Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
2025 жылғы 26 мамырда жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстар

26 мамырда сағат 03:00-ден 04:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде онлайн-төлем, төлемдер, аударымдар, 3DS-транзакциялар, POS-терминалдардың жұмысы, банкоматтармен және ақпараттық-төлем терминалдарымен жүргізілетін операцияларды қосқанда, картамен жүргізілетін операциялар қолжетімсіз болады.

Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларыңызды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 23 мамырда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

23 мамыр сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жүйені жаңарту бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақыт аралығында карта бойынша операция жүргізу (онлайн-төлем, төлем жасау және ақша аудару) мүмкін болмайды.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.


Жаңалықтар
2025 жылғы 28 мамырдан бастап бизнес-клиенттер үшін кассалық қызмет көрсету тарифінің өзгеруі

Құрметті клиенттер!

2025 жылғы 28 мамырдан бастап бизнес-клиенттерге кассалық қызмет көрсету тарифіне өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлаймыз:

8.1.1-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 5%.

Операцияларыңызды жоспарлаған кезде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.

Тарифтер туралы толық ақпаратпен Банктің сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыздар.

Жаңалықтар
2025 жылғы 19 мамырда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

19 мамыр сағат 03:00-04:30 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты карта бойынша операция жүргізу (онлайн-төлем, төлем жасау және ақша аудару) мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

28.05.2025 ж.  жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/

Жаңалықтар
Назар аударыңыз: BCC депозиттерін автоматты ұзарту шарттары өзгерді

Төменде көрсетілген ЭЦБ салымдары мен ЦентрКредит Банкінің архивтік депозиттері үшін мерзімін автоматты түрде ұзарту болмайтынына назар аударыңыздар:


  • ИКЕМДІ (ЭЦБ)
  • Сенімді
  • ПРОГРЕСС (ЭЦБ)
  • Біздің депозит
  • Рантье


Қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін, шарт тағы бір мерзімге ұзартылып, содан кейін автоматты түрде 24 ай мерзіміне «Чемпион» салымына қайта ресімделеді.

Жаңалықтар
2025 жылғы 7 мамырда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

7 мамырда сағат 04:00-ден 04:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қолданбаларын пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шоттар бойынша жүргізілетін операцияларды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі және CenterHome МИБ-ті басқаруды ыңғайлы әрі ашық етеді.

МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) — көппәтерлі үйді басқарудың қазіргі заманғы түрі, алайда тұрғындар көп жағдайда қаражаттың ашық жұмсалмауы мен шешім қабылдаудағы қиындықтарға тап болады.

CenterHome қолданбасының көмегімен көппәтерлі үйді басқару әлдеқайда жеңілдейді:

  1. ЦентрКредит Банкінде МИБ-іңізге ағымдағы шот ашыңыз
  2. CenterHome қолданбасында тіркеліп, МИБ-іңізді басқарыңыз


Бұған қоса, біз МИБ-тің барлық жаңа клиентіне тегін қызмет көрсету және теңгемен тегін төлем жасау акциясын іске қостық.

Акция 06.05.2025 жылдан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Пакетті көрсетілген күнге дейін қосып, мерзімсіз пайдаланыңыз.


Сілтеме арқылы өтіп, қосымшаны жүктеп алыңыз: https://centerhome.page.link/app

Жаңалықтар
2025 жылғы 29 сәуірде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

29 сәуірде сағ. 22:00-ден бастап сағ.22:20-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc business қолданбасы мен BCC Business интернет-банкингі жұмыс істемеуі мүмкін.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шоттар бойынша жүргізілетін операцияларды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Жаңалықтар
ҚБТУ-да ЦКБ қолдауымен ақпараттық қауіпсіздік бойынша CTF турнирі өтті

2025 жылғы 26 сәуір күні Алматыда ЦентрКредит Банкі мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) қолдауымен Infosecday 2025 атты ақпараттық қауіпсіздік бойынша CTF турнирі өтті. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан келген 180-нен астам студент пен жас маман қатысты. Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге бірегей мүмкіндік алды.

Infosecday аясында өткен CTF турнирінде қатысушылар ақпараттық қауіпсіздікке қатысты нақты тапсырмаларды шешті. Олардың қатарында осалдықтарды талдау, криптография және бағдарламалық қателерді пайдалану сияқты күрделі міндеттер болды. Турнирдің жүлде қоры – 1 миллион теңге.

«Іс-шараның мақсаты — студенттерді біріктіру және бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіз әзірлеудің маңызын түсіндіру. Қауіп-қатерлер санының артуы жағдайында деректерді қорғау аса өзекті бола түседі. Бұл ретте өнімді жоспарлаудан бастап оны өндірістік ортаға енгізуге дейінгі барлық кезеңде бағдарламалық өнімдерді қалай қауіпсіз әзірлеуге болатынын түсіну маңызды. CTF турниріне қатысу практикалық дағдыларды дамытуға, командалық жұмысты жақсартуға және стратегиялық ойлауды қалыптастыруға көмектеседі. Біздің мақсатымыз — болашақ мамандар арасында қауіпсіз әзірлеу мәдениетін қалыптастыру. ЦентрКредит Банкі білім мен жас таланттарды белсенді қолдайды, себебі студенттер — бұл саланың келешегі», — деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Дмитрий Шапошников.

Сонымен қатар іс-шара аясында саланың жетекші сарапшылары сөз сөйлеп, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісті. Спикерлер қазіргі қауіп-қатерлер, деректерді қорғау әдістері және бағдарламалық жасақтаманы қауіпсіз әзірлеу дағдыларын дамытудың маңыздылығы туралы айтты. Олардың баяндамалары іс-шараның маңызды бөлігіне айналып, қатысушыларға кәсіби дамуға қажетті құнды білім берді.

«Ең алдымен, студенттерге арналған осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ЦентрКредит Банкіне алғыс айтамыз. Бүгінгі Infosecday — бұл командалар арасындағы жарыс қана емес, сонымен қатар жас мамандар мен өз саласының кәсіби мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы. Қатысушылар болашақ кәсіби өсуіне көмектесетін құнды инсайттар ала алады. Соңғы жылдары ақпараттық қауіпсіздік саласын таңдайтын студенттердің саны артып келеді, ал мұндай іс-шаралар олардың кәсіби дамуына бастар маңызды қадамға айналып отыр», — деп атап өтті ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің деканы Азамат Иманбаев.

Infosecday 2025 турнирінің жеңімпаздары анықталды: 1-орынды AITU және Satbayev University студенттерінен құралған Friends Team командасы иеленді, 2-орын — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Mimicats командасына, ал 3-орын — Инновациялық техникалық колледждің Arrsi командасына бұйырды. Командалар ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тапсырмаларды, соның ішінде осалдықтарды талдау мен криптография бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

ЦентрКредит Банкі ерекше көзге түскен әрі дарынды студенттерге компанияда тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады. Бұл қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мансабын бастауға және елдегі жетекші қаржы ұйымында практикалық тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
2025 жылғы 28 сәуірде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

28 сәуір сағат 03:00-04:50 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қолданбаларын пайдалану мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ Еуропа қайта құру және даму банкімен серіктестік қарым-қатынасты дамытуды жалғастырып келеді

2025 жылғы 25 сәуірде «Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҚДБ-мен жалпы сомасы 60 миллион USD болатын Кредит келісіміне қол қойды.

Оның ішінде:

  • Green Economy Financing Facility (Жасыл экономиканы қаржыландыру) бағдарламасы бойынша 30 млн USD, бұл жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ықпал етіп, компаниялар мен үй шаруашылықтарына энергия тұтынуды қысқартуға көмектеседі;
  • Women in Business (Бизнестегі әйелдер) қаржыландыру бағдарламасы бойынша 10 млн USD, бұл қаражат әйелдер басқаратын ШОБ компанияларына даму мүмкіндіктерін жасау үшін пайдаланылады;
  • Youth in Business (Бизнестегі жастар) қаржыландыру бағдарламасы бойынша 20 млн USD, бағдарлама 35 жасқа толмаған тұлғалар басқаратын микро, шағын және орта кәсіпорындарға бағытталған.
Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттарды жабу

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты)  351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.


25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет  көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес)  күнтізбелік  күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттер үшін 06.05.2025 ж. бастап «Оңтайлы» және «Корпоративтік» қызмет пакеттерін қосу тоқтатылады

Құрметті бизнес-клиенттер, келесі ақпаратты назарға алуларыңызды сұраймыз. 

06.05.2025 ж. бастап «Оңтайлы» және «Корпоративтік» қызмет пакеттерін қосу тоқтатылады. 

Көрсетілген қызмет пакеттерінің қолданыс мерзімі өткеннен кейін мерзімін автоматты түрде ұзарту тоқтатылады. 

Қызметтеріңізді жүзеге асыру үшін жаңа тариф жоспарын таңдаңыздар. Біздің BCC Business интернет-банкингімізде жаңа қызмет пакетін қосыңыздар. 

Жаңалықтар
2025 жылғы 15-16 сәуірдегі жоспарлы техникалық жұмыстар

15 сәуір сағат 23:00-ден 16 сәуір сағат 01:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz, bcc business қолданбалары мен smart QR сервисін пайдалану мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша жүргізілетін операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры картон және қағаз өндіретін зауыт құрылысына қолдау көрсетті

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен KZ Recycling ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың пайдасына төлем кепілдігін беру мақсатында 5 жыл мерзімге 15 миллиард теңге сомасында кредит желісін беру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Алматы қаласының индустриялық аймағында картон және қағаз өндіретін зауыттың құрылысын әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Құрылыс сатысындағы зауыт заманауи жоғары технологиялық өндірістік желілермен жабдықталып, өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында әртүрлі картон өнімдері мен гофроқаптамалар шығару жоспарланып отыр, бұл ішкі өндіріс пен экспорттық әлеуетті дамытуға оң әсер етеді.

«Банк Қазақстан экономикасының нақты секторына белсенді түрде кредит беріп, өнеркәсіпті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Картон мен қағаз өндіретін зауыттың құрылысы сияқты маңызды жобаларды қолдау – біздің тұрақты даму стратегиямыздың ажырамас бөлігі. Бизнестің сенімді серіктесі ретінде біз бұл жобаның жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп пікір білдірді «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры қолдайтын жобалар елеулі экономикалық және әлеуметтік мультипликативтік әсерге ие, бұл бюджетке салық түсімдерінің айтарлықтай артуын, жүздеген жұмыс орнының құрылуын, жаңа отандық өнімдердің пайда болуын және республиканың экспорттық әлеуетінің артуын білдіреді. Қордың басты назары қолдауға нақты мұқтаж қазақстандық өндірушілерге бағытталған. Қағаз өнімдерін өндіретін жаңа зауыттың құрылысы – осының жарқын мысалы. Сонымен қатар бұл жоба еліміздің экологиялық күн тәртібіне толық сәйкес келеді. 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл даму» АҚ-пен бірлесе отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату ісін жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруды бастағанын атап өткім келеді. Бұл бағдарлама экологиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайділдин.

Қаржыландыру жаңа өндірістік желілерді сатып алу және жабдықтар лизингі мен құрылыс жұмыстарын қоса алғанда, зауыттың өндірістік қуатын арттыру үшін пайдаланылады.

«Біз «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-қа жобамызды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Осы қаржыландырудың көмегімен біз өндіріс көлемін айтарлықтай арттырып қана қоймай, жаңа жоғары технологиялы шешімдерді енгізе аламыз, бұл бізге нарыққа сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жоба – отандық қайта өңдеу және буып-түю саласын дамыту үшін маңызды қадам және біз оның ішкі нарыққа да, экспортқа да оң әсерін тигізетініне сенімдіміз», – деп айтып өтті KZ Recycling компаниясының бас директоры Қанат Исабаев.

КZ Recycling ЖШС Қазақстандағы макулатураны қайта өңдеу нарығындағы ірі компаниялардың бірі екенін және қағаз, картон және қаптама өндірісін белсенді дамытып келе жатқанын атап өтеміз. Зауыт шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға ықпал етеді, бұл ішкі өндірістің сапасын жақсартып қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
Атырау қаласындағы №0206 бөлімшесінің кассаларының уақытша жабылуы

Құрметті клиенттер!

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2025 жылғы 9 сәуір мен 2025 жылғы 26 мамыраралығында Атырау облысы, Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 8«А» мекенжайы бойыншаорналасқан Атырау қаласындағы филиалдың№0206 бөлімшесінің кассалары жұмысістемейді.

Кассалық қызметтерден басқа, Банк қызметтері№0206 бөлімшенің сол ғимаратындағы 2қабатында көрсетілетін болады.

Клиенттерге Атырау облысы, Атырау қаласы, Мұхтар Әуезов даңғылы, 59 «А» мекенжайыбойынша орналасқан жақын маңдағы №0406 бөлімшеде кассалық қызметтер көрсетіледі.

 
📅 №0206 бөлімшенің жұмыс кестесібұрынғыдай:
 

  • Дүйсенбі – Жұма
    09:00 – 18:00    
  • Сенбі  
    09:00 – 16:00
Жаңалықтар
2025 жылғы 7 сәуірде сағат 03:00-ден 04:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетін болады

2025 жылғы 7 сәуірде сағат 03:00-ден 04:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты банкоматтармен және ақпараттық-төлем терминалдарымен жүргізілетін операциялар, POS-терминалдар арқылы және интернет арқылы төленетін төлемдер, сондай-ақ P2P-аударымдар қызметі уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша жүргізетін операцияларыңызды алдын ала жоспарлауды өтінеміз.

Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы исламдық ИПИҚ: bcc.kz қолданбасында инвестиция салуға болады

ЦентрКредит Банкі өз клиенттеріне жаңа инвестиция құралын – шариғат заңына сәйкес келетін Қазақстандағы алғашқы Wardat al Hayat аралық инвестициялық пай қорын (ИПҚ) ұсынады. 

Қор тек рұқсат етілген ислам инвестиция құралдарын (көбінесе сукук) қамтып, ашықтықты және этикалық нормаларға сәйкестікті қамтамасыз етеді. 

  • Мақсатты кірістілігі ≈ 4%-дан басталады 

  • Бір пай құны – 100 $ 

  • bcc.kz қолданбасы арқылы KASE биржасында инвестиция салуға болады 

  

Ислам қағидалары бойынша инвестиция салуды бүгіннен бастаңыз! 

Жаңалықтар
bcc.kz қолданбасын қашықтан басқарудан қорғау

Бұл сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңызды сенімді қорғауға көмектеседі.

Алаяқтардың жиі қолданатын қашықтан басқару жүйесін автоматты түрде бұғаттау арқылы bcc.kz қолданбасының қауіпсіздігін күшейттік. Егер bcc.kz қолданбасына қашықтан қосылып, қиындыққа тап болсаңыз, экран жазбасын немесе AnyDesk, TeamViewer, HopToDesk, RuDesktop және басқа бағдарламаларды өшіруіңіз қажет.

Сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңыз бұрынғыдан да жақсы қорғалады!

ҚР Ұлттық Банкінің 27.03.2018 жылғы №48 Қаулысының 160-тармағының 2-тармақшасына сәйкес

Жаңалықтар
#картакартаның жаңа цифрлық дизайн нұсқалары

Сіздің #картакартаңыз бұрынғыдан да ерекше болуы мүмкін! Біз Қазақстан қалаларының көркем келбеті мен атмосферасынан шабыт ала отырып, цифрлық дизайн топтамасын әзірледік.

Дизайн нұсқалары тек bcc.kz қолданбасында ұсынылады. Картаңыздың сыртқы көрінісін бір-екі батырмамен оңай өзгертіп, туған қалаңызға немесе жүрегіңізге жақын жерге деген ықыласыңызды білдіре аласыз.

Картаның цифрлық дизайнын қалай өзгертуге болады?

  • bcc.kz қолданбасына кіріңіз
  • #картакартаны таңдаңыз
  • Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қылқалам белгішесін басыңыз
  • «Картаның дизайнын өзгерту» батырмасын таңдаңыз
  • Ұнаған дизайн нұсқасын таңдаңыз

Картаңызды естеліктер мен сүйікті жерлеріңіздің көрінісіне айналдырыңыз. Топтамада Қазақстанның келесі қалаларынан шабыт алған дизайн нұсқалары ұсынылған: Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған, Қонаев, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Түркістан, Көкшетау және Жезқазған.

Жаңалықтар
2025 жылғы 15 наурызынан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 15 наурызынан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
15 наурызда сағат 03:00-ден 05:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар

Осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 13-14 наурызда жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі

13 наурыз сағ. 23:50-ден бастап 14 наурыз сағ. 00:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбаның сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді