша бірінші электрондық соттық сауда-саттық өткізілген жоқ. 18.04.2017 ж. соттық сауда-саттық қайтадан өткізілді. Сатып алушылардың болмауына байланысты және өткізілген соттық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жоғарыда аталған мүлік 96 008 120 теңге сомасында аукцион аясында төмендету әдісімен өткізілген сауда-саттықтан кейін Банктің меншігіне өтті. 24.04.2017 жылы Банк пен ЖСО арасында Тұрғын емес жайда сатып алу-сату шарты жасалды.

Ұзақ уақыт бойы Банк тұрғын үйге меншік құқығын тіркей алмады, өйткені бұрынғы меншік иесі Жер қатынастары комитетінің және Банктің жұмыскерлеріне жерге орналастыру жобасы бойынша және техникалық төлқұжатты әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берген жоқ.

 Банк меншік құқығын нақты 2021 жылғы мамырда тіркеді. Сәйкесінше 2017 ж. бастап осы уақытқа дейін Банк тұрғын үйге билік еткен жоқ, сонымен қатар 2021 жылғы шілдеде жер телімімен тұрғын емес жайды пайдалануға кедергі келтіруді жоюға мәжбүрлеу жөнінде Алматы қ. Бостандық аудандық сотына талап-арыз берді.

 Банк бұл қасіретте қаза болған тұлғалардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтастығын білдіреді. Біз аталған оқиғаны тергеуге белсенді қатысып, іс бойынша қажетті барлық құжаттарды ұсынамыз, сонымен қатар зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетеміз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі «Шотты жүргізу» тарифіне енгізілген өзгерістің күші жойылып

Құрметті клиент!


2021 жылғы 27 тамызда банктің https://www.bcc.kz/ ресми сайтында бизнес-клиенттерге арналған «Банктік шот» бөлімінің 1.2.5-т. тариф бойынша комиссия құнының 2 990 теңге мөлшеріне өзгергені жөнінде хабарлама орналастырылды.


ЦентрКредит Банкі «Шотты жүргізу» тарифіне енгізілген өзгерістің күші жойылып, шот бойынша операцияларды бөлімше арқылы жүргізген кезде барлық шоттарды жүргізу үшін ай сайын 1 900 теңге мөлшеріндегі бұрығны тарифтің қайта белгіленгені туралы хабарлайды.


Орын алған жағдай үшін кешірім өтінеміз!


Банктік қызметті барынша қолайлы ету үшін бизнеске арналған оңай әрі тиімді шешімдер – PRO және PRO MAX қызметтерінің тиімді пакетін ұсынамыз!


Пакеттер аясында келесі қызметтер қолжетімді:

- шотты тегін ашу және жүргізу

- BCC Business WEB/Mobile қосымшаларына тегін қосылу

- бизнес-картаның көмегімен шотты 24/7 режимінде пайдалану

- айына теңгемен 50/200 тегін төлемдер жасау

- сонымен қатар басқа да артықшылықтар, толық ақпаратты 605 (мобильді телефоннан қоңырау шалу) немесе +7 747 111 1605 (WhatsApp) телефондары арқылы білуге болады.


Оңай. Ыңғайлы. Тиімді.


Сізге деген қамқорлықпен, ЦентрКредит Банкі

Жаңалықтар
«Қолма-қол ақшаны алу» тарауында #картакарта бойынша тарифтерге өзгерістер енгізу туралы хабарлама

Құрметті Клиенттер! 

«Банк ЦентрКредит» АҚ #картакарта өнімі бойынша «Банк банкоматтарында қолма-қол ақшаны алу» тарауында тарифтерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Өзгерістер  01.10.2021ж. бастап күшіне енеді. 

Жаңа тарифтермен сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Құрметпен,

ЦентрКредит Банкі

Жаңалықтар
Агроөнеркәсіп кешені саласында қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілерінің қарыздары бойынша өтеу мерзімдерін кейінге жылжыту
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Құрметті клиент!


«Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.


31.08.2021Ж. бастап BCC Business (web)/BCC Business (mobile) жүйелері бойынша сағат 00.01 бастап 17:00 дейін жүргізілген ақша аударымдары үшін белгіленген тариф 300 теңгеге дейін төмендетілді.


Сондай-ақ ағымдағы шоттарды жүргізу үшін белгіленген тарифтерге де өзгерістер енгізілді.


Келесі https://www.bcc.kz/kz/smallbiz/tarify-biz/ бойынша өтіп, тарифтермен танысуды өтінеміз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді