Разделы пресс-центра
Жаңалықтар
18 наурыз 2026
Жаңартылды: 13 сәуір 2026
Қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша жеке тұлғаларға арналған жаңа тарифтер
2026 жылғы 1 сәуірден бастап ЦентрКредит Банкінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтер жаңартылады. Жаңартылған тарифтер 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ресімделген жаңа қарыздарға қатысты қолданылады. 2026 жылғы 1 сәуірге дейін берілген қарыздар бойынша бұрын белгіленген тарифтер қолданыста қалады.
Өзгерістер келесі операцияларға қатысты:
- Төлем мерзімін кейінге жылжыту;
- қарыз мерзімін өзгерту;
- төлем түрін өзгерту;
- берешекті өтеу күнін өзгерту.
Қолданыстағы тарифтермен және жалпы ережелермен тарифтер бөлімінде танысуға болады
Кредиттерді ыңғайлы басқару үшін bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалануды ұсынамыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!