E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер!
Қазіргі кезде Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған Арнайы ағымдағы есепшоттарға түгендеу жүргізіп жатыр.
Егер Сіз ЗТМО-дан жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер алатын болсаңыз, арнайы осы мақсатқа арналған Арнайы ағымдағы есепшоттың ашылғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, есепшоттың дұрыс түрін ашып, кейін жаңа деректемелерді ЗТМО-ға хабарлау қажет. Егер Сіз ЗТМО-дан алатын жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер әдеттегі Ағымдағы есепшотқа түсетін болса, Банк несие бойынша олардың берешек есебіне өндіріп алынғаны, оның ішінде төлемдік талапты ұсыну арқылы алынғаны үшін жауап бермейді.
Толық ақпаратты Банктің бөлімшелерінен, сонымен қатар Алматы қаласында 244 30 00 телефоны, өңірлерде 8 8000 8000 88 телефоны арқылы тегін білуге болады.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 06.10.2016 жылы сағат 00-30-дан 01-30-ғa дейін және 03-30-дан 04-30-ғa төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы +7 727 244 77 77
Сіздерге 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін жасалған "Өтемақы арнайы есепшоты" шарттарының қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты салымның осы түрі бойынша қалдықтар туралы ақпараттың Starbanking жүйесінде көрсетілмейтінін хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, Банктің бөлімшелеріне хабарласуды өтінеміз.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың (бұдан кейін "Биржа") Листинг ережесінің талаптарына сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін "Банк") Биржаның ресми тізімінде тұрған мерзімсіз облигацияларға (саудадағы коды: CCBNe3, ISIN XS0245586903, бұдан кейін "Облигациялар") қатысты келесі ақпаратты жіберіп отыр:
Банк 2016 жылғы "23" қыркүйекте Облигация ұстаушыларға Сенімгерлікпен басқарушының, Бас төлем агентінің, трансферттік, есеп айырысу агенттерінің, сондай-ақ Облигациялар бойынша тіркеушінің ауысуына және 2006 жылғы "3" наурызда жасалып, 2010 жылғы "16" сәуірде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Сенімгерлікпен басқару туралы шартқа өзгерістер енгізілуіне байланысты 5 Old Street, London EC2N 1DW, United Kingdom (Ұлыбритания) мекенжайы бойынша 2016 жылғы "17" қазанда Облигация ұстаушылардың жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама хат жіберді.
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 23.09.2016 жылы сағат 04-00-ден 04-15-ке дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77
«Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері Facebook.com әлеуметтік желісіндегі пайдаланушы Сырым Абдрахмановтың парақшасында орналасқан бейнероликке түсінік берді. Банк бейнехабар жағдайды біржақты көрсеткен деген сенімде,сондықтан өз ресми жауабында нақты айғақтар мен мәліметтерді беруге әзір.
Банкте атап өткендей, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС (бұдан кейін – «Ромат» ФК» ЖШС) ұзақ уақыттан бері «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (бұдан кейін мәтін бойынша – банк) клиенті болып табылады. Алайда 2013 жылдан бастап «Ромат» ФК» ЖШС банк алдындағы міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болды. Ұзақ жылдардан бері қалыптасқан серіктестікті және бейілді өзара қарым-қатынасты ескере отырып, банк оның жағдайына түсіністікпен қарап, клиентке қолдау көрсетті. Осылайша, екі жыл бойы (2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде) банк қызметкерлері берешекті өтеудің талаптарын он төрт рет жеңілдетті: қарызды өтеу бойынша төлем мерзімін кейінге жылжытты, икемді төлем кестесін жасады, сыйақы мөлшерлемесін төмендетті, банктік қарыз шарттарының қолданыста болатын мерзімін ұзартты, сондай-ақ несиелік міндеттемелерін орындамағаны үшін есептелген өсімпұлды кешірді.
Осыған қарамастан, 2015 жылғы ақпан айынан бастап «Ромат» ФК» ЖШС несиелік берешегін өтеген жоқ.
Сонымен қатар 2014 жылы қараша айында тағы бір кредитор – екінші деңгейдегі банк «Ромат» ФК» ЖШС-ны несиелеу лимитін пайдалану мүмкіндігінен айырды, соның нәтижесінде компания айналым капиталындағы ақша қаражатын екінші кредитордың қарызы бойынша берешегін өтеуге жұмсады, бұл «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржы жағдайын одан сайын ушықтыра түсті.
– Бұл бейнехабарда көптеген фактілер бұрмаланып көрсетілген, мысалы «Банк ЦентрКредит» АҚ «Ромат» ФК» ЖШС-ның айналым капиталынан ақша қаражатын алуға әрекет жасаған жоқ, керісінше, «Ромат» ФК» ЖШС 2014 жылдың аяғында басқа кредиторға 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеге жуық сомада берешегін өтеді, ал «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдында едәуір берешек сомасы болса да, оны өтеу үшін ешқандай төлем жасамады. Мүмкін бір кредиторға ірі соманы төлей отырып, «Ромат» ФК» ЖШС компаниясының басшылығы оның салдарын, яғни компанияның төлем жасауға қабілетсіз бола бастағанын түсінген шығар, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Банк жеңілдік берген екі жыл ішінде, сондай-ақ қазіргі күнге дейін «Ромат» ФК» ЖШС-ның өзінің төлем жасауға қабілетін қалпына келтіру үшін ешқандай шара қолданбағанын айта кеткен жөн. Қарыз алушы жүзеге асырған бірден-бір әрекет – «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасын қолдану туралы өтінішпен сотқа шағымданды. Нәтижесінде Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, ол 24.06.2015 жылы күшіне енді.
Сотқа берілген бұл өтініш «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының дәрменсіздігін көрсетті, себебі «Ромат» ФК» ЖШС тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды. Бұл ретте, оңалту процедурасы қолданылған күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС орналасқан жердегі жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған. Алайда, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлығы орындауға міндетті сот актілерін орындау қажеттігін елемей отыр. Банк «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының мұндай іс-әрекеті Компанияны төлем жасауға қабілетсіз, дәрменсіз күйге жеткізу үшін әдейі жасалған шара деп күдіктенуге негіз болады деп есептейді.
«Ромат» ФК» ЖШС басшылығының оңалту процедурасының қолданылуын негізге ала отырып, уақытша әкімгерді кәсіпорынға кіргізбеуіне және қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін көрсетпеуіне байланысты, ағымдағы сәтте кредиторлар, соның ішінде банк 2015 жылғы наурыздан бастап «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі мен оның ахуалы туралы ақпарат алмаған. Бұған қоса, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту процедурасын қолданған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бекіту үшін сотқа тапсырылуға тиісті оңалту жоспарын бір жылдан астам уақыт бойы кредиторлармен келісуге қабілетсіз болды.
«Ромат» ФК» ЖШС өзінің қаржылық қызметін сауықтыруға бағытталған өзара байланысты нақты іс-шаралар кешенін және оны растайтын құжаттарды кредиторларға ұсынбағандықтан, «Ромат» ФК» ЖШС-ның уақытша әкімгері және «Банк ЦентрКредит» АҚ оңалту процедурасын тоқтату туралы өтінішпен сотқа шағымдануға мәжбүр болды, себебі бұл компания құрылтайшыларының жағдайды теріс пайдалануына жол бермеу мақсатында «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңы бойынша талап етіледі. Ұсынылған оңалту жоспарының жобасы құрылтайшылардың барлық мүлікті, активтерді сату және оңалту процедурасының мерзімі соңында активсіз қалу ниетін растады. Соның нәтижесінде «Өндірістік активтерін сатқан кәсіпорын төлем жасау қабілеттілігін қалпына келтіріп, өз бизнесін сақтай ала ма?» деген сұрақ туындайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың өз құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша заңды іс-әрекеттер қолданатыны сөзсіз, бұған қоса заң аясында сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген «Ромат» ФК» ЖШС-ның кепілгерлері болған құрылтайшылары Т. Ракиштен және М. Кимнен берешектің бір бөлігін өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын жүзеге асыруды көздеп отыр.
– Банк барлық клиенттермен, соның ішінде «Ромат» ФК» ЖШС-мен әділ және саналы түрде бірлесіп әрекет етеді. Бұған «Ромат» ФК» ЖШС-ның басқа банктегі берешегін қайта қаржыландыруға «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдын ала келісім беруі туралы 2016 жылғы 2 тамыздағы өтінішіне оң жауап беруі дәлел. Қазіргі кезде банк мерзімінен кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға немесе өтеуге қатысты «Ромат» ФК» ЖШС тарапынан жасалған қандай болмасын іс-әрекет туралы бейхабар. Біз өз қызметімізде іскерлік этика нормаларын сақтай отырып, Заңның талаптарын қатаң орындаймыз, сондықтан «Ромат» ФК» ЖШС банкті рейдерлік әрекет жасады деп айыптай отырып, жалғыз ғана мақсатты – несиелік берешекті өтеу бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуды көздейді. Банкті рейдерлік басып алуға әрекет жасады деп негізсіз айыптағаннан кейін, біз «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың абыройы мен беделін заңда белгіленген тәртіппен қорғауға құқылымыз, – деген тұжырымдама банктің ресми хабарламасында көрсетілген.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.
"Банк ЦентрКредит" АҚ Сіздерге 2016 жылғы 09 қыркүйектен бастап бизнес-клиенттерге арналған қызметтер бойынша жаңа тарифтердің енгізілетінін хабарлайды. Келесі бөлімдерге өзгерістер енгізіледі:
- Банктік есепшот: ашу, енгізу және жабу;
- Ақша аударымдары;
- Есеп айырысу - касса операциялары;
- Кепілдіктер және кепілдемелер.
Бизнес-клиенттерге арналған жаңа тарифтермен банктің https://www.bcc.kz/kz/smallbiz/tarify-biz/. сайтынан таныса аласыздар.
Кредиттік бюро күні – әлемнің 20-дан астам елінің Creditinfo тобынна кіретін кредиттік бюролары арасында өткізілетін кең ауқымды әлеуметтік акция. Бұл күні кредиттік бюро ШОБ үшін корпоративтік несиелік есептерді және ҚР азаматтары үшін жеке несиелік есептерді тегін ұсынады. Биыл Кредиттік бюро күні 22 қыркүйекте өткізілмек.
Акция барлық кәсіпкерлердің назарын несие тарихының маңыздылығына, төлем жасау тәртібін қалыптастыруға және қарыз алушылар, кәсіпкерлер мен несие ұйымдары арасында байланыс орнатуды реттеуге аударады.
Бизнес үшін:
22 қыркүйектен 22 қазанға дейін алдын ала тіркеу арқылы өзіңіздің корпоративтік несиелік есебіңізді (КНЕ) тегін алуға болады.
ШОБ желісі бойынша акцияның серіктесі: "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыңыз келсе, тіркеу нысанын толтырып жіберуіңізді өтінеміз.
Акцияға қатысушыларға арналған жадынама:
- Акцияға Қазақстан Республикасының кез келген кәсіпкері қатыса алады. Жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысуға құқылы.
- Сіз бір ғана заңды тұлға үшін, бір ғана тіркеу нысанын толтыра аласыз.
- Тіркеу деректері шынайы болуы керек. Корпоративтік несиелік есеп компанияның Электронды сандық қолтаңбасы расталғаннан кейін жүргізіледі. Тіркеу деректерінде БСН, сондай-ақ электронды сандық қолтаңба шығарылған сенімді тұлғаның ЖСН нөмірлері көрсетілуі тиіс.
- Есеп сұрау жасалған күнгі жай-күйі бойынша Бірінші кредиттік бюро www.1cb.kz порталының Жеке кабинетінде 2016 жылғы 22 қыркүйектен бастап 22 қазанға дейін қалыптасады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, БКБ day@1cb.kz сервис-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыларыңыз келсе, Бірінші кредиттік бюроның https://www.1cb.kz/icbd порталында тіркеу нысанын толтыруды өтінеміз.
Жеке тұлғалар үшін:
Жеке тұлғалар тек 22 қыркүйекте өздерінің жеке несиелік есебін (ЖНЕ) тегін ала алады. Жеке несиелік есепті Бірінші кредиттік бюроның барлық трансфер-агенттік бөлімшелерінде алуға болады*.
Акцияның серіктесі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – ХҚО департаменті" КЕАҚ.
Өзіңіздің тегін Жеке несиелік есебіңізді:
- Қазақстан бойынша ХҚО-ның 83 бөлімшесінен және Алматы облысы бойынша "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінен (мекенжайын БКБ-нің www.1cb.kz сайтынан білуге болады);
- www.egov.kz порталынан;
- www.1cb.kz сайтынан;
- БКБ-нің мобильді қосымшаларынан;
- Алматыда БКБ офисінен алуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 3000 150 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.
"Банк ЦентрКредит" АҚ Директорлар кеңесінің 12.08.2016 жылғы №149 қаулысына сәйкес 2016 жылғы 18 тамыздан бастап жаңа тарифтер күшіне енеді.
Банктің жаңа тарифтерімен және комиссияларымен келесі бөлімдерде танысуға болады:
"ЦентрКредит" Банкі Сіздерге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 19.08.2016 жылы Астана уақытымен сағат 01.00-ден 03-00-ге дейін "StarBanking" жүйесі мен банкоматтардың кеңейтілген функционалының жұмыс істемейтінін хабарлайды. 19.08.2016 жылы сағат 02.00-ден 03.00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялар жүргізілмейді. Интернет Банкинг жүйесі 18.08.2016 жылы сағат 20.30-дан бастап 19.08.2016 ж. сағат 05.15-ке дейн жұмыс істемейді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, 8 727 2447777 (Алматы қ.) немесе Қазақстан бойынша 8 8000 8000 88 телефондары арқылы қалалық желіден және Beeline/Kcell/Activ ұялы байланыс операторларының нөмірлерінен тегін хабарласуға болады.
Құрметті клиент!
Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
- Алматы – 244 77 77
- 244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент!
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Біздің банкіміздің бөлімшелерінде қызметкерлердің ішкі телефон нөмірлері өзгерді. Сізге қызмет көрсететін менеджерлердің жаңа байланыс деректері bcc.kz сайтында www.bcc.kz/kz/branches-and-atms сілтемесі бойынша орналастырылған.
Осыған қоса, 8(727) 244 30 00; 8 8000 8000 88 телефон нөмірі бойынша Call Center орталығына хабарласып немесе банктің бөлімшесіне барып, қазіргі телефон нөмірлерін анықтай аласыз.
Депозиттері 700 мың теңгеден асқан Валют-Транзит Банк салымшылары ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін кепілдікті өтеудің қосымша төлемдерін алу үшін өз қаласындағы Банк ЦентрКредит бөлімшесіне жүгіне алады. Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес олар үшін төлемдердің максималды мөлшері 700 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Банк ЦентрКредит филиалды желісі арқылы 2015 жылдың 10 тамызынан бастап 2016 жылдың 10 тамызына дейін қосымша төлемдерді жүзеге асырады. Бөлімшелердің тізімі мен мекенжайлары www.kdif.kz ресми интернет-сайтында жарияланған. Төлем Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қаражаттарынан жүзеге асырылады. Міндеттемелердің жалпы сомасы – 4,25 млрд. теңге. Ағымдағы жылдың шілдесінің басындағы жағдай бойынша 4 332 салымшы жалпы сомасы 3,94 млрд. теңгеге өтем алды, бұл міндеттемелердің жиынтық сомасынан 92,6% құрайды.
Бақыт Қоғылов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы: "Валют-Транзит Банктің банкрот болуына алып келген бірқатар факторлар бұл банктің активтерін жою үдерісін және салымшылар мен кредиторлар алдындағы оның міндеттемелері бойынша жұмысты қиындатты. Сондықтан өткен жылы Үкімет депозиттері 700 мың теңгегеден (бұл 2007 жылға кепілдіктердің шегі) асқан салымшылармен қосымша есептесулер жүргізу туралы шешім қабылдады. Біз қосымша есептесулерді аяқтаған кезде, тарату комиссиясының 223 салымшының алдында міндеттемелері қалады. Сондықтан Валют-Транзит Банк салымшыларының басым көпшілігі өз ақшасын толық көлемде қайтарды деуге болады".
10 тамыздан кейін өтемді алып үлгермеген салымшылар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен тікелей хабарласқаны жөн.
Байланыс:
Талдау және қоғамдық байланыстар департаменті
Тел.: +7 727 291 37 86, info@kdif.kz, www.kdif.kz
"Шұғыл байланыс" нөмері: 8-800-080-10-20
ЦентрКредит Банкі қазіргі уақытта Клиенттерден келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығының телефон арналары арқылы төлем карталары бойынша баланс, төлем карточкаларының қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты тегін ұсынуды тоқтататыны туралы хабарлайды.
Балама ретінде Сізге карт-шоттар бойынша SMS-хабарлама (ақылы сервис) қызметіне және "StarBanking" интернет-сервисіне (ақпараттық сервис тегін көрсетіледі) қосылуды ұсынамыз. Осы ақпаратты алдын ала есепке алуыңызды өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, бізге Алматы қаласындағы төменде телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз:
244 30 00, 244 77 77 (тәулік бойы), 244 30 20
Қазақстан аумағынан және Beeline / Kcell / Activ ұялы байланыс бойынша – 8 8000 8000 88 жедел желісі арқылы, қосымша 5020, 0 немесе 5777
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды. Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады.
Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.
Одан кейін 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс.
ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.
| Филиал | Мекенжайы |
| Орталық филиал | 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21 |
| Ақмола филиалы | 020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214 |
| Алматы қалалық филиалы | 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98 |
| Алматы облыстық филиалы | 040008, Талдықорған қ., М. Төлебаев к-сі, 58/64 |
| Атырау филиалы | 060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а |
| Ақтөбе филиалы | 030006, Ақтөбе қ., Асау-Барақ к-сі, 45 |
| Шығыс Қазақстан филиалы | 070019, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 3 |
| Жамбыл филиалы | 080000, Тараз қ., Қазыбек-би к-сі, 137 |
| Батыс Қазақстан филиалы | 090000, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16 |
| Қызылорда филиалы | 120015, Қызылорда қ., Б. Асқар к-сі, 30 |
| Қостанай филиалы | 110000, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 |
| Қарағанды филиалы | 100000, Қарағанды қ., Бұхар-Жырау к-сі, 19 |
| Маңғыстау филиалы | 130000, Ақтау қ., 23-шағынаудан |
| Павлодар филиалы | 140000, Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 44 |
| Солтүстік Қазақстан филиалы | 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 6 |
| Оңтүстік Қазақстан филиалы | 160012, Шымкент қ., Төреқұлов к-сі, 2 |
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банкноттарды қабылдау мен айырбастаудан бас тартудың барлық фактілері туралы Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 259 68 14 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған байланыс телефондары: +7 (727) 2704-585, +7 (727) 3302-497.
Алаяқтар қазақстандық банктердің клиенттерінің сеніміне кіріп, олардың банктік карталарының деректерін электрондық пошта арқылы алуға тырысып бағуда.
Осы аптада бірқатар қазақстандық банктердің қауіпсіздік қызметтері қылмыстық мақсатта клиенттердің жеке банктік деректерін заңсыз алу әрекетін анықтады. Өздерін банктің қызметкерлері ретінде таныстыратын алаяқтар қазақстандықтарға карта иесінің аты, оның қолданыс мерзімі мен қорғаныс коды сияқты төлем карталарында көрсетілетін деректерді хабарлауды талап ететін хаттарды электрондық пошта арқылы жөнелтіп отыр. Электрондық хаттарды жөнелткен кезде алаяқтар нақты жөнелтушінің поштасының доменін @kaspi.kz, @eubank.kz, @homecredit.kz немесе @centercredit.kz сияқты қазақстандық банктердің домендік атауларына өзгертеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: банктер клиенттерден төлем карталарының деректерін электрондық пошта арқылы сұратпайды! Бұл ақпарат банктік құпия туралы заң арқылы қорғалатын мәліметтер санатына жатады.
Егер Сіз банктен төлем картасының деректерін көрсете отырып, нысанды толтыруды немесе басқа конфиденциалды ақпаратты ұсынуды өтінген электрондық хабарлама алсаңыз, ондай хатқа жауап бермеңіз.
Алаяқтардың қақпанына түсіп, оларға өздерінің карталарының деректерін хабарлаған клиенттер картаға тосқауыл қою және картаны қайта шығару туралы өтінішпен өздерінің банктеріне жедел хабарласуы қажет.
ЦентрКредит Банкінің клиенттері "Starbanking" жүйесінің мобильді және web-қосымшасы, сондай-ақ 7 (727) 2447777 телефон нөмірі бойынша Авторизациялау орталығына хабарласу арқылы картаға тосқауыл қоя алады.
Kaspi Bank клиенттері Kaspi.kz сайтындағы жеке кабинет немесе 9999 телефон нөміріне хабарласу арқылы лезде картаға тосқауыл қоя алады. Осы туралы толық ақпаратпен келесі бейнебаян арқылы таныса аласыздар: https://youtu.be/UG-CpV39nBM
Еуразия Банкінің клиенттері 7722 тегін телефон нөміріне хабарласу немесе «Smartbank» интернет-банкингі арқылы лезде картаға тосқауыл қоя алады. Сондай-ақ осы қызметті мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады.
Хоум Кредит Банкінің клиенттері 7373 телефон нөміріне хабарласу арқылы өз карточкаларына тосқауыл қоя алады.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 2016 жылғы «14» сәуірде келесі қызметтердің жүргізілмейтінін хабарлайды:
- төлем карталары және Банк құрылғылары – сағат 00.30-дан бастап 04.30-ға дейін;
- қашықтағы жүйелер: Starbanking және Интернет-Банкинг – сағат 01.00-ден бастап 02.40-қа дейін;
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ мобильді телефонынан – 8 8000 8000 88, қос. 5777 теру немесе қосылған кезде «0» басу қажет (Клиенттерден келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін.)
Түзетулер келесі мәселелерге қатысты енгізілді:
- «Проблемалы несиелер қоры» АҚ-ның салымын игеру кезеңі 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды;
- қарыз алу кезінде «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар» мәртебесі бар және (немесе) қарызға қызмет көрсету кезеңінде осы мәртебеге ие болған, бірақ 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша көрсетілген мәртебеден айырылған қарыз алушылар халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылды;
- үшінші тұлға – кепіл беруші үшін 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша тұрғын үйдің жалғыз болуына қатысты шектеулер алынып тасталды;
- 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша қарыз алушы үшін жақын туыстар болып табылатын үш және одан көп отбасы мүшесі тіркелген қарыз алушының тұрғын үйінің ауданы бойынша 120 ш.м. шектеу алынып тасталды;
- жекешелендіру, сыйға алу шарттары бойынша немесе мұрагерлік тәртібінде оларға жалпы меншік құқығында тиесілі осы бір тұрғын үй бірлігінде тұратын әрбір адамға (қарыз алушыға, оның жұбайына, отбасының кәмелетке толмаған баласына, сондай-ақ бірге тұратын әрбір жақын туысына) жеке бір тұрғын үй бірлігіндегі үлесі тұрғын үй алаңының 16 ш.м. аспайды;
- Бағдарламаға тұрғын емес жай (тұрақты өмір сүру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланылатын жеке жай) түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар, оның ішінде қарыз алушы, оның жұбайы болып табылмайтын үшінші тұлғаға (кепіл берушіге) тиесілі қарыздар қосылған, осы ретте тұрғын емес жайдың ауданы жылжымайтын тұрғын үй объектісінің техникалық төлқұжатына сәйкес 100 (бір жүз) шаршы метрден аспауы қажет;
- 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін тұрғын үйден басқа, оған қосымша «жеке тұрғын үй құрылысы» нысаналы мақсатындағы жер телімі болатын қарыз алушылар Бағдарламаға қосылған;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылған қарыз алушылар және/немесе олардың жұбайлары үшін 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша Бағдарламада бекітілген критерийлерге сәйкес меншігінде қосымша ең көп дегенде бір тұрғын жайының болуына рұқсат беріледі.
Өтініштерді қабылдау жалғасуда, енгізілген толықтырулар бойынша Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін барлық клиенттердің, сонымен қатар бұрын қайта қаржыландыру бойынша бас тарту алған тұлғалардың қызмет көрсету орны бойынша банктің филиалдарына баруын және қайта қаржыландыру туралы өтінімді тіркеуін өтінеміз.
Қосымша ақпаратты bcc.kz сайтынан немесе 8-8000-8000-88 (ішкі нөмір 4444) жедел желі нөміріне хабарласу арқылы алуға болады.
Назар аударыңыздар!
Осы сенбі, 9 сәуір күні, демалыс күндері қызмет көрсететін банкіміздің бөлімшелері стандарт режимде жұмыс істейді.
Сіздің қалаңыздағы бөлімшелердің жұмыс кестесі туралы ақпаратпен https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сайтынан таныса аласыздар.
Сіздерді күтеміз!
ЦентрКредит Банкінің Баспасөз қызметі банктің жаңа "Colvir" IT-платформасына өткендігі туралы хабарлады.
ЦентрКредит Банкі сервистер мен өнімдерді жақсарту мақсатында жаңа банктік "Colvir" IT-платформасына өтті. Жаңа платформаға өту 24-25 наурызда жүзеге асырылды.
- Заманауи технологиялардың шапшаң дамуына байланысты Банк те бүгінгі күннің талабына сай болу мақсатында жетілдірілген "Colvir" IT-платформасына өтуге қадам жасап, қыруар жұмыстарды жүргізуде. Бұл жаңа жүйе Банк көрсететін сервистің сапасын жақсартуға, сонымен қатар клиенттерге қолайлы өнімдерді енгізуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды ЦентрКредит Банкінің Басқарма Төрағасы Владислав Ли.
Өтпелі кезеңге байланысты қызмет көрсетудегі қолайсыздықтарды банктің басшылығы мен қызметкерлері жақын күндері жоюды көздеп отыр.
- Қазіргі күні біз уақытша қолайсыздықтар туындайтын өтпелі кезеңнен тез арада өту үшін клиенттердің пікірлерімен белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені жаңа жүйеге бейімделу қызметкерлер үшін де, клиенттер үшін де белгілі бір уақытты қажет етеді. Бірнеше жұмыс күні ішінде біз барлық мәселелердің шешімін тауып, сенімді әрі сапалы сервисті қайта ұсына алатынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Владислав Ли.
Қосымша ақпарат алу үшін, сондай-ақ аккредитация мәселелері бойынша "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Баспасөз қызметіне хабарласыңыз:
Email: asel.durbaeva@bcc.kz
Тел.:+7 727 259 86 03
ЦКБ-нің Директорлар кеңесі еншілес банкі "Банк БЦК-Мәскеу" ЖШҚ-ны (БЦК-Мәскеу) ресейлік жеке инвесторларға сату туралы шешім қабылдады.
Бұл шешім Қазақстан мен Ресейдегі экономика жағдаятының айтарлықтай нашарлауына, сондай-ақ операциялық ортаның тұрақсыздығына байланысты қабылданды. 2014 жылдың соңында және 2015 жылы екі елдің де қаржы секторы әлемдік сыртқы факторлардың ықпалына тап болды: мұнайдың әлемдік бағасы шұғыл төмендеді, Батыстың Ресейге қатысты санкциялары сақталды, рубль мен теңгенің айырбастау бағамы төмендеді.
Еншілес банкті сату ішкі нарыққа айқын бағыт ұстау қажеттігіне байланысты туындады. Ағымдағы нарықтық жағдайларда ЦКБ басшылығы банк қызметін оңтайландыруға – бизнес-процестер сапасын жақсартуға, корпоративтік басқару мен ішкі бақылауды нығайтуға бағыт алып, консервативті бизнес-стратегияны қолдануға бел буды.
- Біз қазіргі уақытта Қазақстан ішіндегі бизнесті нығайту мәселелеріне ден қою қажет екендігіне сенімдіміз. Шикізат жағдаяты мен Қазақстан экономикасының құбылмалылығы біздің бизнесте консервативті әдісті қолдануды көздейді, өйткені бүгінгі күні біз Қазақстандағы сенімді клиент үшін бәсекелестік тартысқа қосылу үшін жеткілікті ресурстарға ие болуға тиістіміз. Осыған дейін біз ЦКБ-нің Украинадағы өкілдігінің жұмысын уақытша тоқтаттық, сондай-ақ бүгінгі күні қалыптасқан жағдай біз үшін БЦК-Мәскеуді сатуға негіз болды, – деп хабарлайды ЦКБ-нің Басқарма Төрағасы Владислав Ли.
Актив ресейлік жеке инвесторларға банк капиталының нарықтық құны бойынша сатылды. Оның құнын алғашқы төрттікке кіретін тәуелсіз аудиторлық компания растады. Мәміле жөніндегі толық ақпарат конфиденциалдылығына байланысты жария етілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін, сондай-ақ аккредитация мәселелері бойынша "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың Баспасөз қызметіне хабарласыңыз:
Email: asel.durbaeva@bcc.kz, aishuak.zhumekova@bcc.kz
Тел.+7 727 244 30 70, 259 86 03