E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер!
Сіздерге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Nomad Club «Card for fly» co-brand Air Astana картасын шығаруды тоқтатқанын хабарлаймыз. Бұдан кейін «Card for fly» картасының қолданыс мерзімі аяқталған кезде картаны қайта шығару Gold/World карталары түрінде жүзеге асырылады.
Nomad Club ұпайларының орнына әрі қарай қолданыстағы карталарға стандарт талаптармен 1% -ға дейін cashback есептеледі.
Сұрақтар бойынша: +7 727 244 77 77 (Алматы қ.), 505 (мобильді телефоннан тегін).
Бұл өзгерістер 2019 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енеді.
Құрметті клиенттер! Төлем карталары бойынша жасалатын алаяқтық жағдайларына байланысты сіздерді барынша абай болуға және қаражатыңыздың қауіпсіздігіг сақтауға шақырамыз!
Маңызды ақпарат! Банк қызметкерлері ПИН-кодтарды, CVV-кодтар мен телефоныңызға келетін растау кодтарын сұратпайды. Сондықтан жеке шоттарыңызға "қол" салынбас үшін және шоттағы қаражатты сіздің рұқсатыңызсыз ешкімнің шешіп алмауы үшін, бұл мәліметтерді бөгде тұлғаларға беруші болмаңыз.
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) 20.05.2019 жылдан бастап Банктің Көкшетау қ. филиалының жаңа құрылымдық бөлімшесінің (№1 ЕКБ) ашылғанын хабарлайды.
Бөлімшенің орналасқан мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Осипенко көш., 1-үй.
№ 1 ЕКБ қаланың орталығында орналасқан, жайлы ауласы мен көлік тұрағы бар. ЦентрКредит Банкінің білікті мамандары жеке және заңды тұлға клиенттерге банк қызметтерінің толық спектрін ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуды өтінеміз:
505 – мобильді телефоннан тегін
+7 (727) 244 30 30 – Call-center
Құрметті клиенттер!
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бүгін, 06.05.2019 жылы сағат 15:00 бастап 15:10 дейін www.bcc.kz сайтына кіру бойынша проблемалар туындауы мүмкін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Банктік шот ашу, ол бойынша қызмет көрсету және Visa/Mastercard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шарттың (жеке тұлғаларға арналған) және Банктік шот ашу, оған қызмет көрсету және VISA/MasterCard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шарттың (заңды тұлғаларға арналған), «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың төлем карталарын Мобильді әмиянды қолданумен контактісіз төлемдер жүйесінде пайдалану талаптары туралы шарттың үлгі нысандарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы.
ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР!
«Банк ЦентрКредит» АҚ келесі шарттардың үлгі нысандарына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлайды:
- Банктік шот ашу, ол бойынша қызмет көрсету және Visa/Mastercard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шарттың (жеке тұлғаларға арналған) үлгі нысаны;
- Банктік шот ашу, оған қызмет көрсету және VISA/MasterCard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шарттың (заңды тұлғаларға арналған) үлгі нысаны;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың төлем карталарын Мобильді әмиянды қолданумен контактісіз төлемдер жүйесінде пайдалану талаптары туралы шарттың үлгі нысаны.
Өзгерістер 07.05.2019ж. бастап күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістермен келіспейтін жағдайда, Клиент Шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енетін күнге дейін Шартты бұзу туралы өтініш беру арқылы Банкке жазбаша түрде хабарлап, оны бұзу үшін қосымша комиссия төлемей, Шартты бұзуға құқылы. Клиенттің Банкке Шартты бұзу туралы сәйкес өтініш бермеуі Клиенттің Шарттың жаңа (өзгеріс енгізілген) нұсқасымен келісетінін және енгізілген өзгерістер есебімен оған қосылатынын білдіреді.
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 26.04.2019 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 04:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77, 505
Теперь клиенты БЦК смогут осуществлять платежи по кредитам через информационно-платежные терминалы Касса24.
«Мы искренне рады сотрудничеству с компанией Касса24, обладающей широкой сетью пунктов приема платежей, - говорит Заместитель Председателя Правления Банка ЦентрКредит – Тимур Ишмуратов. – Теперь у клиентов Банка появилась дополнительная удобная возможность осуществлять выплаты по кредитам через информационно-платежные терминалы Касса24. Отдельно хочется отметить отсутствие комиссий по данным операциям, что бесспорно является дополнительным преимуществом этого способа оплат».
Для проведения платежа необходимо выбрать на мониторе терминала значок «Оплата услуг», затем «Финансовые организации» и далее «Centercredit», ввести ИИН заемщика, в случае, если у него несколько кредитов в БЦК, дополнительно выбирается номер договора банковского займа. После вносится необходимая сумма. Зачисление средств осуществляется в режиме онлайн.
«Мы стремимся всегда быть рядом с нашим клиентом, чтобы терминалы оплаты находились в шаговой доступности для каждого жителя Казахстана, именно поэтому сеть терминалов Касса24 постоянно расширяется. Сотрудничество с Банком ЦентрКредит – это важное событие для нас и пользователей нашей платежной системы. Теперь, чтобы оплатить кредит, людям не нужно стоять в очередях, тратить время на дорогу, достаточно воспользоваться ближайшим терминалом Касса24 или мобильным приложением Plus24» - рассказал директор управляющей компании SPEKTR – Владимир Руппель.
За дополнительной информацией просьба обращаться:
Кан Ирина – директор Департамента маркетинга и PR АО "Банк ЦентрКредит"
irina.kan@centercredit.kz
Егорин Андрей – старший эксперт Департамента маркетинга и PR АО «Банк ЦентрКредит»
andrey.yegorin@centercredit.kz
www.bcc.kz
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 12.04.2019 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 05:20-ға дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77, 505
Бұл – ЦентрКредит Банкінің рейтингілік портфелін оңтайландыруға байланысты Банктің ұсынысы бойынша іске асырылған іс-әрекет. Қазіргі уақытта қаржы институты Standard & Poor’s және Moody's рейтинг агенттіктері тарапынан көрсетіліп жатқан аналитикалық қолдау мен бағаны жеткілікті деп есептейді, мұны Банктің сәйкесінше В және В2 деңгейіндегі рейтингтері (болжам – Тұрақты) растайды.
Банктің қаржылық жағдайы тұрақты, пруденциялық нормативтерді толық көлемде орындайтынын ескертеміз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ – Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі. 01.01.2019ж. жай-күйі бойынша ЦКБ активтерінің көлемі бойынша екінші деңгейдегі 28 банктің ішінде алтыншы орынды алады. ҚР ҰБ пікірі бойынша, ЦКБ Қазақстанның қаржы жүйесін құрайтын қаржы институттарының қатарына кіреді.
Бүгінгі таңда Банктің қаржылық жағдайы тұрақты, кірістілік көрсеткіштері үнемі өсіп жатыр.
- Соңғы екі жыл ішінде ЦКБ экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін жүйелі түрде арттыруды жалғастырып келеді. 2018 жылы несие портфелінің өсімі 163 млрд теңгені құрады. ЦКБ ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысады, сонымен қатар 7-20-25 ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша көшбасшы болып табылады.
- Банктің портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі (NPL) ұқсас кезең ішінде 8,92%-дан 6,40%-ға дейін төмендеді, бұл, өз кезегінде, активтердің сапасының артқанын білдіреді.
- 2018 жылдың қорытындысы бойынша Банктің комиссиялық кірісі 21,4 млрд теңгені құрап, 2017 жылға дейін 9%, 2016 жылға дейін 12% өсу қарқынын көрсетті.
- Сонымен қатар Банктегі өтімділік деңгейі әлдеқайда жақсара түсті: 2019 жылдың басында өтімді активтердің үлесі жалпы активтердің 24% құрады. Ағымдағы сәтте Банк өзінің клиенттер мен инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелері бойынша беймарал жауап беруге қабілетті.
- Екі жылда (2017 және 2018 жж.) Банктің жиынтық таза пайдасы 40 млрд теңгені құрады.
- ЦентрКредит Банкі өзі ұстанған Стратегия аясында жүйелі түрде дамып келеді. Банк клиенттерге қызмет көрсету процесіне заманауи цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр, есептілік жүйесін трансформациялап, ішкі процестерді жақсартып жатыр.
Банк көрсеткіштерінің өсуі еліміздің тұрғындары мен корпоративтік секторы тарапынан Банкке деген сенімнің жоғары деңгейін сипаттайды.
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2019 жылғы 26 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды.
Құрметті Клиент!
Сіздерге 15.03.2019 жылы Астана уақытымен 00:00-ден 03: 00-ге дейін төлем карточкалары бойынша барлық транзакциялар жоспарланған жұмысқа байланысты қол жетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77, 505
Құрметті Клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ ақпараттық жүйесінің бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және мемлекеттік қызметтерге жасалатын төлемді төлеген кезде Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» Төлем шлюзі автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен бірлесіп іс-әрекет етуі бойынша іске асырылған механизмге сәйкес Банктің касса бөлімшелері арқылы төлем жасалғаны туралы хабарлау төлем жасалғаннан кейінгі 15 минут ішінде жүзеге асырылады.
Құрметті клиенттер!
Сіздерге Банктің тарифтеріне өзгерістер енгізілгенін, атап айтқанда басқа банктер шығарған карточкалар бойынша Банктің немесе кәсіпорынның құрылғыларынан жүргізілген транзакциялардың айналысы бойынша сауда/сервис кәсіпорнынан алынатын комиссияның мөлшері өзгергенін хабарлаймыз.
Жаңа тарифтермен танысу үшін келесі тарауға өтіңіз: Жеке тұлғаларға / Тарифтер / Төлем карталары.
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 21.02.2019 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-дан 03:30-ға дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77, 505
Банктік шот ашу, ол бойынша қызмет көрсету және Visa/Mastercard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару шартының (жеке тұлғаларға арналған) және Банктік шот ашу, оған қызмет көрсету және VISA/MasterCard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шартының (заңды тұлғаларға арналған) үлгі нысандарына енгізілген өзгерістер
ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТТЕР!
«Банк ЦентрКредит» АҚ келесі үлгі нысандарына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлайды:
- Банктік шот ашу, ол бойынша қызмет көрсету және Visa/Mastercard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару шартының (жеке тұлғаларға арналған) үлгі нысаны;
- Банктік шот ашу, оған қызмет көрсету және VISA/MasterCard/UnionPay халықаралық төлем карточкасын шығару туралы шартының (заңды тұлғаларға арналған) үлгі нысаны.
Өзгерістер 22.02.2019ж. бастап күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістермен келіспейтін жағдайда, Клиент Шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енетін күнге дейін Шартты бұзу туралы өтініш беру арқылы Банкке жазбаша түрде хабарлап, оны бұзу үшін қосымша комиссия төлемей, Шартты бұзуға құқылы. Клиенттің Банкке Шартты бұзу туралы сәйкес өтініш бермеуі Клиенттің Шарттың жаңа (өзгеріс енгізілген) нұсқасымен келісетінін және енгізілген өзгерістер есебімен оған қосылатынын білдіреді.