Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Банк картасын шығаруға/қайта шығаруға қойылатын жаңа талаптар

20.01.2025 жылы банк картасын шығаруға/қайта шығаруға қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді:

1. ҚР тұруға ықтиярхаты жоқ шетел азаматтары үшін жаңа төлем картасының қолданыс мерзімі – 12 ай. Ереже ҚР азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге, сондай-ақ елде тұруға ықтиярхаты жоқ шетел азаматтары 20.01.2025 жылға дейін ашқан қолданыстағы карталарға қатысты қолданылмайды.

2. Бір клиент бір банкте ең көбі 5 төлем картасын аша алады. Барлық карта есепке алынады: кредит және дебет картасы, соның ішінде премиум санатындағы карта. Бизнес-карта мен #bccjunior есепке алынбайды.

Картаны ашқан кезде, елде тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік клиенттің жаңа картаның қолданыс мерзіміне назар аударуын қадағалаңыз, өйткені ол Реттеушінің талаптарына сәйкес шектеулі мерзімге беріледі.

Жаңалықтар
2025 жылғы 18 және 20 қаңтарда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері, сондай-ақ P2P онлайн-ақша аударымдары, банкоматтар мен ақпараттық төлем терминалдары арқылы жүргізілетін операциялар уақытша қолжетімсіз болады:

- 18 қаңтарда сағат 03:00-ден 04:10-ға дейін
- 20 қаңтарда сағат 03:00-ден 06:00-ге дейін

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шоттар бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды өтінеміз.

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттар жабылады

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,
    клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.

25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 02:30-дан 06:05-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
#business картасын ашу: шарттар жаңартылды

21.01.2025 ж. бастап шот бойынша #business картасын ашқаны үшін ЦентрКредит Банкі 2000 теңге көлемінде комиссия алады.
Өзекті тарифтермен біздің сайтымызда танысуға болады: https://www.bcc.kz/business/cards/corporate-card/

Жаңалықтар
2019 жылғы 30 наурыздағы №40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістерге назар аударыңыздар

Толығырақ сілтеме бойынша

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттер үшін ресейлік рубльден басқа шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны алу бойынша кассалық операциялар үшін тариф өзгерді

Толығырақ:


Сіздерге 05.01.2025 жылдан бастап бизнес-клиенттер үшін кассалық операциялар бойынша жаңа комиссиялар күшіне енетінін хабарлаймыз.

Тарифтер туралы толығырақ 605 нөмірі бойынша немесе біздің сайтта:

https://www.bcc.kz/business/current-account/tariffs/

Жаңалықтар
bcc.club және SMALL&SPAR-дың жаңа жылдық сыйлықтары

ЦентрКредит Банкімен бірге өзіңізді және жақындарыңызды жаңа жылдық сыйлықтармен қуантыңыз!


Жақында Жаңа жыл – ғажайыптардың, сыйлықтар мен тілектердің орындалатын уақыты! Жақындарыңызға қуаныш сыйлағаннан артық не болуы мүмкін?

ЦентрКредит Банкі жаңа жылдық сауда-саттық үшін ыңғайлы шешім ұсынады:

Сізде 31 желтоқсанға дейін жаңа жылдық сауда-саттықты бұрынғыдан да тиімді етудің бірегей мүмкіндігі бар! Біздің bcc.club сайтында және SMALL және SPAR супермаркеттерінде өткізілетін мерекелік акциямызға қосылыңыз.

Сатып алатын тауарыңызға #картакарта, #IronCard немесе #bccpay карталарымен төлеп, 10% кешбэк алыңыз!


Акцияға неліктен қатысу керек?

  • Пайда: 10% кэшбэк – бұл сіздің картаңызға қайтарылатын нақты ақша.
  • Ыңғайлылық: тауарға өзіңізге таныс карталармен төлейсіз.
  • Алуан түрлі тауар: SMALL және SPAR супермаркеттерінде сіз жаңа жылдық үстел мен мерекелік көңіл-күй үшін қажеттінің бәрін таба аласыз.

Жаңа жылдық сауда-саттықты бұрынғыдан да тиімді ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Акция 31 желтоқсанға дейін өтеді.

Үстелге азық-түлік сатып алып, өзіңізді және жақындарыңызды жаңа жылдық сыйлықтармен қуантудың тамаша мүмкіндігін пайдаланыңыз!

Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!


Толығырақ


Инвесторларға
2024 жылғы 27 желтоқсанда купондық сыйақы төлеу жүзеге асырылды

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 27 желтоқсаныңда CCBNb32 (ISIN KZ2C00004554) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 2 831 173 943,10  (екі миллиард сегіз жүз отыз бір миллион жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз қырық үш) теңге 10 тиын.

Жаңалықтар
2024 жылғы 31 Желтоқсанда шетел валютасындағы төлем құжаттарымен жұмыс кестесі туралы ақпарат

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 31 желтоқсанда валюталардың келесі түрлері бойынша төлемдерді қоспағанда, SWIFT жүйесі арқылы сыртқы жөнелту үшін ағымдағы валюталау күнімен шетел валютасындағы шығыс төлем құжаттары сағат 15:00-ге дейін қабылданатынын мәлімдейді:

  • ресейлік рубль (RUB)
  • қытай юані (CNY)
  • жапон йенасы (JPY)
  • австралиялық доллар (AUD)
  • БАӘ дирхамы (AED)
  • қырғыз сомы (KGS)
  • өзбек сомы (UZS)
  • армян драмахы (AMD)
  • оңтүстік корея вонасы (KRW)
  • грузин лариі (GEL)
  • түрік лирасы (TRY)
  • әзербайжан манаты (AZN)
  • үнді рупиясы (INR)

Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын айырбастау операциялары да сағат 15:00-ге дейін қабылданады.


30.12.2024ж. бастап 08.01.2025ж. дейін SWIFT жүйесі арқылы сыртқы жөнелту үшін ресейлік рубльмен (RUB) төлем құжаттары қабылданбайтынын қосымша хабарлаймыз.


Қызметіңіз бойынша процесті жоспарлаған кезде, жоғарыда көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді өтінеміз.

Өз кезегінде «Банк Центркредит» АҚ Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды және табыс, тұрақтылық пен амандық тілейді!

Жаңалықтар
2019 жылғы 30 наурыздағы №40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістерге назар аударыңыздар

Толығырақ сілтеме бойынша 

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ атаулы купондық субординацияланған облигацияларын мерзімінен бұрын ішінара сатып алу туралы хабарлама

Құрметті инвесторлар!


Осымен «Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі - Банк) Банктің Директорлар кеңесінің Банктің Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуы аясында шығарылған жай акцияларға айырбасталатын қамтамасыз етілмеген атаулы купондық реттелген облигацияларды (CCBNb29 - KASE, ISIN KZ2C00004083) 1 000 (бір мың) теңге номиналды құны бойынша келесі шамада мерзімінен бұрын ішінара сатып алу бекіткенін хабарлайды:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 21 қаулысымен бекітілген «Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивиденд есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізуінің талаптарына» сәйкес мемлекеттік қаражатты мерзімінен бұрын қайтару аясында 1 241 (бір мың екі жүз қырық бір) дана;

2) 20 000 000,0 (жиырма миллион) дана.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы хабарлама

Құрметті акционерлері!


Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы  «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банктік деректемелері: Банктің БСК: KCJBKZKX, ЖСК: KZ958560000004267059, БСН: 980640000093, ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасында корр. шот: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX. Дивидендтер төленетін кезең – 01.01.2023 ж. – 31.12.2023 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акциясына айырбасталатын бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері: 42,00 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2024 жылғы 30 желтоқсан. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2024 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде жасалды. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде банктік деректемелер болған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезеңі: 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598 ішкі нөмір 10433.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттер үшін ресей рублімен қолма-қол ақшаны қабылдау және алу операциялары бойынша тарифтердің өзгеруі

Сіздерді 2024 жылғы 23 желтоқсаннан бастап бизнес-клиенттер үшін ресей рублімен қолма-қол операциялар бойынша жаңа комиссиялар күшіне енетіні туралы хабарлаймыз:

8-бөлім. Шетел валютасымен қолма-қол операциялар:

8.1.1: Рубльдегі (RUB) қолма-қол ақшаны қабылдау – 0,3%

8.2.1: RUB алу – 0,3%.

Тарифтер туралы толығырақ ақпаратты 605 нөмірі арқылы немесе біздің сайттан біле аласыз: https://www.bcc.kz/business/current-account/tariffs/

Жаңалықтар
Алматыда TURAQTY JOL экологиялық науқанының қорытындысы шығарылды

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматыда TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклінің қорытындысы таныстырылды. Жоба 20 000-нан астам адамды және 3 500 тікелей қатысушыны қамтыды. Науқан аясында байқауға 400-ден астам өтінім келіп түсті, 100-ден астам көшет отырғызылды және қайта өңдеуге жіберілген 4 тонна қалдық жиналды.

Іс-шараға экология, орнықты даму және медиасфера саласындағы жетекші сарапшылар, бизнес, қаржы секторы өкілдері және экологиялық стартаптардың авторлары қатысты. Талқылау барысында білім беру саласына және қоғамдық тәжірибеге экологиялық қағидаттарды енгізу мәселелері, сондай-ақ орнықты даму бағытындағы алдағы қадамдар туралы тақырыптар қозғалды.

Табыстың жарқын оқиғаларының бірі Carbonick экологиялық идеялар фестивалі жеңімпаздарының командасы болды. Команданың өкілі Фатима Бакирова: «TURAQTY JOL-дың арқасында біз жасыл сутегін өндіру бойынша жобаны әзірлеуді бастадық, бұл жобаны 2024 Invention Convention China халықаралық фестивалінде ұсындық», – деп атап өтті.

Жобаны іске асыруда серіктестер тарапынан қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Экологиялық науқанның бас серіктесі ЦентрКредит Банкі орнықты даму ссаласындағы бастамаларды іске асыруға белсенді түрде ықпал етеді. ЦентрКредит Банкінің орнықты даму жөніндегі дирекциясының (ESG) басшысы Арнур Ибраев: «ЦентрКредит Банкі климаттық стратегияның міндеттерін іске асыра отырып және жауапты кредит беру қағидаттарын ұстана отырып, өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын белсенді түрде ықпалдастырады. Мұндай тәсіл реттеушінің талаптарына сәйкес келіп қана қоймай, халықаралық қаржы институттарынан қор жинауға жағдай жасай отырып, банктің нарықтағы позициясын нығайтады. Біз үшін бұл заманауи стандарттарға сәйкес келу ғана емес, сонымен қатар клиенттер мен серіктестерге жаңа мүмкіндіктер ашатын едәуір бәсекелестік артықшылық».

Іс-шараны қорытындылай келе, ұйымдастырушылар келесі жылға жоспарларымен бөлісті. Экологиялық науқан аясында Республикалық ғылым мен шығармашылық синергиясы фестивалін, сондай-ақ экологиялық мәселелерге назар аудару үшін жас мамандарды даярлауға көмектесетін Ecomedia Camp сияқты жаңа бастамаларды іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
СЭҚ (сыртқы экономикалық қызмет) субъектілеріне арналған қысқы акция

Сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компаниялар үшін арнайы қысқы ұсыныс:
ЦентрКредит Банкінде шот ашып, «Оңтайлы+» немесе «Премиум» қызмет пакетін қосқан кезде, 3 ай мерзімге жеңілдікті қосымша қызмет алыңыз:

- валюталық келісімшартты тіркеу тегін;

- валютаны жеңілдікті бағаммен айырбастау тегін;

- валютамен ақша аудару тегін: «Оңтайлы+» пакетінде айына 15 рет және «Премиум» пакетінде айына 20 рет.


Акция 2024 жылғы 18 желтоқсан мен 2025 жылғы 28 ақпан аралығында шот ашып, жоғарыда көрсетілген қызмет пакетін қосқан барлық клиент үшін жарамды.

Жаңалықтар
S&P Global Ratings ЦентрКредит Банкі рейтингін BB деңгейіне көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның ұзақ мерзімді эмитенттік кредиттік рейтингін «BB-»-дан «BB» деңгейіне көтеріп, қысқа мерзімді эмитенттік кредиттік рейтингін «B» деңгейінде растады. Сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA»-дан «kzA+» деңгейіне жоғарылатты. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Агенттіктің рейтинг бойынша «Тұрақты» болжамы банктің алдағы 12 ай ішінде капиталдандырудың барабар көрсеткіштері мен нарықтағы позициясын сақтап, жоғары пайда әкелу қабілетін көрсетуін жалғастырады деген сенімін көрсетеді.

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктің активтері 6,6 трлн теңгеге жетті (Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер рейтингінде 3-орын), несие портфелі – 3,9 трлн теңге (3-орын), клиенттердің депозиттері – 4,9 трлн теңге (заңды тұлғалар нарығында 2-орын, жеке тұлғалар нарығында 3-орын); барлық пруденциалдық және реттеуші талаптары айтарлықтай сақталған. Банк ел бойынша кең таралған бөлімшелер желісіне ие – 20 филиал, АХҚО-да 1 филиал және 156 бөлімше, сондай-ақ 3,3 миллион клиентке қызмет көрсетеді.

Рейтингтерге қатысты толық ақпаратты S&P Global Ratings агенттігінің ресми баспасөз хабарламасынан табуға болады.

 https://disclosure.spglobal.com/ratings/ru/regulatory/article/-/view/type/HTML/id/3298854

Жаңалықтар
Құрметті «Негізгі» қызмет пакетінің клиенті!

Сізге сыртқа теңгемен тегін төлем жасау шарттарының өзгергені туралы хабарлаймыз: төлем саны 25-тен 5-ке дейін төмендетіледі.


Өзгеріс 05.01.2025 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ

Жаңалықтар
Qiwi арқылы картаны толтыру және несие жабу бойынша жаңа комиссия шарттары

11.12.2024ж. бастап #картакартаны толықтыратын және кредитті өтейтін кезде, Qiwi комиссиясы толықтыру сомасының 0,5%-ын құрайды. Кредит бойынша төлем жасау және картаны толықтыру операциялары bcc.kz қолданбасында және ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінде тегін жүргізіледі.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!


2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 03:00-тен 03:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Инвесторларға
Құрметті инвесторлар

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың екінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың үшінші шығарылымын (ISIN KZ2C00000594) өтеу туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (05.12.2024 жылғы № 15-08/12099) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды.

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

23.12.2024ж.  жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/


Инвесторларға
Облигацияларды өтеу (KZ2C00000594, CCBNb23)

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 04 желтоқсанында облигацияларды шығару шарттарына сәйкес CCBNb23 (ISIN KZ2C00000594, «Негізгі» алаңы, "Облигациялар" санаты) негізгі борыштың өтелгені және отызыншы купондық сыйақының төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген негізгі борыш сомасы - 7 335 933 000,00 (жеті миллиард үш жүз отыз бес  миллион тоғыз жүз отыз үш мың) теңге 00 тиынды, ал төленген купондық сыйақы сомасы 403 476 315,00 (төрт жүз үш миллион төрт жүз жетпіс алты мың үш жүз он бес) теңге 00 тиынды құрады.

Жаңалықтар
«Валюталық аударымдар бойынша белгіленген тарифтердің өзгеруі»

Құрметті клиенттер,

2024 жылғы 5 желтоқсаннан бастап бизнес-клиенттер үшін валюталық аударымдар бойынша белгіленген тарифтер өзгереді.

Жаңа тарифтер туралы толық ақпарат біздің сайтымызда келесі сілтеме бойынша қолжетімді.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді