E-mail: Pr@bcc.kz
Бизнесіңізге қажет тауарларды сатып алған кезде кешбэк сіздің жеке бонус шотыңызға түсетінін білесіз бе?
2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өтетін акция аясында кез келген сауда ақысын #businesscredit бизнеске арналған кредит картасымен төлеп, 5% жоғары кешбэк алыңыз. Кешбэк ЖК немесе ЖШС шотына емес, карта ұстаушының жеке бонус шотына түседі.
Кешбэктің ең жоғары мөлшері айына 20 000 теңгеден аспайды.
Қолма-қол ақша алу, ақша аудару, жойылған операциялар, сондай-ақ кешбэк қарастырылмаған тауарларды сатып алу үшін кешбэк берілмейді.
#businesscredit бизнеске арналған кредит картасы – сауда бизнесіңізге, пайдасы өзіңізге!
Балаларға арналған дүкендер, ойыншық сататын дүкендер және ойын алаңдары үшін төлем қабылдаудың тиімді талаптарын ұсынатын жазғы акцияны іске қосамыз!
Қатысушылар: MCC кодтары бойынша жұмыс істейтін жаңа және қазіргі мерчанттар: 5641 – балаларға арналған дүкендер, 5945 – ойыншық сататын дүкендер, 7996 – ойын-сауық (мәдениет және демалыс саябағы, цирк)
Акция өткізілетін кезең:
2026 жылғы 1 маусым – 31 шілде
Акция талаптары:
Акция кезеңінде POS-терминал және BCCPAY арқылы төлем қабылдау бойынша 1 000 000 теңгеге дейінгі айналымға 0% комиссия белгіленеді.
Акция Банк карталарымен, сондай-ақ басқа банктердің карталарымен жүргізілетін операцияларға қолданылады.
* 0% жеңілдікті комиссия 1 000 000 теңге шегіндегі айналымға қолданылады. Лимиттен асқан сомаға стандарт тариф есептеледі.
Енді жай ғана жөндеу жұмыстарын жасап, ақшалай жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар! 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 шілдесі аралығында ЦентрКредит Банкі мен «12 Месяцев» құрылыс гипермаркеттерінің желісі арнайы ұтыс ойынын бастайды.
Ұтысқа қатысу үшін:
«12 Месяцев» дүкендерінен кемінде 50 000 ₸ көлеміндегі сомаға тауар таңдаңыз.
Олардың ақысын ЦентрКредит Банкінің карталарымен төлеңіз.
Сіз ұтыс ойынына автоматты түрде қатысасыз.
Жүлде қоры:
3 жеңімпаздың әрқайсысы 1 000 000 ₸ алады.
Тағы 10 адамға құрылыс материалдары сатып алуға арналған 100 000 ₸ сертификаты беріледі.
Жеңімпаздарды акция аяқталғаннан кейін рандомайзер көмегімен анықтаймыз.
Қазақстанда алғаш рет! Click to Pay – интернетте Visa карталарымен жасалатын сауда ақысын жылдам әрі қауіпсіз төлеуге арналған жаңа сервис.
- Карта нөмірін, қолданыс мерзімін және CVV кодын енгізудің қажеті жоқ – сатушының сайтында төлем жасаған кезде тек телефон нөміріңізді көрсетіп, өзіңіздің Visa карталарыңыз тізімінен қажетті картаны таңдаңыз.
- Пайдаланушылар сервисті кез келген құрылғыда және сатушы-серікстестерде пайдалана алады.
- Visa деректердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Қалай пайдалануға болады?
- Онлайн дүкен, сервис немесе қызмет жеткізуші Click to Pay сервисіне қосылған болуы тиіс.
- Click to Pay сіздің карталарыңызды табуы үшін төлем тәсілін таңдағанда телефон нөміріңізді енгізіңіз.
- Егер сіз Visa клиенті болсаңыз, тізімнен қажетті картаны таңдаңыз.
- Сауда ақысын төлеу үшін тұлғаңызды растаңыз. Дайын!
Қазіргі таңда қазақстандықтар Click to Pay сервисі арқылы Marriott, Lufthansa, Emirates сияқты шетелдік сайттарда, сондай-ақ әлемнің басқа да ірі брендтерінің сайттарында сауда ақысын төлей алады.
Карталар сервиске кезең-кезеңімен қосылады. Егер дәл қазір Click to Pay арқылы төлем жасай алмасаңыз, бұл қызмет сізге кейінірек қосылады.
Ал сервисті теңшеуді bcc.kz мобильді қолданбасындағы «Картаны теңшеу» бөлімінде басқаруға болады.
Енді bcc.kz қолданбасында Western Union арқылы ақша аудару бұрынғыдан да тиімді – аударым құны 500 теңгеден басталады.
Онлайн аударымдар банк бөлімшесінде ресімдеумен салыстырғанда тиімдірек, ал процесс бірнеше минут қана уақыт алады. Ол үшін алушының елін таңдап, соманы және алушының деректерін енгізу жеткілікті.
Тарифтермен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 21 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 0,3%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
Банк 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енген жаңа ережеге сәйкес, ипотеканы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу туралы өтінім қабылдауды қайта бастады.
Не өзгерді?
Зейнетақы қаражатын енді ипотека бойынша негізгі борышты өтеуге ғана пайдалануға болады. Оның есебінен пайызды, айыппұлды немесе өсімпұлды төлеу мүмкін емес – бұл сомаларды өз қаражатыңыздан төлеуіңіз қажет.
Енді процедура қалай жұмыс істейді?
Процесс бірнеше кезеңнен тұрады:
- Қаражат БЖЗҚ-дан шотқа түседі
- Қарыз алушы БЗТ есебінен ипотеканы өтеу туралы өтінімге қол қояды
- Банк есептелген пайыз бен басқа да төлемдер туралы хабарлама жібереді, оларды клиент өз қаражаты есебінен төлейді
Төлем жасалғаннан кейін зейнетақы қаражаты негізгі борышты өтеуге бағытталады
Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 19.05 күні сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында келесі сервистер уақытша қолжетімсіз болады:
- bcc.kz
- bcc business;
- 3D Secure;
- SMS-хабарламалар;
- POS-терминалдар.
Қажетті операцияларды жұмыстар басталғанға дейін алдын ала жоспарлап, орындауларыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
bcc.kz мобильді қолданбасында Private Club атты жаңа сервис іске қосылды. Бұл – ыңғайлылықты, әр клиенттің көңілінен шығуды және қосымша артықшылықтарды бағалайтындарға арналған кеңістік.
Енді премиум қызметтің барлық мүмкіндігі бір бөлімде қолжетімді: сіз дербес қолдау алып, өзекті ұсыныстармен танысып, серіктестердің эксклюзивті сервистерін пайдалана аласыз.
Private Club аясындағы мүмкіндіктер:
чат арқылы дербес қолдау қызметі
премиум карталар бойынша ұсыныстар
артықшылықтар мен арнайы ұсыныстар
жылжымайтын мүлік және lifestyle саласындағы сервистер
Сервис қазір bcc.kz мобильді қолданбасында іске қосылған.
VIP мәртебесі бар клиенттерге сервистің толық функционалы ашық, ал басқа пайдаланушылар премиум қызметке қосылу туралы өтінімді тікелей қолданба арқылы бере алады.
Private Club – үйреншікті цифрлық форматта көбірек мүмкіндік пен сервисті пайдаланудың ыңғайлы тәсілі.
16 мамыр күні сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін:
- банкоматтар мен терминалдар;
- bcc.kz мобильді қосымшасы;
- FX платформасы;
- bcc business.
Операцияларыңызды алдын ала жоспарлап, техникалық жұмыстар басталғанға дейін орындауыңызды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
12.05.2026 ж. жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz мобильді және BCC Business қосымшасы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Операцияларды жоспарлау кезінде төмендегі уақыт аралықтарын ескеруіңізді сұраймыз:
- 03:00-ден 03:30-ға дейін (GMT+5) — келесі сервистер қолжетімсіз болады:
bcc.kz мобильді қосымшасы;
Банкоматтар мен терминалдар;
POS-терминалдар;
- 03:30-дан 10:18-ге дейін (GMT+5)
Аударымдарда шектеулер қойылады (басқа ҚР банктерінің карталарына және өз шоттарыңыз арасындағы (конвертациясыз) аударымдардан басқа).
QR арқылы төлем жасау.
21.05.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
2026 жылғы 07 мамырдан бастап ЦентрКредит Банкі SWIFT жүйесіндегі аударымдар бойынша төлем хабарламаларымен алмасудың ISO 20022 жаңа халықаралық стандартына көшеді.
ISO 20022 – халықаралық банкингтегі цифрлық технологияларды дамытудың кезекті кезеңі. Жаңа стандарт жаһандық транзакциялар кезінде қауіпсіздікті, жылдамдықты және икемділікті арттыруға бағытталған.
Енді күнделікті бизнес шығыныңыз сізге сыйлық әкелуі мүмкін. 2026 жылғы 1 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында Visa ұйымдастырған сертификаттар ұтыс ойынына қатысыңыз!
Қатысушы болу үшін:
- Сауда ақысын Visa #business немесе #businessprime карталарымен төлеңіз
- Айына жалпы сомасы 50 000 теңгеден кем емес кемінде 5 транзакция жасаңыз
Жүлделер:
Сіз автоматты түрде акция қатысушысы атанып, 10 саяхаттың бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз.
Ай сайын рандомайзер арқылы екі жеңімпаз анықталып, олар туристік агенттіктің номиналы 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттары беріледі.
Төлем неғұрлым көп болса, ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары!
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 04 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
6.2-тармақ. KZT алу – соманың 0,6%-ы, ең азы 1000 KZT
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
ЦентрКредит Банкі көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романын қазақ тілінде қайта басып шығаруға қолдау көрсетті. Кітап 8 100 данамен жарық көрді. Оның 110 данасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне, 100 данасы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына тапсырылса, қалған бөлігі еліміздің жоғары оқу орындарына үлестіріледі.
«Елең-алаң» – Әбілқайыр хан дәуіріне арналған және қазақ халқының тағдырын айқындаған тарихи шешімдер туралы сыр шертетін қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындыларының бірі. Романда тарих парақтары көшбасшылық, жауапкершілік және ұлт тағдыры туралы терең толғаныспен астарласады.
«Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» шығармасын Қазақстанның жоғары оқу орындарына тарту ету – мәдени мұрамызды сақтауға және дәріптеуге қосылған маңызды үлес. Бұл кітаптар студенттерге халқымыздың тарихын, құндылықтары мен рухани бағдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. ЦентрКредит Банкіне әлеуметтік жауапкершілігі мен білім саласына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Бұл бастама жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.
«Біз қазақ әдебиетін сақтауға және ұлықтауға өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз. Тарих пен тарихи кітаптар – әрқайсымыз үшін қажетті іргелі білім. Бүкіл Қазақстан бойынша университетте білім алып жатқан жастар халқымыздың тарихындағы осы бір кезеңмен қызыға танысады деген сенімдеміз», - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.
ЦентрКредит Банкі ұзақ жылдар бойы білім беру және мәдени жобаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Банк кітап басып шығару ісіне тұрақты қатысады және өзінің корпоративтік кітапханасы да бар. Бұл жоба – осы игі дәстүрдің заңды жалғасы.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 27 сәуірден бастап кассалық операциялар бойынша тарифке енгізілген келесі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.2.1-т. Ресей рублін (RUB) қолма-қол алу – 1%.
Операцияларды жоспарлаған және жүргізген кезде жаңартылған талаптарды ескеріңіздер.
Ынтымақтастығыңызға алғыс білдіреміз.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 27 сәуірден бастап кассалық операциялар бойынша тарифке енгізілген келесі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.2.1-т. Ресей рублін (RUB) қолма-қол алу – 1%.
Операцияларды жоспарлаған және жүргізген кезде жаңартылған талаптарды ескеріңіздер.
Ынтымақтастығыңызға алғыс білдіреміз.
22 апреля с 02:55 до 03:15 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны оплаты в интернете и переводы с карты на карту.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
bcc plus жазылымымен сіз жыл соңына дейін промокод бойынша Lamoda-дан 10% және 15% жеңілдік аласыз!
Промокодты бір рет қана пайдалануға болады, сондай-ақ ол Lamoda бейілділік бағдарламасының басқа жеңілдіктеріне қосылмайды. Акцияның толық талаптары туралы lamoda.kz/promo/ сайтында оқуға болады.
Киім, аяқ киім және аксессуарларды тиімді сатып алу үшін bcc.kz қолданбасында bcc plus жазылымын қосыңыз!
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2026 жылғы №116 бұйрығы негізінде 17.04.2026 жылдан бастап Бірыңғай зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді БЗТ қаражаты тек ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі борышты ішінара немесе толық көлемде өтеуге ғана жұмсала алады. Кредит бойынша пайызды, өсімпұлды, айыппұлды және басқа да берешекті төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға бұдан былай рұқсат берілмейді.
Қағидалардың бұрынғы нұсқасында БЗТ есебінен тек негізгі борышты ғана емес, сонымен қатар қарыз бойынша ілеспе міндеттемелерді де өтеу мүмкіндігі қарастырылған болатын. Жаңа нұсқада бұл мүмкіндік алынып тасталды.
Клиенттеріміз үшін процесс қалай өзгереді:
• Банктің сайтында негізгі борышты БЗТ қаражатынан өтеу үшін клиент алдымен өз қаражаты есебінен пайызды төлеуі қажет.
• Клиент пайызды, өсімпұлды, айыппұлды өз қаражаты есебінен төлеген бойда БЗТ қаражаты негізгі борышты өтеуге есептеледі.
• Пайыз 10 күн ішінде төленбесе, БЗТ қаражаты Зейнетақы қорына қайтарылады.
Жүйені жаңартылған заңнама талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ Банктің теңшеуге қатысты қажетті техникалық жұмыстарды жүргізуіне байланысты 17.04.2026 жылдан бастап БЗТ қаражаты есебінен берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеу (ІМБӨ) / толық мерзімінен бұрын өтеу (ТМБӨ) мақсатына төлем жасау уақытша мүмкін емес.
Зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланудың басқа мақсаты өзгеріссіз қалады.