Құрметті клиенттер!
Банк бөлімшелері сенбі күндері сағат 09:00-ден бастап 16:00-ге дейін (сағат 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін – санитарлық уақыт) жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Түркістан қаласындағы барлық бөлімшелер жабық.
Банк бөлімшелерінің жұмыс кестесі туралы толық ақпаратпен Банктің келесі сайтында танысуға болады.
Банк бөлімшелеріне барған кезде карантин іс-шараларын сақтауыңызды – бетперде тағуыңызды және қауіпсіз арақашықтықты сақтауыңызды өтінеміз.
Барлық дерлік қаржылық операцияларды үйден шықпай-ақ, компьютер немесе смартфон арқылы BCC.KZ және StarBusiness қосымшаларында жүргізуге болатындығы туралы естеріңізге саламыз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуыңызға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін
Заңды тұлғалар үшін:
605 – ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін