Банк – бұл кең ауқымды қаржылық қызметтер көрсететін ұйым. Ол жеке тұлғалармен, сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнес ынтымақтастық құрады, тек ақшамен ғана емес, сонымен қатар бағалы металдармен, бағалы қағаздармен (мысалы, акциялармен) де операциялар жүргізеді.
Банктік мекеме қызметін жүзеге асыруы үшін мемлекеттік тіркеуден өтіп, банктік операцияларды жүргізуге лицензия алуы тиіс.
Банк қызметі
Банкте жинақтарды сақтауға, аударымдар жасауға, төлемдерді жүргізуге, шоттар (ағымдағы, жинақ шоты және т.б.) ашуға болады. Сондай-ақ банктік мекемелер келесі міндеттерді атқарады:
Карточкалар шығарады. Олар классикалық немесе премиум санатта болуы мүмкін. Желіде тауарлардың ақысын қауіпсіз төлеу үшін виртуалды карталар пайдаланылады. Ал тиімді талаптармен сатып алу үшін бөліп төлеу картасы көмектеседі.
Депозиттер ресімдейді. Салымдар ай сайын есептелетін пайыздардың арқасында жинақтарды көбейтуге мүмкіндік береді.
Кредиттер береді. Ипотека тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берсе, автокредит көлік сатып алу үшін қажет. Сондай-ақ кредиттік тұтынушылық бағдарламалар кең тараған: бұл жағдайда қарыз қаражатын кез келген мақсатқа жұмсауға болады.
Бизнес-клиенттерге де кең ауқымды қызметтер ұсынылады: банк арқылы лизинг шартын ресімдеуге, ЖК-ні онлайн режимде ашуға, эквайрингті қосуға және т.б. болады.
Онлайн-открытие счёта для бизнеса
Используйте доступные возможности
в несколько кликов
Банк түрлері
Қазақстанда банк жүйесі екі деңгейлі: бірінші деңгей – бұл Ұлттық Банк (мемлекеттің орталық банкі), ал екінші деңгей – мемлекеттік және коммерциялық банктер. Коммерциялық банк – бұл жекеменшік банк, ол жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Мемлекеттік ұйымдардан айырмашылығы, коммерциялық банктер мемлекетке емес, жеке инвесторларға тиесілі. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істеді.