Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
13 қараша 2023
Обновлено: 29 мамыр 2024

Как открыть текущий счёт для ТОО

Заңды кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін заңды тұлғаға, оның ішінде ЖШС-ға банктік ағымдағы шот қажет. Ол көптеген қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береді: сіз жеткізушілермен есеп айырыса аласыз, қызметкерлердің жалақысын есептей аласыз, өз шоттарыңыздың арасында ақша аударып, салық аудара аласыз және басқа да аударымдар жасай аласыз.


ЖШС-ға қалай шот ашуға болады?

Егер сіз ЖШС-ны онлайн түрде Egov.kz электрондық үкімет порталында ашсаңыз, онда серіктестікті тіркеу кезеңінде бірден шот ашып, жұмыс беруші ретінде өз жауапкершілігіңізді сақтандырған боларсыз.

Бірақ көбіне құрылтайшы бұл қадамды өткізіп жібереді немесе одан кейін оған қосымша бірнеше а/ш ашу қажет болады. Мұндай жағдайда банкке дайындалған құжаттар жиынтығымен жүгіну қажет. Айтпақшы, көптеген банктерде қызмет онлайн форматта қолжетімді.

Бизнеске шот ашар алдында қандай құжаттарды жинау қажет?

Банктік мекеме қызметкерлеріне қажетті құжаттардың толық жиынтығын ұсыну қажет. Ол мыналарды қамтиды:

    • Серіктестікті тіркеу туралы куәлік. Құжатта БСН көрсетілген, бұл – заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
    • Директордың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Көшірменің нотариуста расталуы тиіс екенін ескеріңіз.
    • Жарғының көшірмесі. Ол да нотариалды куәландырылады.
    • Директорды тағайындау туралы шешімнің көшірмесі (нотариуста куәландырылған).
    • Банкке жүгінетін тұлғаға серіктестіктің мүдделерін білдіруге мүмкіндік беретін және ағымдағы шотты ашуға құқық беретін сенімхат.
    • Қолтаңба үлгілері көрсетілген құжат.
    • Директор мен бас бухгалтердің қолтаңба үлгісі (егер компанияның штатта бас бухгалтері болмаса, онда тек директордың қолы қойылған үлгі).

Бизнес-карта иелеріне арналған жүлделер ұтысы  

Назар аударыңыз: егер сіздің серіктестігіңіз лицензиялауға жататын салада жұмыс істесе, онда құжаттар жиынтығын алынған лицензияның көшірмесімен де толықтыру қажет.

Сол жерде өтініш жазасыз. Әдетте шот бірнеше минутта ашылады, бұл ұзақ күттірмейтін әрекет.

ЖШС үшін банктік шотты онлайн қалай ашуға болады?

Банкке жүгіну қиындық туғызбайды, бірақ әйтсе де көп уақыт алады. Сондықтан е/а шотын онлайн ашу балама нұсқа болып табылады. Таңдалған банктің сайтына кіріп, бірнеше қарапайым қадамды орындауыңыз қажет.

ЦентрКредит Банкінде е/а шотын ашу кездегі нақты іс-қимылдар тізбесін қарастырайық:

1.Сіз ЦентрКредит Банкінің ресми сайтына кіріп, «Бизнес-клиенттерге» бөлімін таңдап, «Өту» батырмасын басасыз.

2. «Шот ашу» бөліміне өтіп, «Толық шарттар» батырмасын басыңыз.

3. Жаңа бетте «Шот ашу» батырмасын басыңыз.

Бұдан кейін бірнеше кезеңнен өтуіңіз қажет, оның ішінде негізгі деректерді (басшының телефон нөмірі, бұл нөмірге процедураны жалғастыру үшін қажетті SMS-код жіберіледі) және компания туралы ақпаратты толтыру қажет. Сондай-ақ шот параметрлерін (валюта, қызмет көрсету пакеті) айқындау қажет. Соңғы кезең – өтінімге қол қою. Бірнеше минуттан кейін электрондық поштаға деректемелер келеді, оларды төлем тапсырмаларын, актілерді және т.б. дайындау үшін бірден пайдалана беруге болады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Шетелдік заңды тұлғаға ҚР банкінде қалай шот ашуға болады?

Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін тартымды, себебі елімізде кәсіпкерлік қызмет үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, ҚР-да шетелдік компания банкте кедергісіз шот аша алады. Мұны тіпті ҚР-да филиалдары жоқ кәсіпорын да жүзеге асыра алады. Ал шетелдік компаниялар е/а шотын аша отырып, резидент болмағандықтан, оларға ел бюджетіне салық төлеудің де қажеті жоқ.

Бәрі оңай көрінеді. Бірақ шын мәнінде бірқатар маңызды жайттар бар. Біріншіден, шот ашар алдында әрбір шетелдік ұйым банктің комплаенс-бақылау қызметі тарапынан мұқият тексеруден өтеді. Бұл қаржы ұйымына контрагенттің адалдығына, сенімділігіне көз жеткізу үшін қажет. Екіншіден, шетелдік компаниялар үшін барлық банкте дерлік онлайн-ашу опциясы қолжетімсіз, құрылтайшының өзі банкке баруы қажет.

Үшіншіден, бұл жағдайда құжаттар тізімі көбірек болады. Мәселен, банкке келесіні құжаттарды ұсыну қажет:

1.Қолтаңба үлгілері.
2. Сауда тізілімінен үзінді көшірме. Түпнұсқаны да, көшірмені де беруге болады, бірақ көшірмесі нотариуста расталуы тиіс.
3. Банкке келген және құжаттарға қол қоятын тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттама.
4.Қағазға қол қоятын тұлға төлқұжатының көшірмесі.
5.Директорды тағайындау туралы құжат.
6.Лицензия (егер ол қызметті жүзеге асыру үшін қажет болса).
7.Компанияның БСН бар екенін растайтын құжат.Құжаттар тізімі көбірек болуы мүмкін екенін ескеріңіз, бұл белгілі бір банктің талаптарына байланысты. Сондықтан тізімді банкке жүгінгенге дейін алдын ала зерттеген жөн.


Банктік есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету серіктестіктің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, оның тиімділігін арттырады, құжаттама санын азайтады. Оған қол жеткізу үшін кез келген банкте шот ашу қажет. Мұны жеке өзіңіз жүзеге асыру міндетті емес, онлайн-қызметтер де қолжетімді. Шотты резидент компаниялар ғана емес, шетелдік заңды тұлғалар да ашуы мүмкін.

Наталья Брославская
Автор
Нургалиева Айжан
Эксперт
Вам может понравиться
СЖТМ деген не

Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.

Банк кредитінде СЖТМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.


СЖТМ деген не

СЖТМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.

Айтпақшы, банктің кредит берген кезде СЖТМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Есеп айырысу шотын ашу

СЖТМ мөлшері:

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:

  • >56% – қамтамасыз етілмеген (яғни кепілді қамтымайтын) кредиттік бағдарламалар үшін. Егер қарыз кепілмен берілсе, онда кредит алушы 40% мөлшерлемемен алуды көздей алады.
  • >25% – ипотекалық кредит бойынша сыйақы.
  • >56% – микрокредиттер үшін ең жоғары көрсеткіш (кредит берудің мұндай түрі шағын сомадағы қарызды білдіреді). Бұл кепілмен берілетін кредиттерге де, кепілсіз берілетін кредиттерге де қатысты. Бұл ретте кепілді микрокредитті 45 күннен кем мерзімге ресімдейтін кредит алушылар 20% мөлшерлемемен алуды көздей алады (сомасы – 50 АЕК-ке дейін).

Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық СЖТМ болуы мүмкін емес.

Кредитті өтеу тәсілдері

Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.

Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.

СЖТМ қалай есептеледі

Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.

Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.

Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Авторы  – Наталья Брославская 


2023 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашуға болады?

Қазақстан – бизнес жүргізу үшін перспективалы бағыт.

Біріншіден, елімізде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мысалы, өз қызметін жалдамалы жұмыскерлерсіз, оңайлатылған жүйе бойынша жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жылына екі рет табыстың 3%-ын, табыс салығын және әлеуметтік салықты төлейді, сондай-ақ ай сайын өз пайдасына зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру төлемдері сияқты міндетті төлемдерді жүзеге асырады. Жалпы белгіленген режимде бизнес үшін пайдаға салынатын салық 10%-ды құрайды. Сонымен қатар жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде тіркеле алады, бұл мүмкіндікті репетиторлар, бала күтушілер, фотографтар, фермерлер және т.б. пайдаланады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке тұлғаның тұрғылықты жеріне қарай 0,5 немесе 1 АЕК-ке тең бірыңғай жиынтық төлем көзделген (республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 1 АЕК, қалған елді мекендер үшін – 0,5 АЕК).
Екіншіден, Қазақстан ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіреді, бұл елді Ресей мен Беларусь бизнесмендерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін тартымды орынға айналдырады. Артықшылықтардың арасында келесіні атап өтуге болады:

  • виза ресімдемей-ақ, елде тұру және жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • тіл жағынан кедергінің болмауы;
  • жұмсақ салық режимі (мысалы, Қазақстанда ҚҚС 12% құраса, Ресейде – 20%, Беларусь елінде – 25% құрайды).


Үшіншіден, елімізде цифрландыру белсенді қарқын алып келе жатыр, бұл кәсіпкерлердің көптеген бизнес-процедураларды орындауын жеңілдетеді. Мысалы, заңды тұлғаны тіркеу үшін бүгін офистен шығудың қажеті жоқ, онлайн тіркелу үшін интернетке қосылған компьютердің болуы жеткілікті.
Сізге 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес ашуға болатын қызықты бизнес-идеялар мен сұранысқа ие бағыттардың топтамасын ұсынамыз.

ЖК онлайн тіркелу

Қоғамдық тамақтану: өзімен бірге әкетуге кофе

Статистика бойынша, әлемдегі әрбір үшінші адам күніне кем дегенде бір рет өзімен бірге әкетуге кофе алады. Қазақстандықтар да тыс қалмайды: олар елімізде жылына 10 млн кг астам сергітетін сусын тұтынады. Сонымен қатар, өзімен бірге әкетуге кофе толыққанды мәдени кодқа айналды, ол адамның өмір салтын, оның мәртебесін көрсетеді.
Сондықтан да өзімен бірге әкетуге кофе 2023 жылғы ең өзекті бизнес болып табылады. Бұл бағыттың 2023 жылғы топ бизнес-идеялардың арасында көш бастап тұруы ғажап емес. Алайда, шағын кофехана шын мәнінде табыс әкелуі үшін орынды дұрыс таңдау қажет, кофехананың офис ғимаратында немесе оның жанында орналасқаны оңтайлы. Өзекті мәліметтерге сүйенсек, әрбір офис жұмыскері күніне кем дегенде екі шыны кофе ішеді. Бұдан пайда табуға болатыны айқын.
Шығындарға келетін болсақ, бұл бизнесте шығыстардың екі негізгі бабы бар – жайды жалға алу және кофемашина сатып алу. Ең кішкентай жайды жалға алуға болады, себебі «өзімен бірге әкетуге кофе» форматында келушілерге арналған үстелдер қарастырылмаған. Кәсіби кофемашинаның құны 2 млн теңгеге жетуі мүмкін, алайда 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес-идеяны бастау үшін 300 мың теңгелік бюджеттік нұсқаға тоқталуға болады.
Уақыт өте келе шағын бизнес идеясы одан да үлкен іске айналуы мүмкін. Мысалы, бизнесті кеңейтіп, клиенттерге бәліш, тәтті нан, вафли сияқты десерттерді ұсынуға болады. Ол үшін сенімді жеткізушіні тауып, оларды сақтау және келушілерге көрсету үшін тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу қажет. Шағын бизнесті толыққанды кофеханаға дейін дамыту келесі қадам болуы мүмкін.

Білім беру: онлайн форматтағы репетитор

Бұл 2023 жылы инвестициясыз бизнес-идеялар іздейтін жандар үшін оңтайлы шешім болып табылады. Сабақтар онлайн форматта өткізілетіндіктен, кәсіпкерге жайды жалға алып, оқушыға арналған жұмыс орнын жабдықтаудың қажеті жоқ. Тұтастай алғанда шығындар тек интернет үшін төлемді және өзекті оқу құралдарын сатып алуды қамтиды
Не оқыту керек? Бұл жерде шет тілдері саласында білімі бар оқытушылардың басымдыққа ие екені сөзсіз. Оның үстіне сіз оқушыларды да, студенттерді де, тіпті ауқатты ересек адамдарды да оқыта аласыз. Айтпақшы, шет тілдерін оқыту маусымдық бизнес емес, ол жыл бойы, соның ішінде жаз мезгілінде, мектептерде демалыс кезінде өтуі мүмкін.
2023 жылдың тағы бір сұранысқа ие бизнес-идеясы – оқушыларды қорытынды немесе қабылдау емтихандарында (қазақ және ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, алгебра және т.б.) тапсыратын пәндер бойынша онлайн-оқыту. Сұраныс рейтингінде химия, физика, биология, геометрия сияқты дәстүрлі күрделі пәндер де артта қалмайды.
Айта кетерлігі, уақыт өте келе кәсіпкер өзінің онлайн-сабақтарын толыққанды онлайн-мектепке дейін кеңейте алады. «Үйде бизнес жүргізуге арналған идеялар» рейтингінің ең үздік тобына сенімді түрде енетін және ең аз шығын кететін осы өте перспективалы әрі жылдам өтелетін бизнес-бағытты назарға алуды ұсынамыз.

Құрылыс қызметтері: пәтерлерді жөндеу

Тек 2022 жылы Қазақстанда 12 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл пәтерлер мен үйлердің бір бөлігі жайластыруға мұқтаж. Сонымен қатар қайталама нарықтағы пәтерлерде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуникацияларды жүргізуді және қабырғаларды сылауды қауіпсіз әрі сапалы түрде орындау екінің бірінің қолынан келе бермейтіндіктен, көбінесе осы жұмыстар үшін мамандар жалданады.
Бұл 2023 жылы ең қарапайым әрі пайдалы бизнес болып табылады. Қарапайым, өйткені офисті жалдаудың қажеті жоқ және бұл саладағы мамандардың дағдылары (қажетті құрал-жабдықтар да) бұрыннан бар. Пайдалы, себебі Қазақстанда пәтерге аса күрделі емес дизайн бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудің өзі 10 млн теңгеге жуық болады. Бұл сома материалдар мен жұмыс құнынан құралады.
Дизайн саласында білімі бар мамандар да басымдыққа ие болады, бұл бағыт қазір өте көп сұранысқа ие. Бұл білім идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық циклді қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Айтпақшы, құрылыс және жөндеу қызметін «жергілікті» түрде көрсетуге болады. Өз-өзіңізге жұмыс істеудің кең таралған идеяларының бірі – сөрені шегелеуден есіктерді орнатып, ваннаға плиткаларды төсеуге дейінгі үй мәселелерін шешуге қабілетті мамандарға арналған «бір сағатқа күйеу» қызметі.


Жалға беру: құрылыс құралдарын жалға беру

Ең жиі кездесетін жағдай, бір күні сіз кәсіби бұрғыға немесе бұрандалы шегені бұрағышқа ақша жұмсадыңыз делік. Осы жабдықтың көмегімен сіз қойылған міндеттерді тиімді шештіңіз, бірақ ол енді жайдан-жай «тұрып қалды», бұл үлкен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жиі болатын жағдай. Ал оны жалға беруге болады емес пе? Бұл – 2023 жылы ең аз салымды қажет ететін тағы бір сұранысқа ие бизнес-идея. Статистика бойынша, адам барлық уақыт ішінде бұрғыны кемінде 13 минут пайдаланады. Әлеуетті клиенттерге өзіңізде бар құралды жүздеген мың теңгеге сатпай, оны сізден тиісті ақыға жалға алуды ұсынып көріңіз. Бұл ең аз салымды қажет етеді, мәселен шеберлердің қызметтерін және жабдықтарды жалға алуды ұсынатын сайттарда жарнамалық хабарландыруларды орналастыруға ғана қаражат кетуі мүмкін.
Бұған қоса бұл идеяның сізге қатысты қуатты экологиялық әлеуеті де бар, егер адамдар өздеріне қажетсіз техниканы сатып алмаса, онда олардың «қоқыс ізі» де азая түседі.

«Жасыл бизнес»: сатудан қайта өңдеуге дейін

Ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыбын жалғастырайық. Өз өмірін экологиялық тұрғыдан қалай жақсартуға болатыны туралы ойлайтындар көбейіп келеді. «Экологиялық» сөзі бар тауарлар мен қызметтерге сұраныс та осыдан. Осы сегменттегі ең танымал бизнес-идеялар қандай? Өз бақшаңыздағы көкөністерді сатуға, пакеттердің орнын алмастыратын шоперлерді тігуге, экологиялық жинау бойынша қызметтер көрсетуге (экологиялық құралдар ғана қолданылады), органикалық косметика жасауға, ағаш ойыншықтар жасауға және т.б. болады. Шағын бизнеске қатысты жаңа бизнес-идеялар да бар, мысалы, экологиялық тураларды ұйымдастыруға немесе вегандық сабынды пісіруге болады.
Органикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бизнес үшін қызықты идея болуы мүмкін, бұл – қарашірікке мұқтаж фермерлер үшін тамаша шешім. Қалаларда тұратын адамдар тонналаған органикалық заттарды (тамақ қалдықтарын, көкөністер мен жемістердің қабығын және т.б.) лақтырады, бұл қоқыс қаптары полигондарда жылдар бойы жатады. Органикалық заттар құрамына метан кіретін қоқыс газын бөледі. Метанның жиналуы полигондарда жарылыстар мен өрттерге әкеледі, ал олардың парниктік әсері көмірқышқыл газына қарағанда 24 есе жоғары.
Бизнес-идеяның мәні қарапайым: фермер клиенттен органикалық заттарды өз көлік құралымен аз ғана ақыға алып кетеді. Клиент экологияға өз үлесін қосып, көптеген мәселелерден құтылады (органикалық қалдықтар жағымсыз иістенеді және егер оларды дер кезінде шығармаса, шіркейлерді тартады). Фермер органикалық қалдықтарды шығарудан түсетін аз ғана пайдадан басқа, болашақ қарашірік үшін «негізге» ие болады, оны да саяжай иелері мен бау-бақшашыларға сатуға болады.
Бұл идеяны «300 мыңдық бизнес» санатына жатқызуға болады, себебі ол тек автокөлікке кететін отын шығындарын көздейді.

Сату: балаларға арналған тауарлар дүкені

Әйелдерге қандай бизнес ашуға болады? Оның бір нұсқасы – офлайн- немесе онлайн-форматтағы балаларға арналған тауарлар дүкені. Бұл тауаша әйел кәсіпкерлерді қызықтырады, себебі олар басқа аналардың қажеттіліктерін жақсы түсінеді, өз тәжірибелерімен бөлісе алады және сәбидің өмірін не жайлы ететінін біледі.
Не сатуға болады? Бұл киім-кешек, авторлық ойыншықтар, аксессуарлар, ерте дамуға арналған жиынтықтар (мысалы, жабысқақ қойындылары бар альбомдар, бүктемелі кітапшалар және т.б.) болуы мүмкін.
Бұл бизнес 2023 жылы өте пайдалы болуы мүмкін, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, тек жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді. Екіншіден, балалар тез өседі, демек оларға өмір сүру мен ойын-сауық үшін жаңа тауарлар – киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, жиһаз және т.б. қажет. Демек, осы санаттағы өнімдерге сұраныс тұрақты. Сонымен қатар мұндай бизнес жарты жыл ішінде тез өтеледі.
Егер ақша үнемдегіңіз келсе, өз интернет-дүкеніңізді ашуды қарастырып көріңіз. Бірақ егер сату үшін сауда алаңын жалға алудың қажеті болмаса да, сізге курьерлік қызметтерге, тапсырыстарды ресімдеу және ел бойынша сәлемдемелерді жөнелту жөніндегі маманға, ал егер сіз көлемді тауарларды сататын болсаңыз, қоймалық жайға да ақша бөлу керектігін ескеріңіз. Бастапқы кезде тапсырыстарды ресімдеу және жіберу бойынша міндеттерді өз бетіңізше орындап, тауарларды үйіңізде сақтай аласыз, бірақ ерте ме, кеш пе, бизнес кеңейген кезде, сізге бос қолдар мен сақтауға арналған қойма қажет болады.

Курьерлік қызмет: су жеткізу

Салқындатқыштарға арналған бөтелкелердегі суды офистер, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар ғана белсенді пайдаланып қоймай, оған сонымен қатар пәтерлерде пайдалану үшін жеке тұлғалар да жиі тапсырыс береді. Алайда көппәтерлі үйдің белгілі бір қабатына 19 литрге дейін су сыйдыратын шөлмекті жеткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан су жеткізу 2023 жылы қызмет көрсету саласындағы өзекті бизнес-идея болуы мүмкін. Оның үстіне, бұл бизнесті кемінде 200 мың теңгеге ашуға болады, жеке автокөлік болған жағдайда, тек отын шығындарын жабу қажет болады. Айтпақшы, уақыт өте келе жүргізушілер мен жүк тиеушілерді жалдап, машиналар санын көбейту арқылы істі оңай кеңейтуге болады.

Туризм: ерекше бағыттар

Соңғы жылдары Қазақстан бойынша авторлық саяхат сияқты туризм форматы сұранысқа ие болып келеді. Мұндай саяхаттарда қызықты жерлер, гидтің толық сүйемелдеуі, стандартты емес бағыттар қарастырылған. Мысалы, Тянь-Шань тауларындағы трекинг, Алтын-Емел ұлттық паркіндегі сафари, Маңғыстау түбегіне экспедициялар жиі кездеседі. Қысқа тур форматтары да сұранысқа ие, мысалы, демалыс күндеріндегі турлар.
Тағы бір қызықты бағыт – психологиялық туризм және ретриттер. Бұл – саяхаттауды ұнататын психологтар үшін жаңа бизнес-идеялар. Психологиялық туризмнің мақсаты – жағдайды ауыстыру, күнделікті дағдыдан алшақтау, демалу. Бұл бағыт өз қызметкерлерінің менталды денсаулығына қамқорлық жасайтын және мамандардың шаршауына жол бермеуге тырысатын компаниялардың сұранысына ие. Мұндай турларда адамдар бағыт бойынша жүріп, табиғи сұлулықтан ләззат алып қана қоймайды, сонымен бірге тыныштық табуға және алаңдаушылық деңгейін төмендетуге көмектесетін консультацияларға немесе топтық терапияларға барады. Басқа да сұранысқа ие белсенділіктердің арасында мастер-кластар, йога, медитация және т.б. бар.
Бұл 2023 жылы тиімді бизнес болып келеді, бірақ ол айтарлықтай капиталды инвестициялауды қажет етеді: тоқтау және іс-шаралар өткізу үшін орындарды таңдау, объектілерді жалға алу, топты тамақпен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және басқа да материалдық емес және материалдық шығындар қажет.


Спорт: онлайн-фитнес

Үй бизнесі үшін тамаша идея – жаттығуларды онлайн режимінде өткізу. 2020 жылға дейін мұндай формат сәтті болмаған еді, алайда ковид уақытында басымдықтар өзгеріп, қызметтің көптеген салалары онлайн режиміне көшті.
Интернеттегі бұл бизнес-идея өте қарапайым, жаттықтырушы клиентпен ыңғайлы қосымшада бейнебайланыс арқылы хабарласып, клиенттің қажетті жаттығулар кешенін қалай орындайтынын бақылайды, соның ішінде техниканы қадағалап, жүктемені түзетеді. Онлайн-жаттығулар алдында кеңес беріледі, онда клиент қандай мақсатқа қол жеткізгісі келетінін айтады, ал жаттықтырушы бағдарламаны жасап, қандай жабдықтарды сатып алу қажет екені жөнінде ұсынымдар береді. Шығындар тұрақты интернет ақысын және уақыт бойынша шектелмеген бейнебайланыс үшін бағдарламалық қамсыздандырудың тарифтік жоспарын төлеуді ғана қамтуы мүмкін.


Клининг: тазалау және химиялық тазалау

Бүгінгі таңда шағын бизнестің ең тиімді нұсқаларының бірі – клининг. Бұл саланың мамандары түрлі қызмет түрлерін көрсете алады: бұл ұдайы, тазалықты сақтаушы немесе күрделі жинау, жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілетін клининг және басқалар. Клинер клиентке өзінің жабдықтарымен, шығыс материалдарымен және тазалау құралдарымен келеді, бұл үшін ақша жұмсауға тура келеді.

Тағы бір пайдалы қызмет – жиһаз бен кілемдерді химиялық тазалау. Ол маманның барлық жұмысты клиенттің үйінде жасауын көздейді, бұл тапсырыс берушінің уақытын айтарлықтай үнемдейді. Алайда, бұл үшін кәсіби құрал-жабдықтар мен тазартқыш заттар және мұның бәрін тасымалдауға ыңғайлы жеке автокөлік қажет болады.


Сонымен 2023 жылы Қазақстанда қандай істі ашқан тиімді? Мүмкіндіктер мен перспективалық бағыттар өте көп. Ісін жаңа бастаушылар үшін бизнес-идеялар үй жануарларын серуендету мен мерекелерді безендіруден бастап, торттарды дайындауға және иттерге киім тігуге дейін кез келген нәрсе болуы мүмкін. Оның үстіне «үйден шықпай-ақ» жүргізілетін бизнес үшін көптеген идеяларды, мысалы декреттік демалыстағы қыздар немесе еркін кесте бойынша жұмыс істеуді жөн санайтын мамандар үшін өте қолайлы бағыттарды таңдауға болады.

Қорытындылай кетейік, өз бизнесіңізді табысты бастау үшін не істеу қажет? Біріншіден, өз құзыретіңізді ескеріп, күш-қуатыңызды, ресурстарыңыз мен мүмкіндіктеріңізді бағалау қажет. Екіншіден, нарықты зерттеп, бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі ойластыру қажет. Үшіншіден, қаржылық мәселелерді шешу үшін дұрыс серіктес банкті таңдау қажет, өйткені, ең алдымен, клиенттермен өзара есеп айырысу үшін сізге қолайлы әрі тиімді ағымдағы шот ашу қажет болады. Мұны ЦентрКредит Банкінде, оның ішінде онлайн режимінде жасауға болады. Біз жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен ынтымақтасып, бизнесмендерге түрлі қызмет нысандары мен бағыттары үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша тиімді шарттарды ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің банк кредит беру, инкассациялау, лизинг және тағы басқа бірқатар қосымша қызметтер көрсетеді, ал біздің клиенттеріміздің контрагенттермен өзара есеп айырысуы 30 минуттан аспайды. Интернет-банкингтің ыңғайлы жүйесі және мобильді қосымша кез келген бизнес-міндеттерді үйден немесе офистен шықпай-ақ, қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді және сіздің бизнесіңізді табысты етуге көмектеседі.

Өз жеңістеріңіз үшін шот ашыңыз!

Автор — Наталья Брославская

2023 жылы Қазақстанда ЖШС-ны қалай ашуға болады

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе қысқаша ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметтің түрі. ЖШС әртүрлі ауқымдағы бизнес үшін қолайлы – штаты 15 адамға дейінгі шағын компаниядан бастап 250 адамға дейін жұмыс істейтін ірі ұйымға дейін.

Алматыда немесе Қазақстанның басқа қалаларында ЖШС-ны сәтті ашу үшін оның көптеген қыр-сырын білу керек және біз бұл жөнінде осы мақалада айтып береміз.

Қазақстанда ЖШС-ны қалай тіркеуге болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы ретінде бір ғана адам емес (ҚР азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік немесе тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ бизнес-иммигрант визасы бар шетелдік), сондай-ақ бірыңғай бизнес-идеямен біріктірілген тұлғалар тобы (оның ішінде шетелдік азаматтар) бола алады. Бұл ретте ЖШС-ны тіркеу бірнеше кезеңді қамтитын болады.

Дайындық кезеңі

Ең бірінші қадам – заңды мекенжайды анықтау және болашақ бизнесіңіз үшін атау таңдау. ЖШС заңды мекенжайы құрылтайшының тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ жалға алынған немесе сатып алынған алаңда болуы мүмкін. Сіздің бизнесіңіздің атауы бірегей болуы және бұрыннан тіркелген компанияларды атауын қайталамауы маңызды. Сонымен қатар фирмаңызға атау беріп, тіркеген кезде, атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсету керек екенін ескеру қажет.

Одан кейін сіздің компанияңыздың қандай қызмет түрлерін жүзеге асыратынын түсініп, оларды ЭҚЖЖ бойынша жіктеген жөн.

Тағы бір маңызды қадам – бизнестің қаншалықты ауқымды болатынын анықтау. Сіз кішкентай компания немесе ірі кәсіпорын аша аласыз. Алдағы қызметтің ауқымы жарғылық капиталдың мөлшерін айқындайды. Нөл теңге – бұл тек микробизнеске арналған жарғылық капитал. Орта және ірі бизнеске жататын компаниялардың құрылтайшылары болашақ компанияның шотына кемінде 100 АЕК енгізуі қажет. 2023 жылы ақшалай есептегенде бұл 3 450 000 теңгеге тең.

Салық салудың қандай режимін таңдайтыныңызды да ойластырған жөн.

Құжаттарды дайындау

Бизнесмен (немесе бизнесмендер тобы) осы кезеңде келесі міндеттерді шешеді:

  • Құрылтай шартын дайындайды (компанияның негізін қалаушылар екі және одан да көп болған жағдайда қажет).
  • Серіктестік ашу туралы шешімді ресімдейді.
  • Жарғыны бекітеді. Бұл құжатты стандарт нысандар негізінде немесе жеке тәртіппен әзірлеуге болады, бұл жағдайда заңгердің көмегі қажет болады.
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны алады. Егер құрылтайшылар бірнешеу болса, ЭЦҚ компанияның барлық негізін қалаушыларда болуы қажет.

ЖШС тіркеу

ЖШС-ны ҚР-да екі тәсілмен тіркеуге болады – халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) немесе онлайн. Бірінші жағдайда құрылтайшы дайындалған құжаттар жиынтығымен тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға баруы тиіс. Өзімен бірге құрылтай шарты және компанияның мекенжайын растайтын құжат болуы қажет. Осыдан кейін өтініш жазу қажет және егер сіздің бизнесіңіз ірі бизнес болса, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Онлайн тіркеген кезде, сізге әлдеқайда аз құжат қажет болады, бұл осындай тәсілдің артықшылықтарының бірі. Өтінім терезесінде сканерленген құжаттарды (жарғы, негізін қалаушылардың қолдарының үлгілері бар құжат және жүйенің сұрау салуы бойынша басқа да құжаттар) бекіту жеткілікті. Қалған барлық құжаттар мемлекеттік органдардың базаларынан автоматты режимде «жүктеледі».

Онлайн-тіркеуді толығырақ қарастырайық.

Қазақстанда ЖШС-ны онлайн қалай ашуға болады?

Онлайн-форматта тіркеу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сондықтан көптеген бизнесмендер осы тәсілді белсенді түрде пайдаланады. Ол Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады және бірнеше қарапайым қадамды қамтиды:

Порталда авторизациядан өтіңіз.

1. «Бизнеске» бөліміне өтіп, «Бизнесті тіркеу және дамыту» қойындысын таңдаңыз. Жаңа бетте «Бизнесті тіркеу және жою» тармағын басыңыз.

2. Ашылған қызметтер тізімінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» санатын таңдаңыз.

3. Беттің оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан «Қызметті онлайн сұрау» деген қызғылт сары батырманы басыңыз.

4. Бұдан әрі «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу...» бөлімін белгілеңіз.

5. Ұсынылған нысанға деректерді енгізіңіз (құрылтайшылар, ұйымның орналасуы, ЭҚЖЖ бойынша жіктеу және т.б. туралы ақпарат). Басшы өзінің қазақстандық ЖСН енгізуі керек екеніне назар аударыңыз.

6. Соңғы кезеңде сіз корпоративтік клиент болатын банкті анықтап, сенімді сақтандырушыны таңдау қажет. Осылайша бір порталда компанияны тіркеп, шот ашып, жауапкершілікті сақтандыруға болады. Үш бөлек ұйымға барудың орнына – тінтуірмен небәрі бір-екі батырманы басасыз, бұл процедураны айтарлықтай жеңілдетеді.

7. Баж салығын төлеңіз (ірі кәсіпорынды тіркеген жағдайда ғана).

8. Нысанға ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Егер бизнесті құруға бірнеше құрылтайшы қатысса, нысанға әрбір негізін қалаушының (жеке кабинет арқылы) қол қоюы қажет.

Тіркелу бір күннен аспайды. Процедура аяқталғаннан кейін заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтаманы электронды түрде аласыз. Анықтама тегін беріледі.

ЖШС үшін шот ашу

ЖШС-ны тіркеуді аяқтау және коммерциялық қызметті бастау үшін банктік есеп айырысу шотын ашу, сондай-ақ жұмыс беруші ретінде жауапкершілікті сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына жүгіну қажет.

Шот ашу үшін компанияның негізін қалаушылар заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті, жарғыны (түпнұсқасы мен көшірмесін) ұсына отырып, банкке өтініш беруі, сондай-ақ өзімен бірге азаматтық төлқұжаттары болуы қажет.

Сақтандыру компаниясына жарғымен және штаттық кестемен жүгіну керек. Сол жерде, сақтандырушылар офисінде өтініш жазу қажет.

Шетелдік азаматқа Қазақстанда ЖШС-ны тіркеу үшін не қажет?

Шетелдік азамат ҚР-да осындай тіркеу процедурасынан өту арқылы ЖШС аша алады. Алайда компанияның негізін қалаушылар қосымша құжаттарды ұсынуға дайын болуы тиіс. Құжаттама нотариуста куәландырылып, қазақ және орыс тілдеріне аударылатынын ескеріңіз.

Сондай-ақ қосымша өз төлқұжатының көшірмесін дайындап, халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Egov.kz порталында онлайн режимінде қазақстандық ЖСН алу қажет. Екінші жағдайда сізге ЭЦҚ бар ҚР азаматына сенімхат қажет болады. Егер серіктестікті Достастыққа (ТМД) кірмейтін елдің азаматы ашса, оған виза қажет болады. Бұл жерде сөз С5 санатындағы бизнес-иммигрант визасы туралы болып отыр, ол 24 айға дейін беріледі.

Бұдан басқа егер шетелдік ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын елдің азаматы болса және ол серіктестікті өз бетінше басқаруды жоспарласа, оған уақытша тұруға рұқсат (УТР) қажет болады. Жұмысқа рұқсат та қажет. Екі құжат та ХҚКО-да ресімделеді, бірақ оларды Egov.kz-тен алуға болады.

Егер әңгіме шетелдік заңды тұлға туралы болса, ЖШС-ны онлайн немесе жеке қалай тіркеуге болады? 

Бұл жағдайда осы компанияның өтініш берушінің отанында сол елдің заңнамасына сәйкес тіркелгенін растайтын сауда тізілімінен үзінді көшірмені ұсыну қажет. Құжаттарды өз елінде растау керек, ал Қазақстанда оларға апостиль қою немесе заңдастыру керек. Тек ТМД елдерінің бизнесі үшін ғана ерекшелік бар. Достастықтың көрші мемлекеттерінен келген заңды тұлғаларға ЖШС ашу оңай, себебі оларға виза ресімдеп, жұмысқа рұқсат алудың қажеті жоқ.

ЖШС ресімдеу – Қазақстанда бизнес жүргізудің ыңғайлы тәсілі. Компанияны бір адамға емес, бірнеше құрылтайшыға тіркеуге мүмкіндік беретіндіктен мұндай формат жиі таңдалады. Бұған қоса үкімет тек өз елінің азаматтары үшін ғана емес, сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлер үшін де серіктестікті тез әрі жеңіл түрде тіркеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Серіктестікті ашқан кездегі барлық процедуралар онлайн режимінде қолжетімді, бұл уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді

Авторы - Наталья Брославская

Сарапшы - Нургалиева Айжан Толеугазиновна

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды