Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Құрметті клиенттер!

Сіздерге 10.04.2019 ж. №64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енгенін хабарлаймыз. Бұл өзгерістерге сәйкес резидент жеке тұлғалардың:

 • бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шартының;

• басқарушы инвестициялық бейрезидент портфельмен жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының негізінде жасалған есептік тіркеуі жойылған.

 Есептік нөмірлері 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тағайындалған резидент жеке тұлғалардың валюталық шарттары Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден шығарылған және есептік нөмір реестрінен жойылған болып саналады.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі корпоративтік клиенттер үшін ESG бойынша семинар өткізді

2024 жылғы 4 қыркүйекте ЦентрКредит Банкі  «Ernst & Young – консультациялық қызметтер» (EY) компаниясымен бірлесіп, ірі бизнес саласындағы кәсіпкерлер үшін ESG және тұрақты даму мәселелері бойынша хабардар болушылықты арттыруға бағытталған семинар өткізді. The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде өткен іс-шараға 100 шақты қатысушы жиналды.

Шараны «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті және Басқарма мүшесі Нұрлан Шегебаев құттықтау сөзімен ашты. Ол бизнес үшін ESG маңызын атап өтіп, банктің тұрақты даму саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

«Соңғы жылдары тұрақты даму мәселелері жаһандық экономиканың негізгі мәселелеріне айналды. ESG қағидаттарын жүзеге асыру қоғам мен қоршаған ортаның болашағына қосқан үлесіміз ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді және табысты дамуға ұмтылатын әрбір компания үшін стратегиялық қажеттілік», - деді Нұрлан Шегебаев.

Сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің тұрақты даму жөніндегі директоры Арнұр Ибраев «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ESG-трансформациясының негізгі нәтижелеріне, соның ішінде Орта Азия банктерінің арасында бірінші болып қабылданған климаттық стратегияға, Банктің тұрақты даму жөніндегі алғашқы есебіне және халықаралық S&PGlobalCSA агенттігі берген жоғары  ESG-бағаға жан-жақты тоқталып өтті. Бұдан бөлек тұрақты даму саласында жоспарланып жатқан өзгерістер мен олардың клиенттермен және серіктестермен жұмыс жасауға ықпалы атап өтіліп, ESG аясындағы қаржылық сектордың жаңа үміттеріне сәйкес болуға ұмтылудың маңыздылығы баса айтылды.

«Біздің компания ESG саласындағы жетістіктерімен бөлісе отырып, семинарға қатысуға қуанышты. ESG күн тәртібінің бизнес үшін маңызын көрсететін осындай іс-шараларды өткізу тамаша бастама деп есептейміз, өйткені ол ESG жетілу деңгейін арттырып, тұрақты даму саласындағы тәжірибе мен соңғы трендтермен алмасуға мүмкіндік береді. Компаниялар алған білімдерін болашақта ESG саласындағы қаржы секторының талаптарына дайындалу үшін пайдалана алады», - деп өз пікірімен бөлісті «АК Алтыналмас» АҚ ESG бөлімінің басшысы Тимур Мурсалимов.

Қазақстандағы ең ірі алтын өндіруші компаниялардың бірі ретінде «АК Алтыналмас» АҚ қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы озық тәжірибелерді белсенді түрде енгізуде.

ЦентрКредит Банкінің климаттық стратегиясын әзірлеуге қатысқан сарапшылар әлемдік және қазақстандық ESG-трендтерге шолу жасады.  Олар ESG-тәуекелдерді басқару, тұрақты қаржыландыру мәселелерін қозғап, сонымен қатар қаржылық емес ақпаратты ашу және заманауи стандарттарға сай болуға ұмтылатын компаниялар үшін негізгі аспектілер болып табылатын ESG-рейтингтерге қол жеткізу мәселесін талқылады.

«Қайта өңделетін қаптама өндірумен айналысатын және тұрақты даму саласындағы бастамаларды белсенді түрде қолдайтын Ecolean Kazakhstan компаниясының өкілі ретінде, мен үшін семинарға қатысу өте қызық болды. ЦентрКредит Банкінің клиенттері бола тұра, біз банктің экодогия мен тұрақты даму саласындағы әрекеттерін бағалаймыз. Банктің осы бағытта нақты қадам жасап жатқаны – ерекше қуантарлық жағдай. Біз осы бағыттың дамуына септігін тигізетін болашақ бастамалар туралы көбірек ақпарат алып, олардың компаниямыз үшін қаншалықты тиімді болатынын түсінгіміз келеді», - деп Ecolean Kazakhstan компаниясының өкілі өзінің семинардан алған әсерімен бөлісті.

Аталмыш шара қатысушыларға тұрақты бизнес тәжірибесін енгізу компанияларға тұрақты дамудың жаңа тенденцияларына бейімделуге және нормативтік талаптарды сақтауға қалай көмектесетінін анық көрсетті. Атап өтерлік жайт, ЦентрКредит Банкі осындай іс-шараны алғашқылардың бірі болып өткізіп, өз клиенттерінің ESG саласында дамуын арттыруға және бүкіл бизнес-қоғамдастықтың тұрақты дамуына көмектесуде.

 ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары рубльмен бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтердегі өзгерістер

30.10.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары рубльмен бойынша кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданылады


Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 09 қазаныңда CCBNb28 (ISIN KZ2C00003424) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды. 

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 1 107 693 785 (бір миллиард жүз жеті миллион алты жүз тоқсан үш мың жеті жүз сексен бес) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер

ISO 20022 стандартындағы өзгерістер

Қазақстанда 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап төлем құжаттарына қатысты өзгерістер күшіне енеді. Басты жаңартулардың бірі - нақты төлеуші/төлем алушыны, ақша жіберушінің/бенефициардың резиденттік елін көрсетуге арналған жолдар қосылды.

  • Нақты төлеуші - атынан төлем жасалатын тұлға немесе ұйым.
  • Нақты төлем алушы - қаражат алатын немесе пайдасына төлем жасалатын тұлға.

Нақты төлеушіні, нақты (ақырғы) төлем алушыны, олар тиісінше бір ақша жіберушімен, бенефициармен бір тұлға болса, оларды көрсету талап етілмейді.

  • Ақша жіберушінің / бенефициардың резиденттік елі - тек бейрезиденттер бойынша көрсетіледі.

Резиденттік елін көрсеткен кезде ISO 3166-1-2016 стандартына сәйкес келетін халықаралық екі әріпті ел кодын пайдалану керек.

Бұл өзгерістер төлемдердің, әсіресе бірнеше тарап қатысқан кезде, дәлдігі мен ашықтығын жақсартуға көмектеседі. Жаңа талаптармен жұмыс істеуге жүйелерді дайындап қойғандарыңыз дұрыс.

Толығырақ

Жаңалықтар
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты

2024 жылғы 24 қыркүйекте Орталық Азия Экологиялық Зерттеу Институты (CAIER) және Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (Агенттік) ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті. Кездесудің тақырыбы «Қаржы секторында тұрақты даму күн тәртібін дамыту. Әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді басқару нұсқаулығы» болды.

   Жиынды Агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымова ашып, ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) күн тәртібінің қаржы секторы үшін маңыздылығын атап өтті. IFC сарапшылары ESG тәуекелдерін басқарудағы әлемдік трендтер туралы баяндама жасап, IFC стандарттарын Қазақстан қаржы нарығында қолдану бойынша өз көзқарастарымен бөлісті. АРРФР өкілдері ESG қағидаттарын енгізудің жаңартылған жол картасын таныстырып, ESG тәуекелдерін басқару жүйесін қаржы ұйымдарының қызметіне енгізу жоспарын ұсынды.

   Банк ЦентрКредит АҚ атынан CFO, вице-президент, Басқарма мүшесі А.С. Овсянникова және CSO, Тұрақты даму департаментінің директоры А.Т. Ибраев қатысып, банктің ESG трансформациясының негізгі нәтижелерін, жауапты қаржыландыру саясатын енгізудегі тәжірибесін және банктің климаттық стратегиясы бойынша алдағы жоспарларын талқылады.

   Дөңгелек үстел қатысушылары Банк ЦентрКредиттің ESG бағытында қол жеткізген жетістіктерін, әсіресе оның S&P Global Corporate Sustainability Assessment бағалауы аясындағы жоғары ESG бағасын атап өтті. Сарапшылар бұл жетістік банктің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік стандарттарына жоғары бейілділігін тағы бір рет растады.

Ескертпе:

Агентство – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

CAIER – Орталық Азия Экологиялық Зерттеу Институты;

IFC – Халықаралық Қаржы Корпорациясы.

 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!

Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:

➢ Ағымдағы шотта қозғалыс болған кезде, оны ерекше талаптар аясында жүргізу-0 KZT

Өзгерістер 30.09.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Жаңалықтар
Зейнетақы картасы: тарифтердің өзгеруі

#үлкенгеқұрмет картасының тарифтерін қайта қарадық –нарықтағы ең тиімді талаптарды ұсынамыз.

Енді бұл операцияларды зейнетақы картасын ұстаушылар тегін жасай алады:

  • ЦентрКредит Банкінің кассасынан қолма-қол зейнетақы алу;
  • ЦентрКредит Банкінің банкоматтарынан айына 3 рет балансты сұрау.

Тарифтерге енгізілген өзгерістер 27.09.2024 жылы күшіне енеді.

#үлкенгеқұрмет картасын ұстайтын қадірлі клиенттерімізге құрмет және үздік қызмет көрсетіледі

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ҚР банктері арасында S&P агенттігінің ең жоғары ESG бағасына ие болды

2024 жылғы 2 қыркүйекте S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P Global CSA) аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа 61 балл (100 балдан) берілді, бұл Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері арасында ең жақсы нәтиже болды.

Банк экологиялық аспект бойынша 65 балл («E», Environmental Dimension), әлеуметтік аспект бойынша 56 балл («S», Social Dimension), ал басқару және экономикалық аспект бойынша 63 балл («G», Governance & Economic Dimension) алды.

Жаһандық банк индустриясындағы позиция тұрғысынан «Банк ЦентрКредит» АҚ 2023 жылғы қаржы нәтижелері бойынша S&P Global CSA бағалауына қатысқан әлемнің барлық банкі арасында үздік 10% (91-ші перцентиль) қатарына енді (BNK - Banks саласы).

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 61 балл деңгейіндегі бағасы 91-ші перцентильмен үйлесімде Банктің орнықты даму саласындағы тәжірибені ұстанатындығын куәландырады. Бұл мемлекеттің, инвесторлардың және өзге де мүдделі тараптардың қаржы институттарының ESG бейініне назарының артуын ескергенде ерекше маңызды, сондай-ақ оның банк секторындағы жаһандық бәсекелестерімен салыстырғанда көшбасшылығын көрсетеді.

Finvizier Consultancies DMCC (БАӘ, Дубай) S&P Global CSA ESG бағасын алу бойынша Банктің кеңесшісі болды.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment – бұл S&P Global холдингінің компаниялар қызметін орнықты даму тұрғысынан жыл сайынғы бағалауы, оның аясында компаниялар 0-ден 100-ге дейінгі балдық шкала бойынша баға алады, мұнда 100 балл – ең үздік нәтиже. S&P Global CSA бағалауы The Sustainability Institute by ERM институты дайындаған «Rate the Raters 2023» есебіне сәйкес, көптеген инвестор мен компанияның пікірі бойынша ең сұранысқа ие, пайдалы әрі сапалы ESG бағалауларының бірі болып танылады.

S&P Global – құрамына S&P Global Market Intelligence компаниясы кіретін, бүкіл әлем бойынша компаниялар үшін ESG бағасын беру жөніндегі қызметті ұсынатын америкалық жария холдинг.

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ CCBNb27 (ISIN KZ2C00003317) облигациялары екінші нарықта толық өтелуіне байланысты, он сегізінші купондық сыйақы төленбейтіні туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
Депозиттерге кепілдік беру жүйесі

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымдарды қорғау қалай жұмыс істейтіні туралы бейнероликтер шығарды. Онда депозиттерге кепілдік беру жүйесі, өтемақы алу процесі және жинақтарыңызды сақтау әрекеттері туралы айтылады.


Қордың ресми YouTube арнасынан бейнелерді қараңыз:



Жаңалықтар
ЦКБ басшысы Руслан Владимиров Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік CEO-сы атанды

Биыл 19 қыркүйекте Алматы қаласында жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum аясында үздік басшыларды марапаттау рәсімі өтті.

Сарапшылар кеңесінің талқылауы нәтижесінде «Жылдың ең үздік CEO-сы» атағы ЦентрКредит Банкі Президенті Руслан Владимировқа берілді.

“Сарапшылар кеңесіне және үздік басшыларды таңдауға қатысқан барша жандарға алғысымды білдіремін. Бұл ЦКБ командасының бірлескен жемісті жұмысының нәтижесі. Біз әр клиентпен серіктестік қатынастарымызды мақтан тұтамыз және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа жетістіктерге сенімді қадам басудамыз. Барлық клиенттерімізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын”, — деп атап өтті ЦентрКредит Банкі Президенті Руслан Владимиров.

Номинанттарды іріктеу және жеңімпаздарды анықтау барысында Kazakhstan Growth Forum сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты. Атап айтсақ: Елдар Абдразаков (Kazakhstan Growth Forum), Маржан Меланич (Kazakhstan Growth Forum), Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының кеңесі), Ерлан Досымбеков (EY), Екатерина Бенджамин (IFC), Дана Инкарбекова (PwC), Дина Урастаева (Qazaq Independent Directors), Дулатбек Икбаев (McKinsey&Company), Ораз Жандосов (РАКУРС), Ержан Досымбеков (Grant Thornton), Алина Алдамберген (KASE), Андрей Беклемишев (IDC).

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттар жабылады

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,
    клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.

25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.

Жаңалықтар
Абайлаңыз, өздерін коллектор деп таныстыратын алаяқтар пайда болды

ЦентрКредит Банкі өздерін банк қызметкері деп таныстыратын белгісіз тұлғалардың (көп жағдайда дауыстық боттардың) қоңырау шалуы туралы ескертеді. Олар кредит бойынша мерзімі өткен берешек туралы, сондай-ақ осы берешектің коллекторлық агенттікке берілгені туралы хабарлайды. Алаяқтар тіпті қолданыстағы кредиті жоқ қазақстандықтарға да қоңырау шалуда.

Бірнеше күннен кейін басқа телефон нөмірінен екінші қоңырау шалып, өздерін банктік кредит табысталған коллекторлық агенттік қызметкері ретінде таныстырады. Бұл кезеңде алаяқтар бірнеше тәсілмен алдап, ақша иемденуге немесе дербес деректерді алуға тырысады.

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады:

Жеке деректеріңізді: банк картасының толық нөмірін, PIN-кодты, қолданыс мерзімін, мобильді қолданбадағы жеке кабинетіңізге кіруге арналған логин мен парольді, операцияны растау үшін SMS-хабарламамен келген кодты және т.б. ешқашан ешкімге айтпаңыз.

Егер сізге күдікті қоңырау шалынса, тұтқаны қойып, ресми ақпарат алу үшін 505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкіне хабарласыңыз. Бұл – алаяқтықтың алдын алудың ең сенімді тәсілі.

Жаңалықтар
Алматыда TURAQTY JOL экокампаниясы аясында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

ЦентрКредит Банкінің ESG дирекциясының басшысы Арнур Ибраев банктің осындай жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті: «Біз байқауға планетамызға қамқорлық танытатын көптеген талантты адамдардың жиналғанына қуаныштымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз маңызды экологиялық мәселелерге назар аударады және біз үшін осындай жобаларды іске асыруда UNESCO-ның серіктесі болу үлкен мәртебе». ЦентрКредит Банкінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтынын айта кеткен жөн.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды: бейнелеу өнері, қолданбалы өнер және фотосурет. Финалистердің жұмыстары қазіргі заманның экологиялық қатерлеріне креативті көзқарасты көрсетеді.

«TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясындағы шығармашылық байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Барлығы жоғары деңгейде өтті және бұл жоба бізге өз идеямызды кенепте бейнелеп, экологиялық мәдениетті ілгерілетуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік берді. Мен маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деп ойымен бөлісті «Қоғам таңдауы» номинациясының жеңімпазы Ермахан Әсемай.

TURAQTY JOL – жастарды туған жерін құрметтеуге және экологиялық құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Биыл бұл жобаны ЦентрКредит Банкінің, «Шеврон» компаниясының және «Шымбұлақ» тау курортының қолдауымен ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы іске асырды.

Жаңалықтар
Баға қойғаныңыз үшін сыйлық береміз💚

Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: үстел сағаттарын, ақылды термостарды, поло жейделерін және жамылғыларды ұтып алыңыз.


📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?

2024 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.


7 қазан күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:

  • жеке тұлғалар арасында 50
  • бизнес-клиенттер арасында 30.

 

Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.

Толығырақ

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 14 тамызында CCBNb30 (ISIN KZ2C00004158) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды. 

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
«Кең дала» бағдарламасы бойынша агрокредит алыңыз

«Кең дала» бағдарламасы – егін жинау жұмыстарын жүргізуге тиімді шарттармен кредит алу мүмкіндігі:

- шешiм 5 минутта

- 5 млн теңгеге дейін

- ⁠ мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,09% - 5,1%)

Бағдарламаға қатысатын өңірлердің тізімі:

1. Абай обл. (Семей қ.);
2. Ақмола обл. (Көкшетау қ.), Астана қ.;
3. Шығыс Қазақстан обл. (Өскемен қ.);
4. Қостанай обл. (Қостанай қ.);
5. Павлодар обл. (Павлодар қ.);
6. Солтүстік Қазақстан обл. (Петропавл қ.).

Жинауға арналған дақылдар: бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық.

Кредит ресімдеу үшін: 

- Қызмет мерзімі кемінде 36 ай болуы тиіс;

- Бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық дақылдары үшін әр дақылға кемінде 90 гектар егіс алқабы болуы тиіс;

- Статистикалық есептілік және/немесе егілген алқап көлемі туралы ЖАО-дан алынған анықтама.

 
Кеңес алуға арналған телефон: 605.

 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ)қорытынды іс-шарасында «жасыл» жобаларға кредит беру тәжірибесімен бөлісті

Астана, 2024 жылғы 13 тамыз 

ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ) «Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестиция салу кезінде тәуекелдерді азайту» атты қорытынды іс-шарасына қатысты. 

БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика сеткорына инвестиция салу кезіндетәуекелдерді азайтуға бағытталған жоба нәтижелерін назарға ұсынды. Іс-шара барысында сарапшылар ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, саланы дамыту перспективаларын және қаржылық және қаржылық емес қолдау механизмдерін әрі қарай енгізу жөніндегі жоспарларын талқылады. 

ЦентрКредит Банкі, «жасыл» жобаларды қаржыландыру бағдарламаларының белсенді қатысушысы ретінде «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.  Тұрақты даму жөніндегі (ESG) дирекцияның басшысы Арнур Ибраев банктің  ESG-трансформациясына, сондай-ақ банк қызметіне «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беруқағидаттарын енгізуге тоқталып өтті. Ол сондай-ақ ЕҚДБ-мен және БҰҰДБ-мен ЖЭК пен жасыл технологиялар саласында бірлескен бағдарламалардың табысты түрде іске асырылуын атап өтті. 

Банк осы жылы банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттар, іс-шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат болып табылатын климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Баяндамада «жасыл» портфельдің өсу мақсаттарын анықтау тәсілі ұсынылды. 

БҰҰДБ-ның «ЖЭК-ке инвестиция салудағы тәуекелдерді азайту» жобасы туралы:

Жоба БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің серіктестік құруы арқылы, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауымен іске асуда. Бұл жоба инвесторлар үшін қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді азайту есебінен ЖЭК –ке инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.

Жаңалықтар
Қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер

Құрметті клиенттер!

Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:

➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын ашу-50 000 KZT

➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын жүргізу- 10 000 KZT

Өзгерістер 13.08.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізу

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 13 тамыздан бастап бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізеді:

5.6-тармақ. Ақша аудару деректемелеріне өзгеріс енгізу, ақша аударудың күшін жоюға сұрау салу, бенефициарға ақшаның аударылған күнін растауға сұрау салу, соманы іздестіру және шетел валютасында клиенттік ақша аудару бойынша өзге де сұрау салу (шетелдік банк ұстаған комиссия сомасы, оның ішінде ҚҚС туралы)

5.6.1-тармақша. ТМД елдерінің валюталарында - 10 000 теңге

5.6.2-тармақша. ТМД елдерінің валюталарынан басқа - 25 000 теңге

Жаңалықтар
Телемедицина

Телемедицина – дәл осы жерде және дәл қазір клиникаға бармай-ақ, ешқандай кезексіз телефон қолданбасы арқылы алғашқы медициналық кеңес алу мүмкіндігі. Кеңес беру қызметін барлық бейіндегі дәрігерлердің, оның ішінде педиатрлардың халықаралық желісі бар «Дәрігер Онлайн» сервисі ұсынады. Сервистің маңызды ерекшеліктері – отбасылық кеңес алу және шектеусіз мөлшерде өтінім беру мүмкіндігі.

Дәрігерлерден кез келген ыңғайлы уақытта кеңес алыңыз - чат, телефон немесе бейне қоңырау арқылы: диагноз және емдеу бойынша ұсыныстар сіздің жеке кабинетіңізде сақталады

НАУҚАН

Сіз және сіздің отбасыңыз үшін телемедицина – «Премиум» және «Ультра» пакеттеріндегі жаңа қызмет. 3, 6, 12 айға «Премиум» немесе «Ультра» қызметтер пакетін қосып, 0 теңгеге телемедицина алыңыз.

Науқан мерзімі: 01.08.2024 бастап 31.12.2024 дейін

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен ЯндексІздеуден ақша немесе ақылды бағанша ұтып алыңыз!

1 тамыз бен қоса алғанда 30 қыркүйек аралығында акцияға қатысыңыз! 
bcc.kz қолданбасында білім санатында ЦентрКредит Банкінің картасымен төлем жасап, смартфоныңызда Яндекс іздеу қызметін қосыңыз. 

100 000 теңге және Алиса Лайт ақылды бағаншасы ойнатылады!

Акцияға қалай қатысуға болады?

1-қадам

  • ЦентрКредит Банкінің кез келген картасын ашып, bcc.kz қолданбасына кіріңіз.
  • «Төлемдер» бөлімінен «Білім» санатын таңдап, тізімнен өз оқу орныңызды табыңыз.
  • 10 000 теңгеден басталатын сомаға төлем жасаңыз.


2-қадам

Android немесе iOS ОЖ-де шолғышыңыздағы  іздеу қызметін ауыстыру

  • Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы үш нүктені басып, «Баптау» тармағын таңдаңыз
  • “Іздеу жүйелері” параметріне өтіңіз
  • “Яндекс” (немесе “Yandex”) іздеу жүйесін таңдаңыз
  • Адрестік жол арқылы кез келген сөзді іздеп көріңіз

Жүлделер:

  • 100 000 теңгелік 6 ақшалай жүлде (Алматы  қ. 3 жеңімпаз және Астана қ. 3 жеңімпаз)
  • 14 Алиса Лайт бағаншасы (Алматы қ. 7 жеңімпаз және Астана қ. 7 жеңімпаз)


*Әр жеңімпаз акция аясында бір ғана жүлдеге ие болады

4 қазанда біз @centercredit Инстаграм парақшамызда тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жүлдегерлерді анықтайтын боламыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі жеке тұлғаларға жаңа өнімді – «Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ұсынады

Шот 2023 жылғы наурыз айында күшіне енген және азаматтарға қажетті шарттар сақталған кезде банкроттықты ресімдеу құқығына кепілдік беретін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға сәйкес борышкердің қаражатын есепке алуға, ағымдағы шығыстарды өтеуге және сот арқылы банкроттық рәсімі шеңберінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға арналған.

Шотты банк бөлімшесінде ашуға болады.

«Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ашуға арналған құжаттар:

  • Жеке куәлік.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның оны борышкерге қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізуге қаржы басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрығы.
  • Борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы сот ұйғарымы.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді