E-mail: Pr@bcc.kz
Сізге жеке тұлғалардың ұлттық валютамен орналастырған депозиттері бойынша өтемақы төлеу қағидаларының бекітілгені туралы хабарлаймыз.
Өтемақы Қағидаларға сәйкес өзінің келісімін өтініш арқылы 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей растаған салымшыларға төленеді.
Өтініштерді жинау BCC.KZ мобильді қосымшасында 2022 жылғы «12» қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
Егер Сізде «Банк ЦентрКредит» АҚ-та Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін қолданыстағы депозитіңіз болса – мобильді қосымшада Сізге парақшаға белсенді сілтемесі бар баннер қолжетімді болады, онда Сіз өтінішке ОТР пароль (СМС-код) арқылы электронды түрде қол қойып, Бағдарламаға қосыла аласыз.
Бағдарламаның қысқаша талаптарын еске саламыз:
Бағдарламаға 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша қолданыстағы ұлттық валютамен салынған депозиттер қатысады.
10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) бір салымшыға бір рет – 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңында депозиттерде тіркелген қалдықтар шегіндегі жалпы сомадағы барлық теңгемен салынған депозиттерге есептеледі, бірақ 20 000 000 теңгеден аспайды.
Банктегі салымды Бағдарламаның қолданыс мерзімінің соңына дейін, яғни 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) сақтау сыйлықақы алудың міндетті талабы болып табылады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейін аяқталса, депозит Бағдарлама аяқталғанға дейін ұзартылуы тиіс.
Салымды ішінара алған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу бір жыл ішінде (23.02.2022 жылдан 23.02.2023 жылға дейін) салымда тіркелген ең төменгі сомаға жүзеге асырылады.
Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап еткенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.
| СҰРАҚ | ЖАУАП |
| Өтемақы бағдарламасына қандай салымдар қатысады? | 23.02.2022 жылғы жай-күйі бойынша жеке тұлғалардың қолданыстағы салымдары қатысады, бағдарлама ағымдағы және карталық шоттарға, сондай-ақ талап еткенге дейінгі депозиттер және шартты депозиттерге қолданылмайды. |
| Шетел валютасындағы салымдар бойынша қалдықтарға өтемақы бола ма? | Жоқ, өтемақы тек теңгедегі қалдықтарға ғана қатысты. |
| Өтемақыға жеке табыс салығы салына ма? | Жоқ, салынбайды. |
| Бағдарламаға бейрезидент-салымшылар қатыса ала ма? | Бағдарламаның шарты бойынша ҚР салымшы резиденттері, бейрезиденттері де қатыса алады. |
| Өтемақы (сыйлықақы) алу үшін қандай шарттар орындау қажет? | өтемақы (сыйлықақы) алу үшін депозитті 23.02.2022 жылдан бастап (яғни қоса алғанда 23.02.2023 жылға дейін) кемінде 12 ай мерзім сақтау қажет. |
| Бағдарлама аясында қандай өтемақы (сыйлықақы) көзделген? | 23.02.2022 жылдан бастап қоса алғанда 23.02.2023 жылға дейін 12 ай ішінде тіркелген ең төменгі соманың 10%-ы Өтемақы (сыйлықақы) келесідей есептеледі: Өтелетін депозиттен ақшаны ішінара алу болмаған кезде: 2023 жылғы 23 ақпанға дейін қоса есептегенде өтелетін депозиттен ақша ішінара алынбаған кезде – 2022 жылғы 23 ақпандағы операциялық күннің соңында өтелетін депозитте бар, бірақ 10%-ға (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сома ретінде есептеледі; Өтелетін депозитте ақшаны толықтыру, ішінара алу кезінде: 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан қоса есептелген кезеңде өтелетін депозиттен ақшаны толықтыру, ішінара алу кезінде өтемақы (сыйлықақы) 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан қоса есептелген кезең бойынша операциялық күннің соңында тіркелген өтелетін депозиттің ең төменгі қалдығының сомасына, бірақ 10%-ға (он пайызға) көбейтілген 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. |
| Өтемақы (сыйлықақы) бойынша шектеулер бар ма? | 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) 1 салымшыға депозиттердің қалдығына (23.02.2022 ж. бойынша) 1 рет, бірақ ақшаны ішінара алған кезде 20 млн теңгеден аспайтын – 23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 жылға дейінгі (қоса есептелген) кезеңде тіркелген ең төменгі сомаға есептеледі. 1-мысал: Сіздің банкте 2 депозитіңіз болса: № 1 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 15 000 000 KZT құрады, № 2 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 3 000 000 KZT құрады, екі депозиттегі жиынтық сома 18 000 000 KZT бұл жағдайда өтемақы 18 000 000 KZT-нің 10%-ын – 1 800 000 теңгені құрайды. 2-мысал: Сіздің банкте 2 депозитіңіз болса: № 1 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 15 000 000 KZT құрады, № 2 депозит – 23.02.2022 ж. қалдық 10 000 000 KZT құрады, депозиттердегі жиынтық сома 25 000 000 KZT бұл жағдайда өтемақы 20 000 000 KZT-нің 10%-ын құрайды, себебі депозиттердегі жиынтық сома өтемақыға тиісті, бірақ 20 000 000 KZT-ден аспайды, яғни өтемақы сомасы 2 000 000 теңгені құрайтын болады. |
| Ағымдағы шоттарда, карточкаларда орналастырылған ақша Бағдарламаға қатыса ма? | жоқ, Бағдарламаға тек депозиттер қатысады |
| Өтемақы қашан төленеді? | 2023 жылғы наурызда |
| Бағдарламаға қатысатын депозиттен ақшаны ішінара алуға бола ма? | Депозитіңіздің талаптарына сәйкес белгіленеді, Бағдарлама ақшаны алуға тыйым салмайды |
| Егер депозиттен ақшаның бір бөлігі алынса, онда өтемақы қандай сомаға есептеледі? | өтемақы бір жыл ішінде тіркелетін ең аз қалдыққа есептеледі (23.02.2022 жылдан бастап 23.02.2023 ж. дейін) Мысалы: 23.02.2022 жылғы депозитте 15 000 000 қалдық бар, 12 ай ішінде сіз 01.03.2022 жылы 5 000 000 шешіп алдыңыз, кейін 01.09.2022 қайтадан сол 5 000 000 теңгеге толықтырдыңыз және қалдықты 15 000 000 теңгеге дейін жеткіздіңіз, алайда өтемақы ең төменгі сомаға 10 000 000 теңгеге төленеді, өйткені есептелген кезең ішінде ең аз тіркелген және өтемақы сомасы 1 000 000 теңге болады. |
| Өтемақы (сыйлықақы) қайда төленеді? | өтемақы 2023 жылғы наурызда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашылған ағымдағы шотыңызға төленеді |
| Егер депозит мерзімі 24.02.2023 ж. дейін аяқталса, онда депозит Бағдарламаға қатыспай ма? | Банк Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін депозиттің мерзімін Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі үшін ұзартады. |
| Егер мен Бағдарламаға қатысқым келмесе, Шартты бұза аламын ба? | иә, депозитті 24.02.2023 ж. дейін жабу салымыңыздың автоматты түрде Бағдарламаға қатыспайтынын білдіреді |
| Менде «Банк ЦентрКредит» АҚ-та және басқа Банкте депозиттер болса, мұндай жағдайда өтемақы қайда төленеді? | Өтемақы салымдарға кепілдік беру жүйесінің әрбір қатысушы банкінде ашылған депозиттерге төленетін болады |
| Менің «Eco Center Bank» АҚ-та (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) депозитім болған, бұл депозит Бағдарлама талаптарына сай келеді, бірақ ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауыстырылды, ол Бағдарламаға қатыса ма? | иә, «Eco Center Bank» АҚ-тан (бұрынғы «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аударылған жеке тұлғалардың депозиттері Бағдарламаның талаптарына сәйкес келсе, олар Бағдарламаға қатысады. Бағдарламаның талаптарына сәйкес: Қайта ұйымдастыру және борышты аудару шеңберінде қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерді беруі депозитті толық алып қою/банктік салым шартын мерзімінен бұрын тоқтату ретінде қаралмайды. |
| Егер қандай да бір себептермен 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін Бағдарламаға қатысуға өтініш беруге үлгірмесем, менде кейінірек өтініш беру мүмкіндігі бола ма? | Қатысушы банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген 31.12.2022 ж. дейінгі (қоса есептегенде) мерзімде келісімі туралы өтініш бермеген депозиторларға (салымшыларға) өтемақы (сыйлықақы) төлеу жүзеге асырылмайды. |
| Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беремін? | Егер сізде Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін «Банк ЦентрКредит» АҚ-та қолданыстағы депозитіңіз болса – мобильді қосымшада Сізге парақшаға кіру үшін белсенді сілтеме жасалған баннер қолжетімді болады, онда Сіз ОТР пароль (СМС-код) арқылы өтінішке электрондық түрде қол қойып, Бағдарламаға қосыла аласыз. |
| Банк бөлімшесінде өтініш беруге бола ма? | Иә, болады |
| Мұрагерге өтемақы төлеу үшін қалай өтініш беруге болады? | Мұрагерлік құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда, Банктің кез келген бөлімшесіне келіп, өтініш беруге болады |
Құрметті клиенттер!
2022 жылғы «05» қыркүйектен бастап қосылу арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына байланысты «Eco Center Bank» АҚ-тың деректемелері «Банк ЦентрКредит» АҚ болып өзгертілгенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты жаңа деректемелермен танысып, оларды қолдануды, оның ішінде ақшаны уақытылы аудару мақсатында контрагенттеріңізді хабардар етуіңізді сұраймыз:
Атауы: «Банк ЦентрКредит» АҚ
БСК: KCJBKZKX
Банктің БСН: 980640000093
Қосымша сұрақтарыңыз болса, менеджерге немесе Байланыс орталығына мына телефон арқылы хабарласыңыздар: 605.
«Банк ЦентрКредит» АҚ.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 60-бабының 5-тармағының талаптарын орындау мақсатында, осы арқылы «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен «Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру қажет, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы мен «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысында Өткізу актісін бекіту, оған сәйкес «Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) барлық мүлкі (құқықтары мен міндеттері) «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына өтеді және «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) барлық кредиторларына және борышкерлеріне қатысты барлық құқықтары мен міндеттері, оған қоса тараптар даулайтын міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры атанады; құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу және оларды мемлекеттік тіркеу.
Жеке тұлғаларға кредит беруден кейін қызмет көрсету – бұл қолданыстағы кредит шарттарын өзгерту бойынша өтініштер.
ЦентрКредит Банкімен уақытыңызды үнемдеңіз
|
| Сұрақ | Жауап |
| 1. "Eco Center Bank" АҚ-тан ("Альфа Банк" Қазақстан" АҚ ЕБ) "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа көшірілгеннен кейін сейфтік депозитарийдің орналасқан жері өзгере ме? | Сейфтік депозитарийдің нақты орналасқан жері өзгермейді, сейф ұяшығын жалға алу шарты бойынша қызмет көрсету сол мекенжай бойынша жалғасады |
| 2. "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа көшкен кезде сейфтік қызмет көрсету үшін белгіленген тарифтер өзгере ме? | Шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін сейф ұяшығын жалға алу үшін белгіленген комиссия өзгертілмейді, шарттың мерзімі жаңа мерзімге ұзартылған, мерзімінен кешіктірілген, құлып ауыстырылған кезде және т.с.с. жағдайда "Банк ЦентрКредит" АҚ тарифтері қолданылады. "Банк ЦентрКредит" АҚ тарифтерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.bcc.kz/fizical/tarify/ |
| 3. "Eco Center Bank" АҚ бөлімшелерінде авторизацияланған сенімхаттар бойынша қызмет көрсету сақталама ма? | Жоқ, сенімхаттың негізінде қызмет көрсету сенім білдірген тұлғаның өзі "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа сенімхатты ұсынған кезде ғана жүзеге асырылады. |
| 4. Жаңа шарт жасау үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа жүгіну қажет пе? | Жаңа шарт жасау талап етілмейді |
| 5. Сұрақтарым болса, қайда хабарласуға болады? | "Банк ЦентрКредит" АҚ бөлімшелері https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ |
| 505 нөмірі арқылы ЦентрКредит Банкінің колл орталығына хабарласуға болады (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін) | |
| WhatsApp арқылы ЦентрКредит Банкінің +7 747 11 11 505 нөміріне хабарласуға болады |
Біздің банк NurAi&CO туристік компаниясымен бірге #картакартаның клиенттері үшін ұтыс ойынын жариялайды – 19 жеңімпаз өз қалауы бойынша кез келген елге жолдама ұтып алады.
Ұтыс ойынына қатысу үшін #картакарта арқылы 3000 теңгеден басталатын сомаға кез келген сауда жасаңыз
Төлемдеріңіздің саны тізімдегі қатысушылар санына тең болады, олардың арасында рандом әдісімен жеңімпаздар таңдалады. Осылайша #картакарта арқылы көбірек төлем жасаған сайын, жеңімпаз атану мүмкіндігіңіз де артады
Талаптары:
19 жеңімпаз – ҚР барлық өңірлерінде банктің әрбір ірі филиалында бір жеңімпаздан
19 млн теңге – жеңімпазға 1 млн теңгеден
Ұтыс ойыны 10 тамыздан бастап 10 қазанға дейін өтеді
Жеңімпаздар 13 қазанда тікелей эфир арқылы рандом әдісімен анықталады
Шағын қалалардағы қатысушылар жақын маңдағы ірі қалалардағы қатысушылардың тізіміне қосылады.
Акция туралы толығырақ мәлімет
Толық мәлімет мына арада
Құрметті клиенттер!
Қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында аяқталатын жалақы карталарының мерзімі автоматты түрде екі айға ұзартылатыны туралы хабарлаймыз.
Бұл шара техникалық жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты уақытша болып табылады, сонымен қатар картаны 2022 жылдың қазан айында қайта шығаруға болатынына назар аударамыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:
505 – ұялы телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Құрметті Mastercard ұстаушылары!
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 04 тамыз күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 2:00-ден бастап 8:00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: АТМ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің Mastercard карталары бойынша операциялар.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605
Сұрақ | Жауап |
1. Менің шотым немесе депозитім «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа берілгенін қалай білуге болады? | Сізге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан ақша қаражатының сәтті аударылғаны туралы sms-хабарлама келіп түседі. |
2. Менің «Eco Center Bank» АҚ-ғы (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) шотым/ депозитім бойынша талаптар «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауысқаннан кейін өзгере ме? | Шоттар/депозиттер бойынша талаптар өзгеріссіз қалады. Шоттар мен депозиттер бойынша тарифтер стандарт талаптармен белгіленетін болады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың тарифтерімен сіз https://www.bcc.kz/fizical/tarify/ сайтынан танысасыз. |
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ұлттық валютамен қалдықтар қашан аударылады? | Көшіру кезең-кезеңімен 05.07.2022 жылдан бастап 02.09.2022 жылға дейін жүргізіледі, шоттардың/депозиттердің аударылғаны туралы тиісті sms-хабарлама жіберіледі. |
4. Менің шоттарымдағы қалдықтарымды «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауыстырғаны үшін комиссия алына ма? | Жоқ, комиссия болмайды |
5. Менің депозиттерім/ағымдағы шоттарым бойынша қалдықтарды «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аудару үшін Банкке хабарласуым керек пе? | Жоқ, қосымша хабарласу қажет емес |
6. Егер ақша шотта 15 күн жатпаса, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан ақша қаражатын алу үшін комиссия бола ма? | Егер ақша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың шотында 15 күнтізбелік күн және одан көп уақыт жатқан жағдайда, онда комиссия ұсталмайды, егер ақша 15 күнтізбелік күннен аз уақыт жатса, онда соманың 1%-ы мөлшерінде комиссия ұсталады. |
7. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың шотынан/депозитінен қаражат алуға шектеу бола ма? | Ешқандай шектеу жоқ, ақшаны өнімнің талаптарына сәйкес алуға болады: егер депозиттегі ақшаны төмендетілмейтін қалдыққа дейін ішінара алу қарастырылған болса, онда мұны жасауға болады. Сіз ақшаны депозиттік шоттан мобильді қосымша арқылы аудара аласыз, егер сома 2 млн теңгеден асатын болса, сомаға тапсырысты алдын ала ресімдеп, соманы «Банк ЦентрКредит» АҚ кассаларынан ала аласыз. |
8. 23.02.2022 жылдан бастап 1 жыл және одан да көп уақыт өткен депозиттер бойынша мемлекеттің 10% мөлшеріндегі төлемі бола ма? | Бұл мәселені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қарап жатыр |
9. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тағы өз шотымды/депозитімді қалай толықтыра аламын? | Банктің кез келген бөлімшесінде, BCC.KZ мобильді қосымшасы, АТТ / АТМ арқылы толтыруға болады. |
10. Менің депозитімнің мерзімі аяқталуға жақын, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ғы депозиттің мерзімін ұзарту үшін қайда хабарласуға болады? | Депозиттер шектеусіз автоматты түрде ұзартылатын болады |
11. Маған жаңа шарт жасасу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа хабарласу қажет пе? | Жаңа шарт жасасу талап етілмейді. |
12. «Eco Center Bank» АҚ бөлімшелерінде авторизацияланған сенімхаттар бойынша қызмет көрсету сақтала ма? | Жоқ, сенімхат негізінде қызмет көрсету сенім білдірушінің өзі сенімхатты «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа берген кезде ғана жүзеге асырылады. |
13. «Банк ЦентрКредит» АҚ банкоматтарының, терминалдары мен бөлімшелерінің мекенжайларын қайдан білуге болады? | Қалаңыздағы терминалдардың, банкоматтар мен бөлімшелердің мекенжайларын https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сайтынан білуге болады. |
14. Сұрақтарым болса, қайда хабарласу керек? | - https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сайты арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелеріне;
|
Құрметті клиенттер!
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 5 шілде күні сағат 2.50-ден бастап 4:00-ге дейін Starbanking и BCC.KZ. қосымшалары қол жетімсіз болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі
«Банк ЦентрКредит» АҚ 20.06.2022 ж. дейін іске қосылған PRO/PROMAX пакеттері/СЭҚ опциясы бойынша Ресей рублімен қолма-қол ақшаны қабылдау үшін белгіленген тарифке өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Ресей рублімен қолма-қол ақшаны қабылдау үшін белгіленген тариф толықтырылған соманың 20 %-н құрайды. Өзгерістер 05.07.2022ж. бастап күшіне енеді.
Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.
Құрметті клиенттер!
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 19 маусым күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 01:30-ден бастап 4:53-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз:
Бұл уақытта:
- BCC Business
- BCC.KZ
- АТМ
- ИПТ
- POS-терминалдар
- карталар бойынша операциялар қолжетімсіз болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ PRO/PROMAX пакеттері/СЭҚ опциясы бойынша Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тарифке өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тариф толықтырылған соманың 20% құрайды. Өзгерістер 20.06.2022ж. бастап күшіне енеді.
Тариф 20.06.2022 ж дейін PRO/PROMAX пакеттеріне /СЭҚ опциясына қосылған клиенттерге қатысты қолданылмайды.
Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.
Құрметті Клиент!
Сізге 01.07.2022ж. бастап ЦентрКредит Банкінің:
чек кітапшаларын қолданбайтынын және оларды сатпайтынын;
касса терезелері арқылы 2 миллион теңгеге дейінгі көлемде ақша сомасын бермейтінін хабарлаймыз.
Кейінгі жұмыс үшін біз Сізге #business бизнес-картасымен заманауи және ыңғайлы қызмет көрсету тәсілін ұсынамыз.
Есеп айырысу шотына тіркей отырып, картаны әп-сәтте беру;
24/7 режімінде шотқа қол жеткізу және карта бойынша лимиттерді басқару;
Картаны шығару және ол бойынша қызмет көрсету ТЕГІН;
АТМ арқылы 2 миллион теңгеге дейін ақша беру ТЕГІН.
Қолданыстағы чек кітапшасын корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджерге тапсыру қажет.
Чек кітапшасын алу үшін төленген қаражат 3 жұмыс күні ішінде Сіздің шотыңызға қайтарылады.
Сіздің, ЦентрКредит Банкіңіз.
Банктердің тарату комиссияларының Ұлттық банкте ашылған шоттарына төлемдер жасайтын клиенттердің назарына
Тарату комиссиясының атына төлем жасаған кезде, «Бенефициар» («Ақшаны алушы») бағанында тарату комиссиясының шотының нөмірі (ЖСК) мен тарату комиссиясының БСН көрсету қажет. Қарызды төлеуші туралы нақты ақпарат «Төлемнің мақсаты» бағанында көрсетіледі.
БАРЛЫҒЫНА 1+1=3% кэшбэк
Егер сізде ЦентрКредит Банкінің жалақы картасы болса, #картакартамен төлем жасаған кезде 3% кэшбэк ала аласыз!
#Картакартаның артықшылықтары:
- Тегін ашу және жүргізу;
- Банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта алу;
- Кез келген сатылым үшін 3% негізгі кэшбэк алу;
- Ай сайын 10%-ға дейін кэшбэк арқылы сүйікті санаттарға ие болу;
- Серіктестер желісінде жасалған сауда үшін 30%-ға дейін кэшбэк алу;
- Кредиттік лимит 7 000 000 теңгеге дейін;
- Серіктестер желісінде бір жылға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігі.
#Картакартаны тегін ашыңыз және барлығына 3% кэшбэк алыңыз*.
* Бұл мүмкіндіктер өткен айда ЦентрКредит Банкінің #bccpay жалақы картасымен 37 000 теңгеден бастап жалақы алған жағдайда қаралады.
Құрметті клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ «Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын операциялар» бөліміне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тариф толықтырылған соманың 20% құрайды. Өзгерістер 03.06.2022ж. бастап күшіне енеді. Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.