Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
20 мамыр 2024
Обновлено: 11 маусым 2024

2024 жылы ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар: бұл не және мөлшерлеменің мөлшері қандай?

Жұмыскерді еңбекке қабілетсіздік және өзге де тәуекелдер (асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, декрет) жағдайында қорғау үшін төлеуші, яғни ұйым ұдайы әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыскер әлеуметтік төлемдерді дәл осы ақшадан алады.

2024 жылы Қазақстандағы барлық әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жіберіледі. Ол сақтандыру жағдайы басталған кезде мамандарға өтемақы төлейді.

ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар төлеу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік кодексте», сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы бұйрығында белгіленген.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Әлеуметтік салықты кім үшін міндетті түрде төлеу керек? 

Заңнамаға сәйкес ҚР-да 2024 жылға әлеуметтік аударымды мынадай мамандар үшін төлеу керек:

  • ұйымдардың жұмыскерлері.
  • Жеке кәсіпкерлер. Оның ішінде 2024 жылы ҚР-да өзі үшін әлеуметтік аударымдарды шаруа немесе фермер қожалықтарында жұмыс істейтін ЖК төлеуі керек.
  • Жеке практикамен йналысатын мамандар (медиаторлар, нотариустар, адвокаттар және т.б.).
  • Бірыңғай жиынтық төлем(БЖТ) төлейтін жеке тұлғалар.
  • Азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстанда тұрақты тұратын және ел аумағында кіріс алатын шетелдік азаматтар. 
  • Қандастар (оралмандар) – ҚР-ға басқа елдерден көшіп келген, ел аумағында тұрақты тұратын және осында жүзеге асыратын қызметінен кіріс алатын этникалық қазақтар.

Ал зейнетке шыққан, бірақ еңбек қызметін жалғастыратын жұмыскерлер жалақыдан әлеуметтік аударымдар төлемейді.

ҚР-да әлеуметтік аударымдарды қалай есептеу керек? 

Ол үшін 2024 жылы ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшерін есепке алу керек. Сонымен, әлеуметтік аударымдар жалақының қанша пайызын құрайды?

Мөлшерлеме есептеу сомасының 3,5 %-ына тең. Мұндай мөлшерлеменің 2019 жылдан бері сақталып келе жатқанын айта кетейік. Алайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 5 %-ға арттырылады.

Аударымдар сомасының ең төменгі және ең жоғарғы шектері бар екеніне назар аударыңыз.

2024 жылы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің ең жоғарғы мөлшері – 7 ЕТЖ-ға дейін (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ көрсеткіші 85 000 теңгені құрады). Сонымен, 7 ЕТЖ – 595 000 теңге. Демек, төлемдер бойынша ең жоғарғы шек 20 825 теңгеден (595 000 × 3,5 %) аспауға тиіс.

Ал егер жалақы сомасы 1 ЕТЖ-ға да жетпесе, қорға қанша төлеу керек? Мұндай жағдайда 3,5 % ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни 85 000 теңгеден есептеледі. Демек, 2024 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі сомасы 2 975 теңгеге (85 000 × 3,5 %) тең.

910-нысан бойынша декларация дегеніміз не және оны қалай тапсыруға болады?
2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Әлеуметтік аударымдар қандай сомадан есептеледі? 

Әлеуметтік аударымдарды есептемес бұрын есептеу объектісін анықтап алу керек. Ол маманның мәртебесіне байланысты:

  • Сіз компанияда жалдамалы жұмыскерсіз.

Мұндай жағдайда сіз үшін аударымдарды жұмыс беруші төлейді. 3,5 % жалақыдан есептеледі.

  • Сіз ЖК-сіз (фермерлер мен шаруаларды қоса алғанда) немесе жеке тәжірибесі бар мамансыз.

Бұл жағдайда кәсіпкерлер өздері үшін әлеуметтік жарналар төлейді. Сонымен қатар бизнесмен әлеуметтік төлемдерді қай сомадан аударатынын өзі белгілейді. Бірақ ең жоғарғы шектен (яғни 7 ЕТЖ) асыруға болмайтынын ескеріңіз.

Сондай-ақ жұмыссыз тұрып қалған айлар үшін әлеуметтік салықты төлемеуге болатынына назар аударыңыз. Бірақ егер оны сонда да төлеуді ұйғарсаңыз, онда есептеу объектісі 1 ЕТЖ болады.

Кірістердің әлеуметтік салық салынбайтын бірнеше санаты бар екенін ескеру маңызды. Бұлар – алимент, іссапар үшін төлемдер, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және т.б.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Әлеуметтік салық қашан төленеді? 

Әлеуметтік аударымдар ай сайын төленеді, сонымен қатар төлемді есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізу керек. Мысалы, 25 қазанға дейін қыркүйек айына төлемдер жасалады. Айтпақшы, ақша аударған кезде ақшаны қай кезеңге (яғни біздің мысалымызда қыркүйекке) төлейтініңізді көрсетуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды төлеген кезде төлем деректемелерін, соның ішінде жеке шоттағы БЖК-ны мұқият тексеріңіз.

Егер төлем уақытылы жасалмаса, не болады? Әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлемегені үшін өсімпұл көзделген: ол Ұлттық Банктің 1,25-ке көбейтілген базалық мөлшерлемесін (төлемді мерзімінен кешіктірген әрбір күн үшін) құрайды. Уақытылы төленбеген әлеуметтік аударымдар үшін өсімпұл төлеген кезде 017 ТМК (төлем мақсатының коды) пайдаланылады.

Егер жұмыс беруші мүлде ақша аудармаса, оның банктік шоттарына борыш өтелетін сәтке дейін тыйым салынуы мүмкін.

Егер ақша аударуды кешіктірсеңіз немесе толық емес соманы аударсаңыз, құзыретті органдар сізге хабарлама жібереді. Жіберуге 5 күн беріледі.

ҚР-дағы әлеуметтік аударымдар туралы ақпаратты қалай тексеру керек?

Электрондық үкімет порталында әлеуметтік аударымдардың жай-күйі, олардың қозғалысы туралы деректерді онлайн зерттеп, үзінді көшірме немесе анықтама алуға болады. Қызмет тегін көрсетіледі, бірақ біраз уақыт алады: әдетте құжаттарды берген сәттен бастап 10 күннен аспайды.

Сондай-ақ Егов арқылы қате төленген ақшаны қайтаруға болады.

Әлеуметтік аударымдарға кірістің аз пайызы бөлінеді, бұл ретте олар тәуекел туындаған жұмыскерді қорғай алады (мысалы, еңбекке қабілеттіліктен айырылуға әкелген ауру). Сондықтан әлеуметтік төлемдерді тұрақты және жауапты түрде төлеу – өз мамандарының қамын ойлайтын сенімді компанияның белгісі.

Автор
Асель Жумабаева
Эксперт
Галымжан Турумбаев
Вам может понравиться
2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін ЖК

Жеке кәсіпкер үшін бизнесті жүргізудің ең түсінікті, жеңіл әрі ыңғайлы тәсілдерінің бірі – бұл салық салудың оңайлатылған жүйесі (ССОЖ) бойынша ЖК. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жағдайда бизнес оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейді. Бұл режим әкімшілік процедуралардың санын азайтып, есептік құжаттаманы дайындауды жеңілдетеді. Ең бастысы, бизнес жүргізуді кәсіпкер өз бетінше – бухгалтерді тартпай-ақ атқара алады. Оңайлатылған режимнің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.

Оңайлатылған декларация қандай ЖК үшін қолжетімді?

Кәсіпкерлер, егер олардың бизнесі бір мезгілде келесі параметрлерге сәйкес келген жағдайда, оңайлатылған жүйені пайдалана алады:

  1. Қызметкерлердің саны

Жұмыскерлердің жалпы саны 30 адамнан аспауы тиіс (бұл санға бизнесменнің өзі де кіреді).

  1. Бөлімшелердің болуы

Компанияның басқа елді мекендерде орналасқан филиалдары жоқ.

  1. Жарты жылдағы кіріс

Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді.

Егер бизнесмен 2023 жылы бизнесті оңайлатылған режим бойынша жүргізу үшін ҮИЖ қолданбаса, ЖК-ның жартыжылдық айналымы 24 038 АЕК-тен кем болуы тиіс. Осылайша жарты жылдағы ең жоғары кіріс 82 931 100 теңгеден аспауы тиіс (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге жетті).

Егер кәсіпкер ҮИЖ қолданатын болса, онда жартыжылдық айналым 94 086 АЕК-тен (24 038 АЕК + 70 048 АЕК) төмен болуы тиіс. Ақшалай баламада – 324 596 700 теңге.

  1. Нарық сегменті

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК кез келген қызметпен айналыса алады. Алайда ҮИЖ мүмкін болмайтын бірқатар ерекшеліктер де бар, оларға мынадай салалар жатады:

  • Акцизделетін тауарларға байланысты қызмет (оларды дайындау, сақтау немесе көтерме саудада өткізу)
  • Мұнай өнімдерін (мысалы, дизель отынын немесе бензинді) сату
  • Лотерея билеттерінің ұтыс ойынын өткізу
  • Жер қойнауын пайдалану (лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызметті есепке алмағанда)
  • Шыны ыдыспен жұмыс (оны жинау немесе қабылдау)
  • Металдармен байланысты қызмет (дайындау, сақтау, қайта өңдеу, сату)
  • Маркетингтік немесе консультациялық қызметтер көрсету
  • Аудит, бухгалтерлік есеп
  • Сақтандыру қызметтері
  • Әділет және құқық саласындағы жұмыс
  • Сауда алаңдарын жалға беру, оларды субжалға беру
  • Қаржы лизингі
  • Қонақ үй қызметтері (егер бір қонақ үйде екі және одан да көп салық төлеуші жұмыс істейтін болса)
  • Агенттік шарттар негізінде көрсетілетін қызметтер

Салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін бір мезгілде аталған барлық параметрлерге жауап беру керек екеніне тағы да сіздің назарыңызды аударамыз. Егер бизнесмен критерийлердің ең болмаса біріне сәйкес келмесе, ол салық салудың жалпы режиміне көшеді.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК қандай салықтарды төлейді?

ип на упрощенке 2023

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.

2023 жылы қызметкерлерді тартпай-ақ жұмыс істейтін ЖК үшін оңайлатылған режим бойынша салынатын салықтар

Қосымша мамандар жалдамайтын бизнесмен бюджетке салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады.

Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%-ы. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.

ЖК ашу

Кәсіпкер өз пайдасына келесіні төлейді:

  • Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) – ай сайынғы табыстың 10%-ы.
  • Әлеуметтік жарналар – жалақының 3,5%-ы.
  • Медициналық сақтандыру төлемдері (МӘМСЖ) – 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы (бұл 2023 жылы 4 900 теңгені құрайды).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, заңнама тек соманың шегін регламенттейді. Осылайша міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ – 70 000 теңге), ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін.

Аударылған төлемдер ай сайын жасалады. Жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жасау қажет.

Бұдан басқа бірнеше ерекшелікті есте сақтау маңызды:

  • Егер кәсіпкер бала күтіміне байланысты демалыста болса, бірақ ресми түрде өз жұмысын тоқтатпаса және пайда табуды жалғастырса, онда МЗЖ және әлеуметтік жарналарды төлеу қажет (кемінде бір ЕТЖ-дан).
  • Егер кәсіпкер қызметін тоқтатпаса, бірақ ол пайда алмаса, оған бәрібір есеп беруге тура келеді.
  • Тіпті сіз қызметіңізді тоқтатып, салық есептілігін ұсынбасаңыз да, ай сайын МӘМСЖ төлеуіңіз қажет (1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалдамалы қызметкерлермен жұмыс істейтін ЖК үшін салықтар

Егер бизнесмен мамандарды жалдаса, онда ол да жоғарыда көрсетілген төлемдерді (өз пайдасына және бюджетке) жасайды. Сонымен қатар ол өзінің әрбір маманы үшін қаражат аударуы қажет:

  • 10% – ЖТС
  • 10% – МЗЖ
  • 3,5% – әлеуметтік аударымдар
  • 3% – МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру)
  • 2% – МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар)

Пайыздар жалдамалы мамандардың жалақы сомасынан есептеледі. Сондай-ақ қызметкердің мәртебесін (зейнеткер, мүгедек, шетелдік және т.б.) ескеру қажет.

Есіңізге сала кетейік, оңайлатылған салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер жұмыскерлер үшін әлеуметтік салықтан босатылады. Бірінші қаралған жағдайдағыдай, мамандар үшін төлемдер әр ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін) жасалады.

Бұдан басқа бизнесмен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс ақысын немесе егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, өтемақы төлеуі тиіс.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК үшін ҚҚС төлеу

Бизнесменге ҚҚС төлеу қажеттілігі оның жылдық табысымен анықталады. Осылайша егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналым жылына келесі мөлшерден асып кетсе, бизнесмен 2023 жылы оңайлатылған салық режимі кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет:

  • 20 000 АЕК – ҮИЖ қолданбайтын ЖК үшін. 2023 жылы бұл 69 000 000 теңгеге баламалы;
  • 144 184 АЕК (20 000 АЕК + 124 184 АЕК) – ҮИЖ қолданған кезде. Бұл 497 434 800 теңгені құрайды

Айналым асып кеткен кезде, кәсіпкер асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салықтық өтінішті (электрондық немесе қағаз нысанында) дербес беруге міндетті.

Егер кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұрса, оған төлеушінің куәлігі беріледі. Осы сәттен бастап ол тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация беріп, 12% мөлшерлеме бойынша салық төлеуі қажет.

Қазақстанда оңайлатылған режим бойынша ЖК-ні қалай жүргізу керек?

налоги ип 2023 рк по упрощенке

Мұны кез келген ыңғайлы тәсілмен: дербес, аутсорсингтегі бухгалтердің немесе штаттық бухгалтердің көмегімен жасауға болады. Әр нұсқаның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, штатқа бухгалтерді жалдау әрдайым экономикалық тұрғыдан орынды бола бермейді (әсіресе егер біз шағын бизнес туралы айтатын болсақ). Сондықтан шағын бизнес аутсорсингте бухгалтерия жүргізу қызметін жиі пайдаланады.

Өз кезегінде бухгалтерияны дербес жүргізу барлық аспектілерді мұқият зерделеуді білдіреді, көптеген ерекшелікті ескеру қажет. Мысалы, кәсіпкер қандай тәсілмен табыс таба алатынын және оған қандай құжаттарды дайындауға тура келетінін қарастырайық:

  1. Қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу үшін онлайн-касса қажет, әрбір сауда жасаған кезде, клиентке чек беру қажет
  2. Банк картасы бойынша төлем. Бұл жағдайда да онлайн-касса қажет.
  3. Қосымша арқылы жүргізілетін операциялар (мысалы, Homebank немесе Kaspi сервисі арқылы). Бұл жерде де онлайн-кассасыз болмайды.
  4. Банктегі ЖК шотына аудару. Егер сізбен тауар үшін есеп айырысатын болса, онда төлем жасауға арналған шотты, жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны (ЭШФ) дайындау талап етіледі. Ал егер клиенттер сіздің қызметтеріңізге осылайша ақы төлесе, онда шот жазып беріп, орындалған жұмыстардың қағаз немесе электрондық актісін (ОЖЭА) жасау және ЭШФ дайындау қажет.

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК ЭШФ жазып беруге міндетті ме? 2021 жылғы 1 сәуірден бастап, егер заңды тұлғалармен немесе ЖК-мен жасалатын бір шарт бойынша сома (оңайлатылған режимді, патентті қолданатындардан басқа) 1 000 АЕК-тен, яғни 3 450 000 теңгеден асса, бұл құжатты жазып беру қажет.

ЖК үшін шот ашу

Бірақ мұнымен шектелмейді. Келесі кәсіпкерлерге ЭШФ дайындау қажет:

  • ҚҚС төлеушілер болып табылатын кәсіпкерлер.
  • Басқа елдерден әкелінген тауарларды сататын (импорт) кәсіпкерлер.
  • ҚҚС төлемейтін, бірақ ЭШФ жүйесінің «Виртуалды қойма» (ВҚ) модулінде тіркелген тауарларды сататын кәсіпкерлер.
  • Халықаралық жүк тасымалдау саласында қызметтер көрсететін (ҚҚС төлейтініне қарамастан) кәсіпкерлер

Аталған санаттағы бизнесмендер шартқа сәйкес сома 1 000 АЕК-ке жетпеген жағдайда, ЭШФ дайындауы қажет екенін ескеріңіз..

Оңайлатылған жүйе бойынша кәсіпкерлер қандай есептілікті дайындайды?

Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін ЖК 910.00 нысанын жарты жылда бір рет толтыруы тиіс:

  • І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құжат 1 шілдеден 15 тамызға дейін ұсынылады. Сондай-ақ 25 тамызға дейін табыс салығы – 3% төленеді
  • II жартыжылдық үшін 1 қаңтардан бастап есеп беріледі. Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін үлгеру қажет. Бұдан басқа 25 ақпанға дейін 3%-дық салықты төлеу қажет.

Нысан онлайн режимінде беріледі, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер бар ма?

Қазақстанның Салық кодексінде оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер жазылған. Бірақ бұл жеңілдіктер тек мамандарды жалдайтын бизнесмендерге ғана қатысты.

ЖК әрбір қызметкер үшін төлейтін салықты 1,5%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл маманның жалақысы 25 АЕК (яғни 86 250 теңге) немесе осы көрсеткіштен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Жеңілдікті 910.00 нысанын толтырған кезде қолдануға болады. Төлем жасауға арналған соманы есептеу автоматты режимде орындалатын болады.

Кәсіпкер тек жеңілдіктерге ғана сене алмайтынына назар аударыңыз. Ол өз міндеттемелерін, оның ішінде салықты уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерін есте ұстауы қажет. Әртүрлі бұзушылықтар ескерту (бірінші рет) арқылы жазаланады. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар анықталған кезде, кәсіпкерге айыппұл салынады. Оның үстіне аз сома емес – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.

Оңайлатылған салық жүйесі кәсіпкерлерді қарапайымдылығымен және айқындылығымен тартады, бұл барлық есепті өз бетінше жүргізуге және бөгде мамандардың қымбат тұратын қызметтеріне жүгінбеуге мүмкіндік береді. Алайда оңайлатылған жүйеде де барлық ерекшеліктерді біліп, заңнама нормаларын түсіну маңызды. Бұл өз бизнесіңізді ашық әрі тиімді жүргізуге, жеңілдіктерді пайдалануға және ескерту мен айыппұлдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Авторы - Наталья Брославская  

ЖК қызметінің басталуы туралы Талон
910-нысан бойынша декларация дегеніміз не және оны қалай тапсыруға болады?

Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен серіктестіктер 2024 жылы бақылаушы органдарға 910-нысанды тапсыруы тиіс. Бұл декларация табыс, төленген салық (оның ішінде ЖТС және әлеуметтік салық, олар бірге табыстың 3%-ын құрайды), өзі және қызметкерлер үшін жасалған аударымдар туралы деректерді қамтиды. Нысан осы параметрлер бойынша жартыжылдықтың әрбір айы үшін есеп беруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы онлайн-бухгалтерия дегеніміз не және оның қандай артықшылықтары бар?

Жаңа бастаған ЖК үшін бухгалтерия – оңай міндет емес: кәсіпкерлерді қателесіп, бұрыс іс-әрекет жасау және соның нәтижесінде айыппұл мен түрлі мәселеге тап болу мүмкіндігі қаймықтырады. Бухгалтерлік міндеттерді аутсорсингке беру тартымды балама болуы мүмкін, алайда сырттан бухгалтер жалдауды ісін жаңа бастаған бизнесмендердің қалтасы көтере бермейді.

Бірақ бухгалтерияны өз бетінше – дұрыс, тиімді әрі еш тәуекелсіз жүргізуге болады. Мұны қалай жүзеге асыруға болады? Заманауи нұсқалардың бірі – онлайн-бухгалтерия.

2024 жылы Қазақстанда бизнес пен жеке тұлғаларға арналған көлік салығы

Жыл сайын Қазақстанда автокөлігі бар жеке тұлғалар көлік салығын төлейді және 2024 жыл да тыс қалған жоқ. Алайда осындай міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды