2012 жылдан бастап Қазақстанда жеке тұлғалар мен компаниялар Халықтық ІРО-ға қатыса алады. 2024 жыл да тыс қалған жоқ: биржаға жаңа компаниялар шығып жатыр, бұл бизнес үшін де, жеке инвесторлар үшін де көп мүмкіндік ашады.
ІРО аббревиатурасы ағылшын тілінің Initial Public Offering сөзінен шыққан. ІРО-ның мәні қарапайым: биржада бағалы қағаздарын алғаш рет орналастыратын компаниялар инвесторлардың шектеусіз тобына акциялар ұсынады.
IPO Air Astana
Инвестируйте в авиакомпанию мечты
в приложении bcc.kz!
ІРО аясында акцияларды бастапқы жария орналастыру екі тарапқа да тиімді. Бизнес жария бола бастайды, яғни өзін танытып, инвестиция арқылы ауқымын кеңейтуі мүмкін. Ал инвесторлар инвестициядан табыс таба алады.
Инвесторлар «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша акцияларды сатып алудың қауіп-қатері аз екенін қалай түсінеді?
Біріншіден, биржаға қаржылық есептілігі ашық, ал корпоративтік басқару стандарттары жоғары болып келетін тұрақты ұлттық компаниялар ғана шығарылады. Бағдарламаға қатысатын барлық компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіреді.
Екіншіден, мемлекет негізгі акционер болып табылады, бұл басқа акционерлер үшін нарықтық тәуекелдерді барынша азайтады.
Үшіншіден, жария компаниялардың ерекшелігі оның қаржылық есептілігіне инвестордың қол жеткізе алуында (бұл деректер биржа сайтында ұсынылған). Бұл – экономика және қаржы саласында білімі бар инвесторлар үшін маңызды артықшылық.
Дамушы бизнеске берілетін кредит
Бизнесіңізді тиімді шарттармен дамытыңыз!
Бағдарлама аясында пайда алудың кез келген басқа биржада табыс табудан еш айырмашылығы жоқ. Сіз келесі тәсілдермен табыс таба аласыз:
IPO-ға шыққан компаниялардың мысалдары әсерлі, себебі бизнес акциялар құнының барынша өсуін көрсетеді. Мысалы, IPO аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (2022) мұнай-газ компаниясының бағалы қағаздары бойынша капиталдандыру 5,1 триллион теңгеден асты. KAZATOMPROM (2018) атом компаниясының бағалы қағаздары құнының ең жоғары өсімі 383%-ға, ал KEGOC (2014) электр желілері операторынікі – 281%-ға жетті. KazTransOil (2012) мұнай құбыры компаниясының өсімі 121%-ды құрады.
Бұл ретте IPO бойынша акцияларды орналастыру бағасы айтарлықтай төмен. Мысалы, 2022 жылы «ҚазМұнайГаз» өзінің бағалы қағаздарын 8 406 теңгеден ұсынды. Бұл әртүрлі табыс деңгейіндегі адамдарға инвестициялық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
2023-2024 жылғы IPO-ға «Қазақстан темір жолы» темір жол операторы қатысады. 2024 жылы Air Astana әуетасымалдаушысы өз акцияларын акционерлерге ұсынады. Ал 2025 жылы IPO-ға QazaqGaz ұлттық газ компаниясының шығуы жоспарланып отыр.
Қазақстандағы кезекті IPO 2024 жылы шамамен бірінші тоқсанға жоспарланған.
2024 жылы IPO бағдарламасында қандай компаниялар ұсынылатыны, сауда-саттықты өткізу мерзімі туралы толық ақпаратты «Самұрық-Қазына» қорының сайтынан, сондай-ақ kase.kz қор биржасының сайтынан және aix.kz. электрондық биржаның сайтынан білуге болады.
Қазақстанның 18 жастан асқан кез келген азаматы инвестор бола алады. Бағдарламаға ҚР салық резиденттері де қатыса алады. Акцияларды сатып алу және сату үшін брокерлік шот ашып, оны толықтыру қажет. Содан кейін сізді қызықтыратын компанияның акцияларын таңдап, бағдарламаға қатысуға өтінім жіберу керек.
Бағдарлама бойынша бағалы қағаздармен банктік қосымшалар арқылы жұмыс істеген ыңғайлы, мысалы, «Инвестициялар» деген тиісті бөлім ЦентрКредит Банкінің BCC.KZ қосымшасында бар. Тек компанияны таңдап, «Өтінім беру» батырмасын басу жеткілікті.
Әрине, ІРО-ның да инвестициялаудың кез келген түрі сияқты өз тәуекелдері бар. Сондықтан қаражатты инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған жандарға сарапшылар алтын ережелерді ұстануды ұсынады. Біріншіден, ақшаны түрлі компаниялардың акцияларына салу. Екіншіден, бір компанияның акцияларына ірі сомаларды инвестицияламау. Үшіншіден, инвестициялық жолдың ең басында инвестиция үшін капиталдың аз мөлшерін бөлу.
Жеке кәсіпкер үшін бизнесті жүргізудің ең түсінікті, жеңіл әрі ыңғайлы тәсілдерінің бірі – бұл салық салудың оңайлатылған жүйесі (ССОЖ) бойынша ЖК. Егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл жағдайда бизнес оңайлатылған режим бойынша жұмыс істейді. Бұл режим әкімшілік процедуралардың санын азайтып, есептік құжаттаманы дайындауды жеңілдетеді. Ең бастысы, бизнес жүргізуді кәсіпкер өз бетінше – бухгалтерді тартпай-ақ атқара алады. Оңайлатылған режимнің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.
Кәсіпкерлер, егер олардың бизнесі бір мезгілде келесі параметрлерге сәйкес келген жағдайда, оңайлатылған жүйені пайдалана алады:
Жұмыскерлердің жалпы саны 30 адамнан аспауы тиіс (бұл санға бизнесменнің өзі де кіреді).
Компанияның басқа елді мекендерде орналасқан филиалдары жоқ.
Оңайлатылған режим бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді.
Егер бизнесмен 2023 жылы бизнесті оңайлатылған режим бойынша жүргізу үшін ҮИЖ қолданбаса, ЖК-ның жартыжылдық айналымы 24 038 АЕК-тен кем болуы тиіс. Осылайша жарты жылдағы ең жоғары кіріс 82 931 100 теңгеден аспауы тиіс (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге жетті).
Егер кәсіпкер ҮИЖ қолданатын болса, онда жартыжылдық айналым 94 086 АЕК-тен (24 038 АЕК + 70 048 АЕК) төмен болуы тиіс. Ақшалай баламада – 324 596 700 теңге.
2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК кез келген қызметпен айналыса алады. Алайда ҮИЖ мүмкін болмайтын бірқатар ерекшеліктер де бар, оларға мынадай салалар жатады:
Салық салудың оңайлатылған жүйесі бойынша жұмыс істеу үшін бір мезгілде аталған барлық параметрлерге жауап беру керек екеніне тағы да сіздің назарыңызды аударамыз. Егер бизнесмен критерийлердің ең болмаса біріне сәйкес келмесе, ол салық салудың жалпы режиміне көшеді.
2023 жылы ҚР-да оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.
Қосымша мамандар жалдамайтын бизнесмен бюджетке салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады.
Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%-ы. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.
Кәсіпкер өз пайдасына келесіні төлейді:
2023 жылы оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, заңнама тек соманың шегін регламенттейді. Осылайша міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ – 70 000 теңге), ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін.
Аударылған төлемдер ай сайын жасалады. Жарналарды есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жасау қажет.
Бұдан басқа бірнеше ерекшелікті есте сақтау маңызды:
Егер бизнесмен мамандарды жалдаса, онда ол да жоғарыда көрсетілген төлемдерді (өз пайдасына және бюджетке) жасайды. Сонымен қатар ол өзінің әрбір маманы үшін қаражат аударуы қажет:
Пайыздар жалдамалы мамандардың жалақы сомасынан есептеледі. Сондай-ақ қызметкердің мәртебесін (зейнеткер, мүгедек, шетелдік және т.б.) ескеру қажет.
Есіңізге сала кетейік, оңайлатылған салық жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер жұмыскерлер үшін әлеуметтік салықтан босатылады. Бірінші қаралған жағдайдағыдай, мамандар үшін төлемдер әр ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін) жасалады.
Бұдан басқа бизнесмен жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлеріне еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс ақысын немесе егер қызметкер еңбек демалысын пайдаланбаса, өтемақы төлеуі тиіс.
Бизнесменге ҚҚС төлеу қажеттілігі оның жылдық табысымен анықталады. Осылайша егер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналым жылына келесі мөлшерден асып кетсе, бизнесмен 2023 жылы оңайлатылған салық режимі кезінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұруы қажет:
Айналым асып кеткен кезде, кәсіпкер асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде салықтық өтінішті (электрондық немесе қағаз нысанында) дербес беруге міндетті.
Егер кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұрса, оған төлеушінің куәлігі беріледі. Осы сәттен бастап ол тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация беріп, 12% мөлшерлеме бойынша салық төлеуі қажет.
Мұны кез келген ыңғайлы тәсілмен: дербес, аутсорсингтегі бухгалтердің немесе штаттық бухгалтердің көмегімен жасауға болады. Әр нұсқаның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, штатқа бухгалтерді жалдау әрдайым экономикалық тұрғыдан орынды бола бермейді (әсіресе егер біз шағын бизнес туралы айтатын болсақ). Сондықтан шағын бизнес аутсорсингте бухгалтерия жүргізу қызметін жиі пайдаланады.
Өз кезегінде бухгалтерияны дербес жүргізу барлық аспектілерді мұқият зерделеуді білдіреді, көптеген ерекшелікті ескеру қажет. Мысалы, кәсіпкер қандай тәсілмен табыс таба алатынын және оған қандай құжаттарды дайындауға тура келетінін қарастырайық:
2023 жылы оңайлатылған режимдегі ЖК ЭШФ жазып беруге міндетті ме? 2021 жылғы 1 сәуірден бастап, егер заңды тұлғалармен немесе ЖК-мен жасалатын бір шарт бойынша сома (оңайлатылған режимді, патентті қолданатындардан басқа) 1 000 АЕК-тен, яғни 3 450 000 теңгеден асса, бұл құжатты жазып беру қажет.
Бірақ мұнымен шектелмейді. Келесі кәсіпкерлерге ЭШФ дайындау қажет:
Аталған санаттағы бизнесмендер шартқа сәйкес сома 1 000 АЕК-ке жетпеген жағдайда, ЭШФ дайындауы қажет екенін ескеріңіз..
Оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін ЖК 910.00 нысанын жарты жылда бір рет толтыруы тиіс:
Нысан онлайн режимінде беріледі, бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Салық кодексінде оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер жазылған. Бірақ бұл жеңілдіктер тек мамандарды жалдайтын бизнесмендерге ғана қатысты.
ЖК әрбір қызметкер үшін төлейтін салықты 1,5%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл маманның жалақысы 25 АЕК (яғни 86 250 теңге) немесе осы көрсеткіштен асқан жағдайда ғана мүмкін болады.
Жеңілдікті 910.00 нысанын толтырған кезде қолдануға болады. Төлем жасауға арналған соманы есептеу автоматты режимде орындалатын болады.
Кәсіпкер тек жеңілдіктерге ғана сене алмайтынына назар аударыңыз. Ол өз міндеттемелерін, оның ішінде салықты уақтылы төлеу жөніндегі міндеттемелерін есте ұстауы қажет. Әртүрлі бұзушылықтар ескерту (бірінші рет) арқылы жазаланады. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар анықталған кезде, кәсіпкерге айыппұл салынады. Оның үстіне аз сома емес – 15-тен 50 АЕК-ке дейін.
Оңайлатылған салық жүйесі кәсіпкерлерді қарапайымдылығымен және айқындылығымен тартады, бұл барлық есепті өз бетінше жүргізуге және бөгде мамандардың қымбат тұратын қызметтеріне жүгінбеуге мүмкіндік береді. Алайда оңайлатылған жүйеде де барлық ерекшеліктерді біліп, заңнама нормаларын түсіну маңызды. Бұл өз бизнесіңізді ашық әрі тиімді жүргізуге, жеңілдіктерді пайдалануға және ескерту мен айыппұлдарға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Авторы - Наталья Брославская
Көптеген адамдар қызмет көрсетеді немесе кейін сататын тауарлар шығарады, бірақ заңсыз жұмыс істейді. Олардың қызметін заңдастырудың бір жолы – өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу. Мұндай формат фриланста жұмыс істейтін жеке тұлғалар үшін өзекті.
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды қалай ресімдеуге болады? Қанша салық төлеу қажет? Қандай ерекшеліктерді есте сақтаған жөн?
Өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдеу үшін жеке тұлға бір мезгілде бірнеше параметрге сәйкес келуі тиіс:
Жоғарыда атап өтілгендей, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өз өндірісінің өнімдерін сатуы немесе қызмет көрсетуі мүмкін, алайда барлық салада емес.
Өзін-өзі жұмыспен қамту ауыл шаруашылығы өнімдерін өз бетіңізше өндіріп, сатқан жағдайда қолайлы болады. Бұл көкөніс немесе жеміс-жидек, жұмыртқа, сүт өнімдері немесе бал болуы мүмкін. Бірақ өз қолыңызбен жасалған басқа тауарларды сатуға тыйым салынады. Мысалы, сіз қолдан әшекейлер жасайсыз: оларды заңды түрде сату үшін ЖК ашу қажет.
Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамту репетиторлық немесе киім тігу саласында қызмет көрсететін мамандар үшін өзекті болып табылады. Бұдан басқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде сіз күтуші болып жұмыс істей аласыз, түсіру немесе тиеу жұмыстарын орындай аласыз, техниканы немесе тұрғын үйді жөндей аласыз, жиһаз жинай аласыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолжетімді қызмет тізіміне тұрғын үй алаңын жалға беру де кіреді.
Маңызды жайт: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат тек жеке тұлғаларға тауар сатып, тұрғын үйді жалға бере алады және қызмет көрсете алады.
Сіз кез келген сәтте мәртебеңізді тексеріп, шын мәнінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелгеніңізге көз жеткізе аласыз. Ол үшін Egov.kz электрондық үкімет сайтына кіру қажет, барлық ақпарат жеке кабинетте қолжетімді. Айтпақшы, базада жұмыссыз ретінде тіркелмегенді тексеру үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде жұмысты бастауды жоспарлап отырғандарға да кіру қажет.
Басқа да ерекшеліктері бар:
Өз өндірісінің тауарларын сатуға және қызмет көрсетуге болады. Бірақ оны коммерциялық аумақта жасауға болмайды.
Мысалы, өсірілген алманы, қызанақты немесе картопты базарға немесе дүкенге апаруға болмайды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оларды тек үйде сата алады. Сіз сатып алушылармен бейтарап аумақта, яғни бір көшеде кездесу туралы келісе аласыз, бірақ сату нүктесін белгілеуге болмайды.
Егер сіз үтік немесе ноутбук, киім жөндейтін болсаңыз, онда бұл қызметтерді үйде ғана көрсетуге болады, бұл кезде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өз шеберханасы немесе сауда орталықтарында қызмет көрсету нүктесі болуына тыйым салынады.
Жалға алушыларға баспананы жалға беруге болады, ал мүлікті болмайды.
Сіз өзіңіз тұрмайтын пәтерді (мысалы, мұрагерлікпен алынған пәтерді немесе инвестиция болып табылатын жылжымайтын мүлікті) жалдауды ұсына аласыз. Бірақ сіздің тұрмыстық техниканы немесе электр құралдарын жалға беру бойынша қызмет көрсетуге құқығыңыз жоқ.
Жеке практикаға жатпайтын қызметтерді ғана көрсетуге болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам адвокат, медиатор немесе нотариус бола алмайды. Осы салаларда жұмыс істеу үшін ЖК болуға тура келеді.
Сондай-ақ Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту ел азаматтары болып табылмайтын адамдарға ресімделмейтінін ескеріңіз. Бірақ бір ерекшелік бар: ереже Қазақстанға басқа мемлекеттерден қоныс аударған оралмандарға, этникалық қазақ репатрианттарға қатысты қолданылмайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ерекше тіркеу процедурасынан өтіп, салық комитетіне есеп берудің қажеті жоқ. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеуді бастау үшін тек БЖТ (бұл бірыңғай жиынтық төлем) төлеген жөн. Бұл төлем айына бір рет төленеді, төленген айдың соңына дейін сіз ресми түрде жұмыс істей аласыз. Бірден бірнеше ай үшін БЖТ төлеуге болады, төлем форматын өзіңіз таңдайсыз.
Өзін-өзі жұмыспен қамтуды тоқтату үшін (мысалы, сіз кіріссіз қалдыңыз) жай ғана БЖТ төлеуді тоқтату қажет, жүйе сізді автоматты түрде есептен шығарады.
Бәрі барынша оңай әрі жылдам.
Жиынтық төлем төрт төлемді біріктіретіндіктен осындай атауға ие болды:
Бұл ретте сізге пайыздарды өзіңіз есептемейсіз: жеке тұлға төрт санат арасында автоматты түрде бөлінетін бір соманы аударады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған зейнеткерлер ерекшелік болып табылады: олардың барлық аударымы тек бір санатқа – табыс салығына жұмсалады.
БЖТ сомасы мемлекет тарапынан белгіленген:
БЖТ-ны кез келген ыңғайлы тәсілмен аударуға болады. Операциялар келесі арқылы қолжетімді:
Жұмысты заңдастырудың мұндай тәсілінің артықшылықтары көп:
Жүйенің жеңіләрі түсініктіболуы фрилансерлерді қызықтырады, бірақ оның кемшіліктері де бар. Ең бастысы, кіріске байланысы жоқ. Бір жағынан, бұл, әрине, жақсы: сіз кішігірім төлем жасайсыз, ал қалған ақшаны өз қалауыңызша жұмсайсыз. Бұл кезде сіз медициналық қызметтерді пайдалана аласыз және зейнетақы өтіліңізді «ұлғайтасыз». Бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салық төлемейтіндіктен, зейнетақы негізгі, ал әлеуметтік төлемақы – ең төменгі болады. Бұл, әрине, бәріне бірдей жарамайды.
Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға әдетте банктер үлкен кредит беруден бас тартатынын ескеру қажет, демек кредит берудің ең сұранысқа ие нұсқасы болып табылатын ипотекамен қиындықтар туындауы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, өзін-өзі жұмыспен қамту фрилансты мысалы, университетте оқыған кезде қосымша жұмыс істеу мүмкіндігі ретінде қарастыратын мамандар үшін оңтайлы шешім болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен айналысатын және өзге тәсілмен жұмыс өтілін «жинай алмайтын» ауыл тұрғындарына да осындай жүйе лайықты болады.
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтуды жеке кәсіпкерлікпен немесе жалдамалы жұмыспен ұштастыруға болмайды. ЖК және жалдау жеке тұлғаны өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде ресімдеу шарттарына қайшы келеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамту – бұл табыс табудың және бұл ретте өзін заңсыз кәсіпкерлік үшін жауапкершілікке тарту қаупінен арылтудың тәсілі. Жүйенің артықшылықтары арасында барынша жеңіләрі түсінікті болуын, күрделі әкімшілік процедураларды жүргізу және есептілікті дайындау қажеттілігінің жоқтығын атап өтуге болады. Өзін-өзі жұмыспен қамту медициналық қызметтерді тегін пайдалануға және еңбек өтілін «жинауға» мүмкіндік береді, алайда бұл бәріне бірдей қолайлы емес. Сондықтан қызметті бастамас бұрын ерекшеліктермен танысу маңызды.
Авторы – Наталья Брославская
Қазақстан – бизнес жүргізу үшін перспективалы бағыт.
Біріншіден, елімізде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мысалы, өз қызметін жалдамалы жұмыскерлерсіз, оңайлатылған жүйе бойынша жүзеге асыратын жеке кәсіпкер жылына екі рет табыстың 3%-ын, табыс салығын және әлеуметтік салықты төлейді, сондай-ақ ай сайын өз пайдасына зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру төлемдері сияқты міндетті төлемдерді жүзеге асырады. Жалпы белгіленген режимде бизнес үшін пайдаға салынатын салық 10%-ды құрайды. Сонымен қатар жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде тіркеле алады, бұл мүмкіндікті репетиторлар, бала күтушілер, фотографтар, фермерлер және т.б. пайдаланады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке тұлғаның тұрғылықты жеріне қарай 0,5 немесе 1 АЕК-ке тең бірыңғай жиынтық төлем көзделген (республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 1 АЕК, қалған елді мекендер үшін – 0,5 АЕК).
Екіншіден, Қазақстан ТМД мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіреді, бұл елді Ресей мен Беларусь бизнесмендерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін тартымды орынға айналдырады. Артықшылықтардың арасында келесіні атап өтуге болады:
Үшіншіден, елімізде цифрландыру белсенді қарқын алып келе жатыр, бұл кәсіпкерлердің көптеген бизнес-процедураларды орындауын жеңілдетеді. Мысалы, заңды тұлғаны тіркеу үшін бүгін офистен шығудың қажеті жоқ, онлайн тіркелу үшін интернетке қосылған компьютердің болуы жеткілікті.
Сізге 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес ашуға болатын қызықты бизнес-идеялар мен сұранысқа ие бағыттардың топтамасын ұсынамыз.
.
Статистика бойынша, әлемдегі әрбір үшінші адам күніне кем дегенде бір рет өзімен бірге әкетуге кофе алады. Қазақстандықтар да тыс қалмайды: олар елімізде жылына 10 млн кг астам сергітетін сусын тұтынады. Сонымен қатар, өзімен бірге әкетуге кофе толыққанды мәдени кодқа айналды, ол адамның өмір салтын, оның мәртебесін көрсетеді.
Сондықтан да өзімен бірге әкетуге кофе 2023 жылғы ең өзекті бизнес болып табылады. Бұл бағыттың 2023 жылғы топ бизнес-идеялардың арасында көш бастап тұруы ғажап емес. Алайда, шағын кофехана шын мәнінде табыс әкелуі үшін орынды дұрыс таңдау қажет, кофехананың офис ғимаратында немесе оның жанында орналасқаны оңтайлы. Өзекті мәліметтерге сүйенсек, әрбір офис жұмыскері күніне кем дегенде екі шыны кофе ішеді. Бұдан пайда табуға болатыны айқын.
Шығындарға келетін болсақ, бұл бизнесте шығыстардың екі негізгі бабы бар – жайды жалға алу және кофемашина сатып алу. Ең кішкентай жайды жалға алуға болады, себебі «өзімен бірге әкетуге кофе» форматында келушілерге арналған үстелдер қарастырылмаған. Кәсіби кофемашинаның құны 2 млн теңгеге жетуі мүмкін, алайда 2023 жылы инвестицияның ең аз мөлшерімен бизнес-идеяны бастау үшін 300 мың теңгелік бюджеттік нұсқаға тоқталуға болады.
Уақыт өте келе шағын бизнес идеясы одан да үлкен іске айналуы мүмкін. Мысалы, бизнесті кеңейтіп, клиенттерге бәліш, тәтті нан, вафли сияқты десерттерді ұсынуға болады. Ол үшін сенімді жеткізушіні тауып, оларды сақтау және келушілерге көрсету үшін тоңазытқыш жабдықтарын сатып алу қажет. Шағын бизнесті толыққанды кофеханаға дейін дамыту келесі қадам болуы мүмкін.
Бұл 2023 жылы инвестициясыз бизнес-идеялар іздейтін жандар үшін оңтайлы шешім болып табылады. Сабақтар онлайн форматта өткізілетіндіктен, кәсіпкерге жайды жалға алып, оқушыға арналған жұмыс орнын жабдықтаудың қажеті жоқ. Тұтастай алғанда шығындар тек интернет үшін төлемді және өзекті оқу құралдарын сатып алуды қамтиды
Не оқыту керек? Бұл жерде шет тілдері саласында білімі бар оқытушылардың басымдыққа ие екені сөзсіз. Оның үстіне сіз оқушыларды да, студенттерді де, тіпті ауқатты ересек адамдарды да оқыта аласыз. Айтпақшы, шет тілдерін оқыту маусымдық бизнес емес, ол жыл бойы, соның ішінде жаз мезгілінде, мектептерде демалыс кезінде өтуі мүмкін.
2023 жылдың тағы бір сұранысқа ие бизнес-идеясы – оқушыларды қорытынды немесе қабылдау емтихандарында (қазақ және ағылшын тілдері, Қазақстан тарихы, алгебра және т.б.) тапсыратын пәндер бойынша онлайн-оқыту. Сұраныс рейтингінде химия, физика, биология, геометрия сияқты дәстүрлі күрделі пәндер де артта қалмайды.
Айта кетерлігі, уақыт өте келе кәсіпкер өзінің онлайн-сабақтарын толыққанды онлайн-мектепке дейін кеңейте алады. «Үйде бизнес жүргізуге арналған идеялар» рейтингінің ең үздік тобына сенімді түрде енетін және ең аз шығын кететін осы өте перспективалы әрі жылдам өтелетін бизнес-бағытты назарға алуды ұсынамыз.
Тек 2022 жылы Қазақстанда 12 млн м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл пәтерлер мен үйлердің бір бөлігі жайластыруға мұқтаж. Сонымен қатар қайталама нарықтағы пәтерлерде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Коммуникацияларды жүргізуді және қабырғаларды сылауды қауіпсіз әрі сапалы түрде орындау екінің бірінің қолынан келе бермейтіндіктен, көбінесе осы жұмыстар үшін мамандар жалданады.
Бұл 2023 жылы ең қарапайым әрі пайдалы бизнес болып табылады. Қарапайым, өйткені офисті жалдаудың қажеті жоқ және бұл саладағы мамандардың дағдылары (қажетті құрал-жабдықтар да) бұрыннан бар. Пайдалы, себебі Қазақстанда пәтерге аса күрделі емес дизайн бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізудің өзі 10 млн теңгеге жуық болады. Бұл сома материалдар мен жұмыс құнынан құралады.
Дизайн саласында білімі бар мамандар да басымдыққа ие болады, бұл бағыт қазір өте көп сұранысқа ие. Бұл білім идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық циклді қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Айтпақшы, құрылыс және жөндеу қызметін «жергілікті» түрде көрсетуге болады. Өз-өзіңізге жұмыс істеудің кең таралған идеяларының бірі – сөрені шегелеуден есіктерді орнатып, ваннаға плиткаларды төсеуге дейінгі үй мәселелерін шешуге қабілетті мамандарға арналған «бір сағатқа күйеу» қызметі.
Ең жиі кездесетін жағдай, бір күні сіз кәсіби бұрғыға немесе бұрандалы шегені бұрағышқа ақша жұмсадыңыз делік. Осы жабдықтың көмегімен сіз қойылған міндеттерді тиімді шештіңіз, бірақ ол енді жайдан-жай «тұрып қалды», бұл үлкен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жиі болатын жағдай. Ал оны жалға беруге болады емес пе? Бұл – 2023 жылы ең аз салымды қажет ететін тағы бір сұранысқа ие бизнес-идея. Статистика бойынша, адам барлық уақыт ішінде бұрғыны кемінде 13 минут пайдаланады. Әлеуетті клиенттерге өзіңізде бар құралды жүздеген мың теңгеге сатпай, оны сізден тиісті ақыға жалға алуды ұсынып көріңіз. Бұл ең аз салымды қажет етеді, мәселен шеберлердің қызметтерін және жабдықтарды жалға алуды ұсынатын сайттарда жарнамалық хабарландыруларды орналастыруға ғана қаражат кетуі мүмкін.
Бұған қоса бұл идеяның сізге қатысты қуатты экологиялық әлеуеті де бар, егер адамдар өздеріне қажетсіз техниканы сатып алмаса, онда олардың «қоқыс ізі» де азая түседі.
Ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыбын жалғастырайық. Өз өмірін экологиялық тұрғыдан қалай жақсартуға болатыны туралы ойлайтындар көбейіп келеді. «Экологиялық» сөзі бар тауарлар мен қызметтерге сұраныс та осыдан. Осы сегменттегі ең танымал бизнес-идеялар қандай? Өз бақшаңыздағы көкөністерді сатуға, пакеттердің орнын алмастыратын шоперлерді тігуге, экологиялық жинау бойынша қызметтер көрсетуге (экологиялық құралдар ғана қолданылады), органикалық косметика жасауға, ағаш ойыншықтар жасауға және т.б. болады. Шағын бизнеске қатысты жаңа бизнес-идеялар да бар, мысалы, экологиялық тураларды ұйымдастыруға немесе вегандық сабынды пісіруге болады.
Органикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бизнес үшін қызықты идея болуы мүмкін, бұл – қарашірікке мұқтаж фермерлер үшін тамаша шешім. Қалаларда тұратын адамдар тонналаған органикалық заттарды (тамақ қалдықтарын, көкөністер мен жемістердің қабығын және т.б.) лақтырады, бұл қоқыс қаптары полигондарда жылдар бойы жатады. Органикалық заттар құрамына метан кіретін қоқыс газын бөледі. Метанның жиналуы полигондарда жарылыстар мен өрттерге әкеледі, ал олардың парниктік әсері көмірқышқыл газына қарағанда 24 есе жоғары.
Бизнес-идеяның мәні қарапайым: фермер клиенттен органикалық заттарды өз көлік құралымен аз ғана ақыға алып кетеді. Клиент экологияға өз үлесін қосып, көптеген мәселелерден құтылады (органикалық қалдықтар жағымсыз иістенеді және егер оларды дер кезінде шығармаса, шіркейлерді тартады). Фермер органикалық қалдықтарды шығарудан түсетін аз ғана пайдадан басқа, болашақ қарашірік үшін «негізге» ие болады, оны да саяжай иелері мен бау-бақшашыларға сатуға болады.
Бұл идеяны «300 мыңдық бизнес» санатына жатқызуға болады, себебі ол тек автокөлікке кететін отын шығындарын көздейді.
Әйелдерге қандай бизнес ашуға болады? Оның бір нұсқасы – офлайн- немесе онлайн-форматтағы балаларға арналған тауарлар дүкені. Бұл тауаша әйел кәсіпкерлерді қызықтырады, себебі олар басқа аналардың қажеттіліктерін жақсы түсінеді, өз тәжірибелерімен бөлісе алады және сәбидің өмірін не жайлы ететінін біледі.
Не сатуға болады? Бұл киім-кешек, авторлық ойыншықтар, аксессуарлар, ерте дамуға арналған жиынтықтар (мысалы, жабысқақ қойындылары бар альбомдар, бүктемелі кітапшалар және т.б.) болуы мүмкін.
Бұл бизнес 2023 жылы өте пайдалы болуы мүмкін, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, тек жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда 93,5 мың бала дүниеге келді. Екіншіден, балалар тез өседі, демек оларға өмір сүру мен ойын-сауық үшін жаңа тауарлар – киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, жиһаз және т.б. қажет. Демек, осы санаттағы өнімдерге сұраныс тұрақты. Сонымен қатар мұндай бизнес жарты жыл ішінде тез өтеледі.
Егер ақша үнемдегіңіз келсе, өз интернет-дүкеніңізді ашуды қарастырып көріңіз. Бірақ егер сату үшін сауда алаңын жалға алудың қажеті болмаса да, сізге курьерлік қызметтерге, тапсырыстарды ресімдеу және ел бойынша сәлемдемелерді жөнелту жөніндегі маманға, ал егер сіз көлемді тауарларды сататын болсаңыз, қоймалық жайға да ақша бөлу керектігін ескеріңіз. Бастапқы кезде тапсырыстарды ресімдеу және жіберу бойынша міндеттерді өз бетіңізше орындап, тауарларды үйіңізде сақтай аласыз, бірақ ерте ме, кеш пе, бизнес кеңейген кезде, сізге бос қолдар мен сақтауға арналған қойма қажет болады.
Салқындатқыштарға арналған бөтелкелердегі суды офистер, мектептер, балабақшалар мен ауруханалар ғана белсенді пайдаланып қоймай, оған сонымен қатар пәтерлерде пайдалану үшін жеке тұлғалар да жиі тапсырыс береді. Алайда көппәтерлі үйдің белгілі бір қабатына 19 литрге дейін су сыйдыратын шөлмекті жеткізу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан су жеткізу 2023 жылы қызмет көрсету саласындағы өзекті бизнес-идея болуы мүмкін. Оның үстіне, бұл бизнесті кемінде 200 мың теңгеге ашуға болады, жеке автокөлік болған жағдайда, тек отын шығындарын жабу қажет болады. Айтпақшы, уақыт өте келе жүргізушілер мен жүк тиеушілерді жалдап, машиналар санын көбейту арқылы істі оңай кеңейтуге болады.
Соңғы жылдары Қазақстан бойынша авторлық саяхат сияқты туризм форматы сұранысқа ие болып келеді. Мұндай саяхаттарда қызықты жерлер, гидтің толық сүйемелдеуі, стандартты емес бағыттар қарастырылған. Мысалы, Тянь-Шань тауларындағы трекинг, Алтын-Емел ұлттық паркіндегі сафари, Маңғыстау түбегіне экспедициялар жиі кездеседі. Қысқа тур форматтары да сұранысқа ие, мысалы, демалыс күндеріндегі турлар.
Тағы бір қызықты бағыт – психологиялық туризм және ретриттер. Бұл – саяхаттауды ұнататын психологтар үшін жаңа бизнес-идеялар. Психологиялық туризмнің мақсаты – жағдайды ауыстыру, күнделікті дағдыдан алшақтау, демалу. Бұл бағыт өз қызметкерлерінің менталды денсаулығына қамқорлық жасайтын және мамандардың шаршауына жол бермеуге тырысатын компаниялардың сұранысына ие. Мұндай турларда адамдар бағыт бойынша жүріп, табиғи сұлулықтан ләззат алып қана қоймайды, сонымен бірге тыныштық табуға және алаңдаушылық деңгейін төмендетуге көмектесетін консультацияларға немесе топтық терапияларға барады. Басқа да сұранысқа ие белсенділіктердің арасында мастер-кластар, йога, медитация және т.б. бар.
Бұл 2023 жылы тиімді бизнес болып келеді, бірақ ол айтарлықтай капиталды инвестициялауды қажет етеді: тоқтау және іс-шаралар өткізу үшін орындарды таңдау, объектілерді жалға алу, топты тамақпен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және басқа да материалдық емес және материалдық шығындар қажет.
Үй бизнесі үшін тамаша идея – жаттығуларды онлайн режимінде өткізу. 2020 жылға дейін мұндай формат сәтті болмаған еді, алайда ковид уақытында басымдықтар өзгеріп, қызметтің көптеген салалары онлайн режиміне көшті.
Интернеттегі бұл бизнес-идея өте қарапайым, жаттықтырушы клиентпен ыңғайлы қосымшада бейнебайланыс арқылы хабарласып, клиенттің қажетті жаттығулар кешенін қалай орындайтынын бақылайды, соның ішінде техниканы қадағалап, жүктемені түзетеді. Онлайн-жаттығулар алдында кеңес беріледі, онда клиент қандай мақсатқа қол жеткізгісі келетінін айтады, ал жаттықтырушы бағдарламаны жасап, қандай жабдықтарды сатып алу қажет екені жөнінде ұсынымдар береді. Шығындар тұрақты интернет ақысын және уақыт бойынша шектелмеген бейнебайланыс үшін бағдарламалық қамсыздандырудың тарифтік жоспарын төлеуді ғана қамтуы мүмкін.
Бүгінгі таңда шағын бизнестің ең тиімді нұсқаларының бірі – клининг. Бұл саланың мамандары түрлі қызмет түрлерін көрсете алады: бұл ұдайы, тазалықты сақтаушы немесе күрделі жинау, жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілетін клининг және басқалар. Клинер клиентке өзінің жабдықтарымен, шығыс материалдарымен және тазалау құралдарымен келеді, бұл үшін ақша жұмсауға тура келеді.
Тағы бір пайдалы қызмет – жиһаз бен кілемдерді химиялық тазалау. Ол маманның барлық жұмысты клиенттің үйінде жасауын көздейді, бұл тапсырыс берушінің уақытын айтарлықтай үнемдейді. Алайда, бұл үшін кәсіби құрал-жабдықтар мен тазартқыш заттар және мұның бәрін тасымалдауға ыңғайлы жеке автокөлік қажет болады.
Сонымен 2023 жылы Қазақстанда қандай істі ашқан тиімді? Мүмкіндіктер мен перспективалық бағыттар өте көп. Ісін жаңа бастаушылар үшін бизнес-идеялар үй жануарларын серуендету мен мерекелерді безендіруден бастап, торттарды дайындауға және иттерге киім тігуге дейін кез келген нәрсе болуы мүмкін. Оның үстіне «үйден шықпай-ақ» жүргізілетін бизнес үшін көптеген идеяларды, мысалы декреттік демалыстағы қыздар немесе еркін кесте бойынша жұмыс істеуді жөн санайтын мамандар үшін өте қолайлы бағыттарды таңдауға болады.
Қорытындылай кетейік, өз бизнесіңізді табысты бастау үшін не істеу қажет? Біріншіден, өз құзыретіңізді ескеріп, күш-қуатыңызды, ресурстарыңыз мен мүмкіндіктеріңізді бағалау қажет. Екіншіден, нарықты зерттеп, бизнес-жоспарды егжей-тегжейлі ойластыру қажет. Үшіншіден, қаржылық мәселелерді шешу үшін дұрыс серіктес банкті таңдау қажет, өйткені, ең алдымен, клиенттермен өзара есеп айырысу үшін сізге қолайлы әрі тиімді ағымдағы шот ашу қажет болады. Мұны ЦентрКредит Банкінде, оның ішінде онлайн режимінде жасауға болады. Біз жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен ынтымақтасып, бизнесмендерге түрлі қызмет нысандары мен бағыттары үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша тиімді шарттарды ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің банк кредит беру, инкассациялау, лизинг және тағы басқа бірқатар қосымша қызметтер көрсетеді, ал біздің клиенттеріміздің контрагенттермен өзара есеп айырысуы 30 минуттан аспайды. Интернет-банкингтің ыңғайлы жүйесі және мобильді қосымша кез келген бизнес-міндеттерді үйден немесе офистен шықпай-ақ, қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді және сіздің бизнесіңізді табысты етуге көмектеседі.
Өз жеңістеріңіз үшін шот ашыңыз!
Автор — Наталья Брославская