Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2023-11-15 12:00:00

Банк ЦентрКредит Цифрлық теңгенің төлем картасын шығарды

Цифрлық теңге – бұл Қазақстандағы жаңа ақша нысаны, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі эмиссиялайтын болады. Цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақшаны ауыстыруға арналмаған, қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық валютамен интернет-эквайринг, мобильді қосымшалар, POS-терминалдар арқылы және тіпті интернет желісіне тұрақты қолжетімділік жоқ жерлерде де қолма-қолсыз қаражатпен төлегендей төлей беруге болады.

Банк ЦентрКредит Visa төлем жүйесімен және Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен бірге цифрлық теңгені пайдалана отырып, қаржылық операцияларды әзірлеу және тестілеу бойынша бірінші кезеңді сәтті аяқтады. Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі кезінде жобаның ағымдағы нәтижелерінің таныстырылымы өтіп, цифрлық валюта арқылы алғашқы төлемдер жүргізілді.

Руслан Владимиров, Банк ЦентрКредиттің президенті:

— Цифрлық валюта қаржы нарығына қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және көптеген жаңа сервистерді іске қосуға ықпал ететін болады. Біздің банк осы жобаның алғашқы серіктестерінің бірі болды және болжам мен әзірлемеден бастап алғашқы төлемдерді табысты тестілеуге дейінгі жолдан өтті. Бүгінгі таңда банк түпкілікті пайдаланушылар үшін өнімдер мен сервистерді өнеркәсіптік пайдалануға беруге дайын. Мысалы, цифрлық теңгемен жалақы алу үшін дебеттік карталарды шығару. 

Вера Платонова, Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa вице-президенті және өңірлік менеджері:

— Цифрлық теңгеге тіркелген картаны шығару Қазақстан Республикасындағы инновациялар мен цифрлық төлемдердің сенімділігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін мемлекеттік және жеке сектордың бірге жұмыс істеуді жалғастырып келе жатқанын көрсетеді. Біз цифрлық валюта ақша қозғалысының болашағына әсер етуі мүмкін деп есептейміз. Қаржылық экожүйеге қатысушылар осы технологиялық прогрестен пайда алып, Visa ұсынатын артықшылықтарды пайдалана алатынына сенімдімін. Мен Қазақстандағы цифрлық төлемдердің болашағын алға жылжытуға көмектесуге ұмтылатын Банк ЦентрКредитіне ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін.

Цифрлық нысан ақша массасын неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар мемлекеттен тиесілі төлемдерді (зейнетақылар, стипендиялар, әлеуметтік жәрдемақылар және т.б.) тікелей және барынша жылдам ала алады, банк оларды ешқандай өзгерістер мен шектеулерді сезінбей-ақ, осы ақшаны әдеттегідей пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Цифрлық валютаны пайдаланудың үлкен артықшылығы үнемдеу болып табылады. Цифрлық теңгені енгізу делдалдар санын қысқарту арқылы транзакция құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ақша аударуда үнемдеу және эквайринг бойынша комиссияны төмендету болып табылады. Тиісінше төлем айналымына қатысушылар арзан, тез әрі қауіпсіз төлемдерге қол жеткізе алады.

Алдағы уақытта интернет болмаған кезде де төлем жасауға мүмкіндік пайда болады. Бұл еліміздің өңірлері арасындағы цифрлық алшақтықты еңсеруге септігін тигізетіні және қолма-қол ақшасыз төлемге көшуге ықпал ететіні сөзсіз.

ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген № 1.2.25/195/34 лицензия.

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
2024-09-27 10:59:52
Құрметті клиенттер!
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды