Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
2 маусым 2026
Жаңартылды: 2 маусым 2026

ЦКБ Қытайда және бүкіл әлемде сауда жасауға арналған QR-төлемдерді іске қосады

Сауда ақысын bcc.kz қолданбасында UnionPay және Weixin Pay QR (Қытайдағы WeChat Pay) арқылы төлеңіз

ЦентрКредит Банкі UnionPay қолдауымен Қытайда және басқа елдерде тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге мүмкіндік беретін QR-төлемдер сервисін іске қосты. Бұл сервис Қытайдағы 100 миллионнан астам сауда орнында QR-код арқылы төлем жасауды қолдайды, соның ішінде елдегі ең кең таралған QR-төлем әдістерінің бірі – Weixin Pay (Қытайдағы WeChat Pay) жүйесінің барлық QR-код түрін қамтиды. Функция bcc.kz мобильді қолданбасында жұмыс істейді және қосымша сервистерді орнатуды қажет етпейді.

Қытайдағы сауда орындарының басым бөлігі UnionPay QR-коды арқылы төлем қабылдайды. Төлем жасау үшін bcc.kz мобильді қолданбасын ашып, «QR арқылы төлеу» бөліміне өту жеткілікті. Одан кейін төлем әдістерінің бірін таңдауға болады:

  • сатушының QR-кодын сканерлеп, қаражат алынатын шотты көрсетіп, операцияны растау;
  • немесе «Менің QR» бөлімінде өз QR-кодыңызды жасау. Кейін төлемге арналған картаны таңдап, кодты сатушыға көрсету немесе сканерге жақындату қажет. Сканерлегеннен кейін сома автоматты түрде таңдалған картадан алынады.

Сервисті UnionPay халықаралық желісінде шығарылған #DragonCard және #GoldCard карталарының иелері пайдалана алады.

«Қытай – қазақстандықтар үшін туристік және іскерлік сапарлардың ең танымал бағыттарының бірі болып қала береді. Елдегі есеп айырысу операцияларының басым бөлігі мобильді төлемдер арқылы жүзеге асады, ал дәстүрлі қолма-қол ақша іс жүзінде қолданылмайды, бұл цифрлық сервистердің ыңғайлылығын растайды. UnionPay-мен интеграция трансшекаралық төлемдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, шетелде карталарды пайдалануды жеңілдетеді және Қазақстан мен Қытайдың төлем жүйелері арасында сенімді цифрлық көпір қалыптастырады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.

UnionPay халықаралық ынтымақтастықты дамытып, пайдаланушы тәжірибесін жетілдіріп келеді. Қытайдағы Weixin Pay-дің барлық QR-коды UnionPay желісіне толық интеграцияланған. QR-төлемдер сервисі қазірдің өзінде 48 ел мен өңірдегі 150 миллионнан астам сауда орнында жұмыс істейді, оның ішінде материктік Қытай, Гонконг, Макао, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттер бар.

Сервис туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы қараңыз.

ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 ж. № 1.2.25/195/34 лицензия

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді