Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2022-04-27 00:00:00

«Альфа Банк» клиенттеріне

1.  Менің кредитімнің Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілгенін қалай білсем болады?

Сізге кредиттің ЦентрКредит Банкіне көшірілгені туралы sms-хабарлама келеді.


2.  Менің Альфа Банктегі кредитім бойынша талаптар ЦентрКредит Банкіне өткеннен кейін өзгере ме?

Жақ, кредиттер бойынша талаптар өзгеріссіз қалады.


3.  Мен кредитімді Альфа Банкте өтеуді жалғастыра аламын ба?

Егер Сіздің кредитіңіз Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген болса, жоқ.


4.  Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті қалай тегін өтейді?

Сіз кредит бойынша ай сайынғы төлемді:

·       BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app;

·       ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары;

·       Касса24, Qiwi және Yurta терминалдарында комиссиясыз енгізе аласыз.


5.  ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті өтеуге арналған шот нөмірін қайдан білуге болады?

Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өтеуге арналған шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді.


6.  Альфа Банкте берілген кредитті өтеу үшін ЦентрКредит Банкінде шот ашуым қажет пе?

Жоқ, Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өтеуге арналған шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді.


7.  Менің шотым бойынша ТТТ/ИӨ/Тыйым бар, Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті қалай өтеуге болады?

Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитіңізді өтеуге арналған уақытша шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді. Уақытша шот бойынша өтеуді тек ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелерінде ғана жүргізуге болады: бөлімшелердің мекенжайлары.


8.  Кредитті өтегенімді/өтемегенімді қалай білемін?

·         BCC.KZ мобильді қосымшасынан: https://bcc.kz/app;

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінен: бөлімшелердің мекенжайлары;

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарынан (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) біле аласыз.


9.  Мен ай сайынғы төлемді өтеу үшін Альфа Банкке ақша салып қойдым. Менің бұл ақшамның кейінгі жағдайы қалай болады?

Егер төлем жасалатын күн талап ету құқықтарын қайта табыстағаннан кейін орнайтын болса, онда Сіз:

·           Альфа Банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем сомасын ЦентрКредит Банкінің деректемелері бойынша шоттан шотқа аудара аласыз (ақша аудару 3 жұмыс күніне дейін жүргізіледі);

·           бұрын салынған ақшаны Альфа Банктің бөлімшелеріндегі ағымдағы шоттан алып, кредит бойынша ай сайынғы төлемді:

o    BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app

o    ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары

o    ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары

o    Касса24, Qiwi және Yurta терминалдарында енгізе аласыз.


10.  Альфа Банктегі кредитім бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы мен күнін қалай білемін?

·         BCC.KZ мобильді қосымшасынан: https://bcc.kz/app

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінен: бөлімшелердің мекенжайлары

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарынан (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) біле аласыз.

11.  Альфа Банктегі кредитімді ЦентрКредит Банкі арқылы өтеу үшін қандай деректер қажет?

Қарыз алушының ЖСН, ЦентрКредит Банкінде өтеуге арналған шоттың нөмірі немесе Банктік қарыз шартының нөмірі.


12.  ЦентрКредит Банкінің банкоматтарының, терминалдарының және бөлімшелерінің мекенжайларын қайдан білемін?

Сіздің қалаңыздағы терминалдардың, банкоматтардың және бөлімшелердің мекенжайларын осы жерден білуге болады.


13.  Кредитті онлайн өтеуге бола ма?

Иә, BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app


14.  BCC.KZ мобильді қосымшасына қалай тіркеледі?

Тіркелу үшін Сізге телефон нөміріңіз және SMS-те көрсетілген өтеуге арналған шоттың немесе ЦентрКредит Банкінің картасының нөмірі қажет.


Берешегі (ТТТ/ИӨ/Тыйым) бар клиенттер бойынша тіркеу уақытша шоттар арқылы жүргізілмейді.


15.  BCC.KZ мобильді қосымшасы тағы не үшін қажет?

  • ҚР бойынша телефон нөмірі арқылы және бүкіл әлем бойынша ақша аудару;
  • Ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, көлік және т.б. үшін #картакарта арқылы 1% кэшбэкпен төлем жасау;
  • Шоттар мен депозиттер ашу;
  • Ең жақсы бағамдармен валюта айырбастау;
  • Анықтамаларға тапсырыс беру, кредиттік есептерді тексеру және көптеген басқа қызметтер;
  • BCC.KZ қосымшасының барлық артықшылықтары осы жерде.


16.  ЦентрКредит Банкінің #картакартасын ашқан кезде, маған қандай артықшылықтар ұсынылады?

  • 3%-ға дейінгі базалық кэшбэк;
  • Сүйікті санаттар бойынша 10%-ға дейінгі кэшбэк;
  • Серіктестерде сауда жасаған кезде, 30%-ға дейінгі кэшбэк;
  • Банктің серіктестер желісінде пайызсыз бөліп төлеу;
  • 7 миллион теңгеге дейін кредиттік лимит алу мүмкіндігі;
  • #картакартаның барлық артықшылықтары осы жерде.

17.  ЦентрКредит Банкінде картаны немесе шотты қалай ашамын?

Сіз оларды ЦентрКредит Банкінің келесі кез келген бөлімшесінде аша аласыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


18. ЦентрКредит Банкінің картасын қалай толықтырады?

·       ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің сайтында картадан картаға лезде ақша аудару арқылы: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html (ақша аудару үшін алынатын комиссияны картаны шығарған банк белгілейді, Альфа Банк пен Сбербанк карталарынан ақша аудару қолжетімсіз).



19.  Кредит беруден кейін қызмет көрсету (кестені өзгерту, мерзімін ұзарту) мәселелері бойынша қайда жолықса болады?

ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелеріне жолығыңыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


20.  Менің Альфа Банкте кредитім бар, оны ЦКБ-де қайта қаржыландыруға немесе ресімдеуге бола ма?

Кредитке өтінімді Сіз ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелерінде бере аласыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


21.  Альфа Банкте берілген кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

Иә, мерзімінен бұрын толық өтеу және мерзімінен бұрын ішінара өтеу BCC.KZ мобильді қосымшасында қолжетімді: https://bcc.kz/app.

Қосымшадағы Өзімнің кредитім → Төлеу → Мерзімінен бұрын өтеу тарауларын таңдаңыз.


22.  Тауар сатып алуға берілген кредиттерді мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеу бойынша талаптар қандай?

Тауар сатып алуға берілген кредиттерді мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеуді айыппұл санкцияларынсыз жүргізуге болады.


23.  Тағы да сұрақтарым болса, қайда хабарласуға болады?

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелеріне: бөлімшелердің мекенжайлары;

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарына (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін);

ЦентрКредит

Банкінің +7 747 11 11 505 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады. 

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-10-07 13:00:00
ISO 20022 стандартындағы өзгерістер
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды