E-mail: Pr@bcc.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырға, яғни сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
Демалыс күні жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ауыстырылды
Қазақстанда 2024 жылғы мамыр айындағы мереке күндері:
Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр
Бұдан әрі қазақстандықтар қатарынан үш күн: 7, 8 және 9 мамыр күндері демалады
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр.
ЦентрКредит Банкі бөлімшелерінің алдағы демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібі:
2024 жылғы 1, 7, 8, 9 мамыр – банктің барлық бөлімшесінде демалыс күндері
2024 жылғы 4 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
Басқа күндері бөлімшелер қалыпты режимде жұмыс істейді.
Келе жатқан мерекелеріңізбен!
«Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге бөлді. Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және жаңасын салуға жұмсалады.
«Біз су тасқынымен бірігіп күресеміз, бірге ғана ғана кез келген қиындықтарды еңсере аламыз. Осы қиын кезеңде зардап шеккендермен бірге екенімді және кез келген қиындықты жеңетінімізге сенімімді білдіргім келеді. Елімізді қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін күш-жігерімізді біріктірейік», - деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов.
Алматы қаласында ЦентрКредит Банкінің қатысуымен BUSINESS BOOST іс-шарасы өтті. Іс-шараға Алматы бизнес-қоғамдастығының 80 өкілі қатысты.
ЦентрКредит Банкі өз серіктестеріне тиімді бизнес-шешімдер ұсынуға аса көңіл бөледі, бұл семинар да шет қалмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлердің қаржылық танымын арттыру және олардың бизнес саласында тұрақты дамуын ынталандыру болды.
BUSINESS BOOST іс-шарасында негізгі спикерлер ретінде қаржы, салық, маркетинг және франшизаларды басқару саласындағы белгілі сарапшылар сөз сөйледі:
- Dass and Partners және Scale Up компанияларының негізін қалаушы Даяна Асанова даму үшін жаңа перспективалар аша отырып, «Бизнесті масштабтау» әдістерін қарастырды.
- Finpark LLP қаржылық консалтинг компаниясының директоры Жұлдыз Шанайбаева жаңа қаржы стратегияларын ұсына отырып, «Кассалық серпіліс» мәселелеріне тоқталып өтті.
- ҚР салық және қаржы жөніндегі сарапшысы Дмитрий Казанцев бизнесті қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, «меншік иесінің салық қауіпсіздігіне» назар аударды.
- Кәсіпкер-маркетолог Саби Бейс бизнесті ілгерілетудің заманауи тәсілдерін көрсете отырып, «2024 жылға арналған маркетингтік стратегияны» ашты.
«Бүгінгі іс-шара іскерлік саласында бірлесіп іс-әрекет ету және оқыту үшін қолайлы ахуал жасау жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналды. Алынған білім клиенттеріміздің бизнес жүргізуде табысқа жетуіне әсер ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің өкілі Эмиль Гаязов.
Банк кәсіпкерлердің әрі қарай өсуін ынталандыратын жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін осындай іс-шаралар сериясын жалғастырады.
12 сәуір күні Алматыда жас ұрпақтың жоғары технологиялар саласындағы, атап айтқанда, ғарыш индустриясындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығын ынталандыруға бағытталған және Қазақстанның 40 жетекші оқу орнының 80-нен астам жобалық командасын біріктірген Smart Space байқауының финалы өтті.
Жобаның мақсаты – білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларын біріктіретін «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық (МК2С)» бастамашылық индустриялық-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларына кейіннен қосу мақсатында үздік жобалық командаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету.
ЦентрКредит Банкі жобаны қолдап, елдің инновациялық әлеуетін дамытуға және жастарды серпінді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына тартуға бағытталған ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға ұмтылатынын атап өтті.
«Kazakhstan Smart Space – біліммен және жаңашыл идеялармен алмасу алаңы болып қана қоймай, біздің прогреске, инновацияға және жас таланттарды дамытуға деген ортақ ұмтылысымыздың жарқын мысалы. ЦентрКредит Банкі жастардың ғылыми әлеуетіне және креативтілігіне, әсіресе білім саласына үлес қосу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Біз жас ұрпақтың ғарышты зерттеу мен игеруде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді ЦентрКредит Банкінің өкілі Дидар Халық.
Smart Space байқауы барысында TRIZ, PRIZ, STEM және STEAM салаларындағы пікір көшбасшыларымен шеберлік кластары, телекөпірлер өткізіліп, тағылымдама мен акселерациялық бағдарлама мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш саласындағы жетекші серіктестердің міндеттері таныстырылды. Space Cup KZ Smart Space 2024 турнирі басты оқиға болды, турнир барысында командалар «SpaceTech саласындағы үздік жас жобалау менеджері» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың 7-12 жас, 12-16 жас, 16-22 жас аралығындағы үш санаттағы жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсия және PRIZ Guru Hub платформасына жылдық жазылу сияқты түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 15 сәуірден бастап ТМД елдерінің валюталарымен жүргізілетін валюталық аударымдар бойынша бизнес клиенттердің тарифтеріне өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.
Стандарт тариф:
5.4. ТМД елдерінің валюталарымен (RUB - 9.00-17.00, қалған валюталар 9.00-14.30)
5.4.1. Қағаз тасымалдағышпен - аударым сомасының 0,25% min 6 000 KZT max 80 000 KZT
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,20% min 3 000 KZT max 50 000 KZT
«Оңтайлы+» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,15% min 2 500 KZT max 40 000 KZT
«Премиум» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,10% min 2 000 KZT max 30 000 KZT
«Ультра» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - 25 төлем (оның ішінде шетелдік валютамен) - 0 KZT, кейін - 0,05%
Min 2 000 KZT max 20 000 KZT
Стандарт тарифтерге сілтеме жасайтын архивтік тарифтер бойынша талаптардың да өзгеретініне назар аударыңыз.
Алматыда 10 сәуірде ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) Альбина Леоновна Котова атындағы зал мен Ғылыми-технологиялық паркінің салтанатты ашылуы өтті.
ҚазҰМУ-дағы ғылыми-технологиялық парк – академиялық және ғылыми ресурстарды индустрия және бизнес мүмкіндіктерімен біріктіретін заманауи инновациялық орталық. Бұл орын академиялық және зерттеу топтары, стартаптар, фармацевтикалық компаниялар және инновациялық экожүйенің басқа қатысушылары арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.
«ҚазҰМУ ғылыми-технологиялық паркі жай ғимарат немесе зертханалар кешені емес. Бұл идеялар мен инновациялар тоғысатын, студенттер мен зерттеушілер өздерінің ең батыл жобаларын жүзеге асыра алатын орын, ал біздің мамандар, ғалымдар, лаборанттар және Эндаумент қорының өкілдері жаңашылдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруге тартылған. Ғылыми-технологиялық парктің ашылуы – инновациялар мен сапалы білім беруге ұмтылысымыздың дәлелі. Мұнда біз озық медициналық технологияларды дамытуды, денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізуді жүзеге асырамыз және болашақ сын-қатерлерге дайын медициналық мамандардың болашақ буынын даярлаймыз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
ҚазҰМУ технопаркі оқу орнының құрылымдарын, атап айтсақ, ғылым департаментін оның бөлімдерімен, неврология және қолданбалы нейроғылымдар бойынша оқу-ғылыми орталығын, Дата Орталығын, Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтын біріктіреді. Онда бес заманауи зертхана, ғылыми-білім беру фармакопеялық орталығы және виварий жұмыс істейді.
"Біз еліміздің білім беру саласын дамытып, осындай шараға қатысуға шын жүректен қуаныштымыз. ЦентрКредит Банкі және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көптеген жылдар бойы сенімді серіктестер. Профессор Котова Альбина Леоновна атындағы жаңа оқу залы мен ғылыми-технологиялық парк Денсаулық сақтау мамандарының жас буынын оқыту үшін тамаша алаң болатынына және университетке жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенеміз", - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимирович.
Ою-өрнегі бар күміс түсті металл премиум карта #IronCard OYU деген өзінің ерекше атауын алды.
#IronCard OYU – бұл ЦентрКредит Банкінің ұлттық сипаты бар шектеулі премиум картасы, оны ашу және қайта шығару бағасы да әртүрлі.
Барлық өзгерістерді ескере отырып, премиум карталардың тарифтерін жаңарттық.
Жаңа тарифтер 2024 жылғы 24 сәуірден бастап күшіне енеді, қазірдің өзінде олармен сайтта танысуға болады.
ЦентрКредит Банкі Қазақстанның зардап шеккен өңірлеріне қолдау көрсету үшін өз қаражатынан 200 миллион теңге бөледі. Бұл қаражат зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады.
"Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіреміз. Біздің көмегіміз зардап шеккен өңірлерде қалыпты өмірді тез арада қалпына келтіруге сеп болады деген ниеттеміз", - дейді ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметі.
Еліміздегі жағдай банктің жіті бақылауында және зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады.
ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқынынан Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары зардап шекті.
Құрметті клиенттер!
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- BCC Business web (Light, Standart) жүйесінде абоненттік қызмет көрсету, ай сайын – 1600 KZT.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:
24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:
- шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
- шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.
25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.
26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.
Уважаемые клиенты, наш банк предоставляет возможность отсрочки платежей по кредитам для пострадавших в результате наводнений и затоплений в ряде областей Казахстана произошедших в марте 2024 года.
Отсрочка платежей предоставляется на 1 (один) месяц с возможностью ее продления.
Подать заявку можно перейдя по ссылке
2024 жылдың 19 наурызында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтинг бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті. Ұлттық шкала рейтингі «kzA-»-ден «kzA» деңгейіне жоғарылап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды.
S&P сарапшылары Қазақстанның қаржы жүйесі үшін Банк ЦентрКредиттің өсіп келе жатқан маңызын, оның активтері мен несие портфелі бойынша елдегі үшінші ірі банк ретіндегі позициясын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттері нарығының 10%-дан астам үлесін иеленетінін атап өтті.
«Болжамның оң болуы салалық тәуекелдерді төмендету және активтер сапасының тұрақты көрсеткіштерін сақтау кезінде алдағы 12-18 айда банк рейтингін көтеруге болады деген үмітімізді көрсетеді", - делінген S&P мәлімдемесінде.
Айта кетсек, өткен жылдың шілде айында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтингін BB- деңгейіне дейін көтерген еді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ – Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
Кепілдік берілетін салымдар:
- Мерзімді депозиттер, талап еткенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер;
- Ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақша.
Бір салымшының әр банктегі барлық депозиттері мен банк шоттары бойынша төленетін мемлекеттік кепілдік:
- 20 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша,
- 10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
- 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша эквиваленті).
Салымшының бір банкте бір мезгілде теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған 2 және одан көп депозиті болған жағдайда, 20 миллион теңгеге дейін кепілді түрде өтемақы төленеді.
2024 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) серіктестікте және БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» (SSE) бастамасы аясында жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара тұрақты даму және ESG-қағидаттары саласындағы гендерлік инклюзивтілік пен теңдіктің маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті Нұрлан Шегебаев сөз сөйледі. «Invest in Women: Accelerate Progress» пікірталасына ерекше көңіл бөлінді. Талқылау аясында банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, ESG стратегиясын іске асыру және ұйым ішіндегі гендерлік теңдікке жәрдемдесу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгін пікірталас аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, бұл ESG стратегияларын іске асыруға және біздің банк ішінде гендерлік теңдікті ілгерілетуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыс біздің қоғамда айтарлықтай өзгерістерге әкелетінін, мүмкіндіктердің теңдігін қолдап, әйелдердің экономикадағы рөлін нығайта түсетінін көріп отырмыз», – деп Нұрлан Шегебаев өз ойымен бөлісті.
Сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы мен KASE-нің халықаралық деңгейде гендерлік теңдік идеалдарын ілгерілетуге бейілділігін жетінші рет көрсетіп отыр.
Әлемнің 200 елінде 11 000-нан астам қатысушыны және 4 миллиард шотты біріктіретін жаһандық банк желісінде жылдам ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін SWIFT GO жаңа сервисін пайдаланыңыз.
SWIFT жоғары жылдамдықты төлем арналарын пайдаланады, соның арқасында халықаралық төлем жүргізу жылдамдығы жақсарды. Бұл банкке қызмет көрсету сапасын арттырып, клиенттеріміздің пайдаланушылық тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік берді.
Біздің банктегі SWIFT GO ерекшеліктері:
- 4 сағат ішінде бенефициардың шотына есептелетін баламасы $10 000-ға дейінгі ақша аударымдары
- Валюталары: USD/EUR/GBP
- Swift GPI бойынша төлемді қадағалау
2 наурызда Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға арналған құрал-жабдықтар ұсынатын «Dos Ortopedia» компаниясының жаңа филиалы ашылды.
Шара барысында ерекше қажеттіліктері бар жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған арбалар сыйға тартылды. Бастама ЦентрКредит Банкінің қолдауымен жүзеге асты.
«Dos Ortopedia» өкілдері бұл шараның маңызына тоқталды.
«Біз осы бір серіктестіктің арқасында ортақ мақсатымыз – баршамыз үшін өмір сүру сапасының артуына аяқ басып келеміз. Еуропалық брендтердің арбаларын ұсына отырып, біз қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы оңалту өнімдері туралы хабардар етеміз. Бұл өз кезегінде сапасыз өнімдердің таралуына бөгет болады. Біз қозғалыс құралын ұсынудан бөлек, тәуелсіз өмірге жол ашамыз», – дейді «Dos Ortopedia» компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Сұлтан Қоңырбасов.
«Әлеуметтік жобаларды қолдау және қоғамға үлес қосу – банк қызметінің маңызды аспектісі. Теңдікті қамтамасыз ету бойынша мұндай бастамалар тұрақты, әділ, ізгі және дамыған қоғамға қарай қадам жасау және бұл бәріміз үшін маңызды», - деді ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт белдеуін UTC +5-ке өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты 29 ақпан күні сағат 23:00-ден бастап 1 наурыз сағат 02:00-ге дейін банк сервистерінің жұмысында үзіліс болуы мүмкін.
Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
2024 жылдың 26 ақпанында Алматыда халықаралық байланыстарды нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу аясында "Банк ЦентрКредит" АҚ Тәжікстаннан келген "Банк Эсхата" ААҚ-мен бірлесіп телемаркетинг және сатуды басқару саласында іс-шара өткізді.
Кездесудің маңызды бөлімі банк өкілдерінің тұтынушылармен байланыс пен тиімді сатуды автоматтандыруға арналған озық платформа – Delta m жүйесімен жұмыс істеу бойынша білім және тәжірибе алмасу болды.
Сарапшылар клиенттерден түсетін нәтижелі өтініштері, онлайн мониторинг тәсілдері мен қоңырау сапасын бақылаудың маңызды аспектілерін талқылады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету деңгейін көтеру және тұтынушылардың тәжірибесін оңтайландырудың негізі.
"Бүгінгі оқиға қаржы индустриясында инновациялық шешімдерді дамыту және енгізу үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын айқындайды. Біз Эсхат Банкімен ынтымақтастықтың болашағы зор екеніне сенеміз және өзара тиімді тәжірибе алмасуды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Бұл біздің клиенттерімізге қызмет көрсетудің сапасын одан әрі арттырып, сатылымның өсуіне ықпал етеді", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің телемаркетинг дирекциясының басшысы Әлім Әлиев.
Екі банктің өзара серіктестігі кәсіби байланысты нығайтып, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартып, қаржы секторында инновациялық тәсілдерді дамытуға ықпал ететін озық технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізуге сеп болады.
"Эсхат Банкі" ААҚ – Тәжікстандағы банк операцияларының барлық негізгі түрлерін ұсынатын ірі банктердің бірі. Эсхат Банкінің желісіне Тәжікстан бойынша 22 филиал мен 295 банктік қызмет көрсету орталығы кіреді. Банк ұсынатын қызметтерге бизнесті дамыту үшін несиелеу, тұтынушылық көп мақсатты несиелеу, ақша аударымдары, банк карталары бойынша қызмет көрсету, мерзімді салымдар мен депозиттер, сауданы қаржыландыру, аккредитив және банк кепілдіктері, сейф ұяшықтарын жалға алу, кассалық есеп айырысу, инкассация қызметтері және т.б. операциялар кіреді.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ сыртқы экономикалық қызмет бойынша бизнес-клиенттерге арналған стандарт тарифке өзгерістер енгізілгенін хабарлайды:
Сыртқы экономикалық қызмет, ҚҚС-ны қоса алғанда: | |
Шартқа есептік нөмірді қағаз тасымалдағышта тағайындау/жаңғырту | 8 000 KZT |
BCC Business арқылы | 4 000 KZT |
| Есептік нөмірі бар шартқа қатысты толықтыруларды/өзгерістерді қағаз тасымалдағышта қабылдау | 2 000 KZT |
| BCC Business арқылы есептік нөмірі бар шартқа қатысты толықтыруларды/өзгерістерді қабылдау | 1 000 KZT |
| Валюталық шартты қағаз тасымалдағышта есептік нөмір тағайындаусыз тексеріп, қабылдау | 2 000 KZT |
| BCC Business арқылы | 1 000 KZT |
Стандартты тарифтерге сілтеме жасайтын мұрағатталған тарифтік пакеттердің шарттары да өзгеретінін ескеріңіз
Баға қойғаныңыз үшін сыйлық береміз💚
Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: пауэрбэнк, үстел сағаттары және суға арналған бөтелкелерді ұтып алыңыз.
📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?
2024 жылғы 1-30 маусым аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.
8 шілде күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:
- жеке тұлғалар арасында 50
- бизнес-клиенттер арасында 30
Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.
ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) тобы KASE-ге жиналған өтінімдер көлемі бойынша көш басында
ЦКБ тобы 2024 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өткен Air Astana акцияларын бастапқы жария ұсыну (IPO) процесін сәтті аяқтады.
Осы маңызды оқиғаның нәтижесінде құрамына "Банк ЦентрКредит" АҚ және "BCC Invest" АҚ кіретін ЦКБ тобы инвесторлардан ішкі нарықта Air Astana IPO-cы аясында берілген 32 млрд теңгеден (72 млн. АҚШ долларына тең) астам сомаға өтінімдер жинады. Қаражаттың негізгі бөлігі жеке инвесторлардан тартылды, бұл аталмыш IPO-ға қызығушылықтың жоғары екенін айқындайды.
ЦентрКредит Банкі екінші деңгейдегі банктер арасында жетекші орынға ие болды. Өтінімдер көлемінің сомасы – 18 млрд теңге тең, бұл жалпы 8 811 өтінім берген 7 400-ден астам белсенді клиенттен келіп түскен.
Банк өз клиенттеріне алдын ала нарықта (пре-маркет) сауда-саттыққа қатысудың бірегей мүмкіндігін ұсынды, бұл оларға Air Astana акцияларына ерте қол жеткізіп, биржада негізгі сауда-саттық басталғанға дейін инвестициялау мүмкіндігін сыйлады.
Сауда-саттықтың бірінші күнінде ЦКБ клиенттері KASE-де Air Astana акцияларымен сауда-саттықтың сәтті басталуын қамтамасыз етуде банктің жетекші рөлін және белсенділігін растады. Осылайша олар жергілікті нарықта жасаған сауда-саттықтың барлық көлемінің 80%-ға жетті.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 8 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион», «Эталон», «Рақмет», «Рақмет+», «Менің мақсатым», «Балаларға арналған сандықша» және «Икемді» (ЭЦБ-дан көшірілген) депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.
ЦентрКредит Банкі мен Documentolog IT-компаниясы "Жеке кәсіпкерлерге кредит беру" API бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді Documentolog клиенттері (жеке кәсіпкерлер) Documentolog Market цифрлық қызметтер платформасында банктен несие алуға өтініш бере алады. Бұл шешім B2B секторындағы несиелеу процестерін жеңілдету мен жеделдетудегі маңызды қадам болып табылады.
"Documentolog Market - бұл цифрлық қызметтердің алғашқы маркетплейсі. Біздің негізгі миссиямыз – компаниялар арасында құжаттар мен қызметтермен алмасуды жеңілдету арқылы жұмыс ортасын тиімдірек және ыңғайлы ету. Documentolog Market Documentolog экожүйесіне кіреді, оның пайдаланушылары бүгінде 100 000-нан астам компания және 120 000 жеке тұлға болып табылады", – деді Documentolog Market басшысы, Амина Байкенова.
Іске асырылған қызметтің арқасында ЦентрКредит Банкінің open API арқылы кредитке өтінім ресімдеуге, шешімді және банктен қарызды бірден online режимінде алуға болады.
"Банк Қазақстанның барлық қаржы секторы үшін осы бағыттың маңыздылығын түсіне отырып, open API технологияларын дамытуда. Біз серіктестеріміз үшін сапалы технологиялық сервистерді ұсынуға тырысамыз, олардың бизнесін дамытуға мүмкіндік туғызамыз", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті, Руслан Владимиров.
"ЦентрКредит Банкінің API-мен жұмыс істеу біздің компания үшін оң тәжірибе болды. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана, біз елдегі қаржы секторын одан әрі дамыту үшін ауқымды даму болашағын көріп отырмыз", – деді Documentolog жобалық басқармасының басқарушы директоры Аклия Дзевульская.
Бүгінгі таңда кез-келген ұйым өз қызметін цифрландыруға өтініш беріп, өз клиенттерімен және серіктестерімен өзара әрекеттесуді Documentolog Market платформасында онлайн форматқа ауыстыра алады.