E-mail: Pr@bcc.kz
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (атқару органының орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй) Директорлар кеңесінің «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде облигациялардың төртінші шығарылымын (ISIN KZ2C00004554) (әрі қарай – Облигациялар) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында сатып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабына сәйкес Облигацияларды сатып алған күнгі жылдық 10,45 % кірістілікке сәйкес келетін таза сатып алу бағасы бойынша Облигация ұстаушылардың Облигацияларының санына пропорционалды түрде тең талаптармен ұйымдастырылған нарықта Облигациялар сатып алу туралы шешім қабылдады.
Облигацияларды сатып алу Облигациялар шығарылымы проспектісінің 3-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес 27.12.2019ж. бастап қажеттілігіне қарай, Облигациялар айналымының барлық мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
Облигациялар ақысын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ішкі ережелеріне сәйкес Облигация ұстаушылар төлейді.
Осы хабарламаға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, сонымен қатар қосымша ақпарат алу немесе хабарламада көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, келесі мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38-үй, Қазынашылық департаменті, осы бөлімшені бағыттайтын директор – Габасов Т.Р., тел (+7 727) 2-598-598 (ішкі нөмірі: 12100, 12191).
Банк акция сатып алғысы келетіндерден түсетін өтінімдерді келесі кезектілікпен орындайды:
- Акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы бар Банктің акционерлерді болып табылатын тұлғалардың (2019 жылғы 28 қаңтардағы акционерлердің тізіліміне сәйкес) өтінімдері. Акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы аясында хабарландыру беру мерзімі – 2019 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда);
- Банктің акционерлері болып табылмайтын тұлғалардың, сонымен қатар артықшылықпен сатып алу құқығынан тыс акционерлердің өтінімдері. Хабарландыру беру мерзімі – 2019 жылғы 29 сәуірге дейін (қоса алғанда).
Акционер акцияларды 2019 жылғы «28» қаңтардағы акционерлердің тізіліміне сәйкес өзінде бар акциялардың санына тепе-тең түрде артықшылықпен сатып алуға құқылы. Орналастырылған акциялардың жалпы санының (Банк сатып алған акцияларды шегергенде) іске асырылатын акциялардың санына арақатынасы 2019 жылғы «30» қаңтардағы хабарландыруда көрсетілген.
Банктің акционерлері болып табылмайтын тұлғалардың өтінімдері акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің өтінімдерінің мерзімінен кейін, яғни өтінімдердің түсу кезектілігі тәртібімен 2019 жылғы «28» ақпаннан кейін орындалатын болады.
- 01.01.2015 жылғы, 01.04.2015 жылғы және 01.10.2015 жылғы жай-күйі бойынша Эмитенттің қаржылық жағдайы мен корпоративтік оқиғаларына талдау жүргізді. Қаржылық жағдайға жүргізілген талдаудың нәтижесі туралы хабарламалар мен актілер www.kase.kz Интернет-сайтында жарияланған: http://www.kase.kz/files/emitters/BTAI/btai_akt_011015.pdf;
- Облигацияларды орналастыру құралдары облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес пайдаланылды. 01.01.2015 жылғы жай-күйі бойынша облигациялар толық орналастырылды.
- 01.01.2015 жылғы, 01.04.2015 жылғы және 01.10.2015 жылғы жай-күйі бойынша кепіл тізілімінің деректері бойынша мүлікке тексеру жүргізілді. Мүлікке жүргізілген тексеру нәтижесі туралы хабарламалар мен есептер www.kase.kz Интернет-сайтында жарияланған: http://www.kase.kz/files/emitters/BTAI/btai_otchet_011015.pdf.
- Мүлікке қатысты эмитентпен 26.01.2006 жылғы №6 ипотекалық қарыз шарттары (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда) бойынша талап ету құқықтарын кепілге беру шарты мен 1.10.2015 жылғы жай-күйі бойынша кепілі тізілімі болатын (кепіл тізілімі Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығында 14.10.2015 жылы № 15/2000-2375 бойынша тіркелген) 07.10.2015 жылғы №43 Қосымша келісім жасалды.
- 01.10.2015 жылғы жай-күйі бойынша Компанияның жеке-дара акционері болып Д.Р. Хайбуллин табылады, орналастырылған жай акциялар саны 55,000,000 дана.