Банктік кепілдік – бұл кепіл беруші банк бенефициардың (кепілдік пайдасына берілген тұлғаның) алғашқы жазбаша талабы бойынша төлем жасау туралы міндеттемені өз мойнына алатын келісім. Мұндай қызмет сатып алушы мен сатушы бір-бірінің төлем қабілеттілігі туралы толық ақпаратқа ие болмаған жағдайда және өзара мәміле бойынша тәуекелдерін шектеуді қалайтын кезде кеңінен қолданылады.
Банктік кепілдіктің түрлері
Банктік кепілдіктер келесі негізгі екі түрге бөлінеді: тендерлік кепілдіктер және коммерциялық кепілдіктер.
Тендерлік банктік кепілдіктер
Бұл кепілдікті аукциондар, конкурстар мен тендерлерге қатысушылар пайдалана алады, олар келесі жағдайларда:
Тендерлік кепілдіктің ең аз қолданыс мерзімі – тендерлік ұсыныстары бар конверттер ашылған сәттен бастап 45 күнтізбелік күн, ал ең ұзақ мерзімі – 180 күнтізбелік күн.
Онлайн-открытие счёта для бизнеса
Используйте доступные возможности
в несколько кликов
Коммерциялық банктік кепілдік
Бұл кепілдік жасалған шарттар негізінде беріледі.
Коммерциялық банктік кепілдіктің келесі түрлері бар:
Кредитті қайтару. Қарыз алушының негізгі қарыз сомасын және/немесе оның пайызын шартта көрсетілген мерзімде қайтару міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге бағытталады.
Төлем кепілдігі. Қызметтер мен тауарлар үшін төлем міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді, көбіне коммерциялық кредит алу кезінде пайдаланылады.
Міндеттемелерді орындау кепілдігі. Оның негізгі міндеті – жеткізушінің айыппұлдарды өтеуін қамтамасыз ету. Әдетте мұндай кепілдік мөлшері шарт сомасының 3%-ын құрайды;
Сапа кепілдігі. Сатушы/өндіруші кепілдік мерзімі ішінде тауардың тиісті сапасын сақтауға міндеттенеді, ал сапасы нашарлаған жағдайда, анықталған кемшіліктерді жоюға тиіс.
Банктік кепілдіктің нысандары
Қаржы нарығында банктік кепілдіктер келесі қамсыздандыру нысандарына қарай жіктеледі:
Бланктік кепілдік. Тек тендерге/конкурсқа қатысу үшін беріледі.
Қамсыздандырылмаған кепілдік. Белгіленген қарыз лимиті аясында қолданылады.
Қамсыздандырылған кепілдік. Клиенттің қаражаты 100% көлемінде кепілдікті қамтамасыз етеді.