E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер!
31 шілдеде сағат 5:00-ден 5:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты "Банк ЦентрКредит" АҚ төмендегі сервистерінің жұмысында қысқа мерзімді үзіліс болуы мүмкін екенін хабарлаймыз: 3D Secure транзакциялар, P2P аударымдар, Soft/SmartPOS бойынша транзакциялар.
Жеке тұлғалар үшін:
505 - мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Құрметті клиенттер!
26 Шілде 23:55-тен 27 шілде 3:10-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты BCC.kz және BCC Business Биометрия қызметтері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз .
Барлық сұрақтар бойынша сіз Call-орталыққа хабарласа аласыз.
Жеке тұлғалар үшін:
505 - мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Құрметті клиенттер!
24 шілдеде сағат 03:00-ден 06:20-ға дейінгі кезеңде сервистердің жұмыс істеу қабілетін жақсарту мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Төмендегі қызметтерге уақытша қол жетімсіз болады
• 3D Secure - 3:00-ден 3:20-ға дейінгі аралықта 20 минутқа дейін
• *Open Banking: Payment API, Financial API, Informational - 03:00-ден 06: 20-ға дейін
* MasterCard карталары бойынша операциялар - 3:20-дан 6:10-ға дейін
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және есепшот операцияларын алдын-ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша сіз Call-орталыққа хабарласа аласыз.
Жеке тұлғалар үшін:
505 - мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
S&P Global Ratings (S&P) агенттігі ЦентрКредит Банкінің (ЦКБ) ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «B+»-тен «BB-» деңгейіне дейін, сондай-ақ қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBBB»-ден «kzA-» деңгейіне дейін көтерді.
S&P атап өткендей, ЦКБ орнықты қаржылық көрсеткіштерді көрсетті, оған кредиттік портфельдің өсуі, активтер сапасының одан әрі жақсаруы, сондай-ақ 2022 жылы толық капиталдандырылған Eco Center Bank-ті сатып алу нәтижесінде капиталдың біржолғы өсімі ықпал етті.
Агенттіктің сарапшылары ЦКБ капиталдың жоғары қоры мен орнықты кірістілікті сақтайды деп күтеді. Бұған қоса S&P ЦКБ қызметінің жоғары көрсеткіштері бизнестің белсенді дамуы мен клиенттік базаның өсуіне ғана емес, сонымен қатар активтер сапасының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты екенін атап өтті.
ЦентрКредит Банкі 4,5 трлн теңгені құрайтын активтерімен көлемі бойынша елдегі үшінші банк болып табылады.
ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.25/195/34 лицензия
ЦентрКредит Банкі ұсынатын қомақты кэшбэк.
Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін Aster автосалондар желісінде Omoda автокөлігін кредитке сатып алыңыз да, 4% кэшбэкке ие болыңыз!
Сіз дәл қазір акцияның қатысушысы бола аласыз. Асығыңыз – автокөліктер саны шектеулі. Біздің менеджерлер ресімдеуге көмектеседі. Автокөлігіңізді таңдау ғана қалды!»
Қаражат қозғалысы болмаған шоттар жабылады
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:
24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:
- шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
- шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,
клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.
25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.
26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Астана қаласында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың елдегі бірінші Ипотека орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға құрылыс компанияларының өкілдері, серіктестер мен банк клиенттері жиналды. Орталық елорда тұрғындары мен қонақтарына жылжымайтын мүлікті таңдауға және ипотека ресімдеуге ыңғайлы мүмкіндік береді.
Жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігі БЦК жаңа Ипотека орталығының ерекшелігі болып табылады. Клиенттер бұдан былай құрылыс салушылардың әртүрлі сату бөлімдеріне барып, қайта банкке келуге уақыт жоғалтпайтын болады. Орталықта Sensata, G-Park, Мой дом MWC, Sat NS, NAK, Биком және BI Group сияқты жетекші құрылыс салушылардың жылжымайтын мүлік объектілері ұсынылған. Мұнда келушілер ипотека бағдарламаларының әртүрлі нұсқалары туралы барлық қажетті ақпаратты алып, баспаналы болу арманын орындай алады. ЦентрКредит Банкі жылжымайтын мүлікті сатып алудың ыңғайлылығын қамтамасыз ете отырып, қаржыландыру бойынша толық кеңес береді.
«Біз жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Ипотека орталығында клиенттер қолжетімді жобалар мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы толық ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар салушылар үшін де, түпкілікті тұтынушылар үшін де қаржылық серіктес бола отырып, қаржыландыру бойынша кеңестер ала алады. Біз нарыққа өзекті өнімдер мен қызметтерді ұсынуға тырысамыз», – деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Людмила Богушевская.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 24 маусымында Астанада БЦК құрылыс салушылармен бірге жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді, оған 1000-нан астам адам қатысты. Жәрмеңкеге келушілер 14 серіктес құрылыс салушының жылжымайтын мүлік объектілерімен танысып, толық кеңес алды және ипотекаға өтінім берді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес үлгісі бар Қазақстандағы алғашқы ірі коммерциялық банктердің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 160-тан астам бөлімшеде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ стандартты тариф бойынша «ресейлік рубль» валютасымен қолма-қол ақша қабылдау үшін белгіленген тарифтерге өзгерістердің енгізілгені жөнінде хабарлайды. «Рубльмен ( RUR) қолма-қол ақша қабылдау – 3%».
Өзгерістер 01.07.2023ж. бастап күшіне енеді.
Толық ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.
24 маусым күні Астана қаласындағы Конгресс орталығында Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге келушілер серіктестеріміз ұсынатын әртүрлі жылжымайтын мүліктің кең ауқымымен таныса алады, сонымен қатар толық кеңес алып, ЦентрКредит Банкінен 1 000 000 теңге ұтып ала алады.
Шараға сенімді құрылыс компаниялары мен жылжымайтын мүлік агенттіктері қатысады. Құрылыс салушылар өздерінің ең жақсы жобалары мен объектілерін ұсынады, сонымен қатар жәрмеңкеге келушілерге тиімді ипотека мәселелері бойынша кеңес береді.
ЦентрКредит Банкі жәрмеңкеге келушілер арасында 1 000 000 теңге ұтыс ойынын өткізеді.
Ұтыс ойынына қатысу үшін:
- Жәрмеңкеге бару
- Инстаграм желісіндегі @centercreditkz парақшасына жазылу
- Егер жоқ болса, #картакартаны ашу
- Ипотека бойынша алдын ала мақұлдауға өтінім беру
- Құрылыс салушылардың бірінен кеңес алу
- Осыдан кейін бірегей қатысушы кодын алып, ұтыс ойынын күту қажет.
- Сілтеме арқылы тіркеліңіз
Жәрмеңке 24 маусым күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін Астана қаласы, Сауран көшесі, 44 мекенжайында өтеді
Барлығын күтеміз!
ЦентрКредит Банкі – Клиенттеріңізден төлемдерді қабылдау бойынша сенімді серіктес
BCC Төлемдері – бұл сіздің клиенттеріңізден төлемдерді әп-сәтте алуға, төлемдер тізілімін 1С бағдарламасына автоматты түрде жүктеп салуға және қашықтан төлем жасау үшін шот ұсынуға мүмкіндік беретін бизнесіңізге арналған ыңғайлы қызмет.
Қызметті қосыңыз да, клиенттеріңізге тауарлардың немесе қызметтердің ақысын комиссиясыз (онлайн төлем жасаған кезде) және #картакартамен төлеген кезде 1% кэшбэкпен ыңғайлы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз.
bcc.kz сайтында жеке тұлғалардың төлемдерін қосу
- Арнайы нысанда өтінім беру
- Маманнан кеңес алу
- Банк бөлімшесінде төлемдерді қабылдау шартына қол қою
Moody’s Investors Service (Moody’s) агенттігі депозиттер мен борыштық міндеттемелердің ұзақмерзімді рейтингтерін, контрагенттің тәуекел (CRR) және бағалау рейтингтерін, сондай-ақ кредитті өтеу қабілеттілігін негізгі бағалауды (BCA) және ЦентрКредит Банкінің түзетілген ВСА арттырды. Қаржы институты Қазақстандағы активтер көлемі (4,4 трлн теңге) бойынша үшінші орынға ие.
БЦК депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі B1 деңгейінен Ba3 деңгейіне дейін бір сатыға көтерілді, ал кредитті өтеу қабілеттілігін негізгі бағалау (BCA) және түзетілген BCA b3 деңгейінен b2 деңгейіне дейін көтерілді. Банктің ұзақмерзімді депозиттік рейтингтері бойынша болжам оң болып қала береді.
Сондай-ақ агенттік ұлттық шкала бойынша БЦК банктік депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингін Ba1.kz деңгейінен Baa2.kz деңгейіне дейін және CRR ұзақмерзімді рейтингін Baa2.kz. деңгейінен A3.kz деңгейіне дейін көтерді.
«Рейтингтердің жоғарылауы жақында Банк активтерінің сапасының, табыстылығының және төлем жасау қабілеттілігінің жақсарғанын көрсетеді. Банк 2022 жылы операциялық ортаны айтарлықтай жақсарту нәтижесінде пайда көрді. Moody's банктің осы жетістіктерді сақтап, активтердің сапасы мен төлем жасау қабілеттілігін одан әрі жақсартады деп күтеді (өйткені резервтік қамту өсе береді), ал кірістілік пен өтімділік жақсы болып қалады», — деп, пікір білдірді Moody's сарапшылары.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып, ыңғайлы банк өнімдеріне бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңірлерінде 160-тан астам бөлімшеде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.
ҚР ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген №1.2.25/195/34 лицензия.
Құрметті клиенттер!
Жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 маусымда сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның төмендегідей қызметтері мен құрылғылары қолжетімсіз болады: BBC Business, BCC.KZ, POS-терминалдар, 3D Secure, сайттар https://www.bcc.kz/, https://www.bcc-invest.kz/, SMSC (SMS хабарламалар).
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша сіз сall-орталыққа хабарласа аласыз.
жеке тұлғалар үшін:
505 - мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
заңды тұлғалар үшін:
605 - мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-605
Құрметті клиенттер!
08.06.2023 бастап 31.07.2023 дейінгі кезең аралығында:
- «Негізгі» пакетін;
- «Оптималды» пакетін;
- «Корпоративтік» пакетін қосқан кезде,
12 ай мерзіміне қосқан кезде, депозит (Мерзімді, Жинақтаушы, Овернайт, Жинақтаушы плюс - ұзақ уақытқа берілетін тапсырмалар) бойынша стандарт мөлшерлемеге +1% аласыз.
Бизнес клиенттерге арналған қызмет пакеттерін және депозиттер бойынша шарттарды, сілтеме арқылы өтіп таба аласыз
Науқан 15 миллион теңгеден басталатын сомаға ашылған депозиттерге қолданылады
Төмендегілер акцияға қатысушылар деп танылмайды және қатысуға құқығы жоқ
Жеке мөлшерлемелері бар Банк клиенттері
Барлық сұрақтар бойынша заңды тұлғаларға арналған call-орталыққа хабарласыңыздар:
605 – ұялы телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-605
Атырауда Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалының жаңа офисінің ашылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімдігінің өкілдері, бас офис басшылары, Ұлттық банк пен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту Қоры филиалдарының басшылығы, сондай-ақ банктің серіктестері мен клиенттері қатысты.
Банктің жаңа филиалы кеңес беру, кредит беру, карталарға қызмет көрсету және клиенттердің құндылықтары мен құжаттарын сақтауға арналған сейфтік депозитарий қызметтерін қоса алғанда, банк қызметтерінің толық кешенін ұсынады. Шоттарды басқару, шоттарды төлеу және ақша аударымдарын жасау үшін онлайн операциялар да қолжетімді. Карталарды, депозиттерді және қаржылық сауаттылық курстарын қамтитын балаларға арналған бірегей #Juniorbank өнімі аясында филиалда ойын консолі мен кітаптары бар балалар бөлмесі бар.
Атырауда жаңа филиалдың ашылуы банк сервисін жақсарту және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды қадам болып табылады. Банк жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін белсенді түрде енгізе отырып, жоғары сапалы сервис пен инновациялық шешімдерді ұсынуға ұмтылады. Филиалдың ашылу салтанаты ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі мен концертпен аяқталды. Филиал директоры серіктестер мен клиенттерге ризашылығын білдіріп, өзара тиімді шарттарда одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Клиенттер өз тілектерін айтып, банк қызметінің жеделдігі мен тиімділігі туралы жағымды оқиғалармен бөлісті.
Биылғы жылдың 23 мамырында Алматы қаласында «Банк ЦентрКредит» АҚ пен Әзербайжан банктері қауымдастығының делегациясы (Kapital Bank, Azər-Türk Bank, Unibank, Bank of Baku, PASHA Bank, ABB, AccessBank, Xalq Bank, AFB Bank, Expressbank, Yelo Bank) арасында тәжірибе алмасу бойынша практикалық семинар өтті. Іс-шара Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында ұйымдастырылды.
ЦКБ сарапшылары кредит бойынша шешімдер қабылдауды аналитикалық қолдау жүйелері, сондай-ақ кредитті ресімдеу процесінде цифрландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Екі тарап кредит беру және банктік тәуекелдерді басқару әдістерін талқылады. Бұл пікір алмасуға және одан әрі даму мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Мұндай кездесулер екі тарап үшін де пайдалы және банктердің ішкі процестерін одан әрі жетілдіруге, іскерлік байланыстарды қолдауға және Қазақстан мен Әзербайжанның қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ЦентрКредит Банкінің Бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Людмила Богушевская.
Құрметті клиенттер!
21 мамыр сағат 3:00-ден 5:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты келесі сервистері қолжетімсіз болады: жеке тұлғаларға арналған BCC.KZ мобильді қосымшасы, банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдары.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шоттағы транзакцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша сіз call-орталыққа хабарласа аласыз.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
12 мамырда Алматыда Қазақстанның автобизнесінде қаржылық және сақтандыру қызметтерінің (F&I) енуін арттыру бойынша автодилерлердің 6-шы халықаралық форумы өтті. Іс-шара ҚР автобизнесінде F&I қызметтерінің ену стратегиялары мен әдістерін талқылау мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар мен автобизнес өкілдерін, сондай-ақ халықаралық мамандарды жинады. ЦентрКредит Банкі автомобиль форумында банктердің алғашқысы болды және ҚР автобизнесінде қаржы өнімдері мен қызметтерін дамытуға қатысты өз көзқарасын таныстырды. ЦентрКредит Банкі атынан Бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Людмила Богушевская және Кредит беруді дамыту орталығының басшысы Ерлан Абдрашев қатысты.
Конференция барысында Қазақстанның автобизнесіндегі ағымдағы ахуалға баға берілді, кредиттік өнімдердің қолжетімділігіне байланысты мәселелер талқыланды. Конференцияда ұсынылған негізгі ұсыныстардың бірі банктік өнімдердің жағдайын жақсарту және процестерді автоматтандыру және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту болды
5-7 мамыр аралығында Алматыда «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында отандық өндірушілердің «Ulttyq Ónim» атты жарқын әрі ауқымды көрмесі өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған шараға 300-ден астам компания мен 15 мыңға жуық адам жиналды.
«Ulttyq Ónim» көрмесі отандық компаниялар шығаратын өнімдердің бай желісін ұсынды, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек және аяқ киім, жиһаз, құрылыс материалдары, машина жасау жабдықтары, химия өнеркәсібінің өнімдері және т.б. Шараға екінші деңгейдегі ірі банктер мен микрокредиттік ұйымдар да демеуші болды.
Көрме аясында ЦентрКредит Банкі тиімді бизнес-процестерді құруға арналған заманауи онлайн-қызметтер туралы мастер-класс өткізді. ЦКБ сарапшылары мобильді қосымшада биометрияны қолдану құжат ресімдеу уақытын қалай айтарлықтай қысқартатынын, сондай-ақ банкпен бірлесіп әрекет ету процесін жеңілдетіп, тездететінін көрсетті.
Мастер-кластың екінші тақырыбы Еуропа қайта құру және даму банкінің GEFF (Green Economy Financing Facility) бағдарламасының презентациясы болды. Қатысушылар тұрғын үй мен бизнесті энергияны үнемдейтін және ресурстарды үнемдейтін технологиялар арқылы жаңартуға бағытталған жасыл қаржыландырудың барлық артықшылықтары туралы ақпарат алды. Бағдарлама презентациясы әйелдер мен ерлер үшін жасыл қаржыландырудың қолжетімділігі туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етті, өйткені Бағдарлама гендерлік кедергілерді азайтуға және әйелдер үшін климаттың өзгеруіне байланысты іс-шараларды қаржыландырудың және тұрақты жасыл экономика нарықтарын құруға көмектесудің қолжетімді болуын арттыруға бағытталған.
Көрмені ұйымдастырушылар бұл іс-шара қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді құрудағы мүмкіндіктерін көрсетуге, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық өндірушілер арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға арналған алаңға айналатынын атап өтті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ #IronCard және #TravelCard премиум карталары бойынша тарифтерге өзгерістер енгізді. Өзгерістер 22.05.2023 жылдан бастап күшіне енеді.
Ең бастысы:
1. ҚР бейрезиденттеріне карталар шығару үшін комиссия енгізілді.
2. #TravelCard өнімі бойынша ЦентрКредит Банкінің кассаларында теңгемен қолма-қол ақша алу үшін лимит енгізілді.
Тарифтермен сілтемесі бойынша танысуға болады.
Банк ЦентрКредит «7-20-25» несиесіне өтінім беру үшін электронды кезекті жариялайды. Кезекке тұрмаған клиенттердің өтінімдерін банк бөлімшелері қабылдамайды.
Өтінім беру процессі Банк ЦентрКредиттің bcc.kz сайтында электронды кезек қызметінің ішінде жүреді. Өтінімдер қабылдау осы жылдың 19 сәуірінен бастап Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден басталады. Электронды өтінім тапсыру үшін клиенттің ЖСН, ұялы телефон нөмірі, үйдің құны және бастапқы жарна сомасын енгізу қажет, несие сомасы автоматты түрде есептеледі. Кейін SMS-хабарландыру арқылы бір реттік жіберілген парольді енгізіп, өтінімді растау қажет.
Өтінімді жібергеннен кейін клиентке кезек нөмірі SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Барлық өтінімдердің қабылдануы белгілі бір лимит орындалғаннан кейін тоқтатылады. Ал қабылданған өтінімдер үш күн төңірегінде банк бөлімшелеріне келіп, рәсімделу қажет. Ол үшін қызметкерлер электронды кезекке өткен клиенттерге қоңырау шалып, несие рәсімдеу күні, уақыты және келетін бөлімше нөмірі жайлы алдын ала хабарлайды.
Несие бағдарламасының талаптары бойынша сатып алынатын жылжымайтын мүлікте барлық құрылыс жұмыстары (қасбеттік жұмыстар, абаттандыру, кіреберістерді аяқтау, есіктерді орнату және басқа жұмыстар) аяқталып, қажетті заңды құжаттармен бірге берілуі тиіс екенін ескертеміз. Негізгі несиеге өтінім беру кезінде бұл шарттар орындалмаса, банк кезек нөмірін жоюға құқылы.
Әрбір клиент төлем қабілеттілігін анықтау және ипотекалық несиені мақұлдау туралы шешім қабылдау үшін скорингтік процедурадан өтеді. Негізгі несиені беру кезінде банк өтінімді мақұлдамаған жағдайда кезек нөмірі жойылады. Кезек нөмірі негізгі несиелік өтінімді беру үшін банк бөлімшелеріне шақырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жарамды.
Маңызды! Электронды кезекте клиенттің толтырылған деректері банкке «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген өтінім деректерімен сәйкес келмесе, өтінімнің күші жойылады.
*лицензия ҚРҚНРДА №1.2.25/195/34 03.02.2020ж. берілген
Маңызды! Құрметті клиенттер!
Банк ЦентрКредит ғаламтор желісінде Қазақстан резидент еместері үшін, олар банк бөлімшесіне бармай-ақ (қашықтан) төлем карталарын шығару жайында ұсыныстар пайда болғанын хабарлайды.
Банк ЦентрКредит ондай ұсыныстарға қатысы жоқ және банктің ішкі талаптарын сақтап, жеке қатысуымен ғана банк карталарын ашуға болатынын хабарлайды
Сондай-ақ, сенімхат бойынша үшінші тұлғаға төлем картасын алуға тыйым салынғанын хабарлаймыз.
2013 жылы Қазақстанда «Елдің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама мақсаттарының бірі – 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін кемінде 3 пайызға және 2030 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыру. Сондай-ақ 2023 жылғы 2 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы» бекітілді, онда көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізгі тәсілдерінің бірі ЖЭК және баламалы энергия үлесін арттыру болып табылады.
Электр энергиясының айтарлықтай үлесін солтүстік-шығыс және орталық Қазақстанда өндірілетін арзан көмірдің үлкен көлемін тұтынатын электр станциялары өндіреді. Көміртегі шығарындыларының 80 пайызы электр және жылу энергиясын өндіруге тиесілі. 2030 жылға дейін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жаңартылатын энергия технологияларын енгізуге және энергия тиімділігінің жоғары стандарттарына негізделген ғимараттарды салуға бағытталған экономиканы түрлендіру қажет.
Қазақстандағы жасыл экономика драйверлерінің бірі ЕҚДБ-ның GEFF (Green Economy Financing Facility) бағдарламасы болды. GEFF бағдарламасының көмегімен Алматы облысындағы жел электр станциясын салу және пайдалану бойынша ең ірі жобалардың бірі – жалпы қуаты 8,45 МВт «Нұрлы ЖЭС» ЖШС іске асырылды. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 8,7 миллион АҚШ долларын құрайды, оның 4,7 миллионы ЦентрКредит Банкі арқылы қаржыландырылды. Жоба атмосфераға СО2 шығарындыларын жыл сайын 14,297 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.
«Жасыл экономика бұрынғыдан да өзекті және халықаралық қаржы институттары энергияны үнемдейтін технологияларды қолдауға назар аударуда. Жасыл қаржыландыру біздің банк үшін стратегиялық дамудың басымдығы болып табылады. «Нұрлы ЖЭС» ЖШС жобасының сәтті жүзеге асырылуы жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын азайту жолында әрқайсымызға үлгі болып табылады деп есептеймін», – деп түсіндірді «Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рустам Тенизов.
Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қазақстанда GEFF II жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес компанияларына кредит беру үшін қаржы институттарына 150 миллион доллар ұсынады. Сондай-ақ қаржыландыру жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге де ұсынылады.
Қазақстандағы GEFF бағдарламасы 188-ден астам жергілікті қаржы мекемелері мен институттары желісі арқылы 29 елде жұмыс істейтін ЕҚДБ жаһандық бастамасының бөлігі болып табылады. Бағдарлама энергия үнемдейтін және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен тұрғын үй мен бизнесті жаңғыртуға бағытталған. Жасыл технология шешімдеріне арналған жабдықтардың толық тізімі Жасыл технология селекторы сайтында жарияланған.
ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.25/195/34 лицензия
Құрметті клиенттер! ҚР ҚМ МКК салық төлеушілер арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 31.08.2016 ж. №208 ережелерді сақтау қажеттілігіне қатысты 03-04-2023 ж. бастап ОБЖШ АЖ-да пысықтау жүргізу туралы шешімнің қабылдануына байланысты келесіні мәлімдейміз: - бюджетке төленетін төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, өзінің оқшауланған бөлімшесі үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен оның міндеттемелері бойынша төлем жүргізілетін заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің БСН және атауы, төлемнің мақсаты көрсетіледі. - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдарды төлеген кезде, «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен «ADM», әкімшілік материалдың сәйкестендіру нөмірі, «/A» белгісі, төлемнің мақсаты көрсетіледі; - көлік құралына салық төлеген кезде (оның ішінде электрондық терминалдар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен «VIN», көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» белгісі, төлемнің мақсаты көрсетіледі; - сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеген кезде, «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен ол үшін төлем жүргізілетін борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе тегі мен инициалдары, төлемнің мақсаты көрсетіледі; Филиалдың деректері көрсетілмеген немесе «Төлем мақсаты» жолында бірнеше салық төлеушілердің БСН/ЖСН көрсетілген бюджетке төленетін барлық төлемдер бойынша сомалар «Ақша жөнелтушіге» түсетін болады.