Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
7 ақпан 2024
Обновлено: 28 наурыз 2024

Қазақстандағы онлайн-бухгалтерия дегеніміз не және оның қандай артықшылықтары бар?

Жаңа бастаған ЖК үшін бухгалтерия – оңай міндет емес: кәсіпкерлерді қателесіп, бұрыс іс-әрекет жасау және соның нәтижесінде айыппұл мен түрлі мәселеге тап болу мүмкіндігі қаймықтырады. Бухгалтерлік міндеттерді аутсорсингке беру тартымды балама болуы мүмкін, алайда сырттан бухгалтер жалдауды ісін жаңа бастаған бизнесмендердің қалтасы көтере бермейді.

Бірақ бухгалтерияны өз бетінше – дұрыс, тиімді әрі еш тәуекелсіз жүргізуге болады. Мұны қалай жүзеге асыруға болады? Заманауи нұсқалардың бірі – онлайн-бухгалтерия.

ЖК үшін онлайн-бухгалтерия дегеніміз не?

Онлайн-бухгалтерия – бұл компанияның бухгалтерлік есебін нақты уақыт режимінде жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тегін сервис. Мұндай шешім жеке кәсіпкерлерге бағытталған. Сервис бухгалтерлік мәселелердің қыр-сырын өз бетінше түсініп, өз ұйымының қаржысын бақылағысы келетін бизнесмендер үшін тиімді.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Онлайн-сервистер бухгалтерия саласында кәсіби білімі жоқ пайдаланушылар үшін арнайы әзірленген. Бұл платформалардың бірқатар ерекшелігіне себепші болды:


  • оңай түсінуге болатын қарапайым әрі өте түсінікті интерфейсті ұсынады;
  • орнатылған опциялар жиынтығына ие. Мысалы, бизнесменге салық салудың барлық жүйелерін зерттеудің қажеті жоқ: өз салық режиміңізді таңдаңыз, жүйе есептердің қажетті нысандарын автоматты түрде жүктейді;
  • автотолтыру опциясы қарастырылған, бұл қате болу ықтималдығын төмендетеді. Ақпаратты бір рет енгізу жеткілікті, келесі өтініштерде ол автоматты түрде «жүктеледі»;
  • Есептілікті жібермес бұрын оны тексеру мүмкіндігі бар. Жүйе (есеп айырысудағы, толтыру форматындағы) қателерді анықтап, оларды түзету бойынша ұсыныстар береді;
  • есептілікті тапсыру немесе салық төлеу мерзімдерін өткізіп алуға жол бермейтін хабарламаларды теңшеуге болады.
ЖК қызметінің басталуы туралы Талон
2023 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашуға болады?

Сонымен қатар сервистерде бухгалтерияны нөлден бастап жүргізе бастағандар үшін ақпаратты нақтылауға, қадамдық нұсқаулықтарды зерделеуге болатын пайдаланушы нұсқаулары қарастырылған. Бұған қоса құжаттарды толтыруға қатысты кеңестер мен мысалдар ұсынылады. ЖК үшін бухгалтерия саласындағы жаңалықтармен де танысуға болады.

Бухгалтерияны онлайн жүргізу: 5 артықшылығы

Сервистерді пайдаланудың қарапайымдылығы – жалғыз ерекшелік емес. Бұлтты бухгалтериямен жұмыс істеген:

1. Ыңғайлы

Онлайн-бухгалтерия сервисіне қол жеткізу үшін тек интернет байланысы қажет, демек құжаттармен кез келген құрылғыда, мысалы, офисте, үйде, тіпті іскерлік сапарда да жұмыс істей беруге болады.

Бұлтты сервистерде көптеген операция автоматты түрде орындалады. «Қолмен» көп әрекет жасалмайды, мысалы, кәсіпкер операцияны жүргізбес бұрын оны растауы қажет. Сондай-ақ бизнесмендер өз бетінше басқа банктердегі шоттары туралы ақпаратты қосып (бұл салықтарды дұрыс есептеу үшін қажет), салық декларацияларын жасайды және жібереді.

2. Функционалды

Көптеген платформаның жұмыс істеуі салық декларацияларын толтырумен ғана шектелмейді. Кадрлық есепке алуға, жалақы жобаларына, сақтандыру жарналарына және т.б. қатысты барлық деректер сіздің иелігіңізде болады. Мысалы, кадрлық есепке алу еңбек демалысының ресімделуін, қызметкерлердің жұмыстан босатылуын, жалақы мөлшерінің өзгеруін, сыйлықақы мен еңбекке жарамсыздық парағы төлемін және т.б. бақылауға мүмкіндік береді.

Сіз шот бойынша қаражат қозғалысын қадағалап, контрагенттермен есеп айырысуды бақылай аласыз және т.б. Сондай-ақ, мысалы, шығыстар бойынша есеп қалыптастыруға болады, бұл бизнес жұмысын оңтайландыру үшін маңызды.

Төлем тапсырмасын және ол бойынша төлемді ресімдеу, жүкқұжат пен актіні дайындау, құжат үлгісін жасау – бұл бұлтты бухгалтерия сервисі шешуге мүмкіндік беретін бірқатар міндеттің бірнешеуі ғана.

3. Сенімді

Бұлтты сервистер бухгалтерлік есеп үшін, мысалы, интернет-банкингтер сияқты бірдей қауіпсіздік жүйелерін пайдаланады. Олар сіздің қаражатыңыздың сақталуына және дербес деректердің конфиденциалдылығына кепілдік береді.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Осылайша сервистердегі жұмыс пайдаланушы компьютері мен сервер арасындағы қауіпсіз байланыс арқылы жүзеге асырылады, бұл SSL сертификатының арқасында мүмкін. Деректер шифрланып, бұлтта немесе әзірлеушінің қорғалған серверлерінде сақталады.

4. Өзекті

Бухгалтерлік есеп – динамикалық түрде өзгеріп отыратын сала. Есеп беру нысандары мен оларды толтыру ережелері үнемі түзетіліп отырады, жаңа құжаттар пайда болады, салық пен әлеуметтік жарна мөлшерлемелері өзгереді. Бұл мәселелерді өз бетінше зерделеу уақыт алады, ал онлайн-бухгалтерия сервистеріне барлық өзгеріс жедел интеграцияланады.

5. Тиімді

ЖК үшін онлайн-бухгалтерияның көптеген қосымшасын тегін пайдалануға болады. Кейбір тарифтер ақылы: оларда кеңейтілген мүмкіндіктер қарастырылып, оқыту материалдарына қол жеткізу мүмкіндігі жиі ұсынылады. Тіпті ақылы тарифті пайдалануға да аз сома кетеді.

ЦентрКредит банкі ұсынатын онлайн-бухгалтерия

Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер онлайн-бухгалтерия сервисін BCC Business қосымшасы немесе интернет-банк жүйесі арқылы қоса алады. Сервис сіздің банктік шоттарыңызбен интеграцияланады, бұл бухгалтерлік есепті айтарлықтай жеңілдетеді. Жүйеге қол жеткізу тегін екенін назарға алыңыз – бұл бизнеске қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Жүйе сырттан бухгалтерді тартпай-ақ, бухгалтерлік процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сервис үнемі жаңартылып отырады, демек сіз барлық өзгерістен хабардар боласыз. Сұрақтарыңыз болса, техникалық қолдау бөлімінің тәжірибелі мамандарына хабарласуға болады. Клиенттердің дербес деректерінің сақталуына банк кепілдік береді.

Бұлтты шешім туралы көбірек білу үшін ЦентрКредит Банкінің өкілдерімен 605 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз, сайтта онлайн-өтінім толтырыңыз немесе WhatsApp, Telegram желісінде жазыңыз.


Наталья Брославская
Автор
Вам может понравиться
СЖТМ деген не

Заңнамаға сәйкес, кредит ресімдеудің алдында банк кредит берудің барлық шарттары туралы қарыз алушыны хабардар етуге міндетті. Әдетте кредит алушылар кредит сомасы, номиналды мөлшерлеме, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі сияқты параметрлерге көңіл бөледі. Алайда СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі) сияқты көрсеткіштің де маңыздылығы кем емес. Себебі сыйақы мөлшерлемесі неғұрлым төмен болса, қарыз алушы үшін кредит беру шарттары соғұрлым тиімді.

Банк кредитінде СЖТМ-ның не екенін анықтап, бұл ұғымды қарапайым сөзбен түсіндіруге тырысайық.


СЖТМ деген не

СЖТМ немесе сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – бұл кредитті пайдалана отырып, сіз бір жыл ішінде артық төлейтін жалпы сома. Ол кредит берген банктің қарызы бойынша сыйақыны ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссиялар мен алымдарды да қамтиды. Мұнда сақтандыру да, кредит қаражаты есептелетін банк картасын дайындау мен оған қызмет көрсету құны және шотқа қызмет көрсету тарифтері де есепке алынады. Кредит шартына қол қою алдында мөлшерлемені нақтылау маңызды.

Айтпақшы, банктің кредит берген кезде СЖТМ-ны көрсету міндеті ҚР Азаматтық кодексімен реттелген. Бұл кредит беру процесін анағұрлым ашық етуге мүмкіндік беріп, кредит алушыға барынша тиімді кредит бағдарламасын таңдауға көмектеседі.

Есеп айырысу шотын ашу

СЖТМ мөлшері:

2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін 10 жыл бойы мөлшерлеме біркелкі болып, 56% деңгейінде тұрды. Алайда 2011 жылдан бастап кредит түрін, оны қамтамасыз ету тәсілін, кредиттеу мерзімін ескере отырып, мөлшерлеме сараланды:

  • >56% – қамтамасыз етілмеген (яғни кепілді қамтымайтын) кредиттік бағдарламалар үшін. Егер қарыз кепілмен берілсе, онда кредит алушы 40% мөлшерлемемен алуды көздей алады.
  • >25% – ипотекалық кредит бойынша сыйақы.
  • >56% – микрокредиттер үшін ең жоғары көрсеткіш (кредит берудің мұндай түрі шағын сомадағы қарызды білдіреді). Бұл кепілмен берілетін кредиттерге де, кепілсіз берілетін кредиттерге де қатысты. Бұл ретте кепілді микрокредитті 45 күннен кем мерзімге ресімдейтін кредит алушылар 20% мөлшерлемемен алуды көздей алады (сомасы – 50 АЕК-ке дейін).

Осылайша мөлшерлемелер 20%-дан 56%-ға дейін өзгереді. Бірақ жоғарғы шек – 56%. Басқаша айтқанда, 56%-дан артық СЖТМ болуы мүмкін емес.

Кредитті өтеу тәсілдері

Кредиттік шарттарды өтеуге арналған төлемдердің екі түрі бар – аннуитеттік және сараланған. Осы ұғымдарды егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Кредит екі компоненттен тұрады: негізгі борыш (сіз банктен тікелей қарызға алған сома) және пайыздар (яғни кредиттік қаражатты пайдалану үшін есептелетін банктің сыйақысы). Ал осы негізгі борыш пен пайыздарды қалай төлейтініңіз төлемдерді аннуитеттік немесе сараланған деп бөлудің негізіне айналды.

Аннуитеттік төлем өзінің жеңілдігіне байланысты көбірек сұранысқа ие. Барлық сома (негізгі борыш + пайыздар) кредит беру мерзімін ескере отырып, тең бөліктерге бөлінеді. Сіз ай сайын кредитті өтейсіз, бұл ретте енгізілген соманың бір бөлігі негізгі борышты төлеуге, ал бір бөлігі пайыздарды төлеуге жұмсалады. Негізгі борыштың пайыздарға арақатынасы біртіндеп өзгереді: мерзімнің бірінші жартысында салынған ақшаның басым бөлігі пайыздарды, ал екінші жартысында негізгі борышты өтейді. Кредит алушылар борыштық жүктеменің тұрақтылығы үшін төлемнің бұл түрін таңдағанды жөн көреді: сіз банкке қандай соманы төлеу керек екенін нақты білесіз, бұл шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сараланған төлем мұндай тұрақтылықпен ерекшеленбейді, бірақ төлемдер сомасының ай сайын азаятынын білдіреді. Алайда алғашқы айларда сізде ең жоғары кредиттік жүктеме болады. Мұндай тәсілдің мәні қарапайым: ай сайын сіз негізгі борыштың белгіленген сомасын төлейсіз, ал банкке пайыздарды өтеуге жұмсалатын сома біртіндеп азая береді.

СЖТМ қалай есептеледі

Артық төленетін соманы есептеуге сізге кредиттеу мәселесі бойынша кеңес беретін банк менеджері көмектеседі. Бұл ең оңай әрі барынша тиімді тәсіл, өйткені есептеген кезде, барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді ескеру қажет. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, есептеу күрделі формула бойынша жүргізіледі. Ол кәсіпқойларға – банк жұмыскерлері мен қаржыгерлерге арналған.

Егер есеп айырысуды өзіңіз жүргізгіңіз келсе, Қазақстан Үкіметінің Gov.kz сайтында онлайн-калькуляторды пайдаланыңыз. Алдымен жүйе қарызды өтеудің аннуитеттік немесе сараланған төлем тәсілін таңдауды ұсынады. Содан кейін кредиттің сомасы мен мерзімі, оның берілген күні, мөлшерлемесі және т.б. туралы ақпаратты көрсету қажет. Соңғы қадам – «Қолдану» батырмасын басу. Қарыз бойынша сыйақы сомасы автоматты режимде есептеледі.

Бұл мақалада біз кредит бойынша сыйақының не екенін түсініп, оның аса маңызды көрсеткіштердің бірі екенін анықтадық. Оны кредиттік бағдарламаны таңдаған кезде мұқият зерделеу қажет, өйткені ол төлем қабілеттілігін дұрыс бағалап, болашақта айыппұлдар мен кредиттік тарихтың нашарлауы сияқты мәселелерді болдырмауға көмектеседі.

Авторы  – Наталья Брославская 


2023 жылы Қазақстанда тасымалдау үшін ТІЖ: бұл не және шығару ережесі қандай?

Тауарларды ел аумағы арқылы өткізу көптеген құжаттамаларды рәсімдеуді көздейді. Тауарлардың кейбір топтарына құжат айналымын жеңілдету үшін 2020 жылы Қазақстанда ТІЖ сияқты құжат енгізілді. Ол сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ЖТС деген не?
Поиск по сайту