Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
6 мамыр 2024
Обновлено: 30 мамыр 2024

Транспортный налог для бизнеса и физлиц в Казахстане на 2024 год

Жыл сайын Қазақстанда автокөлігі бар жеке тұлғалар көлік салығын төлейді және 2024 жыл да тыс қалған жоқ. Алайда осындай міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Көлік салығы не үшін қажет? Ол Қазақстандағы жеке және заңды тұлғалар үшін қалай есептеледі? Төлемді қашан жасау керек және төлемді уақытында жүргізбесе не болады?

2024 жылы ҚР-да көлікке салынатын салық бәріне қатысты қолданыла ма?

Көлік құралына салынатын салық СК-мен регламенттелген (13-бөлім). Ол жергілікті санатқа жатады, сондықтан жергілікті бюджетке төленеді (яғни машина тіркелген жерде).

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 

Салық кімге қатысты қолданылады? Жеке тұлғалармен бәрі оңай: оны машинаны тіркеген барлық жеке тұлға төлеуі тиіс. Сондай-ақ салық салынатын заңды тұлғалардың үш санатын бөліп көрсетуге болады:

  1. Машинасы бар компаниялар. КҚ меншігінде болуы мүмкін, бірақ басқару немесе шаруашылық жүргізу үшін ұйымға берілуі мүмкін екеніне назар аударыңыз.
  2. Автокөлік тіркелген компаниялардың бөлімшелері. Бас ұйым осындай шешім қабылдаған болса, бөлімшелер салық төлеуші болады.
  3. Машинаны лизинг шарты (қаржы лизингі) негізінде сатып алған компаниялар.

Жеке тұлғалар арасында салық салынбайтын топтар бар екеніне назар аударыңыз (нақтырақ айтсақ, бір КҚ салықтан босатылады). Олар – Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар, мүгедектер, сондай-ақ көп балалы аналар. Заңды тұлғаларға да қатысты ерекшеліктер бар – салық келесі ұйымдарға салынбайды:

  1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ұйымдар. Бұл жағдайда Қазақстанда көлік салығы 2018 жылғы бұйрықта көрсетілген техника үшін ғана төленбейтінін ескеріңіз.
  2. Мемлекеттік мекемелер.
  3. Мүгедектердің қоғамдық ұйымдары. Мұндай бірлестіктер қуат агрегаты 3 текше метрге дейінгі бір машина және бір автобус болған жағдайда ғана салық төлеуші болып табылмайды.


Шағын кәсіпкерлер де (атап айтқанда, шаруа қожалықтарының өкілдері) салық төлемеуі мүмкін екенін ескерген жөн. Алайда өз жұмысы үшін машинаны лимит аясында пайдаланған жағдайда ғана. Егер лимиттен асып кетсе, бюджетке қаражат салу қажет.

Қазақстандағы салықтар
910-нысан бойынша декларация дегеніміз не және оны қалай тапсыруға болады?

Кез келген көлік құралына салық салына ма?

Салық кодексінде ҚР-да тіркелген барлық көлік құралына (тіркемелерді қоспағанда) салық салынатыны көрсетілген. Бірақ бұл жерде де назар аударатын жайт бар. Мәселен, Қазақстанда 2024 жылы салық келесі көлік құралдарына салынбайды:

  1. Медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын автокөліктер.
  2. Жүкті өзі түсіретін карьерлік үлгідегі машиналар. Жүк көтергіштігі 40 тоннадан асатын ауыр арнайы техникаға ғана салық салынбайды.
  3. Теңіз кемелері.
  4. Арнайы автокөліктер. Мұндай машиналарға көлік салығы емес, мүлік салығы салынады.


Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген тізімге кірмейтін барлық басқа КҚ салық салу объектісі болып табылады. Бұл жүк көліктері мен жеңіл автокөліктер, яхталар, ұшу аппараттары, автобустар және тіпті мотошаналар.

Қазақстанда көлік салығын қалай есептеуге болады?

Сома АЕК-ке байланысты: айлық есептік көрсеткіш жыл сайын өзгеретіндіктен, салық мөлшері де өзгеріп отырады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3 692 теңгеге тең.

Бұған қоса, Қазақстанда көлікке салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу келесі факторларға байланысты:

КҚ моторының көлемі.

Заңдылық қарапайым: сіз неғұрлым қуатты машинаға ие болсаңыз, соғұрлым ол үшін көбірек төлеуге тура келеді.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Мысалы, қозғалтқыштары 1,1 мың см3 болатын азлитражды көліктер 1 АЕК-ке бағаланады, яғни мұндай автокөлік 3 692 теңгеге «тартады». Егер сіз 2-2,5 мың см3 моторлы орташа статистикалық машинаға ие болсаңыз, онда оған салынатын салық Қазақстанда 2024 жылы 6 АЕК-ке, яғни 22 152 теңгеге жетеді. Ал қуат қондырғысы 4 мың см3-тен астам қуатты жүк көлігі үшін 117 АЕК – 463 554 теңге төлеу қажет болады.

Екі ерекшелікке назар аударыңыз:

  • Егер КҚ моторының көлемі 1,5 мың см3-тен асатын болса, онда асып кеткен әрбір см3 үшін сомаға 7 теңгеден қосылады.
  • Жеңіл автокөліктерге тек В санатындағы машиналар ғана емес, сонымен қатар одан да қуатты үлгілер – пикаптар, кроссоверлер және жол талғамайтын көліктер жатады.

КҚ өндірілген орны, шығарылған күні

Атап айтқанда, ҚР-да өндірілген, сондай-ақ 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін республика аумағына әкелінген үлгілер үшін арнайы мөлшерлемелер қарастырылған.

Мысалы, қозғалтқышы 3-тен 3,2 мың см3-ке дейінгі машина 35 АЕК-ке «бағаланады», бұл 129 220 теңгеге тең. Ал қуаттылығы 5 мың см3-тен асатын үлгі 200 АЕК (738 400 теңге) «тартады».

2024 жылы Қазақстанда көлік салығын жеке тұлғаның өз бетінше есептеуіне тура келмейді – бұл міндетті салық органы шешеді. Ал заңды тұлғалар есептеуді өздері жүргізеді. Есептеудің ең оңай әрі жылдам тәсілі – автокөлікке салық калькуляторын пайдалану. Мұндай сервис, мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында қарастырылған.

Көлік салығының калькуляторына қажетті деректер енгізіледі – жүйе салықты автоматты түрде есептеп береді. Сервис жеке тұлғалар үшін де пайдалы: ол салық инспекторы есептеген салық сомасын тексеруге мүмкіндік береді.

Көлік салығын қашан төлеу керек?

Жеке тұлғалар соманы бюджетке 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Заңды тұлғаларға 2024 жылғы 5 шілдеге дейін мерзім беріледі. Бірақ айта кететін бір жайт бар. Егер компания машинаны 1 шілдеден кейін сатып алса, онда декларация тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде төлем жүргізу қажет. 2024 жылға арналған декларация 2025 жылғы 31 наурызға дейін ұсынылады.

Ал егер Қазақстанда көлік салығын уақытында төлемесе, не болады?

Егер көлік салығын төлеу мерзімі сақталмаса, автокөлік иесіне санкция салынады:

  • Ең көп таралған «жаза» ретінде төлем мерзімінен кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Өсімпұлды «есептеу» берешек 1 АЕК-тен асқан сәттен басталады. Бірақ егер көлік иесі салық қызметінен хабарлама алғаннан кейін де қарызды өтемесе, қарыз оның мүлкі есебінен өтеледі.
  • Сонымен қатар салық органдары банкте шот ашу немесе тіпті ҚР-дан тыс жерлерге шығу мүмкіндігін шектей алады. Автокөлік иесі – жеке тұлға жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алу үшін шот ашу құқығын ғана сақтай алады.


Айыппұл жүйесі қарастырылмаған.

Автокөлігіңізге салынатын көлік салығын қайда көруге болады? Оны қалай төлеуге болады?

Қазақстанда жеке тұлғаға есептелген көлік салығының сомасын онлайн тексеруге болады, бұл өте ыңғайлы. Ол үшін бірден үш ресурс қарастырылған:

  1. Kgd.gov.kz мемлекеттік кірістер комитетінің сайты.
  2. Egov.kz электрондық үкімет порталы.
  3. Biznesinfo.kz сайты.


Төлем жасау үшін де бірнеше тәсіл қарастырылған. Мысалы, жеке тұлғалар үшін әдетте соманы коммуналдық төлем түбіртегіне қосқан ыңғайлы. Сондай-ақ төлемді интернет-банк немесе банктің мобильді қосымшасы арқылы, банк немесе пошта кассасында, «Қазпошта» сайтында орындауға болады.

Заңды тұлғалар өз банктік шотынан ақша аударады. Бірақ бір ерекшелік бар: алдымен компаниялар бір жыл бойы операцияларды орындайды, содан кейін 700.00-ші декларация нысанын тапсырған соң түпкілікті есептеуді жүзеге асырады (оған 10 күн бар).

2024 жылы көлік салығының ұлғаюы ең алдымен АЕК-тің артуымен байланысты. Бюджетке түсетін барлық қаражат көлік инфрақұрылымын жетілдіруге – жаңа жолдар салуға және ескі коммуникацияларды жөндеуге бағытталатын болады.

Автор
Наталья Брославская
Вам может понравиться
2024 жылы Қазақстанда АЕК және ЕТЖ қанша теңгені құрайды

Ең төменгі есептік көрсеткіштер әлеуметтік төлемді есептеп, салық пен өзге де төлем сомасын, айыппұл мөлшерін белгілеген кезде қолданылады. Бірінші кезекте мамандар АЕК және ЕТЖ сияқты көрсеткіштерді пайдаланады.

2024 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау жүргізіледі: бұл не және кімге қатысты?

Жаңа 2024 жыл ҚР-дағы бизнес иелеріне кезекті өзгерістер әкелді: мысалы, 1 қаңтардан бастап ЖК мен заңды тұлғалар кірістерін жалпыға бірдей декларациялаудан өтуі тиіс. Бұл, қызмет саласына қарамастан, кәсіпкерлерге қолданылатын бизнес активтерінің өзіндік санағы. Мысалы, кондитерлер мен шағын дүкен иелері де, ірі кәсіпорындардың басшылары да 250-нысан бойынша декларация тапсыруы тиіс.

Қазақстандағы салықтар

Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүзеге асыру үшін әр түрлі көлемдегі және мамандандырылған бизнес салық төлеуге тиіс. Мемлекет алған қаражат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға дейін (оның ішінде бизнесті қолдау бойынша) түрлі міндеттерді шешуге жұмсалады.

Қазақстанда бизнес үшін қандай салықтар бар? Компаниялар қанша салық төлейді және не үшін төлейді?

Лизинг: бұл не және кредиттен айырмашылығы қандай

Егер кәсіпкерге көлікті немесе арнайы техниканы сатып алу қажет болса, ал оған сомасы жеткіліксіз болса, кредит рәсімдеуге болады. Бірақ соңғы уақытта лизингтің танымалдығы артуда. Қаржыландырудың бұл түрі кредитке ұқсас, алайда айтарлықтай айырмашылықтары да бар.

ЖТС деген не?
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды