Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Размер шрифта:
A A A
Цвет сайта:
Ц Ц Ц
Показывать изображения
Голосовой помощник
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Жаңалықтар 2023-04-11 00:00:00

Жасыл экономика: зиянды CO2 шығарындыларын қалай азайтуға болады

2013 жылы Қазақстанда «Елдің жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдама мақсаттарының бірі – 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін кемінде 3 пайызға және 2030 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыру. Сондай-ақ 2023 жылғы 2 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы» бекітілді, онда көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізгі тәсілдерінің бірі ЖЭК және баламалы энергия үлесін арттыру болып табылады.


Электр энергиясының айтарлықтай үлесін солтүстік-шығыс және орталық Қазақстанда өндірілетін арзан көмірдің үлкен көлемін тұтынатын электр станциялары өндіреді. Көміртегі шығарындыларының 80 пайызы электр және жылу энергиясын өндіруге тиесілі. 2030 жылға дейін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жаңартылатын энергия технологияларын енгізуге және энергия тиімділігінің жоғары стандарттарына негізделген ғимараттарды салуға бағытталған экономиканы түрлендіру қажет.


Қазақстандағы жасыл экономика драйверлерінің бірі ЕҚДБ-ның GEFF (Green Economy Financing Facility) бағдарламасы болды. GEFF бағдарламасының көмегімен Алматы облысындағы жел электр станциясын салу және пайдалану бойынша ең ірі жобалардың бірі – жалпы қуаты 8,45 МВт «Нұрлы ЖЭС» ЖШС іске асырылды. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 8,7 миллион АҚШ долларын құрайды, оның 4,7 миллионы ЦентрКредит Банкі арқылы қаржыландырылды. Жоба атмосфераға СО2 шығарындыларын жыл сайын 14,297 тоннаға азайтуға мүмкіндік берді.


«Жасыл экономика бұрынғыдан да өзекті және халықаралық қаржы институттары энергияны үнемдейтін технологияларды қолдауға назар аударуда. Жасыл қаржыландыру біздің банк үшін стратегиялық дамудың басымдығы болып табылады. «Нұрлы ЖЭС» ЖШС жобасының сәтті жүзеге асырылуы жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын азайту жолында әрқайсымызға үлгі болып табылады деп есептеймін», – деп түсіндірді «Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рустам Тенизов.


Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қазақстанда GEFF II жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес компанияларына кредит беру үшін қаржы институттарына 150 миллион доллар ұсынады. Сондай-ақ қаржыландыру жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге де ұсынылады.


Қазақстандағы GEFF бағдарламасы 188-ден астам жергілікті қаржы мекемелері мен институттары желісі арқылы 29 елде жұмыс істейтін ЕҚДБ жаһандық бастамасының бөлігі болып табылады. Бағдарлама энергия үнемдейтін және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен тұрғын үй мен бизнесті жаңғыртуға бағытталған. Жасыл технология шешімдеріне арналған жабдықтардың толық тізімі Жасыл технология селекторы сайтында жарияланған.

ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 жылғы № 1.2.25/195/34 лицензия

Өзге жаңалықтар
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
2024-09-27 14:12:00
БЦК УЭСР АРРФР Нұсқаулығын талқылауға арналған Дөңгелек үстелге қатысты
2024-09-27 10:59:52
Құрметті клиенттер!
Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды