Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Бұл – BCC.KZ  қосымшасындағы биржа бағамы бойынша валюта айырбастауға арналған Қазақстандағы бірегей онлайн-сервис. 


100 мыңнан астам белсенді клиент үйден немесе кеңседен шықпай-ақ валюта айырбастау операцияларын жасайды. 
Бүгінгі таңда FX ақша айырбастауда 16 валюталық жұп бар және олардың саны толығуда. 

1. Онлайн режимінде жылдам әрі тиімді валюта айырбастау 

2. Бағамдарды жаңарту және ірі соманы айырбастау 

3. Валютаны қалаған бағамен сатып алу/сату мүмкіндігі 

4. Дербес курсқа өтінім беру мүмкіндігі 

5. Барлық операция банктік комиссиясыз 

Қызмет банктің жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 10:30-дан 18:00-ге дейін көрсетіледі. 

Сіз FX-ақша айырбастауды валюта сатып алу үшін кез келген ең аз сомамен пайдалана аласыз. 

Мәміленің ең аз сомасы  10 000 USD-ден басталады (өзге валютадағы баламасы). 
Мәміленің ең көп сомасы  1,2 млрд теңге. Жалпы тәуліктік лимит - 20 операция. 

Мәміленің ең төменгі сомасы - 1 теңге. 
Мәміленің ең көп сомасы  400 млн теңге. 
Жалпы тәуліктік лимит - 20 операция. 

Клиентке мәміле бойынша хабарлама 1 минут ішінде келеді. 
Клиент өтінімді 1 минут ішінде растауы керек. Егер клиент растамаса, өтінім автоматты түрде жойылады. 

"Өтінімдер тарихы" қойындысында клиент өзінің барлық ордерін және олардың ағымдағы күйін көре алады, сондай-ақ егер ол осы уақытқа дейін орындалмаса, қолданыстағы ордерді қолмен жоя алады. Орындалған ордерден бас тартуға болмайды. 

Мәміледе пайдаланылатын валютаға байланысты кейінге қалдырылған ордер сомасының бұғаттауын ашу процесі әртүрлі болады. Егер мәміле ұлттық валютада (мысалы, теңгемен) жүргізілсе, онда сома сол күні сағат 18: 00-ге дейін ашылады, ал егер мәміледе басқа елдердің валютасын қамтитын валюталық жұп пайдаланылса, сома келесі жұмыс күні сағат 11: 00-ге дейін ашылады.. 

Егер сіздің айырбасталған сомаңыз салымда 15 күннен артық қалса, онда сіз қаражатты банктің кассасы арқылы комиссиясыз ала аласыз. 

Поиск по сайту