Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
ЦКБ мен BCC Life-тан саяхат ұтып алыңыз

Назар аударыңыз: біз акция талаптарын жаңарттық

2025 жылғы 1 шілде мен 31 шілде аралығында BCC Life біздің банкімізден кепілсіз кредит алған кезде өмірді сақтандыруды ресімдеген клиенттер арасында акция өткізеді.

Қатысу үшін не істеу қажет?

  • ⁠1 шілде мен 31 шілде аралығында қолданбада немесе банк бөлімшесінде қарызды қайта қаржыландыруды немесе қолма-қол ақшамен берілетін кредитті ресімдеу
  • Өмірді жинақтаушы емес сақтандыру шартын жасау


Жүлде қоры — 3 000 000 ₸
Қазақстанның әр өңірінен бір-бір жеңімпаздан барлығы үш жеңімпаз болады. Әр жеңімпаз туристік жолдамаға арналған сыйлық сертификатына ие болады.

Ұтыс ойыны нәтижелері 2025 жылғы 20 тамызда Instagram желісіндегі ресми centercreditkz парақшасында тікелей эфирде жарияланады. Жеңімпаздар акция талаптарын орындаған қатысушылардың арасынан кездейсоқ түрде анықталады.

Мөлшерлеме: 11,8-38%
ЖТМС: 24,43-46%

Акция талаптарымен толығырақ Акция ережесінде танысуға болады.

Кредит ресімдеп, ұтыс ойынына қатысыңыз

Кредит ресімдеу

Жаңалықтар
#IronCard және #BusinessPrime карталарымен Алматы әуежайынан тегін трансфер

#IronCard және #BusinessPrime премиум карталарының иелеріне арналған жаңа акция.

  

2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін 

Алматы әуежайынан тегін трансферге тапсырыс беріңіз, бұл Telegram-дағы @VisaConcierge чат-боты көмегімен оңай жасалады.  

  • #BusinessPrime – акция кезеңінде 4 сапар. 

  • #IronCard – айына кемінде 300 000 ₸ сомасында сауда жасаған кезде 6 сапар. Демалыс күндері мен сапар алдындағы соңғы 5 күнді есептемегенде, 30 күн ішінде жасалған сауда ескеріледі.  

  

Бүкіл отбасымен жайлы саяхат жасау үшін 3 жолаушы және 3 багаж орны: 

  • Жүкті тасуға көмек 

  • Чатта рейс туралы ақпаратты көрсету жеткілікті 

  • Трансферге тапсырысты кемінде 3 сағат бұрын беру қажет 

Инвесторларға
2025 жылдың 27 маусымында купондық сыйақы төлеу жүзеге асырылды

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 27 маусымында CCBNb32 (ISIN KZ2C00004554) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 2 831 173 943,10  (екі миллиард сегіз жүз отыз бір миллион жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз қырық үш) теңге 10 тиын.

Жаңалықтар
1 шілдеден бастап #GoldCard және #DragonCard карталары бойынша кешбэк шарттары өзгереді

16 маусымнан бастап #GoldCard және #DragonCard карталарымен Қытайда жасалатын сауда сомасынан 10% кешбэк беру тоқтатылады. Алайда 1 шілдеден бастап юаньмен жасалатын барлық сауда сомасынан 1% көлемінде негізгі кешбэк беріледі.

Сіздің көңіліңізден шығатын жаңа ұсыныстар дайындап жатырмыз!

Жаңалықтардан хабардар болыңыз — қызық болмақ!

 

Картаңыздың артықшылықтары туралы толығырақ сайт арқылы біліңіз:

Жаңалықтар
25 жеңімпаз жаздың басты музыкалық оқиғасына барады
Жаңалықтар
2025 жылғы 17 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

17 маусым күні жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 03:00-05:00 аралығында bcc.kz қолданбасы мен http://m.bcc.kz сайтын пайдалану, төлем жасау, ақша аудару, сондай-ақ банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 03:00-04:30 аралығында төлем карталары бойынша операция жүргізу, банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу, P2P арқылы ақша аудару, сондай-ақ интернет арқылы сауда жасау мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 12 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

12 маусым күні сағат 02:00-03:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz сайты мен қолданбасында 15 минут бойы депозит ашу және жабу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттарды жабу

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты)  351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.


25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет  көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес)  күнтізбелік  күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.

Жаңалықтар
bcc smart арқылы бөліп төлеуді қалай өтеуге болады?

bcc smart арқылы бөліп төлеу қызметін қалай пайдаланып, өтеуге болатынын сізге ыңғайлы әрі түсінікті ету үшін толық нұсқаулық дайындадық. Онда барлық маңызды ақпарат қамтылған: төлем мерзімі, төлеу тәсілдері және пайдалы кеңестер. Жоғалтып алмау үшін өзіңізге сақтап қойыңыз.


bcc smart арқылы бөліп төлеуді қалай өтеуге болады?

Жаңалықтар
2025 жылғы 10 маусымдағы жоспарлы техникалық жұмыстар

10 маусым күні 00:30-дан 02:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақыт аралығында bcc.kz қосымшасындағы кейбір төлемдер (көлік, ТКШ, электронды ақша), сондай-ақ BCC Mall қолжетімсіз болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 16 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

16 маусым күні сағат 03:00-05:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде bcc.kz қолданбасы мен m.bcc.kz сайтын пайдалану, сондай-ақ банкоматтармен және терминалдармен операция жүргізу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 5 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

5 маусым күні сағат 04:00-05:10 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл кезеңде bcc.kz сайты мен bcc.kz мобильді қолданбасында депозит ашу және жабу мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Инвесторларға
2025 жылдың 03 маусымында облигациялардың екінші шығарылымы проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 2025 жылдың 03 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың екінші шығарылымы проспектісіне енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды мемлекеттік тіркегені туралы хабарлайды (ISIN KZ2C00004083).

Жаңалықтар
Астанадағы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі

14 маусымда «Хан Шатыр» ОСО-да ЦентрКредит Банкі мен Center Home компаниясының ұйымдастыруымен ауқымды жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Бір алаңда Астананың ең ірі құрылыс компаниялары бас қосып, өздерінің үздік тұрғын үй жобаларын ұсынады.

Қатысушылар қатарында жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшылары бар:

G-Park, The Akan Building, SAT-NS, «Ұлытау», «Айва», Enigma, Orda Invest, «Сардар», Sensata, СМК, BI Group.

Іс-шара өз қаражатына не ипотекаға тұрғын үй сатып алуды жоспарлап жүргендердің бәріне қызықты болмақ. Келушілер мамандардан кеңес алып, түрлі ұсыныстарды салыстырып, қолжетімді кредит беру бағдарламалары туралы толық ақпарат ала алады.

ЦентрКредит Банкі тиімді ипотека өнімдері мен арнайы талаптар жайында баяндайды.

Center Home жылжымайтын мүлік объектілерін ұсынып, сізге ең қолайлы пәтерді таңдауға көмектеседі.

Сондай-ақ бағдарлама аясында бағалы жүлделер мен ақшалай сертификаттың ұтыс ойыны өткізіледі. Басталуы — сағат 10:00-де. Армандаған пәтеріңізді табуға және сыйлық ұтып алуға берілетін тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең белсенді эмитент банк ретінде танылды

2025 жылғы 13 мамырда Лондонда ЕҚДБ-ның Сауданы дамыту бағдарламасы (Trade Facilitation Program, TFP) аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жолы да ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең белсенді эмитент банк ретінде танылды. Аталған номинацияның жеңімпаздары ЕҚДБ тарапынан TFP бағдарламасы аясында жасалған мәмілелер санына қарай айқындалды, бұл Банктің халықаралық сауданы дамыту ісіне жоғары деңгейде қатысатынын көрсетеді. Банк ЕҚДБ-ның TFP бағдарламасына белсенді қатысып, клиенттерге сауда қаржыландыру құралдарының кең ауқымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл құралдар клиенттерге тауар мен қызмет құнын айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ халықаралық саудада қосымша артықшылықтар алуға жағдай жасайды.

«Біз аталған марапатқа қайта ие бола отырып, бұл тек біздің белсенді жұмысымыздың ғана емес, сонымен қатар клиенттеріміздің бізге артқан сенімінің нәтижесі дегіміз келеді. ЦентрКредит Банкі өзін бизнеске арналған сенімді қаржы серіктесі ретінде танытып, компанияларға халықаралық сауданың тиімді талаптарын ұсынуды жалғастырып келеді. TFP бағдарламасына қатысу клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және ЦКБ-нің жаһандық аренадағы сенімді серіктес ретіндегі беделін нығайтады. Біз бұл марапатты мақтан етеміз және осы жетістікке орасан зор үлес қосқан командамызға алғыс айтамыз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

ЕҚДБ-ның TFP бағдарламасы арқылы банк халықаралық кепілдіктер алады, бұл мәмілелерді саяси және төлем тәуекелдерінен қорғайды. Ал бұл экспортқа да, импортқа да тиімді талаптармен қолдау көрсетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
2025 жылғы 1 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

1 маусымда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 01:00-ден 04:00-ге дейін bcc.kz сайтында өтінім беру сервистерін, ал сағат 03:00-ден 05:00-ге дейін bcc business қолданбасын пайдалану мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бірінші және екінші облигациялық бағдарламаларының күшін жою (27.05.2025 ж.)

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген Банктің бірінші және екінші облигациялық бағдарламаларының күшін жою туралы куәліктерге сәйкес, Банктің бірінші және екінші облигациялық бағдарламаларының күшін жою туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
«СЭҚ-пен демалыс» акциясын ұсынамыз, жаз бойы жаңа клиенттерден комиссия алынбайды!

2025 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін біздің банкімізде жаңа шот ашқан және «Оңтайлы+» немесе «Премиум» қызмет пакетін қосқан жаңа клиенттерге арналған «СЭҚ-пен демалыс» акциясы өткізіледі.

Акцияның талаптары:

  • Валюталық келісімшартты тіркеу — 0 ₸
  • Ақша айырбастау — тиімді бағаммен 0 ₸
  • Валютамен ақша аудару — лимит аясында 0 ₸:
    • «Оңтайлы+» — айына 10 аударымға дейін
    • «Премиум» — айына 15 аударымға дейін

Жеңілдікті талаптар акция кезеңінде Банкте бірінші шот ашқан күннен бастап 3 ай мерзімге ұсынылады.


Қосымша артықшылықтар — цифрлық сервистер:

  • Валюталық бақылау сарапшысымен бейнебанк
  • Контрагентті тексеру
  • Санкциялық шектеуге қатысты тексеру (ЗТ, СЭҚ ТН)
  • SWIFT GPI трекері – валютамен жасалатын төлемнің нақты уақыт режиміндегі мәртебесі
  • SWIFT Pre-validation – төлем деректемелерін алдын ала тексеру

Шотты ашып, пакетті қосыңыз да, СЭҚ қызметтерін артық шығынсыз жаз бойы пайдаланыңыз!

Жаңалықтар
2025 жылғы 26 мамырда жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстар

26 мамырда сағат 03:00-ден 04:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде онлайн-төлем, төлемдер, аударымдар, 3DS-транзакциялар, POS-терминалдардың жұмысы, банкоматтармен және ақпараттық-төлем терминалдарымен жүргізілетін операцияларды қосқанда, картамен жүргізілетін операциялар қолжетімсіз болады.

Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларыңызды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 23 мамырда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

23 мамыр сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жүйені жаңарту бойынша жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақыт аралығында карта бойынша операция жүргізу (онлайн-төлем, төлем жасау және ақша аудару) мүмкін болмайды.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.


Инвесторларға
2025 жылғы 21 мамырдағы CCBNb27 облигацияларының жетінші шығарылымының күшін жою

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің берілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы Куәлігіне сәйкес Банктің CCBNb27 (ISIN KZ2C00003317) екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз етілмеген купондық облигациялардың жетінші шығарылымының күші жойылғанын хабарлайды.

Жаңалықтар
2025 жылғы 28 мамырдан бастап бизнес-клиенттер үшін кассалық қызмет көрсету тарифінің өзгеруі

Құрметті клиенттер!

2025 жылғы 28 мамырдан бастап бизнес-клиенттерге кассалық қызмет көрсету тарифіне өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлаймыз:

8.1.1-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 5%.

Операцияларыңызды жоспарлаған кезде осы өзгерісті ескеруді сұраймыз.

Тарифтер туралы толық ақпаратпен Банктің сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыздар.

Инвесторларға
2025 жылғы 15 мамырдағы облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне өзгерістер (ISIN KZ2C00004083)

«Банк ЦентрКредит» АҚ осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың облигацияларының (ISIN KZ2C00004083) жалғыз ұстаушысының 2025 жылдың 15 мамырында қабылдаған шешімі туралы хабарлайды. 

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне (09.10.2017 ж. № Е99-2 мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік) өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілсін.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді