Құрметті клиенттер!
BCC Business (WEB) қосымшасындағы біздің FX Платформамызда маңызды функция – Кейінге қалдырылған ордердің іске қосылғаны туралы естеріңізге салғымыз келеді. Аталған операция типі үшін 10.02.2022 жылдан бастап шекті сома 100 000 USD-дан 500 USD-ға дейін (баламасында) төмендетілді.
Кейінге қалдырылған ордер – клиенттің қаржы құралын өзінің көңілінен шыққан бағаға сатып алу немесе сату туралы өкімі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Мәселен, клиентке 500 АҚШ долларын 421 теңге бағамы бойынша сатып алу қажет, ал нарықтағы ағымдағы баға 422 теңге. Енді онлайн режимінде бағамдарға мониторинг жүргізудің қажеті жоқ, клиенттерге бар болғаны 500$-ды 421 теңге бағамы бойынша сатып алу туралы кейінге қалдырылған ордерді белгілеу ғана жеткілікті, сондай-ақ егер күндізгі сауда сессиясының ішінде осы баға нарықта пайда болса, жүйе ордерді автоматты түрде орындайды.
Клиенттер кез келген уақытта ордердің қолданысы аяқталатын уақытты белгілеу, өзгерту немесе жою мүмкіндігіне ие болады. Егер күндізгі сауда сессиясының соңына дейін ордер орындалмаған болса, онда ордер автоматты түрде күшін жояды.
Ордердің қолданысының ең ұзақ кезеңі – биржаның сауда сессиясының соңына дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10:30-дан бастап 17:00-ге дейін).
Нұсқаулықты келесі мекенжай бойынша алуға болады: http://ibdemo.bcc.kz/help/index.html