«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Қаратау ауданы, Нұрсат ықшамауданы, 197-үй, корпус 4А мекенжайында орналасқан Банктің жаңа бөлімшесінің ашылуы туралы хабарлайды.
«ЦентрКредит Банкінің жаңа бөлімшесінің ашылуы – клиенттерімізге қарай бағытталған кезекті қадам, – дейді Банктің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Қазіргі күні үлкен мән берілетін цифрлық арналарды енгізумен қатар, біз ЦентрКредит Банкінің ең үздік сервистерін барынша көп қазақстандықтың пайдалана алуы үшін ЦКБ-нің өңірлік желісін жүйелі түрде дамытуды жалғастыра отырып, классикалық банктік қызмет көрсету туралы да ұмытпаймыз. Шымкент – өте әдемі, қарқынды дамып келе жатқан, әлеуеті жоғары, республикалық маңызы бар қала. Біздің банкіміздің тағы бір бөлімшесінің дәл осы жерде ашылғанына шын жүректен қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!»
ЦКБ-нің жаңа бөлімшесі қаланың орталығында, кіреберісі мен тұрағы ыңғайлы жерде орналасқан. Офистің заманауи жабдықталуында бөлімшенің әрбір келушісінің өзін барынша жайлы сезінуі ескерілген. ЦентрКредит Банкінің білікті менеджерлері жек тұлға, сондай-ақ заңды тұлға клиенттер үшін банктік қызметтердің алуан түрін ұсынады.
Бөлімшенің жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00
Сенбі: 09:00 – 16:00
Жексенбі: Демалыс
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз:
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан тегін WhatsApp +7 (747) 1111-605