Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
20 наурыз 2026
Жаңартылды: 20 наурыз 2026

«Смарт жанармай құю» сервисінің тарифтері 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жаңартылады

SmartGas компаниясы «Смарт жанармай құю» сервисінің қызмет көрсету талаптарының алдағы уақытта өзгеретіні туралы хабарлайды.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап сервиске қосылған жүргізушілердің есептік жазбаларын сүйемелдеу үшін ай сайынғы абоненттік төлем енгізіледі.

Абоненттік төлем мөлшері – әр белсенді жүргізуші үшін айына 2 000 теңге.

«Смарт жанармай құю» сервисінде тіркелген және бұғатталмаған жүргізуші белсенді болып саналады.

Алғашқы төлем 2026 жылғы 1 мамырда – сервисті пайдаланудың сәуір айындағы кезеңі үшін жүргізіледі.

Келесі төлемдер әр айдың 1-ші күні жүзеге асырылады.

Абоненттік төлем жүргізуші ай ішінде жанармай құймаған жағдайда да толық көлемде ұсталады.

Артық шығынның алдын алу үшін 2026 жылғы 1 сәуірге дейін «Смарт жанармай құю» жеке кабинетінде жүргізушілер тізімінің өзектілігін тексеріп, сервисті пайдаланбайтын жүргізушілерді бұғаттауды ұсынамыз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді