Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Жаңалықтар 2024-07-02 11:25:26

ЦКБ Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді климаттық стратегияны әзірлеген алғашқы банк атанды

ЦКБ қазақстандық банктер арасында бірінші болып климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Осылайша банк тұрақты даму саласындағы көшбасшылығы нығайтып, климаттың өзгеруімен күресуге деген ынта-жігерін танытты.

Климаттық стратегия – банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын, шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат. Тұрақты дамуға жаһандық көшу және көміртегі бейтараптығы жағдайында тиімді климаттық стратегияны әзірлеу және енгізу банкке тәуекелдерді басқаруға, климаттық өзгеруге жәрдемдесуге және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келуге ғана емес, сондай-ақ «жасыл» экономиканы қаржыландыру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.

ЦентрКредит Банкі EY халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, банктің меншікті операциялары бойынша да (2030 жылға қарай 2023 жылмен салыстырғанда шығарындылар көлемін 42%-ға азайту), сондай-ақ қаржыландырылатын корпоративтік кредиттік портфель бойынша да (2030 жылға қарай энергетика, ауыл шаруашылығы, металлургия, өндіріс сияқты негізгі салаларда қаржыландырылатын шығарындыларды 42%-ға азайту) көміртегі ізін төмендету жөніндегі ғылыми негізделген тәсілге сәйкес аралық және ұзақ мерзімді мақсаттарды белгіледі.

Климаттық стратегия «жасыл» қаржыландыру портфелін ұлғайтуға үлкен мән береді. «Жасыл» портфель бойынша мақсаттарды белгілеу үшін қаржыландыру үшін басым қызмет түрлерін / жобаларды айқындай отырып, «жасыл» бағыттар нарығына талдау жүргізілді. Жаңартылатын энергетика және тұрақты ауыл шаруашылығы 2030 жылға дейін банктің қаржыландыруы үшін «жасыл» экономиканың басым бағыттары ретінде айқындалды, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін әлеуетті нарық көлемі ~$3.5 млрд-қа жетеді. Нарықты талдау нәтижелері бойынша 2030 жылға дейін 400 млрд теңге мөлшерінде мақсатты мәнге қол жеткізуді көздейтін «жасыл» қаржыландыру портфелі бойынша мақсаттар белгіленді.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бірқатар әзірленген бастама есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Мысалы, ерекше жағдайларда тұрақты даму бағыты бойынша мақсатты жобаларды қаржыландыру (жаңа кредиттік өнімдер), серіктестікті дамыту, сондай-ақ жаңа бөлшекті «жасыл» өнімдерді іске қосу.

«Банктің климаттық стратегиясын іске асыру біздің тұрақты даму саласындағы көшбасшы ретіндегі позициямызды нығайтып қана қоймай, инновация мен даму үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Біз осындай стратегияны іске асыруды бастаған өңірдегі алғашқы банк болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімін нығайтатынына, сондай-ақ барлық мүдделі тарап үшін қосымша құндылық жасайтынына сенімдіміз. Біздің тұрақты дамуға деген ұмтылысымыз аясында банк климаттық стратегияны белсенді іске асыруға және оның нәтижелеріне мониторинг жүргізуге ниетті. Бұл бізге белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге және процестің барлық қатысушысымен диалогта толық ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – дейді «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.

Әзірленген климаттық стратегия – банк үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам. ESG саласындағы ірі өзгеріс аясында әзірленген климаттық стратегия тәуекелдерді басқаруға ғана емес, «жасыл» экономиканың жаңа мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруға да назар аударады. Банктің декарбонизация бойынша алға қойған мақсаттары өршіл және тұрақты даму мен ESG күн тәртібіндегі көшбасшылықты көрсете отырып, ұлттық мақсаттарды басып озады.

*ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

Өзге жаңалықтар
2024-10-31 11:00:00
Премиум карталардың тарифтері жаңартылуы
2024-10-24 17:00:00
Құрметті клиент!
2024-10-24 16:25:00
БДШ (ҚТЖ) бойынша төлем – енді bcc business интернет-банкингінде
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды