Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
23 ақпан 2024
Обновлено: 30 мамыр 2024

Қазақстанда 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбе

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, мамандардың еңбек қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жүктемені оңтайлы бөлу, демалыс уақытын тиімді жоспарлау үшін ҚР-дағы компаниялар өндірістік күнтізбені пайдаланады. Осылайша, 2024 жыл 249 жұмыс күнін қамтиды (бес күн жұмыс істейтіндер үшін), сәйкесінше 117 күн демалыс және мереке күндеріне келеді.

ЯнварьФевраль
ЯнварьФевральМарт
ЯнварьФевральМарт
ЯнварьФевральМарт

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

2024 жылы қазақстандықтар үшін қандай күндердің демалыс және мереке күндері болатынын айлар бойынша қарастырайық.


Қаңтар

Қаңтар айындағы мерекелердің көптігіне қарамастан, биылғы жылдың бірінші айында демалатын күндер көп болмады. Жаңа жылдық демалыс екі күнге – 1 және 2 қаңтарға созылды. Рождествода да қосымша мереке болған жоқ: діни мереке жексенбіге келді.


Ақпан

2024 жылғы ақпанға айының күнтізбесінде мерекелік демалыс күндер мүлдем жоқ. Осы айда бұрынғы КСРО елдері Отан қорғаушылар күнін атап өтуде – елімізде ресми мереке 7 мамырға тура келетініне қарамастан, мұндай дәстүр Қазақстанда әлі де сақталған. Бірақ 23 ақпан – әдеттегі жұмыс күні. Сондықтан сенбі және жексенбі күндері ғана қалады – 3 және 4, 10 және 11, 17 және 18, 24 және 25 ақпан күндері, яғни ақпанда барлығы 8 күн демалыс.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында жеңілдетілген салық режімін таңдаған барлық жеке кәсіпкерлер салық органына декларация тапсыруы керек (15 ақпанға дейін) және салық төлеуі керек (25 ақпанға дейін).


Наурыз

Қазақстанда  2024 жылы наурыз айы мереке күндеріне бай. Осы айда қазақстандықтарды дәстүрлі демалыс және екі мереке күтіп тұр. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұмаға келеді. Ал көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы  21 (бейсенбі) – 23 (сенбі) наурыз аралығында өткізіледі. 23 наурыз сенбі болғандықтан, дүйсенбі күні 25 наурызда ел тұрғындарына жұмыс істемейтін тағы бір  қосымша күн беріледі.


Сәуір

Күнтізбе бойынша Қазақстанда 2024 жылдың сәуір айында ешқандай мереке жоқ, тек демалыс күндері ғана қалады. 5 күн жұмыс істейтін жұмыскерлер сәуірде 8 күн демала алады: 6 және 7, 13 және 14, 20 және 21, 27 және 28 сәуір.


Мамыр

Өздеріңіз білетіндей, мамыр айы мерекелерге толы және 2024 жылы да солай болмақ.

Сәрсенбіге сәйкес келетін 1 мамырда елімізде Қазақстан халқының бірлігі мемлекеттік мерекесі атап өтіледі.

Сейсенбіге сәйкес келетін 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі, ал бір күннен кейін 9 мамыр, бейсенбіде Жеңіс күні атап өтіледі.

Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамыр, сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша Қазақстанда қатарынан үш күн: 2024 жылғы 7, 8 және 9 мамырда демалатын болады, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл кезде 4 мамыр жұмыс күні болады.

Бұл мамыр айында бізде 1, 7 және 9 мамыр – қосымша үш күн демалыс болады дегенді білдіреді.

2023 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашуға болады?
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту


Маусым

Қазақстанда жыл сайын маусым айында  ресми мереке – Құрбан айт атап өтіледі. 2024 жылы бұл мереке 16 маусым, жексенбіге тура келеді. Келесі күнге ауыстыру жоспарланбаған, демек, дүйсенбі күні 17 маусым – жұмыс күні.

Еске сала кетейік, Құрбан айт ислам мерекесі діни қажылықтың аяқталуын білдіреді. Бұл күн мұсылмандарда Аллаға құлшылық етіп, кешірім сұрауға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арналған.

Демек, маусым айында 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды 10 демалыс күні күтіп тұр.


Шілде

Күнтізбе бойынша Қазақстанда 2024 жылғы шілдеде демалыс күндерімен қатар мерекелер де бар. Айдың басында – 6 шілдеде Астана күні атап өтіледі. Маңызды мемлекеттік күн сенбіге келетіндіктен, ол ауыстырылады, яғни дүйсенбі күні 8 шілдеде қазақстандықтар демалатын болады. Демек, шілде айында 8 демалыс күніне (5 күн жұмыс істейтіндер үшін) жұмыс емес  тағы бір дүйсенбі қосылады.


Тамыз 

Тамызда бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалатын болады, бұл 3 және 4, 10 және 11, 17 және 18, 24 және 25, сондай-ақ 31 тамыз демалыс күндері. Ал қосымша демалыс күн 30 тамызға (жұма) келеді, бұл күні елімізде Конституция күні атап өтіледі.

Тамыз – есептік ай екенін ұмытпаңыз. 25 тамызға дейін жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер салық төлеуі тиіс.


Қыркүйек

Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйек айында мереке күндер жоқ, жұмыскерлерді тек сенбі және жексенбі күндер күтеді. Күздің бірінші айында 9 күн демалады.


Қазан 

Қазан айында 8 демалыс күні болады (5 күн жұмыс істейтіндер үшін). Бірақ 2024 жылы Қазақстанда 25 қазан – жұма күні Республика күнін кең көлемде атап өтеді. Демек, бұл күн қосымша демалыс күні болады.

6 күн жұмыс істейтін жұмыскерлер 25 (жұма) және 27 (жексенбі) қазанда демалатындығына назар аударыңыз.


Қараша 

Күздің соңғы айында мереке күндері жоқ, сондықтан демалуға тек демалыс күндері беріледі. 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 9  күн демалыс  (ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін – 4 күн) болады.


Желтоқсан

Қыстың бірінші айында қазақстандықтарды жылдың басты мерекесі – Жаңа жыл күтіп тұр. Дегенмен, 31 желтоқсан – әдеттегі жұмыс күні.

Ал 16 желтоқсан (дүйсенбі күні) қазақстандықтар ең басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл күні ел тұрғындары демалады. Сонымен қатар 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 9 стандартты демалыс күні болады. Ал 31 желтоқсан – қалыпты жұмыс күні.

Өндірістік күнтізбе жыл бойына мерекелер мен демалыс күндері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл менеджерге компанияның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін негізгі бизнес-процестерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Мамандар өздерінің жеке уақыттарын тиімді жоспарлап, сапалы демала алады, бұл өнімділікті арттыруға көмектеседі.

Вам может понравиться
Қазақстанда ЖК-ны онлайн-жабудың қадамдық нұсқаулығы

Қазақстанда ЖК-ны жабу үшін жұмысты тоқтату жеткіліксіз – ЖК-ны жою процедурасынан өту қажет. Осыдан кейін ғана қызметі ресми түрде тоқтатылады, демек бизнесменге енді салық төлеудің қажеті жоқ.


Дайындықтың маңыздылығы туралы

ЖК қызметін тоқтату туралы өтініш бермес бұрын істі ретке келтіру керек. Егер дайындалмаса, бас тарту қаупі жоғары, кәсіпорынды жаппай қоюы мүмкін.

Өтініш бергенге дейін мыналарды жүзеге асырған маңызды:

  1. Салықтар мен басқа да аударымдар бойынша қарыздардың бар-жоғын тексеру. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы жасалады. Егер берешек болса, оны міндетті түрде өтеу қажет.
  2. Салықтарды төлеу, қызметін тоқтату жоспарланып отырған кезең үшін барлық әлеуметтік аударымдарды жасау. Салық органына жою есебін берген сәттен бастап сізде төлем жүргізуге 10 күн болатынын ескеріңіз.
  3. Егер сіз жалдамалы жұмыс күшін пайдаланған болсаңыз, қызметкерлерді жұмыстан босату.
  4. Егер сіз қосылған құн салығымен жұмыс істеген болсаңыз, кәсіпорынды ҚҚС бойынша есептен шығару. Мұны салық төлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асыруға болады: тиісті нысанды толтырып, есептен шығару туралы өтініш беру қажет.
  5. Банктегі шотты жабу.
  6. Егер сіз онлайн-кассамен жұмыс істеген болсаңыз, оны есептен шығару.

Дайындық кезеңінен кейін жұмыс істемейтін ЖК-ны жабу алгоритміне өтуге болады.


Қазақстанда ЖК-ны жабу

Көптеген жағдайларда ҚР-да ЖК-ны жабу процедурасы барынша оңайлатылған (мұндай жүйені оңайлатылған деп атайды). Бұл ЖК-ны қашықтан, яғни онлайн жабуға болады дегенді білдіреді. Бұл жағдайда кәсіпкер салықтық тексеру және камералдық бақылау сияқты еңбекті қажет ететін және алаңдаушылық туғызатын кезеңдерден құтыла алады.

Алайда 2023 жылы Қазақстанда ЖК-ны онлайн жабу үшін бірқатар шарттарды орындау қажет. Сонымен кәсіпкер:

  • ҚҚС төлеу бойынша есепте тұрмауы тиіс.
  • Бірлескен кәсіпкерлік шеңберінде (яғни серіктеспен) бизнес жүргізбеуі тиіс.
  • Берешегі болмауы тиіс. Бұл кезде салық бойынша ғана емес, әлеуметтік аударымдар бойынша да берешегі болмауы тиіс.
  • Салықтық тексерулер кестесінде тұрмауы тиіс. Әрине, кәсіпкер салық процедураларының кестесін бақылай алмайды, бірақ нақты өзінде тексерудің жоспарланғанын нақтылай алады. Ол үшін Бас прокуратураның сайтына кіріп, «Құжаттар» бөліміндегі ақпаратпен танысу қажет.
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекелге ие болмауы тиіс. Тәуекелдер матрицасына сәйкес, жоғары тәуекел деп 6 және одан жоғары балдар саны түсініледі.
  • Жекелеген қызмет түрлерінің тізіміне жататын қызметті жүзеге асырмауы тиіс. Мәселен, ЖК-ны онлайн жабу отын, алкоголь, темекі өндіретін және сататын, лотерея өткізетін, казино және т.б. қызметтерді көрсететін бизнесмендерге қатысты қолданылмайды.


Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш

Бұл өтініш кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға негіз болып табылады. Оны салық органдарына береді, бұл ретте өтініш берудің үш нысаны көзделген:

  1. Электрондық форматта. Бұл ең прогрессивті әрі ыңғайлы нұсқасы.
  2. Жеке өзі бару арқылы. Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсету орталығына өтініш жазу керек.
  3. Пошта арқылы. Өтініш қағаз жүзінде ресімделіп, тапсырыс хатпен жіберіледі. Бұл нұсқа, мысалы, уақытша тіркелген жерінде болмаған бизнесмендерге сәйкес келеді.


Қазақстанда ЖК-ны онлайн жабу: қадамдық нұсқаулық

Қазақстанда ЖК-ны оңайлатылған режим бойынша салық төлеушінің кабинеті арқылы жабуға болады:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтеміз.
  2. «Салық есептілігі нысандары» қойындысын басамыз, содан кейін «Жаңа нысанды толтыру» бөліміне өтеміз.
  3. Жою есептілігін толтырамыз, оны мемлекеттік кірістер органдарына (МКО) жібереміз. «Жою» бағанына қарама-қарсы 5-нөмірлі тармақта «құсбелгі» қоюды ұмытпаймыз.
  4. «Салықтық өтініш» қойындысына, бұдан әрі «Қызметті тоқтату» бөліміне өтеміз.
  5. Жоюдың себебін міндетті түрде көрсетеміз, көбінесе кәсіпкерлер Салық кодексінің 67-бабына сілтеме жасайды. Жұмысты тоқтатуға сұраныстың жоқтығы, айналым қаражатының тапшылығы, уақытша қиындықтар негіз болуы мүмкін. Айтпақшы, ЖК-ны өз еркіңізбен – елеулі себептерсіз жабуға болады.
  6. Салықтардың бюджеттік жіктеу кодтарын көрсетеміз.
  7. «Жіберу» батырмасын басамыз.

Егер сіз ЖК жабуды жоспарлаған болсаңыз, бірақ жабуға қолыңыз тимесе, оны биыл жүзеге асыруды ұсынамыз, себебі 2024 жылы барлық жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары азаматтарды жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті.


Оңайлатылған режим сәйкес келмеген жағдайда, не істеу қажет

Оңайлатылған схемадан басқа, қызметті автоматты және жалпы режимде тоқтатуға болады.

  • Автоматты режим 2020 жылдың жазынан бастап жұмыс істейді. Бұл режим бизнесменнен ешқандай әрекет талап етпегендіктен қолайлы болып табылады. Егер кәсіпкер 60 күн ішінде салық органына патент ұсынбаса немесе жұмысты тоқтата тұрғаннан кейін қайта бастамаса, онда мемлекеттік кірістер басқармасы (МКБ) ЖК-ны автоматты түрде есептен шығарады. Әрине, автоматты түрде есептен шығару белгілі бір шарттар сақталған кезде, атап айтқанда, салық төлеу бойынша қарыздар болмаған және басқа да аударымдар жасалған кезде мүмкін болады.
  • Жалпы белгіленген режим оңайлатылған жүйенің талаптарына сәйкес келмейтін ЖК үшін өзекті. Бұл жағдайда кәсіпкерді салықтық тексеру күтеді – тексеру бизнесмен өтініш бергеннен кейін 20 күннен кешіктірмей жүргізіледі. Тексеру әдетте 30 күн ішінде жүзеге асырылады, бірақ кейбір жағдайларда 180 күнге «созылуы» мүмкін. Егер кәсіпкер тексеруден сәтті өтіп, оның нәтижелерімен келісіп, барлық салықтарды төлесе, оны 3 күн ішінде есептен шығарады.

ЖК-ны жабу үшін үш режимнің бірін тіпті толыққанды бизнес жүргізбегендер, мысалы, кәсіпорын ашылғаннан кейін мүлдем жұмыс істемегендер және қызметін тоқтатуға мәжбүр болғандар да таңдауы тиіс.


ЖК-ны жабудан бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік органдар кәсіпорынды әрдайым жаба бермейді. Жеке кәсіпкер келесі жағдайларда тіркеуден шығарылмайды:

  • Егер оңайлатылған процедураны жүргізу үшін міндетті шарттар орындалмаса (егер сіз оңайлатылған режимді таңдасаңыз).
  • Егер сіз есептілік бермесеңіз, шотты жаппасаңыз, мөрді жоймасаңыз. Мұның бәрін қызметті тоқтату туралы өтініш берілген сәттен бастап 3 күн өткенге дейін жасау қажет.
  • Сіздің салық немесе әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарыңыз бар болса..


ЖК-ның жабылғанын немесе жабылмағанын қалай тексеруге болады

Барлық кезеңдерден өткеннен кейін ЖК-ның шын мәнінде жабылғанын білу маңызды. Егер ол жабылмаған болса, бұрынғысынша салық төлеуге тура келеді.

Өз кәсіпорныңыздың мәртебесін онлайн-форматта үш тәсілмен білуге болады:

  1. Салық төлеушінің кабинеті арқылы.
  2. Мемлекеттік кірістер комитеті электронды салық әмияны ретінде әзірлеген e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы.
  3. Kgd.gov.kz мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Электрондық сервистер» қойындысы арқылы «Салық төлеушілерді іздеу» тармағын таңдап, ұсынылған нысанға ЖСН және басқа да ақпаратты енгізу қажет.

Бизнесті жабу процедурасы тек күрделі болып көрінеді: ресми түрде жою үшін дұрыс режимді таңдап, нақты алгоритмді ұстану қажет. Кәсіпкерлердің көпшілігі оңайлатылған жабу жүйесін пайдалана алады, бұл міндетті айтарлықтай жеңілдетеді: ЖК-ны ең аз уақыт шығындарымен онлайн түрде жоюға болады. Алайда бұл процеске мұқият дайындалу маңызды, бұл бас тарту тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Авторы – Наталья Брославская 

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейтін ЖК

Жеке кәсіпкер үшін бизнесті жүргізудің ең түсінікті, жеңіл әрі ыңғайлы тәсілдерінің бірі – бұл салық салудың оңайлатылған жүйесі (ССОЖ) бойынша ЖК. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жағдайда бизнес оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейді. Бұл режим әкімшілік процедуралардың санын азайтып, есептік құжаттаманы дайындауды жеңілдетеді. Ең бастысы, бизнес жүргізуді кәсіпкер өз бетінше – бухгалтерді тартпай-ақ атқара алады. Оңайлатылған режимнің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.

Оңайлатылған декларация қандай ЖК үшін қолжетімді?

Кәсіпкерлер, егер олардың бизнесі бір мезгілде келесі параметрлерге сәйкес келген жағдайда, оңайлатылған жүйені пайдалана алады:

  1. Қызметкерлердің саны

Жұмыскерлердің жалпы саны 30 адамнан аспауы тиіс (бұл санға бизнесменнің өзі де кіреді).

  1. Бөлімшелердің болуы

Компанияның басқа елді мекендерде орналасқан филиалдары жоқ.

  1. Жарты жылдағы кіріс

Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді.

Егер бизнесмен 2023 жылы бизнесті оңайлатылған режим бойынша жүргізу үшін ҮИЖ қолданбаса, ЖК-ның жартыжылдық айналымы 24 038 АЕК-тен кем болуы тиіс. Осылайша жарты жылдағы ең жоғары кіріс 82 931 100 теңгеден аспауы тиіс (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге жетті).

Егер кәсіпкер ҮИЖ қолданатын болса, онда жартыжылдық айналым 94 086 АЕК-тен (24 038 АЕК + 70 048 АЕК) төмен болуы тиіс. Ақшалай баламада – 324 596 700 теңге.

  1. Нарық сегменті

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК кез келген қызметпен айналыса алады. Алайда ҮИЖ мүмкін болмайтын бірқатар ерекшеліктер де бар, оларға мынадай салалар жатады:

  • Акцизделетін тауарларға байланысты қызмет (оларды дайындау, сақтау немесе көтерме саудада өткізу)
  • Мұнай өнімдерін (мысалы, дизель отынын немесе бензинді) сату
  • Лотерея билеттерінің ұтыс ойынын өткізу
  • Жер қойнауын пайдалану (лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызметті есепке алмағанда)
  • Шыны ыдыспен жұмыс (оны жинау немесе қабылдау)
  • Металдармен байланысты қызмет (дайындау, сақтау, қайта өңдеу, сату)
  • Маркетингтік немесе консультациялық қызметтер көрсету
  • Аудит, бухгалтерлік есеп
  • Сақтандыру қызметтері
  • Әділет және құқық саласындағы жұмыс
  • Сауда алаңдарын жалға беру, оларды субжалға беру
  • Қаржы лизингі
  • Қонақ үй қызметтері (егер бір қонақ үйде екі және одан да көп салық төлеуші жұмыс істейтін болса)
  • Агенттік шарттар негізінде көрсетілетін қызметтер

Салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін бір мезгілде аталған барлық параметрлерге жауап беру керек екеніне тағы да сіздің назарыңызды аударамыз. Егер бизнесмен критерийлердің ең болмаса біріне сәйкес келмесе, ол салық салудың жалпы режиміне көшеді.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК қандай салықтарды төлейді?

ип на упрощенке 2023

2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.

2023 жылы қызметкерлерді тартпай-ақ жұмыс істейтін ЖК үшін оңайлатылған режим бойынша салынатын салықтар

Қосымша мамандар жалдамайтын бизнесмен бюджетке салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады.

Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%-ы. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.

ЖК ашу

Кәсіпкер өз пайдасына келесіні төлейді:

  • Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) – ай сайынғы табыстың 10%-ы.
  • Әлеуметтік жарналар – жалақының 3,5%-ы.
  • Медициналық сақтандыру төлемдері (МӘМСЖ) – 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы (бұл 2023 жылы 4 900 теңгені құрайды).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, заңнама тек соманың шегін регламенттейді. Осылайша міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ – 70 000 теңге), ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін.

Аударылған төлемдер ай сайын жасалады. Жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жасау қажет.

Бұдан басқа бірнеше ерекшелікті есте сақтау маңызды:

  • Егер кәсіпкер бала күтіміне байланысты демалыста болса, бірақ ресми түрде өз жұмысын тоқтатпаса және пайда табуды жалғастырса, онда МЗЖ және әлеуметтік жарналарды төлеу қажет (кемінде бір ЕТЖ-дан).
  • Егер кәсіпкер қызметін тоқтатпаса, бірақ ол пайда алмаса, оған бәрібір есеп беруге тура келеді.
  • Тіпті сіз қызметіңізді тоқтатып, салық есептілігін ұсынбасаңыз да, ай сайын МӘМСЖ төлеуіңіз қажет (1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы).

2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалдамалы қызметкерлермен жұмыс істейтін ЖК үшін салықтар

Егер бизнесмен мамандарды жалдаса, онда ол да жоғарыда көрсетілген төлемдерді (өз пайдасына және бюджетке) жасайды. Сонымен қатар ол өзінің әрбір маманы үшін қаражат аударуы қажет:

  • 10% – ЖТС
  • 10% – МЗЖ
  • 3,5% – әлеуметтік аударымдар
  • 3% – МӘМС (міндетті медициналық сақтандыру)
  • 2% – МӘМСЖ (медициналық сақтандыруға арналған жарналар)

Пайыздар жалдамалы мамандардың жалақы сомасынан есептеледі. Сондай-ақ қызметкердің мәртебесін (зейнеткер, мүгедек, шетелдік және т.б.) ескеру қажет.

Есіңізге сала кетейік, оңайлатылған салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер жұмыскерлер үшін әлеуметтік салықтан босатылады. Бірінші қаралған жағдайдағыдай, мамандар үшін төлемдер әр ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін) жасалады.

Бұдан басқа бизнесмен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс ақысын немесе егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, өтемақы төлеуі тиіс.

Оңайлатылған режим бойынша ЖК үшін ҚҚС төлеу

Бизнесменге ҚҚС төлеу қажеттілігі оның жылдық табысымен анықталады. Осылайша егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналым жылына келесі мөлшерден асып кетсе, бизнесмен 2023 жылы оңайлатылған салық режимі кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет:

  • 20 000 АЕК – ҮИЖ қолданбайтын ЖК үшін. 2023 жылы бұл 69 000 000 теңгеге баламалы;
  • 144 184 АЕК (20 000 АЕК + 124 184 АЕК) – ҮИЖ қолданған кезде. Бұл 497 434 800 теңгені құрайды

Айналым асып кеткен кезде, кәсіпкер асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салықтық өтінішті (электрондық немесе қағаз нысанында) дербес беруге міндетті.

Егер кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұрса, оған төлеушінің куәлігі беріледі. Осы сәттен бастап ол тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация беріп, 12% мөлшерлеме бойынша салық төлеуі қажет.

Қазақстанда оңайлатылған режим бойынша ЖК-ні қалай жүргізу керек?

налоги ип 2023 рк по упрощенке

Мұны кез келген ыңғайлы тәсілмен: дербес, аутсорсингтегі бухгалтердің немесе штаттық бухгалтердің көмегімен жасауға болады. Әр нұсқаның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, штатқа бухгалтерді жалдау әрдайым экономикалық тұрғыдан орынды бола бермейді (әсіресе егер біз шағын бизнес туралы айтатын болсақ). Сондықтан шағын бизнес аутсорсингте бухгалтерия жүргізу қызметін жиі пайдаланады.

Өз кезегінде бухгалтерияны дербес жүргізу барлық аспектілерді мұқият зерделеуді білдіреді, көптеген ерекшелікті ескеру қажет. Мысалы, кәсіпкер қандай тәсілмен табыс таба алатынын және оған қандай құжаттарды дайындауға тура келетінін қарастырайық:

  1. Қолма-қол ақша. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу үшін онлайн-касса қажет, әрбір сауда жасаған кезде, клиентке чек беру қажет
  2. Банк картасы бойынша төлем. Бұл жағдайда да онлайн-касса қажет.
  3. Қосымша арқылы жүргізілетін операциялар (мысалы, Homebank немесе Kaspi сервисі арқылы). Бұл жерде де онлайн-кассасыз болмайды.
  4. Банктегі ЖК шотына аудару. Егер сізбен тауар үшін есеп айырысатын болса, онда төлем жасауға арналған шотты, жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны (ЭШФ) дайындау талап етіледі. Ал егер клиенттер сіздің қызметтеріңізге осылайша ақы төлесе, онда шот жазып беріп, орындалған жұмыстардың қағаз немесе электрондық актісін (ОЖЭА) жасау және ЭШФ дайындау қажет.

2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК ЭШФ жазып беруге міндетті ме? 2021 жылғы 1 сәуірден бастап, егер заңды тұлғалармен немесе ЖК-мен жасалатын бір шарт бойынша сома (оңайлатылған режимді, патентті қолданатындардан басқа) 1 000 АЕК-тен, яғни 3 450 000 теңгеден асса, бұл құжатты жазып беру қажет.

ЖК үшін шот ашу

Бірақ мұнымен шектелмейді. Келесі кәсіпкерлерге ЭШФ дайындау қажет:

  • ҚҚС төлеушілер болып табылатын кәсіпкерлер.
  • Басқа елдерден әкелінген тауарларды сататын (импорт) кәсіпкерлер.
  • ҚҚС төлемейтін, бірақ ЭШФ жүйесінің «Виртуалды қойма» (ВҚ) модулінде тіркелген тауарларды сататын кәсіпкерлер.
  • Халықаралық жүк тасымалдау саласында қызметтер көрсететін (ҚҚС төлейтініне қарамастан) кәсіпкерлер

Аталған санаттағы бизнесмендер шартқа сәйкес сома 1 000 АЕК-ке жетпеген жағдайда, ЭШФ дайындауы қажет екенін ескеріңіз..

Оңайлатылған жүйе бойынша кәсіпкерлер қандай есептілікті дайындайды?

Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін ЖК 910.00 нысанын жарты жылда бір рет толтыруы тиіс:

  • І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құжат 1 шілдеден 15 тамызға дейін ұсынылады. Сондай-ақ 25 тамызға дейін табыс салығы – 3% төленеді
  • II жартыжылдық үшін 1 қаңтардан бастап есеп беріледі. Есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін үлгеру қажет. Бұдан басқа 25 ақпанға дейін 3%-дық салықты төлеу қажет.

Нысан онлайн режимінде беріледі, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер бар ма?

Қазақстанның Салық кодексінде оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер жазылған. Бірақ бұл жеңілдіктер тек мамандарды жалдайтын бизнесмендерге ғана қатысты.

ЖК әрбір қызметкер үшін төлейтін салықты 1,5%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл маманның жалақысы 25 АЕК (яғни 86 250 теңге) немесе осы көрсеткіштен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Жеңілдікті 910.00 нысанын толтырған кезде қолдануға болады. Төлем жасауға арналған соманы есептеу автоматты режимде орындалатын болады.

Кәсіпкер тек жеңілдіктерге ғана сене алмайтынына назар аударыңыз. Ол өз міндеттемелерін, оның ішінде салықты уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерін есте ұстауы қажет. Әртүрлі бұзушылықтар ескерту (бірінші рет) арқылы жазаланады. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар анықталған кезде, кәсіпкерге айыппұл салынады. Оның үстіне аз сома емес – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.

Оңайлатылған салық жүйесі кәсіпкерлерді қарапайымдылығымен және айқындылығымен тартады, бұл барлық есепті өз бетінше жүргізуге және бөгде мамандардың қымбат тұратын қызметтеріне жүгінбеуге мүмкіндік береді. Алайда оңайлатылған жүйеде де барлық ерекшеліктерді біліп, заңнама нормаларын түсіну маңызды. Бұл өз бизнесіңізді ашық әрі тиімді жүргізуге, жеңілдіктерді пайдалануға және ескерту мен айыппұлдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.

Авторы - Наталья Брославская  

Қазақстандағы салықтар

Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүзеге асыру үшін әр түрлі көлемдегі және мамандандырылған бизнес салық төлеуге тиіс. Мемлекет алған қаражат ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға дейін (оның ішінде бизнесті қолдау бойынша) түрлі міндеттерді шешуге жұмсалады.

Қазақстанда бизнес үшін қандай салықтар бар? Компаниялар қанша салық төлейді және не үшін төлейді?

Поиск по сайту