E-mail: Pr@bcc.kz
Біз Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне қосылдық. Енді клиенттер жүйеге қатысушы басқа банктердің клиенттерінен телефон нөмірі бойынша ақша аударып, қабылдай алады.
Ұлттық төлем корпорациясы әзірлеген Мобильді аударымдар жүйесі – Ұлттық қаржы инфрақұрылымының бір бөлігі. Бұл жылдам әрі қауіпсіз мобильді аударымдар үшін бірыңғай кеңістік қалыптастырады. Енді бірнеше секунд ішінде ақша аударуға болады.
Біздің банктен бөлек, жүйеге Freedom Bank, Bank RBK, Halyk Bank, Altyn Bank, Home Credit Bank Қазақстан және Forte Bank қосылған. Банктер арасындағы аударымдар саны тұрақты түрде өсіп, ал қатысушылар тізімі кеңейіп келеді.
Осы қыркүйекте әуежайға немесе әуежайдан сапарға жеңілдік, сондай-ақ наурыз айының соңына дейін тамаққа тапсырыс беруге 20% жеңілдік сыйлаймыз, ол үшін #BlackEdition картаңызды Яндекс Go-ға тіркеңіз.
1. 31 наурызға дейін Алматы мен Астанада Яндекс Такси арқылы әуежайға немесе әуежайдан 2 сапарға 4000 ₸ жеңілдік.
2. 2026 жылғы 31 наурызға дейін Яндекс тамақ жеткізу сервисінде үш тапсырысқа 20% жеңілдік.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі РММ 2025 жылдың 16 қыркүйегінде көлемі 100 000 000 000 (Жүз миллиард) теңге құрайтын жеке орналастыруға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізгенін туралы хабарлайды
Benoit мейрамханасында #BlackEdition картасының иелері екі есе пайда — барлық мәзірге 10% жеңілдік және 10% кешбэк алады.
Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
#BlackEdition картасы туралы толығырақ
Электрмобильді Qazaq Energy Charge станцияларында зарядтау тиімдірек!
Vlife қолданбасында Mastercard Green 200 kW абонементін таңдап, зарядтау ақысын #BlackEdition картасымен төлеңіз де, 30% жеңілдік алыңыз.
Ұсыныс 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін жарамды.
#BlackEdition картасының иелері mandarinoriental.com сайтында Лондон, Париж, Бостон, Макао және Милан қалаларындағы Mandarin Oriental қонақүйлерін брондаған кезде кешбэк алады.
Төлем жергілікті валютамен жасалуы қажет.
Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
#BlackEdition картасы туралы толығырақ
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару және орналастыру талаптарын бекіту туралы» Директорлар кеңесінің 18.08.2025 жылғы №0818/3 Қаулысының 2-тармағына енгізілетін өзгерістер (Қосымша) бекітілсін.
Құрметті клиенттер!
15 қыркүйек күні сағат 22:00-ден 23:00-ге дейін жаңа платформаға көшуге байланысты bcc.kz сайтындағы жекелеген сервистердің жұмысында қысқа мерзімді баяулау немесе кідірістер болуы мүмкін. Біз бұл процестің мүмкіндігінше тез әрі сіздерге байқалмай өтуі үшін барлық күш-жігерімізді салудамыз.
Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!
Рейтинг Baa3 деңгейіне көтерілді, болжам – тұрақты
Moody's рейтинг агенттігі бүгін ЦентрКредит Банкінің рейтингтері мен бағаларын көтерді: ұлттық және шетел валютасымен ашылған депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі Ba1-ден Baa3-ке дейін артты.
Банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі «позитивті» болжамнан «тұрақты» болжамға өзгерді. Сонымен қатар ЦКБ-нің ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі A3.kz-тен A1.kz-ке дейін көтерілді.
«Бұл – біздің банкіміз үшін ғана емес, еліміз үшін де тарихи сәт. Өйткені бұл өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы мен артқанын айғақтайды. Қазіргі және болашақ серіктестеріміз үшін инвестициялық деңгейдегі рейтинг сенімділіктің оң белгісі болып саналады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.
Рейтингтің негіздемесі
Рейтингтің көтерілуі банк активтері сапасының, табыстылығы мен төлем қабілетінің жақсаруымен байланысты. Бұған қолайлы операциялық орта да ықпал етті.
Сонымен қатар банктің өтімді активтерінің айтарлықтай қоры ескерілді. Ол тұрақты деңгейде сақталып, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында банктің материалдық активтерінің 40%-ынан асып түсті.
Тұрақты болжамның негіздемесі
Депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі бойынша тұрақты болжам банктің қарқынды өсуіне байланысты кредит тәуекелдерін тиімді басқарып, кірістілік, активтердің сапасы, капиталдандыру және өтімділік сияқты кредит төлеу қабілетінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін тұрақты деңгейде сақтайды деген болжалды білдіреді.
ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия
#DragonCard және #GoldCard карталарының жаңа мүмкіндіктері аталған карта иелеріне тамаша жаңалық болмақ.
Сауда ақысын премиум карта арқылы төлеп, #DragonCard картасының иелері бүкіл әлем бойынша 5% кешбэкпен айына 40 000 теңгеге дейін пайда таба алады. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.
#GoldCard картасына белгіленген бүкіл әлем бойынша негізгі кешбэк – 3%. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.
Егер Қытайда жиі сауда жасайтын болсаңыз, юаньмен тиімді сауда жасау үшін міндетті түрде #DragonCard немесе #GoldCard карталарын ашып, басқа елдерде 5%-ға дейін кешбэк алыңыз. Енді кез келген жерде тиімді.
#DragonCard картасы туралы толығырақ
#GoldCard картасы туралы толығырақ
Біздің банктің call-орталығында енді ағылшын тілінде қызмет көрсету қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Клиенттер банк өнімдері мен қызметтері бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі нөмірлер арқылы ала алады:
505 — жеке клиенттер үшін
605 — бизнес-клиенттер үшін
303 — премиум-клиенттер үшін
Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Біз клиенттердің банкпен өзара әрекеттесуін барынша қолайлы ету үшін сервисімізді үнемі жетілдіріп отырамыз.
Болжам — «Позитивті», ESG бағасы — 75 балл
28 тамызда S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкі рейтингін «Тұрақты» болжамнан «Позитивті» болжамға дейін өзгертті. Агенттік Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA+» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар ЦКБ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингтері «BB/B» деңгейінде расталды.
Банктің операциялық көрсеткіштері тұрақты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 70%-ға өсті. Меншікті капиталдың рентабельдігі (ROE) соңғы бірнеше жыл ішінде орта есеппен тұрақты түрде 35%-дан асып отырды (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында — 43%).
25 тамызда ЦКБ S&P Global агенттігінен жаңартылған ESG бағасын алды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жақсарып, 61 балдан 75 балға дейін өсті. Бұл банктің тұрақты даму саласындағы айтарлықтай ілгерілеуін растайды.
Осы жылғы шілде айында банк ҚНРДА талаптарына, сондай-ақ халықаралық GRI, SASB, IFRS S1 және S2 стандарттарына сәйкес әзірленген өзінің қаржы саласынан тыс екінші есебін ұсынды. Құжат ашылатын ақпараттың ауқымын кеңейтіп, ESG-тәсілдердің жүзеге асырылуын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
ЦКБ көлемі жағынан Қазақстандағы үшінші коммерциялық банк болып саналады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күй бойынша оның нарықтағы үлесі жиынтық активтер бойынша шамамен 11%, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12%. 2025 жылғы тамыз айының басында банк мемлекеттен алынған көмектің барлығын мерзімінен бұрын өтеді.
ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия
Қуанышты жаңалықты хабарлаймыз: 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап жеке кәсіпкерлерге жаңа тарифтік талап енгізіледі.
Бюджетке төленетін төлемдер — 0 теңге тарифі бойынша!
Енді сіз бюджетке төленетін барлық төлемді толығымен тегін жүргізіп, комиссияға жұмсайтын ақшаңызды үнемдеп, бизнесті бұрынғыдан да ыңғайлы ете аласыз.
- Жылдам
- Тиімді
- Сенімді
ЦентрКредит Банкін таңдағаныңызға рақмет!
Қатысу талаптары: акция кезеңінде ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін шығарыңыз да, Таиландқа екі адамға арналған жолдама ұтыс ойынына қатысыңыз. Кепілдік неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Кім қатыса алады: ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін ресімдеген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Жүлде: Таиландқа екі адамға арналған жолдама, ұшу билеттері және 7 күн/6 түн 5* қонақүйде тұру, оның ішінде таңғы ас пен сақтандыру. Алматыдан/Астанадан ұшу.
Акция мерзімі: 2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін
10.09.2025 ж. бастап жеке тұлғалардың АҚШ долларымен ашылған ағымдағы шоттары бойынша жаңа тарифтер енгізіледі.
Ескі үлгідегі АҚШ долларын қабылдау үшін комиссия алынады.
5 АҚШ доллары – 2006 ж. дейін
10, 20, 50 АҚШ доллары – 2004 ж. дейін
100 АҚШ доллары – 2009 ж. дейін
Құрметті клиенттер!
1 қыркүйектен бастап 4433 нөмірі өшіріледі. Енді PIN-кодты bcc.kz қолданбасында немесе 505 нөміріне SMS жіберу арқылы өзгертуге болады.
PIN-кодты орнату немесе өзгерту үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:
- bcc.kz мобильді қолданбасында: «Әрекеттер» → «Картаны теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту».
- 505 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы: PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры.
Қаржыңызды еш қиындықсыз басқаруыңыз үшін біз сервисті үнемі жетілдіріп отырамыз.
Ерекше акция! iSpace дүкендер желісінде Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business, Visa Corporate T&E карталарымен төлем жасаған кезде, Apple өнімдерін сатып алуға және жөндеуде 10% жеңілдік беріледі.
Талаптар:
- Құрылғылар мен қызметтерді сатып алған кездегі ең жоғары сома — 2 500 000 ₸
- Бірреттік сатып алған кездегі ең жоғары жеңілдік сомасы — 250 000 ₸
Ұсыныс 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.
31 қазанға дейін әлемдегі ең ірі маркетплейстердің бірі – Pinduoduo қолданбасында #DragonCard және #GoldCard карталары арқылы жеңілдікпен ең көп дегенде 10 сауда жасап үлгеріңіз.
- 50 юаньнен басталатын тапсырыстарға 3 юань жеңілдік.
- 100 юаньнен басталатын тапсырыстарға 10 юань жеңілдік.
Ұсыныс шектеулі – акция ертерек аяқталуы мүмкін.
23 тамыз күні сағат 03:00-ден 04:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қосымшалары, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдар арқылы жасалатын операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
2025 жылғы қыркүйектен бастап премиум қызмет көрсету критерийлерін жаңартамыз.
Ай сайын әр айдың 10-шы күніне дейін келесі талаптардың біріне сәйкес мәртебе тағайындалады:
Premium | Private |
немесе
|
немесе
|
Қосымша ақпарат алу үшін дербес менеджеріңізге немесе 303 премиум қолдау желісіне хабарласа аласыз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің берілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы Куәлігіне сәйкес Банктің CCBNb29 (ISIN KZ2C00004083) үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз етілмеген акцияға айырбасталатын купондық реттелген облигациялардың екінші шығарылымының күші жойылғанын хабарлайды.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 18.08.2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларын шығару арқылы 100 000 000 000 (Бір жүз миллиард) теңге сомасына «Банк ЦентрКредит» АҚ міндеттемелерін ұлғайту бекітілсін.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларын шығару талаптары бекітілсін.
3. Инвесторлардың шектеулі саны арасында жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру бекітілсін. Облигациялардың кірістілігі облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне бекітілген және «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес облигацияларды орналастыру бойынша бірінші өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады.
Смарт жанармай құю — отын шығынын оңтайландыру және бизнес тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген, ЦентрКредит Банкі мен SMART GAS GLOBAL LTD компаниясының бірлескен тегін жобасы.
Смарт жанармай құю сервисінің артықшылықтары:
- Жанармай шығынын толық бақылау — егжей-тегжейлі аналитика.
- Бухгалтерлердің уақытын үнемдеу: автоматты есептер мен ҚҚС-ны өтеуге арналған құжаттар.
- Еліміздегі барлық ірі АЖҚБ-да жанармайды ешқандай кезексіз және жылдам құю.
- Алдын ала төлемсіз төлеу — қаражат компанияның ағымдағы шотынан есептен шығарылады.
Сервис толығымен тегін және оны ЦентрКредит Банкінің кез келген бизнес-картасы арқылы қолдануға болады.
Толығырақ: https://www.bcc.kz/kz/business/smart-fuel/