Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Новости 2023-10-26 12:10:00

ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ «TRADEX» форумының бизнес-қатысушылары үшін ілгерілету пакеті

Осы «TRADEX» форумының бизнес-қатысушылары үшін ілгерілету пакеті жарнамалық акциясына («Акция») қатысу ережелері «Банк ЦентрКредит» АҚ («Ұйымдастырушы») пен Акцияға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы https://www.bcc.kz/about/press-center/news/ сайтында («Акция сайты») орналастырылған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ереже») келіседі.

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР:

1. Ұйымдастырушы: «Банк ЦентрКредит» АҚ, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, АЛМАТЫ қ., әл-Фараби даңғ., 38. Банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия.

2. Акция өткізілетін кезең:  2023 жылғы 01 қараша.

3. Акция өткізілетін аумақ: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Rixos Almaty қонақ үйі

2. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ

2.1. Акцияға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар 18 жастан 63 жасқа дейінгі бизнес иелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар және осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және құралдарымен жеке өзі орындаған шетелдік азаматтар қатыса алады («Қатысушы»).

2.2. Акцияға Ұйымдастырушы қызметкерлерінің, онымен үлестес тұлғалардың туыстары, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелген кезде кез келген ақпаратты (оның ішінде Акция сайтында) және өзге де тәсілдермен, соның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты бере отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын бақылау, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтық таратылымдарды жүзеге асыру, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке куәлігінің деректері (жеке куәлік немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы көлемінде өзінің дербес деректерін жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге, соның ішінде трансшекаралық түрде беруге келісім береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алуға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, беруге (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық түрде беруге), алып тастауға, жоюға, соның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларының/ басқа уәкілетті тұлғалардың/ үшінші тұлғалардың өңдеудің барлық түрлерін жүзеге асыруына қатысты қолданылады. Келісім мұндай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілім жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

3. АКЦИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

3.1. Осы Ережелерге сәйкес, Қатысушы осы Ережелерде көзделген барлық шарттарды орындаған жағдайда, бизнесті ілгерілету бойынша төменде көзделген жарнамалық қызметтерді сыйлыққа алуға мүмкіндігі бар.

4. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

4.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді жүзеге асыруы қажет:

4.1. 1 Акция өткізілетін кезеңде: 

  • Банктің бренд-аймағындағы дербес менеджерде бизнес үшін ағымдағы шот ашу
  • Қатысушының нөмірін алу
  • @bcc.business парақшасына жазылу
  • Rixos Almaty қонақ үйінде орналасқан банктің бренд-аймағында өткізілетін ұтыс ойынын күту қажет

5. ЖҮЛДЕ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН МӨЛШЕРІ.

5.1.  Акцияның жүлде қоры Акцияны Ұйымдастырушының ақшалай қаражаты мен мүлкі есебінен қалыптастырылады және келесі сыйлықтардан тұрады:

  • 2023 жылғы 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы 1 Citix смартбордына жарнама орналастыру – 3 бірлік;
  • @bcc.business Instagram аккаунтында жеңімпаз компания туралы жарнамалық пост пен сторис орналастыру – 3 бірлік;
  • Компания туралы 1 минутқа дейін бейневизитка жасау және оны @bcckz YouTube арнасында жариялау – 3 бірлік.

5.2. Жүлделер саны шектелген. Акцияға Қатысушы Жүлде алудан бас тартуға құқылы, бұл кезде Қатысушыға қандай да бір өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

6. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6.1. Акцияға Қатысушының құқықтары:

˗ Осы Ережелермен танысу;

˗ Осы Ережелерде белгіленген тәртіппен Акцияға қатысу;

˗ Акцияны өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты Акция сайтындағы жария ресурстар мен коммуникация арналарында алу;

˗ Акция сайтында осы Ережелердің өзгеруі туралы ақпарат алу;

˗ Акцияны ұйымдастырушы туралы мәлімет алу.


6.2. Акцияға Қатысушының міндеттері:

˗ Ережелерді сақтау, оның ішінде осы Ережелерде белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗ Акцияға қатысуға байланысты барлық шығыстарды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) Интернет, телефон және т.б. үшін шығыстарды өз бетінше көтеру;

˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді атқару.


7. АКЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:

˗ Акция өткізілетін кезең ішінде Акция сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыны алдын ала хабардар ете отырып, осы Ережелерді біржақты тәртіппен өзгерту. Хабарландыру күні Акция сайтында тиісті ақпараттың жарияланған күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісімі ретінде қаралады.

˗ Осы Ережелерде көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрату;

˗ Ұйымдастырушы осы Акция Ережелерінде және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;


7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

˗ Ережелерді сақтау, Акцияны өткізуге байланысты барлық әрекеттерді Ережелерде белгіленген мерзімде орындау;

˗ Акцияның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

˗ Акцияға Қатысушыларды Акция Ережелерін Акция сайтында және таңдалған коммуникация арналарында орналастыру арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;


8. БАСҚА ШАРТТАР:

8.1. Барлық Акцияға қатысушылар оған қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Акция ережелерін бұзса немесе Жеңілдік алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, ол оны алу құқығынан айырылады.

8.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен өзінің сөзсіз келісімін білдіреді. Қатысушының Ережелерді толық және/немесе бөлігінде сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы деп танылады.

8.3. Акция конкурс, лотерея не тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

8.4. Қатысушыға / Жеңімпазға кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін беруден бас тарта алады.

8.5. Акцияны орындау барысында Қатысушыдан Қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін жеке куәліктің көшірмесін ұсынуды талап етуі мүмкін;

8.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта болады және ешқандай жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен айқындалатын жария оферта болып табылмайды.


Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының байланыс орталығының байланыс деректері:

Телефоны: 605 бизнес клиенттер үшін – Қазақстанның кез келген өңірінен тегін қоңырау шалу

Другие новости
Выиграйте путёвку на 1 млн ₸ или один из 19 телевизоров!
2024-09-27 14:12:00
БЦК принял участие в Круглом столе по обсуждению Руководства УЭСР АРРФР
2024-09-27 10:59:52
Уважаемые клиенты!
Поиск по сайту
Мы используем файлы cookies
Мы используем cookies для улучшения функциональности сайта и вашего пользовательского опыта
Назад
Настройка файлов cookies
Мы используем cookies для улучшения функциональности сайта и вашего пользовательского опыта
Обязательные файлы cookies
Всегда активны
Эти файлы Cookies не собирают информацию о вас, которая могла бы быть использована в маркетинговых целях, и не запоминают, когда вы были в Интернете. Вы можете отключить эти файлы Cookies, изменив настройки вашего браузера, но это может повлиять на работу нашего веб-сайта при взаимодействии с нашим сайтом.
Необязательные файлы cookies
Файлы cookie аналитики: помогают улучшить пользовательский опыт и гарантировать, что любая предоставленная вам информация соответствует вашим интересам и предпочтениям. Файлы Cookies собирают информацию таким образом, чтобы никто не был прямо идентифицирован