Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
3 қаңтар 2024
Обновлено: 29 мамыр 2024

Лизинг: бұл не және кредиттен айырмашылығы қандай

Егер кәсіпкерге көлікті немесе арнайы техниканы сатып алу қажет болса, ал оған сомасы жеткіліксіз болса, кредит рәсімдеуге болады. Бірақ соңғы уақытта лизингтің танымалдығы артуда. Қаржыландырудың бұл түрі кредитке ұқсас, алайда айтарлықтай айырмашылықтары да бар.

Лизинг дегеніміз не?

Техникалық лизинг (авто, арнайы техника және т.б.) - бұл кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу. Басқаша айтқанда, кәсіпкер, айталық, лизингтік шарттың қолданысы кезінде машинаны пайдаланады және ай сайын аударымдар жасайды, бұл ретте авто құны үнемі төмендеп отырады. Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін қалған бөлігін төлеп, автокөлікті сатып алуға немесе сатып алудан бас тартуға болады.

Схема былайша жұмыс істейді: лизингтік компания немесе банк бизнесменді қызықтыратын жабдық сатып алып, содан кейін оны кәсіпкерге жалға ұсынады.

Бизнесіңізге арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Лизинг пен кредитті салыстыру

Алдымен осы қаржылық бағдарламалардың ұқсастығына тоқталайық. Екі жағдайда да клиент мүлікті пайдаланғаны үшін ақшаны банкке немесе лизингтік компанияға аударады. Бұл ретте төлемдер тұрақты түрде (әр ай сайын) енгізіледі. Мерзiмдері де ұқсас: екi бағдарламаны да әдетте 84 айға дейiнгi кезеңге ресiмдейдi, бұл ретте бөлiнген шеңберде нақты мерзiмдi қарыз алушы өзі таңдай алады.

Бұл қаржы құралдарының айырмашылығы неде?

  • Мақсаты. Кредит беру кезiнде клиент жабдықты меншiкке сатып алады, ал кейiннен сатып алу мүмкiндiгiмен жалдау кезiнде оны пайдалана алады, бiрақ шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн сатып ала алмайды.
  • Меншік. Егер сіз кредитті рәсімдесеңіз, бірден сатып алынған техниканың иесі боласыз. Егер бағдарлама лизингтік болса, техника сатып алынғанға дейін лизингтік компанияның меншігі болады. Сатып алушы үшін бұл тіпті плюс, себебі көлік салығын лизингтік компанияға төлеуге тура келеді.
  • Амортизация. Кредит амортизацияға әсер етпейді. Ал кейіннен сатып алу құқығымен жалдау кезінде жеделдетілген амортизация коэффициенті пайдаланылады. Сатып алу кезінде машина толық амортизациямен сипатталатын болса, сатып алғаннан кейін қарыз алушы көлік салығын төлемейді.
  • Мөлшерлеме. Кредит беру кезінде әдетте мөлшерлеме бекітілген болады. Лизингтік шарттарда техника құнын ғана емес, оны сатып алуға арналған шығындарды, лизингтік компанияның комиссиясын қамтитын қымбаттау мөлшерлеме қолданылады.
  • Міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі. Кредитті ресімдеу кезінде кепілгер немесе кепіл талап етіледі. Мұндай тәжірибе лизингте жоқ, себебі техниканың меншік иесі лизингтік компания болып табылады.
  • Мерзімінен бұрын өтеу. Кредит үшін мерзімінен бұрын өтеу – қалыпты опция. Бірақ ол, әдетте, лизингте кездеспейді.
  • Бастапқы жарна. Кредиттің көпшілігінде ол көзделмеген, ал лизингте бастапқы жарна –  міндетті шарт. Әдетте аванс сатып алынатын техника құнының 10%-ын құрайды.
  • Төлем кестесі. Кредит жағдайында төлемдер ай сайын төленеді. Мұндай схема лизингтік бағдарламаларда да көзделген. Алайда, төлемдердің жеке форматын да таңдауға болады, бұл әсіресе маусымдық бизнес үшін өзекті (мысалы, жазда көп, ал қыста аз төлеу).

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизингтің негізгі артықшылықтарына мыналар жатады:

  • Икемділігі. Бірінші кезекте әңгіме бизнестің маусымдылығын ескеріп, төлемдердің жеке схемасын таңдау мүмкіндігі туралы болып отыр. Сонымен қатар, техниканы сатып алудың қажеті жоқ. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін басқа автомобильге жаңа шарт ресімдеуге болады.
  • Үнемдеу. Біріншіден, лизингтік төлемдер шығыстарға есептеледі, бұл салық базасын төмендетеді. Екіншіден, көлік салығын төлеудің қажеті жоқ.
  • Ыңғайлы. Кепілгерлерді немесе кепіл үшін ақша іздеудің қажеті жоқ.
  • Практикалық. Лизингтік төлемдер кредиттік тарихқа кірмейді және оны жүктемейді. Демек, лизингпен қатар кредит те ресімдеп, қарыз қаражатын маңызды бизнес-міндеттерді шешуге жұмсауға болады.
2024 жылы ҚР-дағы жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру
Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға арналған тендерлер: бұл не, оған қалай қатысуға болады және жаңадан келгендер не туралы білуі керек?

Әрине, лизингтің кемшіліктері де бар:

  • Егер лизингке самосвал сатып алу керек болса, онда арнайы техника сіз оны сатып алғанша лизингтік компанияның (сіздің емес) меншігі болып саналады.
  • Лизингтік компаниялар өз мүлкінің жағдайын мұқият қадағалайды, сондықтан техниканы пайдалану немесе сақтандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл алуға болады.

Лизинг түрлері

Лизингтің бірнеше түрі бар.

Ең кең таралған түрі - қаржылық. Мұндай қаржыландыру схемасына үш тарап қатысады: тұтынушы (яғни тапсырыс беруші), сатушы және сатып алушы (тұтынушы үшін мүлік сатып алатын лизингтік компания). Бұл жағдайда лизингтік шарттың қолданылу мерзімі техниканы амортизациялау мерзімінен көп. Демек, лизинг беруші сатып алынған жабдық құнының 100% қайтара алады.

Кері лизинг қаржылық лизингті еске салады. Мұндай жағдайда лизинг алушы мүлікті лизингтік компанияға сатады, ол осы мүлікті оған жалға береді. Бұл компания қаражатының айналымын толықтыруға, қажетті техниканы пайдалануға және жалға алу үшін шағын жарналар төлеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жедел түрі бар – ол сирек пайдаланылады. Бұл ретте шарт жабдықты амортизациялау мерзімінен аз қолданылады. Құжаттың қолданылуы аяқталғаннан кейін жабдық лизингтік компанияның басқа клиентіне беріледі.

Орналасуына қарай лизинг ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Бірінші жағдайда шартты ҚР резиденттері болып табылатын тараптар жасайды, екінші жағдайда тараптардың бірі елдің резиденті болып табылмайды.

Сублизинг туралы да жиі айтылады, бұл ретте лизинг алушы жабдықты басқа лизинг алушыларға өзі бере алады. Бұл ретте сублизинг шартын жасасады.

Мүлікті сату шарттарын ескере отырып, лизинг таза және толық болып жіктеледі.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Таза түрінде компания сақтандыру және техникаға қызмет көрсету шығындарын төлемдерге қоспайды, демек ай сайынғы қарыз аз болады. Барлық шығындарды компания өз мойнына алады. Бірақ лизингтік шарт аяқталғаннан кейін жабдық лизингтік компанияға қайтарылуы тиіс. Оның үстіне ол өзінің жұмыс сипаттамаларын сақтап, басқа жалға алушыға берілуі маңызды.

Толық нұсқада лизинг берушінің барлық қосымша шығыстары ай сайынғы төлемдерге енгізіледі.

Қайталама және банк лизингі түсініктері де бар. Қайталама лизинг кезінде сатып алынбаған жабдық лизингтік шарт негізінде басқа жалға алушыға беріледі. Ал егер лизинг беруші банк болса, онда банк лизингі туралы айтылады.

Заңнамалық база

Қазақстанда лизинг – бизнесті қолдау үшін тиімді қаржы құралдарының бірі. Ол жеңілдікті кредит беру және субсидиялаумен қатар кеңінен қолданылады. Лизингтік схемаларды тарату кәсіпкерлікті ынталандыруға, яғни ел экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.

ҚР-дағы лизингтік қатынастар «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78 Заңмен регламенттеледі. Заң лизингтің барлық мәселелерін – лизинг түрлері мен нысанасынан бастап жабдықтарды сатып алу шарттарына дейін қарастырады.

Техниканы лизингке қалай алуға болады?

Мұнда күрделі ештеңе жоқ. Алдымен лизингтік компанияны немесе лизинг беруші ретінде әрекет ететін банкті таңдау керек. Осыған байланысты лизинг шарттары қандай болады.

Бұдан әрі сатушымен мәселені шешеміз. Айтпақшы, техниканың сенімді жеткізушісін (көбінесе бұл арнайы техника, ауыл шаруашылығы машиналары мен жеңіл автомобильдер) табуға лизинг беруші көмектеседі: оның серіктес компаниялардың тұтас желісі бар.

Содан кейін қаржылық қызметке өтінім қалдырып, қажетті құжаттарды жинап, оларды лизинг берушіге беру қажет. Лизинг берушінің мамандары қаржылық талдауды орындайды және шешім қабылдайды. Егер ол оң болса, шарт жасасып, аванс салып, техниканы алып кету ғана қалады.

Шартты мұқият зерттеуді ұмытпаңыз: онда төлем мерзімі, сомасы және т.б. маңызды ақпарат көрсетіледі.

«ЦентрКредит» Банкі бизнес үшін лизинг қызметтерін көрсетеді. Біз бірнеше бағдарламаны ұсынамыз, оның ішінде қаржылық және автолизинг. Сіздерді тиімді мөлшерлемелер мен барынша жылдам рәсімдеу күтеді.

Наталья Брославская
Автор
Вам может понравиться
Қазақстандағы мемлекеттік сатып алуларға арналған тендерлер: бұл не, оған қалай қатысуға болады және жаңадан келгендер не туралы білуі керек?

Аяқ нық тұру үшін жаңа бизнес көп еңбек етуі керек: корпоративтік сайт құру, маркетингтік стратегия әзірлеу және жарнамаға қаражат жұмсау. Бұл шаралар әлеуетті тапсырыс берушілерге сіздің компанияңыз туралы білуге мүмкіндік береді. Бірақ мұның басқа да жолы бар: ірі мемлекеттік немесе жеке тапсырыс берушіге тауар сату немесе қызмет көрсету. Бұл артық шығынсыз жылдам әрі тиімді ілгерілеуге кепілдік береді. Дәл осы себептен көптеген бизнесмендер Қазақстанда өз ісін тендерге қатысудан бастайды.

2023 жылы Қазақстанда тасымалдау үшін ТІЖ: бұл не және шығару ережесі қандай?

Тауарларды ел аумағы арқылы өткізу көптеген құжаттамаларды рәсімдеуді көздейді. Тауарлардың кейбір топтарына құжат айналымын жеңілдету үшін 2020 жылы Қазақстанда ТІЖ сияқты құжат енгізілді. Ол сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Поиск по сайту