SMS-хабарлама
"Карточка бойынша SMS-хабарлама" қызметі – бұл ұялы телефонға жіберілетін SMS-хабарлама арқылы қашықтан қызмет көрсету, ол төлем карточкасының шоты бойынша қаражаттың қозғалысын банк бөлімдеріне бармай-ақ бақылауға мүмкіндік береді.
Жаңа қызмет баланстың өзгеруі мен төлем карточкасының шоты бойынша жасалған әрбір кіріс және шығыс операциялары туралы клиентті 5 секунд ішінде SMS-хабарлама түрінде автоматты түрде хабарландырады. Негізгі төлем карточкасының шоты бойынша ашылған карточкалар бойынша жасалған барлық операцияларға толық бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
Олар – төлем карточкасының шотына ақша қаражатының түсуі немесе қолма-қол ақша алу, сауда операциялары (сатып алу) немесе қызметке төлем жасау және т.б.
Жасалған операциялар туралы ақпарат: сомасы, валютасы, операция жүргізілген уақыт, төлем карточкасы нөмірінің соңғы төрт саны.
Аталмыш қызметке негізгі карта ұстаушылардың келісімі болған кезде қосымша карта ұстаушылар да қосыла алады.
Ұялы телефонында роуминг болса, мұндай хабарландыруларды клиент шет елде жүрсе де ала алады.
Аталмыш қызметке
K-Mobile, Beeline, Kcell, Dalacom байланыс қызметін тұтынатынбарлық абоненттер қосыла алады.
Қызмет құны – айына 200 тенге*, қосылу - тегін.
* жүргізілген операциялар санына тәуелсіз. Толық емес айда көрсетілген қызмет үшін толық бір айлық төлем алынады.
Қызметке қосылу талаптары:
- ЦентрКредит Банкінің карточкасын иелену;
- ҚР кез келген ұялы байланыс операторларының қызметіне қосылған ұялы телефонды пайдалану.
"Карточка бойынша SMS-хабарлама" қызметіне қосылу тәсілдері:
- төлем картасы болған кезде өз бетінше банкомат арқылы қосылу;
- "StarBanking" қызметінің мәзірі арқылы қосылу;
- Телефон арқылы Авторизация орталығына хабарласу;
- Банктің құрылымдық бөлімшесіне келу және өтініш бланкісін толтыру.
"Карточка бойынша SMS-хабарлама" қызметін пайдалана отырып, клиент төлем карточкасының шотындағы ақша қаражатын рұқсатсыз пайдалану қаупін едәуір төмендетеді.
Қосымша ыңғайлы талаптар:
- тәуліктің кез келген уақытында қызметке қосылу мүмкіндігі;
- карта бойынша жасалған операциялар туралы клиентке тез арада (5 секунд ішінде) хабарлау;
- 24/7 режимінде өзіңіздің төлем карточкаңыздың шотына бақылау жасау, ол алаяқтық операцияларды немесе рұқсат етілмейтін транзакцияларды болдырмау үшін Сіздің банкке уақтылы хабарласуыңызға мүмкіндік береді;
- қосымша карточка бойынша балаларыңыздың және туысқандарыңыздың шығындарына нақты уақыт режимінде бақылау жасау.
Төлем карточкасының шотындағы баланстың өзгеруі туралы хабарландыруды электронды пошта арқылы да алуға болады.
Электронды пошта арқылы хабарландыру алу қызметіне қосылу үшін Банктің құрылымдық бөлімшесіне барып, өтініш толтырыңыз.
Төлем карточкасының шотындағы баланстың өзгергені туралы электронды пошта арқылы хабарландыру қызметі клиенттерге тегін көрсетіледі.
Сіз ұялы телефоныңыздың нөмірін өзгерткен болсаңыз, аталмыш қызметті жаңа нөмірге қосуға мүмкіндік беретін «Банкомат арқылы телефон нөмірін ауыстыру» қызметін пайдаланыңыз. Аталмыш қызмет тегін ұсынылады.
«Банкомат арқылы телефон нөмірін ауыстыру» қызметін пайдаланған жағдайда, «Мобильді банкинг» және «SMS-хабарлама» қызметтері бойынша телефон нөмірлерін де ауыстыруға болады. Осыдан кейін банкоматтың экранына жоғарыда көрсетілген қызметтер мен сервистердің жаңа телефон нөміріне қайта қосылғаны жөнінде хабарландыру шығады.
*Толық ақпаратты филиалдағы менеджерлерден біле аласыз.