Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
27 мамыр 2024
Обновлено: 3 маусым 2024

Кредит картасы: бұл не және ол қалай жұмыс істейді?

Көптеген адамдар үшін дағдылы дебеттік банк картасы арқылы клиент өз қаражаты есебінен төлем жасай алады. Кредит картасы да есеп айырысуға мүмкіндік береді, бірақ бұл клиенттің емес, банктің ақшасы арқылы орындалады. Кредит картасының не екенін жай сөзбен түсіндіріп көрейік, оның басқа карталардан айырмашылығы неде екенін қарастырайық.

Содержание

Кредит картасы деген не?

Кредит картасы (халық оны кредитка деп атайды) – банктің ақшасы сақталатын төлем карточкасы. Клиент зат сатып алған кезде, ол банктен қарызға ақша алады, яғни оны қайтаруы керек. Одан басқа, классикалық кредит жағдайындағыдай, қарыз қаражатын пайдаланған кезде оларға пайыз есептеледі. Алайда бүгінгі таңда банктердің көпшілігі клиенттерге грейс кезеңін ұсынады, оның барысында қарыз қаражатын ең төменгі пайызбен немесе мүлдем пайызсыз пайдаланууға болады.

#картакарта


  • Кредитная карта с лимитом до 7 млн тенге
  • Кредитный лимит без %
  • До 55 дней

Кредит картасымен банк карталарын қабылдайтын кез келген жерде: гипермаркетте, мейрамхана мен кафеде, интернет-дүкенде, жанармай құю бекетінде және т.б. төлем жасауға болады.

Көп жағдайда кредит картасынан қолма-қол ақша ала аласыз: мұны банкомат немесе банк кассасы арқылы жасауға болады.

Кредит картасы қалай жұмыс істейді?

Қызметті ресімдеген кезде банк маманы сізге кредит картасын береді. Оның сырттай дебеттік картадан айырмашылығы жоқ: пластик негізге стандартты деректер – 16 таңбалы бірегей нөмір, қолданылу мерзімі, иесінің тегі мен аты түсіріледі, бірақ карта атаулы болмауы да мүмкін.

Кредит картасында ақша болады, оның сомасы банк лимитімен шектеледі. Банк клиентке қарызға бере алатын ең көп ақша сомасы осылай аталады. Лимит әдетте пайдаланушының кіріс деңгейін, оның кредит тарихын, транзакциялар санын ескере отырып, жеке белгіленеді. Әдетте кіріс неғұрлым көп болса, банк клиентке соғұрлым көп қарыз қаражатын ұсына алады. Мысалы, ЦентрКредит Банкінің #картакарта карточкасы бойынша кредит лимиті 7 миллион теңгеге жетеді.

Сіз зат сатып алып, картамен есеп айырысасыз. Сатып алған затыңыздың ақысын қазір кредит лимиті есебінен төлеп, біршама уақыттан соң жұмсалған соманы қайтара аласыз.

Бұл шұғыл шығын жұмсау керек болған кезде өте ыңғайлы. Әдетте бір айдан кейін пайдаланылған кредит лимитін қайтару немесе ең төменгі төлемді жасау керек: кейбір банктер төлем жасау үшін белгілі бір күнді белгілейді, ал басқалары тек уақыт аралығын белгілейді (мысалы, ақы төлеген соң 20–25 күннен кейін). Шотты кез келген ыңғайлы тәсілмен, мысалы, бір картадан екінші картаға аудару арқылы, банкомат, касса немесе Astana Plat (Касса 24), Qiwi, RPS Asia (Yurta) терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен толықтырады.

Көптеген жағдайда айыппұлсыз мерзімінен бұрын өтеу қарастырылғанына назар аударыңыз.

Көптеген кредит өнімдерінде грейс кезеңі бар (оны жеңілдік немесе пайызсыз кезең деп те атайды). Мысалы, #картакартада ол 55 күнді құрайды: бұл белгіленген кезеңде пайыз есептелмейтінін білдіреді – зат сатып алған кезде тек пайдаланылған кредит лимиті сомасын өтеу керек. Басқаша айтқанда, егер банкке борышты бұл кезең аяқталғанға дейін қайтарсаңыз, кредит қаражатын пайдаланған кезде сізде артық төлем мүлде болмайды. Грейс кезеңі қаржылық жүктемені азайтуға, бұл ретте барлық қажетті затты сатып алуға мүмкіндік береді.

Кредит картасының дебеттік картадан айырмашылығы неде?

Бұл банк өнімдерінің арасындағы басты айырмашылық ақшаның кімге тиесілі екендігінде: дебеттік картамен есеп айырысу клиенттің өз қаражатымен, ал кредит картасымен есеп айырысу банктің ақшасымен жүргізіледі.

Алайда басқа да ерекшеліктер бар:

  • Көбінесе кредит картасы бөліп төлеу картасы болады.
  • Бұл жағдайда клиент банк ұсынған бөліп төлеу мүмкіндігін пайдалана алады: соманы банк серіктестерінен зат сатып алуға бір мезгілде жұмсап, оны 3–12 ай ішінде белгілі бір күнге тең үлестермен қайтара алады.
  • Айырмашылығы: кредит картасы жаңартылатын лимит ұсынады, оны кез келген мақсатқа, соның ішінде шетелде пайдалануға, белгіленген күндерсіз біртіндеп өтеуге болады.
  • Кредит картасымен сондай-ақ қаражатты жалақыға дейін пайдалануға болады, бұл клиентке қарыз ақшасын алдын ала белгіленген кредит лимитіне дейін жұмсауға мүмкіндік береді.
  • Кэшбэк (яғни зат сатып алғаны үшін қаражаттың бір бөлігін қайтару) әдетте жоғары. Мысалы, #картакарта бойынша ол серіктестерден және сүйікті үш санаттан зат сатып алған кезде 10 %-ға жетеді, олар ай сайын өзгеріп отырады (оларды банктің bcc.kz мобильді қосымшасында таңдау өте ыңғайлы).
  • Сондай-ақ карта ұстаушы көптеген қызметті тегін, соның ішінде кіріс және шығыс операциялар туралы СМС-хабарлама арқылы пайдалана алады.
  • Әдетте картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін.

Кредит картасы немесе дебеттік карта екенін қалай білуге болады? Көптеген банктер кредит карталарын Credit сөзімен таңбалап қояды, бұл жағдайда сәйкестендіру барынша оңай. Егер картада мұндай белгі болмаса, оның түрін анықтаудың ең ыңғайлы әрі жылдам тәсілі – мобильді қосымшаға немесе банктің сайтына кіру.

Премиальный уровень с #IronCard

Карта для ценителей комфорта и эксклюзивности

Кредит картасы несімен тиімді?

Кредит өнімдері мыналардың есебінен пайда табуға мүмкіндік береді:

  1. Жеңілдік кезеңі. Егер банкке ақшаны ол таусылғанға дейін қайтарсаңыз, онда артық төлем жасамайсыз. Бұл – шұғыл үлкен зат сатып алу үшін оңтайлы шешім.
  2. Кэшбэк. Қаражатты ақшамен немесе бонуспен қайтаруға болады. Ақшаны өз қалауыңыз бойынша жұмсауға болады, ал бонустарды әдетте белгілі бір өнімдерге жұмсауға болады.
  3. Жеңілдіктер мен сыйлықтар. Бұл банк серіктестерінің әртүрлі бонустары болуы мүмкін: мысалы, шетелге шыққан кезде сақтандыруға жеңілдіктер.

Кредит картасын қалай жабу керек?

Кредит картасын жабу үшін пайдаланылған кредит лимитін және ол бойынша берешекті (болған кезде) өтеу керек. Борыштың мөлшерін нақтылау үшін банктің call-орталығына қоңырау шалуға немесе мобильді қосымшадағы, интернет-банкингтегі деректерді тексеруге болады.

Келесі қадам – банк бөлімшесіне бару, онда картаны және карта шотын жабу туралы өтініш жазу керек. Одан басқа, берешектің жоқтығы туралы анықтама алған да дұрыс. Бұл құжат сіздің банк алдындағы борышыңыздың өтелгенін және шоттың жабылғанын дәлелдейді.

Соңғы кезең – картаны банк жұмыскеріне беру және оны клиенттің көзінше жою.

Көптеген банктерде кредит картасын және ол байланыстырылған шотты жабу опциясын онлайн – мобильді қосымша немесе интернет-банкинг жүйесі арқылы қолдануға болады.

Кредит картасы – ақша қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда оңтайлы құрал. Бұл сізге қажетті зат сатып алуға ғана емес, сонымен қатар пайда табуға да, мысалы, кешбэк алуға немесе қарыз қаражатын грейс кезеңінде артық төлемсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Одан басқа, мұндай карта тез ресімделеді және оған барынша аз құжат қажет.

Автор
Асель Жумабаева
Вам может понравиться
Тігін бизнесі: арманнан мақсатқа. GUITEX компаниясының негізін қалаушы Гүлмира Айтымбетованың тарихы

Наурыз айының ортасында ЦентрКредит Банкі сұхбаттар топтамасын іске қосты, олардың кейіпкерлері – қазақстандық кәсіпкерлер. Бірінші сұхбаттың кейіпкері Гүлмира Айтымбетова болды. Оның тарихы шабыттандырады: кәсіпкер жалдамалы пәтердегі ательеден өз бизнесіне дейін күрделі жолдан өткен, оның клиенттерінің арасында ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар бар. Олардың қатарында – The Ritz-Carlton люкс мейманханалар желісі, Шымкент сыра қайнату зауыты, SMALL супермаркеттер желісі, «Қазақстан» қонақүйі.

Бүгінде GUITEX компаниясы – корпоративтік киім тігу бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі. Оның тұрақты клиенттері болып табылатын 100-ден астам ұйым бар, ал өндіріс көлемі 60 миллион теңгеге жетеді.

Премиум карта дегеніміз не?

Стандарт банктік картаға қарағанда, премиум санатындағы дебеттік карталар эксклюзивті мүмкіндіктерге жол ашады.

Премиум карта қандай мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынатынын анықтап көрейік.

BRAMF компаниясының негізін қалаушы Үйсіпхан Асқармен сұхбат

Әр бизнестің өз тарихы бар – BRAMF фабрикалық асүй жиһазын шығаратын компанияның тарихы оның негізін қалаушы Үйсіпхан Асқармен сұхбатқа арналған. Кәсіпкердің жолын қарапайым деуге келмейді – бұл ерекше әрі қызықты, тіпті шытырман оқиғалы тарих.


Үйсіпхан Асқар асүй гарнитураларын шығаратын компания құрғанға дейін-ақ табысты кәсіпкер болған: оның 10 жылдан астам уақыт бойы компьютерлік бөлшектерді дайындау және сату бойынша бизнесі болды. Ол тұрақты табыс әкеліп отырды, бірақ уақыт өте келе кәсіпкер істің өз шегіне жеткенін, жай ғана «ескіргенін» түсінді. Содан кейін ойы ортақ кәсіпкерлермен бірге жаңа идея іздей бастады, кәсіпкерлер стандарттан тыс ойлауға шешім қабылдады.

Қазақстанда 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбе

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, мамандардың еңбек қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жүктемені оңтайлы бөлу, демалыс уақытын тиімді жоспарлау үшін ҚР-дағы компаниялар өндірістік күнтізбені пайдаланады. Осылайша, 2024 жыл 249 жұмыс күнін қамтиды (бес күн жұмыс істейтіндер үшін), сәйкесінше 117 күн демалыс және мереке күндеріне келеді.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды