Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 18 қыркүйек сағат 03:00-ден 05:00-ге дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның келесі қызметтері мен құрылғылары қолжетімсіз болады: банкоматтар, терминалдар, POS-терминалдар, электрондық коммерция (E-com) және төлем карталары бойынша барлық операциялар (төлемдер мен аударымдар).

Өз операцияларыңызды жоспарлап және оларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін жүргізуді сұраймыз.

Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін көрсетілген сервистер, құрылғылар және төлем карталары бойынша операциялар штаттық режимде қолжетімді болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
Проведение плановых технических работ

13 сентября с 00:00 до 04:00 в связи с проведением плановых технических работ будут недоступны некоторые сервисы в BCC.KZ и BCC Business.

В BCC.KZ для частных лиц будут недоступны :

•    Кредит наличными

•    Цифровая ипотека

•    Регистрация по биометрии

•    Восстановление по биометрии

В BCC Business для бизнес-клиентов будут недоступны:

•    Открытие счета по биометрии

•    Смена пароля по биометрии 

Приносим извинения за временные неудобства.

По всем вопросам, вы можете обращаться в контакт-центр:

505 – бесплатно с мобильного

WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі бизнесті кредиттеу үшін ЕҚДБ-дан жаңа транш алды

Еуропа қайта құру және даму банкі «Даму» қорымен бірге ШОБ кредиттеу жобасын іске қосты. Жобаға қатысушы ретінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыратын белсенді банктердің бірі болып табылатын ЦентрКредит Банкі таңдалды. 9 миллиард теңге мөлшеріндегі транш 21%-дан (ЖТСМ) басталатын мөлшерлеме бойынша салалық шектеулерсіз шағын және орта бизнесті кредиттеуге бағытталатын болады.

Кредитті инвестиция жасау және айналым қаражатын толықтыру үшін алуға болады. Инвестиция – бұл модернизация, негізгі құралдарды (мысалы, жабдықтарды) сатып алу немесе қызметті кеңейту мақсатында жайлар салу. Айналым қаражатын толықтыру – бұл жеткізушілермен есеп айырысу, қажетті тауарды сатып алу, жалақы төлеу және т.б.

ЕҚДБ-мен келісім бойынша кредит теңгемен беріледі, бір қарыз алушыға лимиттің ең жоғары жиынтық сомасы 3 000 000 АҚШ долларына дейінгі соманы (ағымдағы айырбастау бағамы бойынша теңгемен) құрайды. 

Бұл жобаның артықшылықтарының бірі қарыз алушы 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның ішінде кәсіпкердің жүзеге асыратын қызметі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мүмкіндігі болып табылады. Нәтижесінде кредит бойынша сыйақыны субсидиялау кезінде кәсіпкер үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 7-8%-ды құрайды. Толығырақ сілтеме бойынша.

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы табысты ынтымақтастық тарихы бар ЕҚДБ стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Банк ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпкер әйелдерді, ШОБ сегментінің клиенттерін кредиттеу бағдарламаларын және «GEFF» жасыл технологияларды дамыту бағдарламасын іске асыруда.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген № 1.2.25/195/34 лицензия.

Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит получил новый транш от ЕБРР для кредитования бизнеса

Европейским банком реконструкции и развития совместно с Фондом «Даму» запущен проект по кредитованию МСБ. Участником проекта выбран Банк ЦентрКредит, являющийся одним из активных банков, финансирующих субъекты частного предпринимательства. Транш в размере 9 миллиардов теңге будет направлен на кредитование малого и среднего бизнеса без отраслевых ограничений по ставке от 21% (ГЭСВ).

Кредит можно получить на инвестиции и на пополнение оборотных средств. Инвестиции — это модернизация, приобретение основных средств (к примеру, оборудования) или строительство помещений в целях расширения деятельности. Пополнение оборотных средств — это расчеты с поставщиками, закуп необходимого товара, выплата заработной платы и пр.

По соглашению с ЕБРР кредит предоставляется в теңге, максимальная совокупная сумма лимита на одного заемщика составляет до 3 000 000 долларов США (по текущему обменному курсу в теңге). 

Одним из преимуществ этого проекта является возможность субсидирования части ставки вознаграждения в случае соответствия заемщика условиям Национального проекта по развитию предпринимательства на 2021 – 2025 годы, в том числе и по осуществляемой деятельности предпринимателя. В итоге при субсидировании вознаграждения по кредиту конечная ставка для предпринимателя составит 7-8% годовых. Подробнее по ссылке.

Банк ЦентрКредит является одним из стратегических партнеров ЕБРР в Казахстане с многолетней историей успешного сотрудничества.  Банком совместно с ЕБРР реализуются программы кредитования женщин-предпринимателей, клиентов сегмента МСБ и программы развития зеленых технологий «GEFF».

Лицензия №1.2.25/195/34 от 03.02.2020 г., выданная АРРФР РК

Жаңалықтар
11 қыркүйектен бастап зейнетақы карталары мен әлеуметтік карталар бойынша кэшбэк бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

1 қыркүйектен бастап зейнетақы карталары мен әлеуметтік карталар бойынша кэшбэк бағдарламасына өзгерістер енгізіледі.

Енді кэшбэк тек #ҮлкенгеҚұрмет зейнетақы картасы бойынша келесі санаттарға беріледі:

  • Азық-түлік 2%

  • Дәріхана 3%

Басқа карталар бойынша кэшбэк есептеудің күші жойылады. Қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады:

https://www.bcc.kz/cards/pension-card/

Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ BCC Business арқылы жасалатын сыртқы аударымдар үшін бизнес-клиенттерге арналған Стандартты тарифке (Бизнес-клиенттерге арналған тарифтер 3.2.1-тармақ) өзгерістер енгізілетіндігі жөнінде хабарлайды:

Құрметті клиенттер!


«Банк ЦентрКредит» АҚ BCC Business арқылы жасалатын сыртқы аударымдар үшін бизнес-клиенттерге арналған Стандартты тарифке (Бизнес-клиенттерге арналған тарифтер 3.2.1-тармақ) өзгерістер енгізілетіндігі жөнінде хабарлайды:


Бұрынғы тариф: сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін – 300 теңге


Жаңа тарифтер:


09:00-ден 13:00-ге дейін – 300 теңге


13:00-ден 17:00-ге дейін – 550 теңге


17:00-ден бастап – 1 000 теңге


Тарифтерге енгізілетін өзгерістер 21.08.2023ж. бастап күшіне енеді.


Қолданыстағы тарифтермен мына сілтеме бойынша өтіп танысуыңызды сұраймыз.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

07 тамызда сағат 2:55-тен 3:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты "Банк ЦентрКредит"АҚ-ның төмендегі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз:

• АТМ, ИПТ, POS-терминалдар, Р2Р және карталары бойынша операциялар 3:00:00-ден - 3:50:00-ге дейін – 50 минут;

• BCC.KZ, BCC business бірге 2:55:00-ден - 3:30:00-ге дейін – 35 минут;

 Для физических лиц:

505 – бесплатно с мобильного

WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
Ресей рублінде қолма-қол ақшаны қабылдау тарифі төмендетілді.

Құрметті клиенттер! 

Жеке тұлғалардың ағымдағы/жинақ шоттарына Ресей рублінде қолма-қол ақшаны қабылдау үшін алынатын комиссияның 11.08.2023 жылдан бастап 15%-дан 3%-ға дейін төмендейтіні туралы хабарлаймыз.


Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!


31 шілдеде сағат 5:00-ден 5:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты "Банк ЦентрКредит" АҚ төмендегі сервистерінің жұмысында қысқа мерзімді үзіліс болуы мүмкін екенін хабарлаймыз: 3D Secure транзакциялар, P2P аударымдар, Soft/SmartPOS бойынша транзакциялар.

Жеке тұлғалар үшін:


505 - мобильді телефоннан тегін


WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!


26 Шілде 23:55-тен 27 шілде 3:10-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты BCC.kz және BCC Business Биометрия қызметтері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз .

Барлық сұрақтар бойынша сіз Call-орталыққа хабарласа аласыз.


Жеке тұлғалар үшін:


505 - мобильді телефоннан тегін


WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!


24 шілдеде сағат 03:00-ден 06:20-ға дейінгі кезеңде сервистердің жұмыс істеу қабілетін жақсарту мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.


Төмендегі қызметтерге уақытша қол жетімсіз болады

• 3D Secure - 3:00-ден 3:20-ға дейінгі аралықта 20 минутқа дейін

• *Open Banking: Payment API, Financial API, Informational - 03:00-ден 06: 20-ға дейін

* MasterCard карталары бойынша операциялар - 3:20-дан 6:10-ға дейін

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және есепшот операцияларын алдын-ала жоспарлауыңызды сұраймыз.


Барлық сұрақтар бойынша сіз Call-орталыққа хабарласа аласыз.


Жеке тұлғалар үшін:


505 - мобильді телефоннан тегін


WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
S&P Global Ratings ЦентрКредит Банкінің рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BB-» деңгейіне дейін көтерді

S&P Global Ratings (S&P) агенттігі ЦентрКредит Банкінің (ЦКБ) ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «B+»-тен «BB-» деңгейіне дейін, сондай-ақ қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBBB»-ден «kzA-» деңгейіне дейін көтерді.


S&P атап өткендей, ЦКБ орнықты қаржылық көрсеткіштерді көрсетті, оған кредиттік портфельдің өсуі, активтер сапасының одан әрі жақсаруы, сондай-ақ 2022 жылы толық капиталдандырылған Eco Center Bank-ті сатып алу нәтижесінде капиталдың біржолғы өсімі ықпал етті.


Агенттіктің сарапшылары ЦКБ капиталдың жоғары қоры мен орнықты кірістілікті сақтайды деп күтеді. Бұған қоса S&P ЦКБ қызметінің жоғары көрсеткіштері бизнестің белсенді дамуы мен клиенттік базаның өсуіне ғана емес, сонымен қатар активтер сапасының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты екенін атап өтті.


ЦентрКредит Банкі 4,5 трлн теңгені құрайтын активтерімен көлемі бойынша елдегі үшінші банк болып табылады.


ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ұсынатын қомақты кэшбэк.

ЦентрКредит Банкі ұсынатын қомақты кэшбэк.


Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін Aster автосалондар желісінде Omoda автокөлігін кредитке сатып алыңыз да, 4% кэшбэкке ие болыңыз!


Сіз дәл қазір акцияның қатысушысы бола аласыз. Асығыңыз – автокөліктер саны шектеулі. Біздің менеджерлер ресімдеуге көмектеседі. Автокөлігіңізді таңдау ғана қалды!»

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттар жабылады

Қаражат қозғалысы болмаған шоттар жабылады

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,

клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.

25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.

Жаңалықтар
Астанада Ипотека орталығы ашылды: тұрғын үй сатып алудың бірегей процесі

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Астана қаласында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың елдегі бірінші Ипотека орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға құрылыс компанияларының өкілдері, серіктестер мен банк клиенттері жиналды. Орталық елорда тұрғындары мен қонақтарына жылжымайтын мүлікті таңдауға және ипотека ресімдеуге ыңғайлы мүмкіндік береді.


Жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігі БЦК жаңа Ипотека орталығының ерекшелігі болып табылады. Клиенттер бұдан былай құрылыс салушылардың әртүрлі сату бөлімдеріне барып, қайта банкке келуге уақыт жоғалтпайтын болады. Орталықта Sensata, G-Park, Мой дом MWC, Sat NS, NAK, Биком және BI Group сияқты жетекші құрылыс салушылардың жылжымайтын мүлік объектілері ұсынылған. Мұнда келушілер ипотека бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары туралы барлық қажетті ақпаратты алып, баспаналы болу арманын орындай алады. ЦентрКредит Банкі жылжымайтын мүлікті сатып алудың ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, қаржыландыру бойынша толық кеңес береді.


«Біз жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Ипотека орталығында клиенттер қолжетімді жобалар мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар салушылар үшін де, түпкілікті тұтынушылар үшін де қаржылық серіктес бола отырып, қаржыландыру бойынша кеңестер ала алады. Біз нарыққа өзекті өнімдер мен қызметтерді ұсынуға тырысамыз», – деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Людмила Богушевская.


Сондай-ақ ағымдағы жылдың 24 маусымында Астанада БЦК құрылыс салушылармен бірге жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді, оған 1000-нан астам адам қатысты. Жәрмеңкеге келушілер 14 серіктес құрылыс салушының жылжымайтын мүлік объектілерімен танысып, толық кеңес алды және ипотекаға өтінім берді.


«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы ірі коммерциялық банктердің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 160-тан астам бөлімшеде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.


ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
Бизнес клиенттер үшін қолма-қол ақша жарнасының тарифтерін өзгерту

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ стандартты тариф бойынша «ресейлік рубль» валютасымен қолма-қол ақша қабылдау үшін белгіленген тарифтерге өзгерістердің енгізілгені жөнінде хабарлайды. «Рубльмен ( RUR) қолма-қол ақша қабылдау – 3%».        

Өзгерістер 01.07.2023ж. бастап күшіне енеді.

Толық ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.

Жаңалықтар
Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне қатысып, 1 000 000 теңге ұтып алыңыз!

24 маусым күні Астана қаласындағы Конгресс орталығында Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге келушілер серіктестеріміз ұсынатын әртүрлі жылжымайтын мүліктің кең ауқымымен таныса алады, сонымен қатар толық кеңес алып, ЦентрКредит Банкінен 1 000 000 теңге ұтып ала алады.


Шараға сенімді құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері қатысады. Құрылыс салушылар өздерінің ең жақсы жобалары мен объектілерін ұсынады, сонымен қатар жәрмеңкеге келушілерге тиімді ипотека мәселелері бойынша кеңес береді.


ЦентрКредит Банкі жәрмеңкеге келушілер арасында 1 000 000 теңге ұтыс ойынын өткізеді.


Ұтыс ойынына қатысу үшін:

  • Жәрмеңкеге бару
  • Инстаграм желісіндегі @centercreditkz парақшасына жазылу
  • Егер жоқ болса, #картакартаны ашу
  • Ипотека бойынша алдын ала мақұлдауға өтінім беру
  • Құрылыс салушылардың бірінен кеңес алу
  • Осыдан кейін бірегей қатысушы кодын алып, ұтыс ойынын күту қажет.
  • Сілтеме арқылы тіркеліңіз


Жәрмеңке 24 маусым күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Астана қаласы, Сауран көшесі, 44 мекенжайында өтеді

Барлығын күтеміз!

Жаңалықтар
BCC.KZ желісі арқылы ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТӨЛЕМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ АРНАСЫН ҚОСЫҢЫЗ

ЦентрКредит Банкі – Клиенттеріңізден төлемдерді қабылдау бойынша сенімді серіктес


BCC Төлемдері – бұл сіздің клиенттеріңізден төлемдерді әп-сәтте алуға, төлемдер тізілімін 1С бағдарламасына автоматты түрде жүктеп салуға және қашықтан төлем жасау үшін шот ұсынуға мүмкіндік беретін бизнесіңізге арналған ыңғайлы қызмет.


Қызметті қосыңыз да, клиенттеріңізге тауарлардың немесе қызметтердің ақысын комиссиясыз (онлайн төлем жасаған кезде) және #картакартамен төлеген кезде 1% кэшбэкпен ыңғайлы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз.

bcc.kz сайтында жеке тұлғалардың төлемдерін қосу

  • Арнайы нысанда өтінім беру
  • Маманнан кеңес алу
  • Банк бөлімшесінде төлемдерді қабылдау шартына қол қою
Жаңалықтар
Moody's ЦентрКредит Банкінің рейтингін Ba3 деңгейіне дейін көтерді. Болжам: оң

Moody’s Investors Service (Moody’s) агенттігі депозиттер мен борыштық міндеттемелердің ұзақмерзімді рейтингтерін, контрагенттің тәуекел (CRR) және бағалау рейтингтерін, сондай-ақ кредитті өтеу қабілеттілігін негізгі бағалауды (BCA) және ЦентрКредит Банкінің түзетілген ВСА арттырды. Қаржы институты Қазақстандағы активтер көлемі (4,4 трлн теңге) бойынша үшінші орынға ие.


БЦК депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі B1 деңгейінен Ba3 деңгейіне дейін бір сатыға көтерілді, ал кредитті өтеу қабілеттілігін негізгі бағалау (BCA) және түзетілген BCA b3 деңгейінен b2 деңгейіне дейін көтерілді. Банктің ұзақмерзімді депозиттік рейтингтері бойынша болжам оң болып қала береді.


Сондай-ақ агенттік ұлттық шкала бойынша БЦК банктік депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингін Ba1.kz деңгейінен Baa2.kz деңгейіне дейін және CRR ұзақмерзімді рейтингін Baa2.kz. деңгейінен A3.kz деңгейіне дейін көтерді.


«Рейтингтердің жоғарылауы жақында Банк активтерінің сапасының, табыстылығының және төлем жасау қабілеттілігінің жақсарғанын көрсетеді. Банк 2022 жылы операциялық ортаны айтарлықтай жақсарту нәтижесінде пайда көрді. Moody's банктің осы жетістіктерді сақтап, активтердің сапасы мен төлем жасау қабілеттілігін одан әрі жақсартады деп күтеді (өйткені резервтік қамту өсе береді), ал кірістілік пен өтімділік жақсы болып қалады», — деп, пікір білдірді Moody's сарапшылары.


«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банк өнімдеріне бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңірлерінде 160-тан астам бөлімшеде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.


ҚР ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген №1.2.25/195/34 лицензия.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 маусымда сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның төмендегідей қызметтері мен құрылғылары қолжетімсіз болады: BBC Business, BCC.KZ, POS-терминалдар, 3D Secure, сайттар https://www.bcc.kz/, https://www.bcc-invest.kz/, SMSC (SMS хабарламалар).

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша сіз сall-орталыққа хабарласа аласыз.

жеке тұлғалар үшін:

505 - мобильді телефоннан тегін

WhatsApp +7 (747) 1111-505


заңды тұлғалар үшін:

605 - мобильді телефоннан тегін

WhatsApp +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Депозит ашып - бонус алыңыз

Құрметті клиенттер!

08.06.2023 бастап 31.07.2023 дейінгі кезең аралығында:

  • «Негізгі» пакетін;
  • «Оптималды» пакетін;
  • «Корпоративтік» пакетін қосқан кезде,


12 ай мерзіміне қосқан кезде, депозит (Мерзімді, Жинақтаушы, Овернайт, Жинақтаушы плюс - ұзақ уақытқа берілетін тапсырмалар) бойынша стандарт мөлшерлемеге +1% аласыз.


Бизнес клиенттерге арналған қызмет пакеттерін және депозиттер бойынша шарттарды, сілтеме арқылы өтіп таба аласыз 


Науқан 15 миллион теңгеден басталатын сомаға ашылған депозиттерге қолданылады


Төмендегілер акцияға қатысушылар деп танылмайды және қатысуға құқығы жоқ


Жеке мөлшерлемелері бар Банк клиенттері


Барлық сұрақтар бойынша заңды тұлғаларға арналған call-орталыққа хабарласыңыздар:


605 – ұялы телефоннан тегін


WhatsApp +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Атырауда ЦентрКредит Банкінің жаңа филиалы ашылды

Атырауда Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалының жаңа офисінің ашылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімдігінің өкілдері, бас офис басшылары, Ұлттық банк пен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту Қоры филиалдарының басшылығы, сондай-ақ банктің серіктестері мен клиенттері қатысты.

 

Банктің жаңа филиалы кеңес беру, кредит беру, карталарға қызмет көрсету және клиенттердің құндылықтары мен құжаттарын сақтауға арналған сейфтік депозитарий қызметтерін қоса алғанда, банк қызметтерінің толық кешенін ұсынады. Шоттарды басқару, шоттарды төлеу және ақша аударымдарын жасау үшін онлайн операциялар да қолжетімді. Карталарды, депозиттерді және қаржылық сауаттылық курстарын қамтитын балаларға арналған бірегей #Juniorbank өнімі аясында филиалда ойын консолі мен кітаптары бар балалар бөлмесі бар.

 

Атырауда жаңа филиалдың ашылуы банк сервисін жақсарту және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды қадам болып табылады. Банк жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін белсенді түрде енгізе отырып, жоғары сапалы сервис пен инновациялық шешімдерді ұсынуға ұмтылады. Филиалдың ашылу салтанаты ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі мен концертпен аяқталды. Филиал директоры серіктестер мен клиенттерге ризашылығын білдіріп, өзара тиімді шарттарда одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Клиенттер өз тілектерін айтып, банк қызметінің жеделдігі мен тиімділігі туралы жағымды оқиғалармен бөлісті.

Жаңалықтар
Әзербайжан банктерінің өкілдері ЦКБ штаб-пәтерінде болды

Биылғы жылдың 23 мамырында Алматы қаласында «Банк ЦентрКредит» АҚ пен Әзербайжан банктері қауымдастығының делегациясы (Kapital Bank, Azər-Türk Bank, Unibank, Bank of Baku, PASHA Bank, ABB, AccessBank, Xalq Bank, AFB Bank, Expressbank, Yelo Bank) арасында тәжірибе алмасу бойынша практикалық семинар өтті. Іс-шара Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында ұйымдастырылды.


ЦКБ сарапшылары кредит бойынша шешімдер қабылдауды аналитикалық қолдау жүйелері, сондай-ақ кредитті ресімдеу процесінде цифрландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Екі тарап кредит беру және банктік тәуекелдерді басқару әдістерін талқылады. Бұл пікір алмасуға және одан әрі даму мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.


«Мұндай кездесулер екі тарап үшін де пайдалы және банктердің ішкі процестерін одан әрі жетілдіруге, іскерлік байланыстарды қолдауға және Қазақстан мен Әзербайжанның қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ЦентрКредит Банкінің Бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Людмила Богушевская.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

21 мамыр сағат 3:00-ден 5:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты келесі сервистері қолжетімсіз болады: жеке тұлғаларға арналған BCC.KZ мобильді қосымшасы, банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдары.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шоттағы транзакцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша сіз call-орталыққа хабарласа аласыз.

Жеке тұлғалар үшін:

505 – мобильді телефоннан тегін

WhatsApp +7 (747) 1111-505

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді