E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2021 жылғы 17 мамыр CCBNb20 (ISIN –
KZ2C00000560) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды.
Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы – 140 000 000 (жүз қырық миллион) теңге 00 тиын.
«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) Банктік қызмет көрсету шартының талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы) басшылыққа ала отырып, Сізге нөлдік қалдығы бар ағымдағы шоттардың жабылғандығы туралы хабарлайды.
Бұл ретте ағымдағы шоттарды жүргізгені және жапқаны үшін комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес алынады.
Іскерлік қатынастардың тоқтатылуымен келіспеген жағдайда, Сізден Банкті жазбаша хабардар етуді немесе ағымдағы шот бойынша аударым операциясын (яғни төлем және (немесе) аударым) жасауды сұраймыз.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ