E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион», «Рақмет» және «Менің мақсатым» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Орталық Азиядағы Нобель сыйлығының лауреаттарының еңбектері жинақталған алғашқы кітапхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл ерекше жоба ЦентрКредит Банкінің, сондай-ақ Reinventing Bretton Woods Foundation және Корпоративтік Нобель фестивалінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Кітапхананың қорында әлемнің жетекші ғалымдары ұсынған 2500 кітап, қолжазба және мұрағаттық материал бар. Жоба ғылым мен білімді дамытуға және білім мен идеяларды еркін алмасуға арналған кеңістік құруға бағытталған.
«Біздің кітапхана - қоғамның дамуына, оның мәдениетіне үлес қосатын Гарвард, Стэнфорд, Кембридж кітапханаларының үлгісі бойынша бүкіл Орталық Азияның ғалымдары, докторанттары үшін ұжымдық пайдаланудың зияткерлік, білім беру және зерттеу орталығына айналады.Мұнда біздің ғалымдар мен студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кең ғылыми қорды пайдалана алады" - деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп.
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Бреттон-Вуд қоры кітапханасының ашылуы – Қазақстан мен Орталық Азияда ғылым мен білімді дамыту жолындағы маңызды қадам. ЦентрКредит Банкі үшін мұндай маңызды жобаның бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Біз кітапхана студенттер, оқытушылар және жас ғалымдар үшін шабыт көзі болып, әлемдік деңгейдегі еңбектерге жол ашып, білім мен идеялар алмасуға арналған кеңістік жасайтынына сенімдіміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Алматы қалалық филиалының директоры Нұрқанат Оңғаров.
Кітапхана Орталық Азиядағы Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері ұсынылған алғашқы ағылшын-француз платформасына айналады.
Құрметті клиент!
2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 04:00-тен 04:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: поло жейделерін, жамылғыларды және ауа ылғалдандырғыштарын ұтып алыңыз.
📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?
2024 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.
10 қаңтар күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:
- жеке тұлғалар арасында 50
- бизнес-клиенттер арасында 30.
Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.
29.11.2024 ж. бастап біздің клиенттеріміз «Рақмет» салымын 12 айға АҚШ долларымен де аша алады.
Салымды bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады. Шарттары мен мөлшерлемелері – сілтеме бойынша.
Құрметті клиент!
2024 жылғы 26 қарашада сағат 03:00-тен 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, банкомат бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
2024 жылғы 15 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтті. Іс-шараны Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырды. Конгреске жетекші қаржы институттарының өкілдері қатысып, орнықты даму мен ESG-қағидаттарын енгізудің негізгі мәселелерін талқылады.
ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Руслан Владимиров Конгрестің іскерлік бағдарламасы аясында «Қаржы секторындағы ESG күн тәртібі: үміт, нәтиже, болжам» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессияда ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымова модератор болды. Ол климаттың өзгеруін, орнықты жобаларға жасалатын инвестицияның өсуін және жасыл қаржыландырудың халықаралық стандарттарын дамытуды қоса алғанда, жаһандық сын-қатер жағдайында ESG өзектілігіне ерекше көңіл аударды.
Өз баяндамасында Руслан Владимиров заңнамалық бастамалардың және реттеуші тарапынан ESG-стандарттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол ЦентрКредит Банкінің ESG-трансформациясы жобасының нәтижелерімен бөлісіп, банктің осы саладағы ортамерзімді перспективадағы басымдықтарын белгіледі. ЦКБ президенті орнықты жобаларды іске асыруға ықпал ететін мотивациялық тетік құру үшін мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына басты назар аударды.
Сессияға Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Қазақстан даму банкінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты. Талқылау барысында олар инвестиция тарту үшін ESG-қағидаттарының маңыздылығын, сондай-ақ орнықты даму бойынша бизнестің хабардарлығы мен мүдделілігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі ESG және жасыл қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиімді шешімді іздестіру алаңына айналды. ЦентрКредит Банкі елдің экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жауапты болашағын құруға үлес қоса отырып, орнықты даму стратегиясын ұстануды жалғастырады.
Құрметті клиент!
2024 жылғы 21 қарашада сағат 02:00-тен 05:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Құрметті клиент!
2024 жылғы 16 қарашада сағат 03:00-тен 04:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
BI Group біздің банкпен бірлесе отырып, «Супер ипотека» бағдарламасы бойынша жеңілдікті талаптармен жылжымайтын мүлік сатып алу үшін бірегей мүмкіндік ұсынады.
Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы 55-тен астам тұрғын үй кешенінен объект таңдаңыз. Бағдарламаға тұрғылықты жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.
Бағдарлама талаптары:
Мөлшерлеме: жылдық мөлшерлеме 5%-дан басталады
ЖТСМ5,1%-дан басталады
Мерзімі: 15 жылға дейін
Бастапқы жарна:
- табысты растағанда, 20%
- табысты жанама түрде растағанда, 30%
Бұл – тиімді талаптармен пәтер алғысы келетін барлық жан үшін керемет мүмкіндік.
Бағдарламаға қатысу туралы өтінімді bi.group сайтында бере аласыз.
Haval, Tank және Chery автокөліктерін төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредитке алыңыз
Біздің банк пен Astana Motors-тың төмендетілген мөлшерлеме бойынша жаңа автокредит беру бағдарламасын ұсынамыз!
Haval, Tank және Chery маркалы автокөліктерді 10%-дан басталатын бастапқы жарнамен төмендетілген мөлшерлеме бойынша сатып алыңыз.
• Мөлшерлеме: 5%-дан 20,40%-ға дейін
• ЖТСМ: 5,11%-дан 22,16%-ға дейін
Өз қалаңыздағы дилерлік орталықта толық ақпарат алып, өтінім бере аласыз.
ЦентрКредит Банкінің бейрезиденттерге премиум картаны шығару тарифтерін қайта қарадық.
Енді барлығы үшін стандарт комиссия болады:
#IronCard – 30 000 теңге
#TravelCard – 10 000 теңге
#BlackEdition – 10 000 теңге
Өзгеріс 2024 жылғы 07 қарашада күшіне енеді.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі РММ 2024 жылдың 28 қазанында көлемі 100 000 000 000 (Жүз миллиар) енге құрайтың жеке көлемі орналастыруға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 29 қазанында ALBNb5 (ISIN KZ2C00006062) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды.
Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 242 071 510,00 (екі жүз қырық екі миллион жетпіс бір мың без жүз он) теңге 00 тиын.
11.11.2024ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
Құрметті клиент!
2024 жылғы 25 қазанда сағат 02:30-дан 07:20-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Егер сіздің кәсіпорныңыз Қазақстан бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметін пайдаланатын болса, онда сіз «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-мен жұмыс жүргізу үшін қажетті бірыңғай дербес шотты (БДШ) білесіз.
ЦентрКредит Банкі мен ұлттық тасымалдаушы ҚТЖ заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында стратегиялық серіктестік орнатты, енді БДШ-ны bcc business интернет-банкингінде төлеуге болады. Төлем туралы ақпарат 1 минутта БДШ жеке кабинетіңізге түседі.
Құрметті клиенттер!
Сіздерге 10.04.2019 ж. №64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енгенін хабарлаймыз. Бұл өзгерістерге сәйкес резидент жеке тұлғалардың:
- бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шартының;
- басқарушы инвестициялық бейрезидент портфельмен жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының негізінде жасалған есептік тіркеуі жойылған.
Есептік нөмірлері 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тағайындалған резидент жеке тұлғалардың валюталық шарттары Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден шығарылған және есептік нөмір реестрінен жойылған болып саналады.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 22.10.2024 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:
- Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың міндеттемелерін 100 000 000 000 (Бір жүз миллиард) теңге сомасына ұлғайту бекітілсін.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптары бекітілсін.
- Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды инвесторлардың шектеулі саны арасында орналастыру бекітілсін.
- Басқармаға мемлекеттік емес облигацияларды орналастырған кезде бастапқы сауда-саттықта кірістілікті айқындауға рұқсат берілсін.
bcc.kz қолданбасының жаңа нұсқасында пайдаланушылар барлық карта бойынша кэшбекті басқара алады.
Кэшбектің есептелуін бақылап, жинақталған қаражатты басқару енді әлдеқайда ыңғайлы. Ал кэшбек бағдарламасына қатысатын бес картаның кез келгеніне кэшбек аударуға болады:
- #картакарта
- жаңа #bccpay
- #IronCard
- #BlackEdition
- #TravelCard
App Store немесе Google Play жүйесінде қолданбаны жаңартып, функционалды пайдаланыңыз. Егер мұндай мүмкіндік қарастырылмаса, кейінірек қайталап көріңіз: жаңарту кезең-кезеңмен жүргізіледі.