Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес банкі) акционерлерінің 2022 жылғы 03 тамызда өткен бірлескен жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Жиналысқа «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың дауыс беруші акцияларының жалпы санының 85,80% құрайтын 159 338 250 дауыс беруші акциясын иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері және «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) дауыс беруші акцияларының жалпы санының 100,00% құрайтын 548 400 000 дауыс беруші акциясын иеленетін акционер қатысты. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 36-бабының 2-тармағына, 83-бабының 4-тармағына және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының ережелеріне сәйкес «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) дауыс беруші акцияларының жалпы санының басым көпшілігімен дауыс берді
HTML:

ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Күн тәртібіндегі мәселелер

        Қолдап

Қарсы болғандар

Қалыс қалғандар

1.        «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

159 338 250

жоқ

жоқ

 

548 400 000

жоқ

жоқ

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының есеп комиссиясының сандық құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.

159 338 250

жоқ

жоқ

 

548 400 000

жоқ

жоқ

3. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосу нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты және «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.

154 459 117

5 090 189

жоқ

 

548 400 000

жоқ

жоқ

4. «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы.

.

154 459 117

 

 

548 400 000

5 090 189

 

 

жоқ

жоқ

 

 

жоқ


Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы акционерлерінің 2022 жылғы 03 тамызда өткен кезектен тыс жалпы жиналысында дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Жиналысқа 152 460 761 дауыс беруші акцияларды иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты, бұл қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 82,10% құрайды.
HTML:

ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Күн тәртібіндегі мәселелер

        Қолдап

Қарсы болғандар

Қалыс қалғандар

1.      «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

152 460 761

жоқ

жоқ

2.      «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.

152 460 761

жоқ

жоқ

3.      «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, сонымен қатар өз міндеттемелерін орындағаны үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптарын айқындау туралы.

152 460 761

жоқ

жоқ

 


Жаңалықтар
Жалақы карталарын қайта шығару

Құрметті клиенттер!


Қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында аяқталатын жалақы карталарының мерзімі автоматты түрде екі айға ұзартылатыны туралы хабарлаймыз.


Бұл шара техникалық жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты уақытша болып табылады, сонымен қатар картаны 2022 жылдың қазан айында қайта шығаруға болатынына назар аударамыз.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.


Барлық сұрақтар бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:

505 – ұялы телефоннан тегін

WhatsApp +7 (747) 1111-505

Жаңалықтар
Для клиентов Eco Center Bank
СұрақЖауап
1. "Eco Center Bank" АҚ-тағы ("Альфа Банк" Қазақстан АҚ ЕБ) менің ақшам "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа тапсырылғаны туралы қалай білуге болады?Сізге "Банк ЦентрКредит"АҚ-тан ақша қаражатының сәтті аударылғаны туралы sms-хабарлама келіп түседі.
2. Менің "Eco Center Bank" АҚ-тағы ("Альфа Банк" Қазақстан АҚ ЕБ) картам бойынша талаптар "Банк ЦентрКредит" АҚ-қа көшкеннен кейін өзгере ме?ЦентрКредит Банкі карта бойынша талаптарды жақсарта отырып, Банктің карточкалық желісіндегі ең үздік карталардың бірі болып табылатын #TravelCard (мультивалюталы) немесе #картакарта картасы түрінде тамаша балама ұсынады.
Картаның талаптарымен https://www.bcc.kz/cards/ сілтемесі арқылы танысуға болады; картаның тарифтерімен https://www.bcc.kz/fizical/tarify/ сілтемесі бойынша танысуға болады.
3. Егер менде ЦентрКредит Банкінің картасы болса, Экоцентрбанктен қалған ақшамды аудару үшін тағы бір картаны ашуым керек пе?Жоқ, тағы бір картаны ашудың қажеті жоқ. Біз ақша қалдықтарын Сіздің ЦентрКредит Банкіндегі қолданыстағы картаңызға аударамыз және бұл туралы Сізге хабарлаймыз.
4. Менің ақшамның қалдықтарын «Eco Center Bank» АҚ-тан («Альфа Банк» Қазақстан АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа көшірген кезде комиссия алына ма?Жоқ, комиссия алынбайды
5. Менің карточкалық шоттарым бойынша ақша қалдықтарын «Eco Center Bank» АҚ-тан («Альфа Банк» Қазақстан АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аудару үшін Банкпен хабарласуым керек пе?Жоқ, қосымша өтініш жасау қажет емес
6. ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша ЦКБ-нің банкоматтары/кассалары арқылы ақша шешкен кезде, шектеулер бола ма?Жоқ, ешқандай шектеулер болмайды, Сіз ақшаны шектеусіз пайдалана аласыз.
Менің Nomad картаммен не болады?ЦентрКредит Банкі 7% кэшбекпен және көптеген артықшылықтары бар саяхаттауға арналған ең жақсы карталардың бірі болып табылатын #TravelCard картасы түрінде тамаша балама ұсынады.
картаның талаптарымен https://www.bcc.kz/travelcard/?utm_source=bcc&utm_medium=button_click&utm_campaign=cards сілтемесі арқылы танысуға болады.
картаның тарифтерімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.bcc.kz/upload/iblock/945/9459f67be30ccfdbb36d9a7216bde1f9.pdf
7. Менің ақшамды «Eco Center Bank» АҚ-тан «Альфа Банк» Қазақстан АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аударғаннан кейін карточкалық шоттағы баланс туралы қалай білуге болады?Бірнеше арналар бар:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кез келген бөлімшесіне өтініш жасау арқылы;
2. ВСС.KZ мобильді қосымшасы арқылы
8. ВСС.KZ мобильді қосымшада қалай тіркелуге болады?Қосымшаны Google Play (Android үшін) немесе App Store (iOS) дүкенінен жүктеп алыңыз

1. m.bcc.kz сілтемесі бойынша өтіп, «Тіркелу» таңдаңыз;
2. ЖСН мен карта нөмірін/картаның 20 таңбалы шотын енгізіңіз;
3. Телефон нөмірін растау процедурасынан өтіңіз;
4. Ұялы телефонға логин, уақытша пароль және BCC.KZ қосымшасына сілтеме көрсетілген SMS келеді

Маңызды!!! 20 таңбалы шотты Колл-орталығы немесе Банк бөлімшелері арқылы білуге болады
Менің WOW картаммен және ең жақсы кэшбэкпен не болады?ЦентрКредит Банкі Visa нұсқауы бойынша 2021 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстандағы ең үздік карта түріндегі тамаша балама #картакартаны ұсынады. Бөліп төлеу, кредит беру және дебеттік шот – бір картада және кэшбектер 30% дейін.
картаның талаптарымен https://www.bcc.kz/kartakarta/?utm_source=bcc&utm_medium=button_click&utm_campaign=card сілтемесі арқылы танысуға болады.
картаның тарифтерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
кэшбэк бағдарламасы мына жерде жазылған: https://www.bcc.kz/kartakarta/images/docs/Cashback_program_ru-2.pdf
https://www.bcc.kz/upload/iblock/7fc/7fc8f66f95c2c18af75a7355470e75f2.pdf
10. «Банк ЦентрКредит» АҚ банкоматтарының, терминалдары мен бөлімшелерінің мекенжайларын қайдан білуге болады?Қалаңыздағы терминалдардың, банкоматтар мен филиалдардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы білуге болады https://www.bcc.kz/branches-and-atms/
11. Егер менің сұрақтарым болса, қайда хабарласу қажет?
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлімшелеріне https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сілтемесі арқылы

ЦентрКредит Банкінің колл-орталығына 505 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін)

ЦентрКредит Банкінің +7 747 11 11 505 нөміріне WhatsApp арқылы хабарласу
Менің Nomad, WOW немесе т.б. мультивалюталық картаммен не болады?ЦентрКредит Банкі 7% кэшбегі және көптеген артықшылықтары бар үздік мультивалюталық карталардың бірі болып табылатын #TravelCard мультивалюталық картасы түрінде тамаша балама ұсынады.
картаның талаптарымен https://www.bcc.kz/travelcard/?utm_source=bcc&utm_medium=button_click&utm_campaign=cards сілтемесі арқылы танысуға болады.
картаның тарифтерімен https://www.bcc.kz/upload/iblock/945/9459f67be30ccfdbb36d9a7216bde1f9.pdf сілтемесі бойынша танысуға болады.
Менің ЭкоЦентр Банкіндегі картаммен және шотыммен не болады?Сіздің келісіміңізбен шоттар мен карталарды ЭкоЦентр Банк жабады.
Жаңалықтар
4 тамыз Техникалық жұмыстар

Құрметті Mastercard ұстаушылары!


Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 04 тамыз күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 2:00-ден бастап 8:00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: АТМ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің Mastercard карталары бойынша операциялар.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.


Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.


Жеке тұлғалар үшін:

505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

WhatsApp: +7 (747) 1111-505

Заңды тұлғалар үшін:

605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
S&P Global Ratings повысило рейтинг Банка ЦентрКредит до «В+»
Жаңалықтар
Кассалардағы төлемдер тарифтерінің өзгеруі

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ кассада төлемдерді қабылдау тарифтері бойынша өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды. Толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша танысуыңызды өтінеміз.

Өзгерістер 01.08.2022 жылдан бастап күшіне енеді.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
HTML:

«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,

38-үй

«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» толық атауы: «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі).

«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының толық атауы:

«Eco Center Bank» акционерлік қоғамының («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Басқармасы.

«Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ)» атқарушы органының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 226-үй

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы және «Eco Center Bank» акционерлік қоғамы («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ Еншілес банкі) Директорлар кеңесінің (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2022 жылғы 06 маусымдағы №2/0630 хаттамасы) бастамасымен 2022 жылғы 03 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 шілдедегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің, сонымен қатар «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.

Күн тәртібі:

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2.      «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.

3.      «Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) (БСН 941240000341) («Eco Center Bank» АҚ-тың («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A26F8B0, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 226-үй) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (БСН 980640000093) («Банк ЦентрКредит» АҚ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38) қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.

4.      «Eco Center Bank» АҚ-ты («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шартты бекіту туралы.

Акционерлер ортақ жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.

Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) акционерлерінің ортақ жалпы жиналысы 2022 жылғы «08» тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің ортақ жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 47-бабына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52 және 83-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына, 60 және 60-1-баптарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының және «Eco Center Bank» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕБ) Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын
HTML:

«Банк ЦентрКредит» АҚ толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы,

38-үй

«Банк ЦентрКредит акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 шілдедегі №3-0701-01 қаулысы) 2022 жылғы 03 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атқарушы органының орналасқан жері бойынша аудио-бейнеконференцияны (ZOOM) пайдаланумен жеке қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша 9:30-да басталады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2022 жылғы 20 шілдедегі жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімінің деректері негізінде құрылады.

Күн тәртібі:

1.    «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2.    «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау туралы.

3.    «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, сонымен қатар өз міндеттемелерін орындағаны үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен талаптарын айқындау туралы.

Акционерлер кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 20 шілдеден бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады: Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционерлің сауалы болған кезде материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.

Кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2022 жылғы «08» тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де аудио-бейнеконференция (ZOOM) режимінде дәл сол күн тәртібімен қайта өткізіледі.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5 және 5-1-тармақтарына сәйкес, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: 7(727)259 85 18

Жаңалықтар
Клиентам Eco Center Bank

Сұрақ

Жауап

1. Менің шотым немесе депозитім «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа берілгенін қалай білуге болады?

Сізге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан ақша қаражатының сәтті аударылғаны туралы sms-хабарлама келіп түседі.

2. Менің «Eco Center Bank» АҚ-ғы (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) шотым/ депозитім бойынша талаптар «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауысқаннан кейін өзгере ме?

Шоттар/депозиттер бойынша талаптар өзгеріссіз қалады. Шоттар мен депозиттер бойынша тарифтер стандарт талаптармен белгіленетін болады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың тарифтерімен сіз https://www.bcc.kz/fizical/tarify/ сайтынан танысасыз.

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ұлттық валютамен қалдықтар қашан аударылады?

Көшіру кезең-кезеңімен 05.07.2022 жылдан бастап 02.09.2022 жылға дейін жүргізіледі, шоттардың/депозиттердің аударылғаны туралы тиісті sms-хабарлама жіберіледі.

4. Менің шоттарымдағы қалдықтарымды «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа ауыстырғаны үшін комиссия алына ма?

Жоқ, комиссия болмайды

5. Менің депозиттерім/ағымдағы шоттарым бойынша қалдықтарды «Eco Center Bank» АҚ-тан (Қазақстан «Альфа Банкі» АҚ ЕБ) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа аудару үшін Банкке хабарласуым керек пе?

Жоқ, қосымша хабарласу қажет емес

6. Егер ақша шотта 15 күн жатпаса, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан ақша қаражатын алу үшін комиссия бола ма?

Егер ақша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың шотында 15 күнтізбелік күн және одан көп уақыт жатқан жағдайда, онда комиссия ұсталмайды,

егер ақша 15 күнтізбелік күннен аз уақыт жатса, онда соманың 1%-ы мөлшерінде комиссия ұсталады.

7. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың шотынан/депозитінен қаражат алуға шектеу бола ма?

Ешқандай шектеу жоқ, ақшаны өнімнің талаптарына сәйкес алуға болады: егер депозиттегі ақшаны төмендетілмейтін қалдыққа дейін ішінара алу қарастырылған болса, онда мұны жасауға болады. Сіз ақшаны депозиттік шоттан мобильді қосымша арқылы аудара аласыз, егер сома 2 млн теңгеден асатын болса, сомаға тапсырысты алдын ала ресімдеп, соманы «Банк ЦентрКредит» АҚ кассаларынан ала аласыз.

8. 23.02.2022 жылдан бастап 1 жыл және одан да көп уақыт өткен депозиттер бойынша мемлекеттің 10% мөлшеріндегі төлемі бола ма?

Бұл мәселені Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

қарап жатыр

9. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тағы өз шотымды/депозитімді қалай толықтыра аламын?

Банктің кез келген бөлімшесінде, BCC.KZ мобильді қосымшасы, АТТ / АТМ арқылы толтыруға болады.

10. Менің депозитімнің мерзімі аяқталуға жақын, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ғы депозиттің мерзімін ұзарту үшін қайда хабарласуға болады?

Депозиттер шектеусіз автоматты түрде ұзартылатын болады

11. Маған жаңа шарт жасасу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа хабарласу қажет пе?

Жаңа шарт жасасу талап етілмейді.

12. «Eco Center Bank» АҚ бөлімшелерінде авторизацияланған сенімхаттар бойынша қызмет көрсету сақтала ма?

Жоқ, сенімхат негізінде қызмет көрсету сенім білдірушінің өзі сенімхатты «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа берген кезде ғана жүзеге асырылады.

13. «Банк ЦентрКредит» АҚ банкоматтарының, терминалдары мен бөлімшелерінің мекенжайларын қайдан білуге болады?

Қалаңыздағы терминалдардың, банкоматтар мен бөлімшелердің мекенжайларын https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сайтынан білуге болады.

14. Сұрақтарым болса, қайда хабарласу керек?

- https://www.bcc.kz/branches-and-atms/ сайты арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелеріне;


- 505 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) ЦентрКредит Банкінің колл-орталығына;

- ЦентрКредит Банкінің +7 747 11 11 505 нөміріне WhatsApp-қа хабарласу керек.

Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит и ЕБРР подписали дополнительную кредитную линию
Жаңалықтар
Изменение тарифов для бизнес клиентов

Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі


«Банк ЦентрКредит» АҚ 20.06.2022 ж. дейін іске қосылған PRO/PROMAX пакеттері/СЭҚ опциясы бойынша Ресей рублімен қолма-қол ақшаны қабылдау үшін белгіленген тарифке өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Ресей рублімен қолма-қол ақшаны қабылдау үшін белгіленген тариф толықтырылған соманың 20 %-н құрайды. Өзгерістер 05.07.2022ж. бастап күшіне енеді.


Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!


Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 5 шілде  күні  сағат 2.50-ден бастап 4:00-ге дейін  Starbanking и BCC.KZ. қосымшалары қол жетімсіз болады.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.


Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:

505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

WhatsApp: +7 (747) 1111-505

Заңды тұлғалар үшін:

605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

WhatsApp: +7 (747) 1111-605 

Жаңалықтар
Изменение лимитов карточных продуктов Банка
Жаңалықтар
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ PRO/PROMAX пакеттері/СЭҚ опциясы бойынша Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тарифке өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тариф толықтырылған соманың 20% құрайды. Өзгерістер 20.06.2022ж. бастап күшіне енеді.

Тариф 20.06.2022 ж дейін PRO/PROMAX пакеттеріне /СЭҚ опциясына қосылған клиенттерге қатысты қолданылмайды.

Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 19 маусым күні  Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 01:30-ден бастап 4:53-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз:
Бұл уақытта:
- BCC Business
- BCC.KZ
- АТМ
- ИПТ
- POS-терминалдар
- карталар бойынша операциялар қолжетімсіз болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Хабарландыру

Құрметті Клиент!


Сізге 01.07.2022ж. бастап ЦентрКредит Банкінің:

  чек кітапшаларын қолданбайтынын және оларды сатпайтынын;

  касса терезелері арқылы 2 миллион теңгеге дейінгі көлемде ақша сомасын бермейтінін хабарлаймыз.


Кейінгі жұмыс үшін біз Сізге #business бизнес-картасымен заманауи және ыңғайлы қызмет көрсету тәсілін ұсынамыз.

  Есеп айырысу шотына тіркей отырып, картаны әп-сәтте беру;

  24/7 режімінде шотқа қол жеткізу және карта бойынша лимиттерді басқару;

  Картаны шығару және ол бойынша қызмет көрсету ТЕГІН;

АТМ арқылы 2 миллион теңгеге дейін ақша беру ТЕГІН.


Қолданыстағы чек кітапшасын корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджерге тапсыру қажет.

Чек кітапшасын алу үшін төленген қаражат 3 жұмыс күні ішінде Сіздің шотыңызға қайтарылады.


Сіздің, ЦентрКредит Банкіңіз.

Жаңалықтар
Тарату комиссиясының атына жасалатын төлем

Банктердің тарату комиссияларының Ұлттық банкте ашылған шоттарына төлемдер жасайтын клиенттердің назарына

Тарату комиссиясының атына төлем жасаған кезде, «Бенефициар» («Ақшаны алушы») бағанында тарату комиссиясының шотының нөмірі (ЖСК) мен тарату комиссиясының БСН көрсету қажет. Қарызды төлеуші туралы нақты ақпарат «Төлемнің мақсаты» бағанында көрсетіледі.

Жаңалықтар
БАРЛЫҒЫНА 1+1=3% кэшбэк

БАРЛЫҒЫНА 1+1=3% кэшбэк


Егер сізде ЦентрКредит Банкінің жалақы картасы болса, #картакартамен төлем жасаған кезде 3% кэшбэк ала аласыз!


#Картакартаның артықшылықтары:

  • Тегін ашу және жүргізу;
  • Банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта алу;
  • Кез келген сатылым үшін 3% негізгі кэшбэк алу;
  • Ай сайын 10%-ға дейін кэшбэк арқылы сүйікті санаттарға ие болу;
  • Серіктестер желісінде жасалған сауда үшін 30%-ға дейін кэшбэк алу;
  • Кредиттік лимит 7 000 000 теңгеге дейін;
  • Серіктестер желісінде бір жылға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу мүмкіндігі.



#Картакартаны тегін ашыңыз және барлығына 3% кэшбэк алыңыз*.



* Бұл мүмкіндіктер өткен айда ЦентрКредит Банкінің #bccpay жалақы картасымен 37 000 теңгеден бастап жалақы алған жағдайда қаралады.

Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттердің ағымдағы шот шарты

Құрметті клиенттер!

06.06.2022 ж. бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттердің ағымдағы шот шартының жаңартылған үлгі нысаны күшіне енгені жөнінде хабарлаймыз.

Шарттың нысаны www.bcc.kz сайтында орналастырылған.

Жаңалықтар
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі

Құрметті клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ «Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын операциялар» бөліміне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тариф толықтырылған соманың 20% құрайды. Өзгерістер 03.06.2022ж. бастап күшіне енеді. Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.

Жаңалықтар
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі

Құрметті Клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ:

- Шот бойынша #business картасы және шот бойынша #business virtual картасы бойынша тарифтеріндегі «Қолма-қол ақша алу» тарауына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

- Бизнес клиенттерге арналған тарифтердегі: «Қолма-қол KZT-мен жасалатын операциялар» және «Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын операциялар» тарауларына.

Өзгерістер 15.06.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі. Толық ақпаратпен сілтемесі арқылы танысуға болады.

Жаңалықтар
2022 жылғы 5 маусымда Республикалық референдум

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.


«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб¬ли¬касының Конституциясына өзгерістер мен толықты¬руларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, плебисцитке шығарылады.


Сайлау учаскеңізді https://referendum.gov.kz/ сілтемесі арқылы біліңіз.

Ақционерлерге
2022 жылғы 20 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 85,73% құрайтын, 155 783 586 дауыс беруші акцияны иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты.
HTML:

Сонымен қатар 212 330 артықшылықты акцияны иелентін, артықшылық акцияларды ұстаушылар да жиналыстың күн тәртібіндегі 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысты. 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысқан қарапайым дауыс беруші және артықшылықты акциялардың жалпы саны – 155 995 916 дана, олардың үлесі жалпы санның 85,71% құрайды.

ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Күн тәртібіндегі мәселелер

        Қолдап

Қарсы болғандар

Қалыс қалғандар

1.    «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп

155 783 586

жоқ

жоқ

2.         «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту

155 783 586

жоқ

жоқ

3.    «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту.

150 693 397

5 090 189

жоқ

4.    Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы

155 783 586

жоқ

жоқ

5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

155 995 916

жоқ

жоқ

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы

155 995 916

жоқ

жоқ

Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:

·         2021 қаржы жылы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін;

·         20 645 млн (жиырма миллиард алты жүз қырық бес миллион) теңге сомасындағы 2021 жылғы таза кіріс «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың резервтік капиталын құруға жұмсалсын.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді