Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты

2024 жылғы 24 қыркүйекте Орталық Азия Экологиялық Зерттеу Институты (CAIER) және Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (Агенттік) ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Кездесудің тақырыбы «Қаржы секторында тұрақты даму күн тәртібін дамыту. Әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді басқару нұсқаулығы» болды.

   Жиынды Агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымова ашып, ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) күн тәртібінің қаржы секторы үшін маңыздылығын атап өтті. IFC сарапшылары ESG тәуекелдерін басқарудағы әлемдік трендтер туралы баяндама жасап, IFC стандарттарын Қазақстан қаржы нарығында қолдану бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. АРРФР өкілдері ESG қағидаттарын енгізудің жаңартылған жол картасын таныстырып, ESG тәуекелдерін басқару жүйесін қаржы ұйымдарының қызметіне енгізу жоспарын ұсынды.

   Банк ЦентрКредит АҚ атынан CFO, вице-президент, Басқарма мүшесі А.С. Овсянникова және CSO, Тұрақты даму департаментінің директоры А.Т. Ибраев қатысып, банктің ESG трансформациясының негізгі нәтижелерін, жауапты қаржыландыру саясатын енгізудегі тәжірибесін және банктің климаттық стратегиясы бойынша алдағы жоспарларын талқылады.

   Дөңгелек үстел қатысушылары Банк ЦентрКредиттің ESG бағытында қол жеткізген жетістіктерін, әсіресе оның S&P Global Corporate Sustainability Assessment бағалауы аясындағы жоғары ESG бағасын атап өтті. Сарапшылар бұл жетістік банктің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік стандарттарына жоғары бейілділігін тағы бір рет растады.

Ескертпе:

Агентство – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

CAIER – Орталық Азия Экологиялық Зерттеу Институты;

IFC – Халықаралық Қаржы Корпорациясы.

 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!

Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:

➢ Ағымдағы шотта қозғалыс болған кезде, оны ерекше талаптар аясында жүргізу-0 KZT

Өзгерістер 30.09.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Жаңалықтар
Зейнетақы картасы: тарифтердің өзгеруі

#үлкенгеқұрмет картасының тарифтерін қайта қарадық –нарықтағы ең тиімді талаптарды ұсынамыз.

Енді бұл операцияларды зейнетақы картасын ұстаушылар тегін жасай алады:

  • ЦентрКредит Банкінің кассасынан қолма-қол зейнетақы алу;
  • ЦентрКредит Банкінің банкоматтарынан айына 3 рет балансты сұрау.

Тарифтерге енгізілген өзгерістер 27.09.2024 жылы күшіне енеді.

#үлкенгеқұрмет картасын ұстайтын қадірлі клиенттерімізге құрмет және үздік қызмет көрсетіледі

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ҚР банктері арасында S&P агенттігінің ең жоғары ESG бағасына ие болды

2024 жылғы 2 қыркүйекте S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P Global CSA) аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа 61 балл (100 балдан) берілді, бұл Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасында ең жақсы нәтиже болды.

Банк экологиялық аспект бойынша 65 балл («E», Environmental Dimension), әлеуметтік аспект бойынша 56 балл («S», Social Dimension), ал басқару және экономикалық аспект бойынша 63 балл («G», Governance & Economic Dimension) алды.

Жаһандық банк индустриясындағы позиция тұрғысынан «Банк ЦентрКредит» АҚ 2023 жылғы қаржы нәтижелері бойынша S&P Global CSA бағалауына қатысқан әлемнің барлық банкі арасында үздік 10% (91-ші перцентиль) қатарына енді (BNK - Banks саласы).

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 61 балл деңгейіндегі бағасы 91-ші перцентильмен үйлесімде Банктің орнықты даму саласындағы тәжірибені ұстанатындығын куәландырады. Бұл мемлекеттің, инвесторлардың және өзге де мүдделі тараптардың қаржы институттарының ESG бейініне назарының артуын ескергенде ерекше маңызды, сондай-ақ оның банк секторындағы жаһандық бәсекелестерімен салыстырғанда көшбасшылығын көрсетеді.

Finvizier Consultancies DMCC (БАӘ, Дубай) S&P Global CSA ESG бағасын алу бойынша Банктің кеңесшісі болды.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment – бұл S&P Global холдингінің компаниялар қызметін орнықты даму тұрғысынан жыл сайынғы бағалауы, оның аясында компаниялар 0-ден 100-ге дейінгі балдық шкала бойынша баға алады, мұнда 100 балл – ең үздік нәтиже. S&P Global CSA бағалауы The Sustainability Institute by ERM институты дайындаған «Rate the Raters 2023» есебіне сәйкес, көптеген инвестор мен компанияның пікірі бойынша ең сұранысқа ие, пайдалы әрі сапалы ESG бағалауларының бірі болып танылады.

S&P Global – құрамына S&P Global Market Intelligence компаниясы кіретін, бүкіл әлем бойынша компаниялар үшін ESG бағасын беру жөніндегі қызметті ұсынатын америкалық жария холдинг.

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ CCBNb27 (ISIN KZ2C00003317) облигациялары екінші нарықта толық өтелуіне байланысты, он сегізінші купондық сыйақы төленбейтіні туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
Депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымдарды қорғау қалай жұмыс істейтіні туралы бейнероликтер шығарды. Онда депозиттерге кепілдік беру жүйесі, өтемақы алу процесі және жинақтарыңызды сақтау әрекеттері туралы айтылады.


Қордың ресми YouTube арнасынан бейнелерді қараңыз:



Жаңалықтар
ЦКБ басшысы Руслан Владимиров Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік CEO-сы атанды

Биыл 19 қыркүйекте Алматы қаласында жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum аясында үздік басшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Сарапшылар кеңесінің талқылауы нәтижесінде «Жылдың ең үздік CEO-сы» атағы ЦентрКредит Банкі Президенті Руслан Владимировқа берілді.

“Сарапшылар кеңесіне және үздік басшыларды таңдауға қатысқан барша жандарға алғысымды білдіремін. Бұл ЦКБ командасының бірлескен жемісті жұмысының нәтижесі. Біз әр клиентпен серіктестік қатынастарымызды мақтан тұтамыз және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа жетістіктерге сенімді қадам басудамыз. Барлық клиенттерімізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын”, — деп атап өтті ЦентрКредит Банкі Президенті Руслан Владимиров.

Номинанттарды іріктеу және жеңімпаздарды анықтау барысында Kazakhstan Growth Forum сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты. Атап айтсақ: Елдар Абдразаков (Kazakhstan Growth Forum), Маржан Меланич (Kazakhstan Growth Forum), Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының кеңесі), Ерлан Досымбеков (EY), Екатерина Бенджамин (IFC), Дана Инкарбекова (PwC), Дина Урастаева (Qazaq Independent Directors), Дулатбек Икбаев (McKinsey&Company), Ораз Жандосов (РАКУРС), Ержан Досымбеков (Grant Thornton), Алина Алдамберген (KASE), Андрей Беклемишев (IDC).

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттар жабылады

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,
    клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.

25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.

Жаңалықтар
Абайлаңыз, өздерін коллектор деп таныстыратын алаяқтар пайда болды

ЦентрКредит Банкі өздерін банк қызметкері деп таныстыратын белгісіз тұлғалардың (көп жағдайда дауыстық боттардың) қоңырау шалуы туралы ескертеді. Олар кредит бойынша мерзімі өткен берешек туралы, сондай-ақ осы берешектің коллекторлық агенттікке берілгені туралы хабарлайды. Алаяқтар тіпті қолданыстағы кредиті жоқ қазақстандықтарға да қоңырау шалуда.

Бірнеше күннен кейін басқа телефон нөмірінен екінші қоңырау шалып, өздерін банктік кредит табысталған коллекторлық агенттік қызметкері ретінде таныстырады. Бұл кезеңде алаяқтар бірнеше тәсілмен алдап, ақша иемденуге немесе дербес деректерді алуға тырысады.

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады:

Жеке деректеріңізді: банк картасының толық нөмірін, PIN-кодты, қолданыс мерзімін, мобильді қолданбадағы жеке кабинетіңізге кіруге арналған логин мен парольді, операцияны растау үшін SMS-хабарламамен келген кодты және т.б. ешқашан ешкімге айтпаңыз.

Егер сізге күдікті қоңырау шалынса, тұтқаны қойып, ресми ақпарат алу үшін 505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкіне хабарласыңыз. Бұл – алаяқтықтың алдын алудың ең сенімді тәсілі.

Жаңалықтар
Алматыда TURAQTY JOL экокампаниясы аясында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

ЦентрКредит Банкінің ESG дирекциясының басшысы Арнур Ибраев банктің осындай жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті: «Біз байқауға планетамызға қамқорлық танытатын көптеген талантты адамдардың жиналғанына қуаныштымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз маңызды экологиялық мәселелерге назар аударады және біз үшін осындай жобаларды іске асыруда UNESCO-ның серіктесі болу үлкен мәртебе». ЦентрКредит Банкінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтынын айта кеткен жөн.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды: бейнелеу өнері, қолданбалы өнер және фотосурет. Финалистердің жұмыстары қазіргі заманның экологиялық қатерлеріне креативті көзқарасты көрсетеді.

«TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясындағы шығармашылық байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Барлығы жоғары деңгейде өтті және бұл жоба бізге өз идеямызды кенепте бейнелеп, экологиялық мәдениетті ілгерілетуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік берді. Мен маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деп ойымен бөлісті «Қоғам таңдауы» номинациясының жеңімпазы Ермахан Әсемай.

TURAQTY JOL – жастарды туған жерін құрметтеуге және экологиялық құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Биыл бұл жобаны ЦентрКредит Банкінің, «Шеврон» компаниясының және «Шымбұлақ» тау курортының қолдауымен ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы іске асырды.

Жаңалықтар
Баға қойғаныңыз үшін сыйлық береміз💚

Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: үстел сағаттарын, ақылды термостарды, поло жейделерін және жамылғыларды ұтып алыңыз.


📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?

2024 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.


7 қазан күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:

  • жеке тұлғалар арасында 50
  • бизнес-клиенттер арасында 30.

 

Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.

Толығырақ

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 14 тамызында CCBNb30 (ISIN KZ2C00004158) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды. 

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
«Кең дала» бағдарламасы бойынша агрокредит алыңыз

«Кең дала» бағдарламасы – егін жинау жұмыстарын жүргізуге тиімді шарттармен кредит алу мүмкіндігі:

- шешiм 5 минутта

- 5 млн теңгеге дейін

- ⁠ мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,09% - 5,1%)

Бағдарламаға қатысатын өңірлердің тізімі:

1. Абай обл. (Семей қ.);
2. Ақмола обл. (Көкшетау қ.), Астана қ.;
3. Шығыс Қазақстан обл. (Өскемен қ.);
4. Қостанай обл. (Қостанай қ.);
5. Павлодар обл. (Павлодар қ.);
6. Солтүстік Қазақстан обл. (Петропавл қ.).

Жинауға арналған дақылдар: бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық.

Кредит ресімдеу үшін: 

- Қызмет мерзімі кемінде 36 ай болуы тиіс;

- Бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық дақылдары үшін әр дақылға кемінде 90 гектар егіс алқабы болуы тиіс;

- Статистикалық есептілік және/немесе егілген алқап көлемі туралы ЖАО-дан алынған анықтама.

 
Кеңес алуға арналған телефон: 605.

 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ)қорытынды іс-шарасында «жасыл» жобаларға кредит беру тәжірибесімен бөлісті

Астана, 2024 жылғы 13 тамыз 

ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ) «Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестиция салу кезінде тәуекелдерді азайту» атты қорытынды іс-шарасына қатысты. 

БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика сеткорына инвестиция салу кезіндетәуекелдерді азайтуға бағытталған жоба нәтижелерін назарға ұсынды. Іс-шара барысында сарапшылар ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, саланы дамыту перспективаларын және қаржылық және қаржылық емес қолдау механизмдерін әрі қарай енгізу жөніндегі жоспарларын талқылады. 

ЦентрКредит Банкі, «жасыл» жобаларды қаржыландыру бағдарламаларының белсенді қатысушысы ретінде «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.  Тұрақты даму жөніндегі (ESG) дирекцияның басшысы Арнур Ибраев банктің  ESG-трансформациясына, сондай-ақ банк қызметіне «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беруқағидаттарын енгізуге тоқталып өтті. Ол сондай-ақ ЕҚДБ-мен және БҰҰДБ-мен ЖЭК пен жасыл технологиялар саласында бірлескен бағдарламалардың табысты түрде іске асырылуын атап өтті. 

Банк осы жылы банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттар, іс-шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат болып табылатын климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Баяндамада «жасыл» портфельдің өсу мақсаттарын анықтау тәсілі ұсынылды. 

БҰҰДБ-ның «ЖЭК-ке инвестиция салудағы тәуекелдерді азайту» жобасы туралы:

Жоба БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің серіктестік құруы арқылы, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауымен іске асуда. Бұл жоба инвесторлар үшін қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді азайту есебінен ЖЭК –ке инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.

Жаңалықтар
Қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер

Құрметті клиенттер!

Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:

➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын ашу-50 000 KZT

➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын жүргізу- 10 000 KZT

Өзгерістер 13.08.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізу

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 13 тамыздан бастап бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізеді:

5.6-тармақ. Ақша аудару деректемелеріне өзгеріс енгізу, ақша аударудың күшін жоюға сұрау салу, бенефициарға ақшаның аударылған күнін растауға сұрау салу, соманы іздестіру және шетел валютасында клиенттік ақша аудару бойынша өзге де сұрау салу (шетелдік банк ұстаған комиссия сомасы, оның ішінде ҚҚС туралы)

5.6.1-тармақша. ТМД елдерінің валюталарында - 10 000 теңге

5.6.2-тармақша. ТМД елдерінің валюталарынан басқа - 25 000 теңге

Жаңалықтар
Телемедицина

Телемедицина – дәл осы жерде және дәл қазір клиникаға бармай-ақ, ешқандай кезексіз телефон қолданбасы арқылы алғашқы медициналық кеңес алу мүмкіндігі. Кеңес беру қызметін барлық бейіндегі дәрігерлердің, оның ішінде педиатрлардың халықаралық желісі бар «Дәрігер Онлайн» сервисі ұсынады. Сервистің маңызды ерекшеліктері – отбасылық кеңес алу және шектеусіз мөлшерде өтінім беру мүмкіндігі.

Дәрігерлерден кез келген ыңғайлы уақытта кеңес алыңыз - чат, телефон немесе бейне қоңырау арқылы: диагноз және емдеу бойынша ұсыныстар сіздің жеке кабинетіңізде сақталады

НАУҚАН

Сіз және сіздің отбасыңыз үшін телемедицина – «Премиум» және «Ультра» пакеттеріндегі жаңа қызмет. 3, 6, 12 айға «Премиум» немесе «Ультра» қызметтер пакетін қосып, 0 теңгеге телемедицина алыңыз.

Науқан мерзімі: 01.08.2024 бастап 31.12.2024 дейін

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен ЯндексІздеуден ақша немесе ақылды бағанша ұтып алыңыз!

1 тамыз бен қоса алғанда 30 қыркүйек аралығында акцияға қатысыңыз! 
bcc.kz қолданбасында білім санатында ЦентрКредит Банкінің картасымен төлем жасап, смартфоныңызда Яндекс іздеу қызметін қосыңыз. 

100 000 теңге және Алиса Лайт ақылды бағаншасы ойнатылады!

Акцияға қалай қатысуға болады?

1-қадам

  • ЦентрКредит Банкінің кез келген картасын ашып, bcc.kz қолданбасына кіріңіз.
  • «Төлемдер» бөлімінен «Білім» санатын таңдап, тізімнен өз оқу орныңызды табыңыз.
  • 10 000 теңгеден басталатын сомаға төлем жасаңыз.


2-қадам

Android немесе iOS ОЖ-де шолғышыңыздағы  іздеу қызметін ауыстыру

  • Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы үш нүктені басып, «Баптау» тармағын таңдаңыз
  • “Іздеу жүйелері” параметріне өтіңіз
  • “Яндекс” (немесе “Yandex”) іздеу жүйесін таңдаңыз
  • Адрестік жол арқылы кез келген сөзді іздеп көріңіз

Жүлделер:

  • 100 000 теңгелік 6 ақшалай жүлде (Алматы  қ. 3 жеңімпаз және Астана қ. 3 жеңімпаз)
  • 14 Алиса Лайт бағаншасы (Алматы қ. 7 жеңімпаз және Астана қ. 7 жеңімпаз)


*Әр жеңімпаз акция аясында бір ғана жүлдеге ие болады

4 қазанда біз @centercredit Инстаграм парақшамызда тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жүлдегерлерді анықтайтын боламыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі жеке тұлғаларға жаңа өнімді – «Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ұсынады

Шот 2023 жылғы наурыз айында күшіне енген және азаматтарға қажетті шарттар сақталған кезде банкроттықты ресімдеу құқығына кепілдік беретін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға сәйкес борышкердің қаражатын есепке алуға, ағымдағы шығыстарды өтеуге және сот арқылы банкроттық рәсімі шеңберінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға арналған.

Шотты банк бөлімшесінде ашуға болады.

«Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ашуға арналған құжаттар:

  • Жеке куәлік.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның оны борышкерге қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізуге қаржы басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрығы.
  • Борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы сот ұйғарымы.
Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары еуромен бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтердегі өзгерістер

13.08.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары еуромен бойынша кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданылады

Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/

Инвесторларға
РММ-ні мемлекеттік тіркеу

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ 2024 жылдың  19 шiлдеде номиналды көлемі 50 000 000 (елу миллион) АҚШ доллар құрайтың айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялардың  шығарылы мемлекеттік тіркегенің туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
Moody's ЦентрКредит Банкінің рейтингін Ba1 деңгейіне көтерді

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің ұзақ мерзімді депозит рейтингтерін бір сатыға жоғарылатып, Ba2-ден Ba1-ге дейін көтерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді депозиттер рейтингтері бойынша оң болжамды қалдырды.


Бұл ретте Moody's ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингін A3.kz-тен A1.kz-ке, ал ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді CRR рейтингін A1.kz-ке көтерді.


«Ұзақ мерзімді депозиттер рейтингінің жоғарылауы активтер сапасы, төлем қабілеттілігі және кірістілік сияқты несие көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді.  Бұл банктің жаһандық рейтингтерге сәйкес ұлттық шкала бойынша рейтинг диапазонындағы позициясының берік орналасуына сеп болады», - деп түсіндірді Moody's сарапшылары.


ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең ірі 3 ЕДБ қатарында және елдің барлық аймағында 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді.


ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы. 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!

Сіздерге 2024 жылғы 15 шілдеден «Еркін», «Оңтайлы+», «Премиум» және «Ультра» ҚТ аясында бизнес клиенттер үшін валюталық аударымдар бойынша тарифтердің өзгергенін хабарлаймыз:

«Еркін» ҚТ:

5.3. USD валютасында (OUR Guaranteed)

5.3.2. BCC Business арқылы – 0,3%, min 20 000, max  134 000


«Оңтайлы+» ҚТ:

5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)

5.3.2. BCC Business арқылы – 0,3% min, 15 000 KZT, max 120 000 KZT

 

«Премиум» ҚИ:

5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)

5.3.2. BCC Business арқылы  – 0,2%, min 12 000 KZT, max 100 000 KZT

 

«Ультра» ҚТ:

5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)

5.3.2. BCC Business арқылы – 25 төлем (соның ішінде Ресей рублімен) - 0 KZT, әрі қарай - 0,15%, min 8 000 KZT, max 90 000 KZT

Жаңалықтар
SWIFT GO

Құрметті клиенттер!

BCC Business қосымшасында SWIFT GO сервисі – валюталық аударымдарды экспресс-жеткізу қолжетімді екенін хабарлаймыз. SWIFT GO сервисінің арқасында сіз жасайтын валюталық аударым келесі талаптарға сай болған жағдайда жедел жеткізіледі:


$10,000-ға баламалы сомаға дейінгі аударымдар;

Валюта: USD/EUR/GBP;

SHA опциясы қосылған төлем;

Бенефициар шотына аударымның толық көлемде түсуі (аударымның толық сомасы);

Аударымның бенефициар шотына сағат ішінде есепке алынуы;


SWIFT GO сервисімен валюталық аударым жасаңыз – бұл тез, сенімді әрі ыңғайлы. Сондай-ақ сіз жасайтын барлық халықаралық аударым әрқашан уақытылы және толық көлемде жеткізілетін болады.


SWIFT GO сервисін пайдаланып, әр аударым үшін сенімді болыңыз!


Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді