E-mail: Pr@bcc.kz
06.04.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
2026 жылғы 1 сәуірден бастап ЦентрКредит Банкінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтер жаңартылады. Жаңартылған тарифтер 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ресімделген жаңа қарыздарға қатысты қолданылады. 2026 жылғы 1 сәуірге дейін берілген қарыздар бойынша бұрын белгіленген тарифтер қолданыста қалады.
Өзгерістер келесі операцияларға қатысты:
- Төлем мерзімін кейінге жылжыту;
- қарыз мерзімін өзгерту;
- төлем түрін өзгерту;
- берешекті өтеу күнін өзгерту.
Қолданыстағы тарифтермен және жалпы ережелермен тарифтер бөлімінде танысуға болады
Кредиттерді ыңғайлы басқару үшін bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалануды ұсынамыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
Енді автокөлікті жалға алу ақысын бүкіл әлем бойынша #rentacar орнына #IronCard және #TravelCard арқылы төлеуге болады. Біз #IronCard және #TravelCard премиум карталарының функционалын кеңейттік. Барлығына бір карта — игілігіңізге пайдаланыңыз.
Басқа карталар сияқты, сіздің #rentacar картаңыз 12 ай бойы қолданылмаса, жабылады.
01.04.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Банк ЦентрКредит Қазақстан қор биржасының (KASE) жыл сайынғы Жылдық есептер байқауында «Қаржы секторындағы 2024 жылғы үздік тұрақты даму есебі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Кәсіби қоғамдастықтың жоғары бағасы Банк ЦентрКредит-тің ақпараттың ашықтығын арттыруға, деректерді толық көрсетуге және банк бизнес-процестерінде тұрақты даму принциптері мен ESG-тәсілдерін жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған жұмысының растамасы болып табылады.
Байқау KASE тарапынан жыл сайын өткізіледі және биржада құнды қағаздары айналымда жүрген компаниялар арасында бейқаржылық және ESG-есептіліктің сапасын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – ақпараттың ашықтығы, деректердің толықтығы және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне адалдығын көрсететін ұйымдарды атап өту.
Қатысушылардың есептері тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби қоғамдастық өкілдері тарапынан бірнеше критерий бойынша бағаланады, соның ішінде ESG-ақпаратты көрсету сапасы, есеп құрылымы, деректердің толықтығы және халықаралық тәжірибелерге сәйкестігі. Банк ЦентрКредит-тің 2024 жылғы есебі «жасыл» қаржыландыруды дамыту, климаттық тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқаруды жетілдіру және әлеуметтік бағытты нығайту сияқты негізгі ESG-салаларында жүйелі прогресті көрсетті.
«Бұл марапат біз үшін атқарылған жұмыстың мойындалуы ғана емес, сонымен қатар әрі қарай дамуға қосымша ынталандыру болып табылады. Біз тұрақты даму басқару тәжірибелерін жетілдіруді, көрсеткіштердің тиімділігін арттыруды және ESG-принциптерін банктің стратегиясына интеграциялауды жалғастырамыз», - деді АО «Банк ЦентрКредит»-тің Chief Sustainability Officer Арнур Ибраев.
2024 жылғы есеппен банктің ресми сайтынан танысуға болады.
Жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша ЦентрКредит Банкі 2025 жылы шот ашқан клиенттердің — АХҚО резиденттерінің шоттарынан наурыз айының соңына дейін 50 000 теңге мөлшерінде комиссия ұстап қалады. Техникалық қателік салдарынан бұл комиссия бұрын есептен шығарылмаған. Клиенттерден кешірім сұраймыз. Берешектің пайда болуына жол бермеу үшін шотта қажетті соманың болуын қамтамасыз етіңіз.
Біз қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жақындарыңызбен бірге саяхаттау кезінде аса маңызды болатын артықшылықтарды қостық.
Бүкіл әлем әуежайларындағы DragonPass бизнес-залдарына және Fast Track International-ға қонақтарды тегін кіргізу мүмкіндігі, сондай-ақ Алматы қ. және Түркияның танымал әуежайларынан бүкіл отбасыңызға арналған трансфер қызметі ұсынылады. Бұл тек ЦентрКредит Банкінің клиенттеріне арналған және Visa-мен бірлесіп ұсынылатын артықшылықтар.
Жақын арада бастаймыз. Сапар кезінде артықшылықтарды пайдалану үшін қазірден бастап сауда жасаңыз.
ЦентрКредит Банкінде ашылған премиум картаңыз жоқ па? Ең тиімді талаптарды пайдалану үшін дәл қазір премиум карта ашыңыз:
ЦентрКредит Банкі Шымкент қаласындағы электрмен жабдықтау саласындағы жобаны қолдай отырып, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыруға қатысты.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) 2,5 млрд теңге сомасындағы кредитті субсидиялауды мақұлдады. Жоба бойынша қарыз алушы – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС. Жоба ЦентрКредит Банкінің қолдауымен іске асырылды.
Жоба аясында кернеуі 35 кВ және 0,4 кВ болатын әуе желілерін қайта құру қарастырылған, бұл қала тұрғындарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру табиғи монополиялардың жеке субъектілері (ТМС) үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау тетігі аясында жүзеге асырылады. ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпорындардың инфрақұрылымды қаржыландыруға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен бизнес арасындағы көпір ретінде әрекет етеді.
iPhone қолданушыларына тамаша жаңалығымыз бар! Енді #DragonCard және #GoldCard карталарын Apple Pay-ге тіркеп, сауда ақысын смартфон арқылы бір рет қана жақындатып төлей аласыз.
ЦентрКредит Банкі – қытай карталарын ұстаушыларға мұндай мүмкіндікті ұсынған алғашқы шетелдік банк.
Картаны Apple Pay-ге қосу өте оңай: bcc.kz қолданбасында картаңызға өтіп, «Apple Wallet-ке қосу» батырмасын таңдаңыз. Дайын!
Картаңыз болмаса, оны ашатын уақыт келді.
ЦентрКредит Банкінің жаңа клиенттеріне ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің кез келген карталарынан эквайринг бойынша төлем қабылдау үшін бірыңғай комиссия қолданылады:
-ЖК-лерге: кез келген қазақстандық карта бойынша 1%
-ЖШС-ларға: кез келген қазақстандық карта бойынша 1,5%
Сонымен қатар келесі қызмет пакеті бар ЖШС-ларға арнайы төмендетілген комиссиялар қолданылады:
- «Еркін» пакеті — 1,0%
- «Оңтайлы+» — 1,3%
- «Премиум» — 1,2%
- «Ультра» — 1,1%
Қазіргі клиенттер 2027 жылғы қаңтарда эквайринг бойынша бірыңғай комиссияға көшіріледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК-лерге қолданылатын арнаулы салық режимдерінің (АСР) жекелеген түрлері бойынша жаңартылған ережелер күшіне енді. Төменде негізгі өзгерістер және бизнеске арналған практикалық чек-парақ ұсынылады.
1. 2026 жылы АЕК мөлшері – 4 325 ₸.
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимі үшін төлемдер мобильді қолданба арқылы есепке алынады/есептеледі, чек беру міндетті.
3. Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК үшін 910.00 нысаны бойынша жартыжылдық мерзім (15/25 тамыз және 15/25 ақпан) сақталады.
4. B2B сегментінде жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін жеткізушілермен есеп айырысқан кезде КТС бойынша шегерімдерге қатысты маңызды шектеу енгізіледі.
5. ҚҚС және ЭШФ бойынша жеңілдетілген режим бойынша жаңа ережелер енгізіледі: ЭШФ «ҚҚС-сыз» ресімделеді және режимге өткен кезде ҚҚС бойынша есептен алып тастау тәртібіне қатысты талаптар қойылады.
1) Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қолданылатын АСР: есепке алу, чек және төлем мерзімдері
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде:
- салық салу объектісі – күнтізбелік айдағы табыс, бұл табыс кассалық әдіспен (нақты алу бойынша) есепке алынады.
- ЖТС пен әлеуметтік төлемдерді есептеу мобильді қолданба арқылы жүргізіледі, төлемді қолма-қол ақшалай да, қолма-қол ақшасыз да қабылдауға болады, алайда әрбір төлем бойынша чек қалыптастыру міндетті.
- төлем мерзімдері: ЖТС – есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін; әлеуметтік төлемдер – есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін.
2) Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК: шекті көрсеткіштер мен дедлайндар
- 910.00 нысаны бойынша салық кезеңі – жартыжылдық.
- бухгалтерлік есеп жүргізілмеген кезде қойылатын талап – жылдық айналым 135 000 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 ж. 583 875 000 теңге).
- 910.00 нысанын тапсыру/төлеу мерзімдері:
- 1-жартыжылдық: тапсыру 15 тамызға дейін; төлеу 25 тамызға дейін.
- 2-жартыжылдық: тапсыру 15 ақпанға дейін; төлеу 25 ақпанға дейін.
3) B2B сегменті: ШОБ-тан сатып алған кездегі КТС шегерімдері
- 2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген режимде (ЖБР) жұмыс істейтін компанияларға арналған жаңа талап күшіне енді:
жеңілдетілген салық режимін қолданатын ШОБ-пен жасалған мәмілелер бойынша шығындар КТС шегеріміне жатқызылмайды (КТС бойынша салық базасын азайтпайды). - Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданатын тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша шегерімге қатысты шектеу жоқ.
4) Жеңілдетілген салық режимі бойынша ҚҚС және ЭШФ, ескерілетін жайт
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілер тауарлар мен қызметтерді өткізу айналымы бойынша ҚҚС төлеуші болып танылмайды. Егер кәсіпкер бұрын ҚҚС төлеуші болған болса және жеңілдетілген режимге өтсе, онда: ҚҚС бойынша есептен шығуы; тауар қалдықтары бойынша тарату есептілігін тапсыруы тиіс.
- жеңілдетілген режимде ЭШФ-ны «ҚҚС-сыз» белгісімен ұсыну міндеті сақталады. Бұл ретте таныстырылымда ерекше жағдайлар да бар (мысалы, электронды төлем жасалған және/немесе БКМ чегі болған/арнайы қолданба арқылы ресімделген кезде жеке тұлғаларға сатуға қатысты жеке талаптар белгіленген).
Бизнес дәл қазір не істеуі керек?
Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз:
- Табыс есебінің (кассалық әдіс) дұрыстығын және барлық төлем бойынша чек қалыптастырылуын тексеріңіз.
- Төлем мерзімдерін бақылауға алыңыз: ЖТС келесі айдың 15-іне дейін, әлеуметтік төлемдер 25-іне дейін.
- Сіздің мәртебеңіз режим талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (ЖК тіркелмеген жеке тұлға).
Егер сіз жеңілдетілген салық режимде жұмыс істейтін ЖК болсаңыз:
- 910.00 нысаны бойынша есеп тапсыру күнтізбесін бекітіңіз: 15/25 тамыз және 15/25 ақпан.
- Айналым лимитін (135 000 АЕК) және табыс есебінің дұрыстығын тексеріңіз.
- ЭШФ-ның «ҚҚС-сыз» шығарылуын теңшеңіз және ерекшеліктерге жататыныңызды не жатпайтыныңызды анықтаңыз.
- Егер бұрын бөлшек салықтың АСР-ын қолданған болсаңыз, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында хабарлама беріңіз. Әйтпесе автоматты түрде ЖБР-ге ауысу қаупі бар.
Егер сіз ШОБ-тан сатып алатын ЖБР-де жұмыс істейтін компания болсаңыз:
- Жеткізушілерді қайта қарап шығыңыз: жеңілдетілген режимдегі контрагенттерді айқындап, КТС бойынша шегерім шектеуінің мәміле экономикасына әсерін бағалаңыз.
- Шарттар мен сатып алу регламенттеріндегі жеткізушінің салық режимі құжаттарына/растауларына қойылатын талаптарды жаңартыңыз.
Құрметті клиенттер!
28.02.2026 жылға дейін қосылған Банктің қазіргі клиенттеріне арналған эквайринг тарифтері бойынша талаптар өзгеріссіз қалып, 31.12.2026 жылға дейін күшінде болады
Архивтік тарифтер:
- басқа ЕДБ карталары (Стандарт) - 1,5%
- Біздің карталарымыз - 0,4%
- "Жеңілдікті" тарифі (арнайы МСС) - 1,2%
- "Micromerchant" тарифі ЖК <45 млн - 0,8%
01.01.2027 ж. бастап осы мерчанттар бойынша жаңа талаптар қолданыла бастайды:
POS-терминалдарда және BCC Pay-де төлем қабылдау талаптары оңай және ашық.
Сатып алушының картасына (ЦКБ немесе ЕДБ картасы) қарамастан бірыңғай комиссия алынады:
- ЖК — 1%
- ЖШС — 1,5%
21 февраля с 03:00 до 04:10 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны операции с банкоматами, оплаты картой офлайн и онлайн, а также переводы с карты на карту.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
2026 жылғы 19 наурыздан бастап «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер күшіне енеді.
Жеке тұлға-клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- Қазақстан Республикасының барлық азаматы басқа елде тұруға ықтиярхаттың (ТЫ) болуына қарамастан, ҚР резиденті болып танылады, яғни сіздің валюталық операцияларыңызға ҚР резиденттеріне белгіленген ережелер қолданылады.
- Аталған күнге дейін басқа елде тұруға ықтиярхаты бар ҚР азаматтары бейрезидент болып саналады.
Бизнес клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- ҚР-да жұмыс істейтін шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері де резиденттер болып танылады.
- Бұл өзгерістер бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен бекітілген ұйымдарға қатысты емес.
Бұл неге маңызды?
Өзгерістер ережелерді біріздендіруге бағытталған және клиенттерге банктік қызмет көрсету жағдайларының нашарлауын көздемейді. Резидент немесе бейрезидент мәртебесі жекелеген валюталық операцияларды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібіне әсер етеді.
Birge+ депозитін ашып, жақындарыңызбен немесе достарыңызбен бірге ақша жинаңыз. Ортақ мақсат біріктіреді, ал қаражатты бірге жинау әлдеқайда оңай.
Арманыңызға тезірек жету үшін bcc.kz қолданбасында Birge+ депозитін оңай ашып, бес қатысушыға дейін қосыңыз: әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосып, нәтижені көре алады.
Баспана алу немесе армандаған саяхатқа шығу – мақсат қандай болса да, Birge+ арқылы қаражатты бірге әрі тезірек жинаңыз.
«Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз» функциясы bcc.kz мобильді қолданбасында #IronCard және #TravelCard карталарын ұстаушыларға қайта іске қосылды.
Банк қолданбасынан шықпай-ақ, консьерж-сервис мамандарының көмегін 24/7 режимінде алыңыз:
басты экран → карта → «Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз».
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 12 ақпаннан бастап шетел валютасымен қойылатын төлем талаптары бойынша тарифке өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қолданыстағы тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы қарай аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап #DragonCard және #GoldCard бойынша кешбэк бағдарламасының жаңа талаптары қолданылады.
#DragonCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 5% кешбэк – айына 40 000 ₸ дейін беріледі.
#GoldCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 3% кешбэк – айына 20 000 ₸ дейін беріледі.
Гонконгта, Макаода, Тайваньда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Қытай юанімен (CNY) ақша аудару тарифіне өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескеруді сұраймыз.
Тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
Құрметті бизнес‑клиенттер!
2026 жылғы 30 қаңтарда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттерге банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарына (№002 Қосылу шарты) енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы хабарлаймыз.
Өзгерістер «Депозит‑кепілдік+Кепіл салым» өнімінің күшін жоюға (заңнамаға енгізілген түзетуге байланысты), сондай‑ақ Банктің еншілес ұйымдары арасында клиенттер туралы ақпарат беру талаптарының өзгеруіне қатысты болды.
Аталаған өзгерістермен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.bcc.kz/about/sbornik-form-dogovorov/.
Қайта қаржыландыру қолданыстағы кредитті біздің банкімізге ауыстырып, төлемдерді жаңа талаптармен жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қайта қаржыландыруды банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады. Толық шарттарды, қарыз алушыға және кепіл объектісіне қойылатын талаптарды bcc.kz сайтынан қараңыз.
Мөлшерлеме 23-25%
ЖТСМ 26-29,2%
Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне және 16% мөлшеріндегі ҚҚС-ның енгізілуіне байланысты халықаралық SWIFT аударымдары бойынша тарифтерге түзету жүргізілетінін хабарлаймыз.
Жаңартылған талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді. Түсіністік танытып, бізге сенім білдіргендеріңізге рақмет!
Біз реттеуші органнан ипотекалық қарыздарды өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) қаражатын пайдалануға қатысты ақпаратты нақтылап жатырмыз.
Қазіргі уақытта біздің клиенттеріміз БЗТ қаражатын бұрынғыдай негізгі борышты да, пайыздарды да өтеу үшін пайдалана алады.
Ресми түсініктеме алғаннан кейін барлық өзгеріс туралы міндетті түрде хабарлаймыз.
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, енді біржолғы зейнетақы төлемдері ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тек негізгі борышты ішінара немесе толық өтеуге бағытталуы мүмкін. Зейнетақы жинақ ақшасы есебінен пайызды, өсімпұлды және айыппұлды өтеуге енді жол берілмейді. Бұрын мұндай мүмкіндік ережеде қарастырылған болатын.
Сонымен қатар өтініш беру тәртібі өзгертілді. Арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші зейнетақы қаражатын пайдалану туралы электронды өтінішті толтырады, онда шот нөмірін, пайдалану мақсатын және қолдануға болатын соманы көрсетіп, ЭЦҚ арқылы куәландырады. Бұрын осы өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілі де көрсетілуі тиіс еді.
Бұған қоса бұйрықта тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайларға және жақын туыстарға беруге болатыны әрі олардың бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға бере алмайтыны нақтыланған.
Бұдан бөлек растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы шотына қайтарылады. Ал қаражат қате аударылған жағдайда, уәкілетті оператор үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің келісімімен БЖЗҚ-ға хабарлама жолдайды, содан кейін БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш берушінің шотына қайта аударады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жеке табыс салығынан босатуға қатысты қағидаларды қоспағанда, 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін жоспарлы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2240-шот («Клиенттердің міндеттемелерін қамсыздандыру (кепілге қою, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты») алынып тасталады. Осыған байланысты клиенттердің міндеттемелері бойынша кепілге салынған ақша ретінде қабылданған ақшалай қаражатты сақтауға арналған шот үлгі шот жоспарынан алынып тасталады.
Осы өзгерістер аясында ЦентрКредит Банкі «JAÑA ипотека» өнімі бойынша қарызды қамсыздандыру ретінде пайдаланылатын кепілге салынған ақшаны «Кепілдік» депозитіне аударады.
Бұл клиент үшін нені білдіреді:
- кепілге салынған ақша депозит ретінде ресімделеді
- депозит бойынша жылдық 0,1% мөлшерінде сыйақы есептеледі
- бұл клиентке талаптарды жақсартады, себебі бұған дейін сыйақы есептелмеген.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті түрде кепілдік беріледі
bcc.kz қолданбасында пуш-хабарлама жіберілгеннен кейін, келесі құжаттарға онлайн қол қоюыңыз қажет:
- депозит ашу туралы өтініш;
- «Кепілдік» депозиті шарты;
- қажет болса, жұбайының (зайыбының) келісімі;
- банктік қарыз шартына қосымша келісім.
Қарыздың талаптары мен оған қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударыңыз.
bcc.kz қолданбасы әлі орнатылмаған болса, оны QR-код арқылы жүктеп алыңыз.
Сұрақтарыңыз болса, 505 нөмірі арқылы бізбен байланысыңыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!