Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған стандартты талаптарға енгізілген өзгерістер

Құрметті бизнес‑клиенттер!

2026 жылғы 30 қаңтарда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттерге банктік қызметтер кешенін ұсынудың  стандарт талаптарына (№002 Қосылу шарты) енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы хабарлаймыз.
Өзгерістер «Депозит‑кепілдік+Кепіл салым» өнімінің күшін жоюға (заңнамаға енгізілген түзетуге байланысты), сондай‑ақ Банктің еншілес ұйымдары арасында клиенттер туралы ақпарат беру талаптарының өзгеруіне қатысты болды.

Аталаған өзгерістермен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.bcc.kz/about/sbornik-form-dogovorov/.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі екінші деңгейдегі басқа банктерден алынған кепілді және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды іске қосты

Қайта қаржыландыру қолданыстағы кредитті біздің банкімізге ауыстырып, төлемдерді жаңа талаптармен жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қайта қаржыландыруды банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады. Толық шарттарды, қарыз алушыға және кепіл объектісіне қойылатын талаптарды bcc.kz сайтынан қараңыз.

Мөлшерлеме 23-25%
ЖТСМ 26-29,2%

Жаңалықтар
Халықаралық SWIFT аударымдары бойынша тарифтердің өзгеруі туралы жеке тұлғалар үшін ақпарат

Құрметті клиенттер!  
Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне және 16% мөлшеріндегі ҚҚС-ның енгізілуіне байланысты халықаралық SWIFT аударымдары бойынша тарифтерге түзету жүргізілетінін хабарлаймыз.
Жаңартылған талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді. Түсіністік танытып, бізге сенім білдіргендеріңізге рақмет!

Жаңалықтар
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша негізгі борышты өтеуге болатын зейнетақы төлемдері

Біз реттеуші органнан ипотекалық қарыздарды өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) қаражатын пайдалануға қатысты ақпаратты нақтылап жатырмыз.
Қазіргі уақытта біздің клиенттеріміз БЗТ қаражатын бұрынғыдай негізгі борышты да, пайыздарды да өтеу үшін пайдалана алады.
Ресми түсініктеме алғаннан кейін барлық өзгеріс туралы міндетті түрде хабарлаймыз.

Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, енді біржолғы зейнетақы төлемдері ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тек негізгі борышты ішінара немесе толық өтеуге бағытталуы мүмкін. Зейнетақы жинақ ақшасы есебінен пайызды, өсімпұлды және айыппұлды өтеуге енді жол берілмейді. Бұрын мұндай мүмкіндік ережеде қарастырылған болатын.

Сонымен қатар өтініш беру тәртібі өзгертілді. Арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші зейнетақы қаражатын пайдалану туралы электронды өтінішті толтырады, онда шот нөмірін, пайдалану мақсатын және қолдануға болатын соманы көрсетіп, ЭЦҚ арқылы куәландырады. Бұрын осы өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілі де көрсетілуі тиіс еді.

Бұған қоса бұйрықта тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайларға және жақын туыстарға беруге болатыны әрі олардың бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға бере алмайтыны нақтыланған.

Бұдан бөлек растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы шотына қайтарылады. Ал қаражат қате аударылған жағдайда, уәкілетті оператор үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің келісімімен БЖЗҚ-ға хабарлама жолдайды, содан кейін БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш берушінің шотына қайта аударады.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жеке табыс салығынан босатуға қатысты қағидаларды қоспағанда, 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
«JAÑA ипотека» бойынша кепілге салынған ақша депозитке аударылады

«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін жоспарлы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2240-шот («Клиенттердің міндеттемелерін қамсыздандыру (кепілге қою, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты») алынып тасталады. Осыған байланысты клиенттердің міндеттемелері бойынша кепілге салынған ақша ретінде қабылданған ақшалай қаражатты сақтауға арналған шот үлгі шот жоспарынан алынып тасталады.


Осы өзгерістер аясында ЦентрКредит Банкі «JAÑA ипотека» өнімі бойынша қарызды қамсыздандыру ретінде пайдаланылатын кепілге салынған ақшаны «Кепілдік» депозитіне аударады.


Бұл клиент үшін нені білдіреді:

- кепілге салынған ақша депозит ретінде ресімделеді

- депозит бойынша жылдық 0,1% мөлшерінде сыйақы есептеледі

- бұл клиентке талаптарды жақсартады, себебі бұған дейін сыйақы есептелмеген.

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті түрде кепілдік беріледі


bcc.kz қолданбасында пуш-хабарлама жіберілгеннен кейін, келесі құжаттарға онлайн қол қоюыңыз қажет:

  • депозит ашу туралы өтініш;
  • «Кепілдік» депозиті шарты;
  • қажет болса, жұбайының (зайыбының) келісімі;
  • банктік қарыз шартына қосымша келісім.


Қарыздың талаптары мен оған қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударыңыз.


bcc.kz қолданбасы әлі орнатылмаған болса, оны QR-код арқылы жүктеп алыңыз.

Сұрақтарыңыз болса, 505 нөмірі арқылы бізбен байланысыңыз.

Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
2026 жылдан бастап бизнес-клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі туралы ақпарат

Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлаймыз, оған сәйкес жекелеген банк комиссияларына ҚҚС (қосылған құн салығы) салынады.
Мұндай қызметтер бойынша Банктің тарифтері қосымша немесе жасырын төлемдерсіз, ҚҚС-ны есепке ала отырып көрсетілген.
Банк бизнес-клиенттерге тиімді қызмет көрсету талаптарын сақтайды.

Жекелеген өнімдер бойынша тарифтердің/сыйақылардың өзгеруі туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша берілген:
Факторинг
16.02.2026 ж. бастап BCC төлемдері

Тарифтерге және (немесе) банк қызметтерін көрсету талаптарына қосымша өзгерістер енгізілген жағдайда, Банк клиенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде хабардар етеді.

Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.

Жаңалықтар
2026 жылдан бастап тарифтердің өзгеруі туралы жеке тұлғалар үшін ақпарат

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жекелеген банк қызметтеріне қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады. Аталған күннен бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға тең болады.

ЦентрКредит Банкі өнімдері бойынша тарифтердің басым бөлігі өзгеріссіз қалады. Өзгерістер төлемдерге қатысты болады — жаңа тарифтер 2026 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптарды сілтеме бойынша «Тарифтер» бөлімінен қарауға болады.

Сеніміңізге мың алғыс. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және банк қызметтерін сізге ыңғайлы әрі пайдалануға жеңіл етуді жалғастырамыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі жеке тұлғаларға «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот» атты жаңа өнімді ұсынады

Шот өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелген жеке тұлғалардың кәсіби қызметтен түскен кірістерін аударуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолдану аясында есеп айырысуға арналған.

Шотты bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим сізге сай, егер:

  • Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе қандас болсаңыз.
  • Қызметті жалдамалы қызметкерлерсіз өз бетіңізше жүзеге асырсаңыз.
  • Кірісіңіз айына 300 АЕК-тен аспаса, шамамен 1 297 500 ₸ болса.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызмет түрімен айналыссаңыз (тізбені ҚР Үкіметі бекіткен).
Жаңалықтар
Плановые технические работы 19 января 2026 года

19 января до 15.30 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны операции с банкоматами.

Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.

Жаңалықтар
Шот ашу ережелері өзгерді: ЦентрКредит Банкі жаңа талаптарды енгізуге дайындалып жатыр

Жаңа талаптар аясында ЦентрКредит Банкі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жеке шоттар мен карталарды дайындап жатыр. Бұл шешім клиенттерден төлем қабылдауды жеңілдетіп, жеке және кәсіптен түскен қаражатты бөлуге мүмкіндік береді. Сервисті іске қосу клиенттер үшін барынша оңай әрі ақауларсыз өтуі үшін шешім әзірленіп жатыр. Аталған жаңа сервисті іске қосу туралы қосымша хабарлаймыз.  

Толығырақ сілтеме бойынша 

Жаңалықтар
Астана және Ташкент әуежайларындағы CIP-залдар: премиум карта иелеріне арналған Visa акциясының аяқталуы

Назар аударыңыз: #IronCard және #TravelCard премиум карталарының иелері Астана және Ташкент әуежайларындағы CIP-залдарға 2026 жылғы 1 ақпанға дейін тегін кіре алады. 

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша еуромен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

27.01.2026 ж.  жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша еуромен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/ 

Жаңалықтар
Несиелерді есептен шығару туралы жалған ақпарат

Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиені есептен шығару туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, делдалдарға жүгінбеуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.

Қазіргі уақытта қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен бірлесіп әрекет етуінің бірыңғай тәртібі қолданылады.

«Проблемалық қарыз» бөліміне сілтеме: https://www.bcc.kz/kz/personal/other/troubled-debt/

Жаңалықтар
Белсенді емес ағымдағы шоттарды жабу тәртібі туралы хабарлама

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі – Банк) осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге өз құрметін білдіреді және Банкке білдірген сеніміңіз үшін алғыс айтады. 

Осы хабарлама заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып саналатын клиенттерге, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған шаруа (фермер) қожалықтарына (бұдан әрі – Клиенттер) жолданады. 

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес, клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында қарастырылған тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк өзі дербес жүзеге асырады. Заңның 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам ақша болмаған жағдайда банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (банктік шотты жабуға) құқылы. Заңның 29-бабының 7-тармағында клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және банктік шоттарды жабады деп қарастырылған. 

Банк соңғы 12 (он екі) айдан асатын кезең үшін қалдық 0 (нөлге) тең және Хабарлама орналастырылған күннен бастап келесі 3 (үш) айда ақша қалдығы болмайтын банктік шоттардың жабылғаны туралы (жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаудан бас тарту туралы) хабарлайды. Бұл ретте ағымдағы шоттарды жүргізу және жабу үшін комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес алынады. Іскерлік қатынастарды тоқтатумен келіспеген жағдайда, Банкті жазбаша түрде хабардар етуді немесе ағымдағы шот бойынша ақша аудару операциясын (яғни төлем жасау және (немесе) ақша аудару) жүргізуді немесе банктік салымды толықтыруды сұраймыз. 

 

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ. 

 

Осы Хабарламаның жарияланған күні: 202___ жылғы «___» _________. 

Жаңалықтар
Сейфтік қызметтер бойынша тарифтер жаңартылды

2026 жылғы 03 ақпаннан бастап ЦентрКредит Банкіндегі сейфтік қызметтер бойынша жаңартылған тарифтер күшіне енетінін хабарлаймыз. Тарифтермен мына жерде таныса аласыздар.

Ыңғайлы болу үшін сейф ұяшығын bcc.kz мобильді қолданбасында онлайн түрде брондауға немесе банк бөлімшелерінің кез келгеніне баруға болады.

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі төртінші шығарылым облигацияларының өтелуі туралы хабарлама

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың төртінші шығарылымын (ISIN KZ2C00004554) өтеу туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (30.12.2025 жылғы № 23-27/15223) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды.

Жаңалықтар
2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Инвесторларға
Банк ЦентрКредит CCBNb32 облигацияларын толық өтеді

Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 29 желтоқсаныңда облигацияларды шығару шарттарына сәйкес CCBNb32 (ISIN KZ2C00004554, «Негізгі» алаңы, "Облигациялар" санаты) облигациялардың соңғы 14-ші купондық сыйақысымен бірге өтелгенін хабарлайды.

Төленген негізгі борыш сомасы - 51 710 939 600,00 (елу бір миллиард жеті жүз он миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың алты жүз) теңге 00 тиын, 14-ші купондық сыйақы сомасы 2 831 173 943,10 (екі миллиард сегіз жүз отыз бір миллион жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз қырық үш) теңге 10 тиын.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
Плановые технические работы 26 декабря 2025 года

26 декабря с 03:00 до 04:00 будут проводиться плановые технические работы. В связи с этим будут недоступны операции по картам, платёжным терминалам и банкоматам, платежи и переводы в приложении bcc.kz, а также мобильный банкинг.

Жаңалықтар
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап bcc plus жазылымдарының тарифтері өзгереді

Құрметті клиенттер! 

Сіздерді bcc plus Standard, Comfort, Premium, Private және Private+ жеке тұлғаларға арналған қызмет пакеттерінің тарифтерінде өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз. 

Өзгерістер 2026 жылдың 05 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
bcc.kz қолданбасындағы «24/7 режиміндегі жеке консьержіңіз» қызметі уақытша өшірілді

Құрметті клиенттер!

Техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты bcc.kz қолданбасындағы «24/7 режиміндегі жеке консьержіңіз» сервисі уақытша жұмыс істемейді.

Қызметтің қайта іске қосылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.

Сіздер Visa консьерж-сервисінің қызметтерін Telegram (https://t.me/VisaConciergeBot) және WhatsApp (https://wa.me/380443000503) арналары арқылы пайдалана аласыздар.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
БЗЖҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер

Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне өзгерістер енгізілді.

Стандарт салық шегерімдерін қолдану мерзімі

2025 жылғы 15 шілдедегі №208-VIII ҚР Заңымен Салық кодексінің 48-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгеріс — БЗТ түрінде кірістерге стандарт салық шегерімдерін қолдану бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.

Егер сіз 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында БЗТ алған болсаңыз және стандарт шегерімдерді қолдануға құқығы бар тұлғалар санатына жатсаңыз (ҚР СК 346-бабының 1-тармағының 2 және 3-тармақшалары), бірақ шегерімдерді толық қолданбаған болсаңыз — 2025 жылдың соңына дейін БЗЖҚ-ға өтініш беріп, растайтын құжаттарды (БЗЖҚ автоматты түрде алатын құжаттарды қоспағанда, мысалы, мүгедектік туралы мәліметтер) ұсына аласыз.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді, оған сәйкес:

ҚР жеке тұлға резиденттеріне БЗЖҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ), жеке табыс салығынан (ЖТС) толық босатылады.

ҚР бейрезиденттері бойынша ЖТС ұстау сақталады.

01.01.2026 жылғы жай-күй бойынша кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық міндеттеменің күші жойылады.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық қалай қолданылады

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін БЗТ бойынша 10% ЖТС қолданыстағы нормаларға сәйкес (01.01.2026 жылдан бастап күшін жоятын Салық кодексі) ұсталады. Кейінге қалдырылған ЖТС ай сайын тең үлестермен 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ұсталады (353-1-бап, 2-тармақ, 2-тармақша) немесе алушы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (353-1-бап, 6-тармақ), төлемдер еңбек сіңірген жылдары үшін жүргізілсе (353-1-баптың 7-тармағы), «ЖТС-ны біржолғы ретпен ұстап қалу» тәсілі таңдалған болса, біржолғы түрде ұсталады.

Зейнетақы жинақтарымен операция жүргізген кезде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) салық салу ережесіне енгізілген өзгерістер туралы толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/

Жаңалықтар
1 ақпаннан бастап DragonPass залдарына тегін кірудің жаңа талаптары күшіне енеді

1 ақпаннан бастап әуежайлардағы DragonPass залдарына тегін кіруге қатысты Visa-ның жаңа талаптары күшіне енеді:

  • #IronCard — айына кемінде 550 000 теңгеге сауда жасау қажет
  • #TravelCard — айына кемінде 300 000 теңгеге сауда жасау қажет


Премиум картаңызды белсенді түрде пайдалануды ұсынамыз, себебі жаңа ереже 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді. Бизнес-залдарға тегін кіру үшін 26 желтоқсаннан бастап жасалған сауда есепке алынады.

Бұрынғыдай, сапарға дейінгі соңғы 5 күн есептелмейді.

Өзгеріс келесі қызметтерге қатысты болады: 

  • DragonPass залдары
  • Fast Track International қызметі
  • Астана әуежайының VIP-залындағы лаунж
  • Алматы және Астана әуежайларында жүкті орау
  • Алматы әуежайында жүкті сақтау
  • Алматы әуежайынан трансфер қызметі
  • Forbes журналының онлайн-нұсқасын пайдалану
Жаңалықтар
Сыйлықты қазір алып, ақысын кейін төлеңіз: #картакарта арқылы кредит лимитін пайдаланыңыз
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді