Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2018-03-28 00:00:00

"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.


«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың атқарушы органы орналасқан жер: Қазақстан Республикасы, пошта индексі: A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан кейін – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 35-бабына, 37-бабының 1-тармағына және 3-тармағының 3-тармақшасына, 41-бабына сәйкес «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының (бұдан кейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ) Директорлар кеңесі жиналысты шақыруға бастамашы ретінде 2018 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй, 2-қабат, конференц-зал мекенжайында «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан кейін – акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін орында жүзеге асырылады, тіркеу 9 сағат 30 минутта (Алматы уақытымен) басталады және 9 сағат 55 минутта (Алматы уақытымен) аяқталады.

Акционерлердің жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы 2018 жылғы 28 сәуірде сағат 10.00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй, 2-қабат, конференц-зал мекенжайында өткізіледі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бірыңғай тіркеуші» АҚ 2018 жылғы 9 сәуірдегі жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:


  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2017 жылғы қызмет нәтижелері туралы есебі. 
  3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2017 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
  4. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту. 
  5. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Жарғысына және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.
  6. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.



Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жалпы жиналыс өткізілетін күннен кемінде он бес күн бұрын немесе Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе Директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болады. Акционерлер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2018 жылғы 17 сәуірден бастап сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасы орналасқан жерде таныса алады. Өзіңізбен бірге жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.

Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша 2 598 598, ішкі 10011 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлеріне акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің келесі тәртібімен танысуды ұсынамыз.

Банк акционерлерінің жалпы жиналысын ашқанға дейін есеп комиссиясы келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркейді. Акционердің өкілі өзінің акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өкілеттілігін растайтын сенімхатты ұсынуы қажет. Жеке тұлға акционердің өкіліне берілген сенімхат нотариатты куәландырылған болуы тиіс. Заңды тұлға акционердің өкілі қоғамның бірінші басшысының немесе бірінші басшыны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған және қоғамның мөрімен куәландырылған сенімхатты ұсынуы қажет.

Егер заңды тұлғаның атынан берілген сенімхатқа бірінші басшыны алмастырушы тұлға қол қойған болса, бірінші басшыны алмастырушы тұлғаның Банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу туралы жоғарыда көрсетілген сенімхатты беруге құзыреттілігін растайтын, ұйымның мөрімен куәландырылған құжатты ұсынуы қажет.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын заңды тұлға болып табылатын акционер оның акционерлерінің (қатысушыларының) (егер Банкте мұндай акционерлер (қатысушылар) тіркелген ел туралы ақпарат болмаса) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» туралы Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес талаптарды орындағаны көрсетілген өтінішті береді. Өтініш нысаны «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың http://www.bcc.kz/upload/zayavlenie_kaz.doc веб-сайтында орналастырылған.

Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Кворум болған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытта ашылады. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелсе (кворум), акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақыттан ерте ашылмауы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің Директорлар кеңесі Төрағасының алғы сөзінен басталады.

Келесі жағдайларды қоспағанда:


  • Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеуді;
  • Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді;
  • акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің процедуралық мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда,


акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.

Акциялар бойынша берілетін кумулятивтік дауыс беру кезінде акционер дауыстарды Директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидат үшін толық беруі немесе Директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидат арасында бөліп беруі мүмкін. Дауыстар саны ең көп берілген кандидаттар Директорлар кеңесіне сайланған болып танылады. Егер Директорлар кеңесінің мүшелігіне екі немесе одан көп кандидат дауыстар санын бірдей жинаған болса, акционерлерге дауыстар санын бірдей жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетендерін беру арқылы осы кандидаттар бойынша қосымша кумулятивтік дауыс беру жүргізіледі.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, оған қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51, 52-баптарына, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қолданыстағы Жарғысының нормаларына сәйкес өткізіледі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесі

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды