Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Карталар
Карталар
Кредиттік карта
Дебеттік карталар
Балаларға арналған карта
Зейнетақы картасы
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Кредиттік карта
#картакарта
Дебеттік карталар
#bccpay #GoldCard
Балаларға арналған карта
#bccjunior
Зейнетақы картасы
#Үлкенгеқұрмет

Құпиялылық саясаты

«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін мәтін бойынша – Банк) Junior bank балалар мобильді қосымшасына (бұдан кейін мәтін бойынша – МҚ) қызығушылық танытқаныңыз үшін, алғысын білдіреді. Сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау біз үшін өте маңызды, сондықтан біз Junior bank балалар мобильді қосымшасын пайдаланатын кезде жиналатын және өңделетін деректерді қорғауға ерекше назар аударамыз.

Junior bank пайдаланушыларға жасалған Банктік қызмет көрсету шарты және/немесе электрондық ақша қаражаты шартының аясында, сондай- ақ мұндайлар жасамай Банкпен өзара бірлесіп әрекет етуді, сондай-ақ пайдаланушылар мен осындай серіктестер арасында жасалған шарттар аясында ақпарат алмасуды және интернет немесе мобильді құрылғының арнайы қосымшасы (смартфон, планшет және т. б.) арқылы жекелеген операцияларды жүргізуді қоса алғанда, Банк серіктестерімен бірлесіп әрекет етуді, сондай-ақ электрондық төлемдер жүйесін, мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қызметтерге ақы төлеуге, әлеуметтік желілер арқылы жеке тұлғалар арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға және Интернетте сатып алу операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. МҚ пайдалануға рұқсат алу пайдаланушылардың осы конфиденциалдылық саясатының қағидаларымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Банк МҚ пайдаланушылардан алатын дербес ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы конфиденциалдылық саясаты МҚ пайдаланушыларынан сұратылуы мүмкін деректер тізбесін, сондай-ақ Банк пен өзге де тұлғалардың осындай деректерді өңдеу тәсілдерін көрсету мақсатында әзірленген. Осы конфиденциалдылық саясатында пайдаланушылардың жеке ақпараты сұралуы немесе жариялануы мүмкін мақсаттар да көрсетілген. Пайдаланушылармен жеке келісімдерде пайдаланушылардың жеке ақпараты сұратылуы немесе жария етілуі мүмкін өзге де мақсаттар көзделуі мүмкін. Осы конфиденциалдылық саясатында пайдаланушылардың жеке ақпараты құпия болып қалуы үшін қабылдануы тиіс негізгі сақтық шаралары да көрсетілген.

1. Пайдаланушылардың алатын және пайдаланатын ақпараты, сондай-ақ оны пайдалану мақсаттары

МҚ-ны пайдаланатын кезде келесі ақпарат сұралуы және алынуы мүмкін :

  1. Есептік жазбаны құратын және / немесе тіркейтін кезде, Банк пайдаланушы туралы ақпаратты сұратады: тегі мен аты, телефон нөмірі, туған күні, сондай-ақ биометриялық деректері (Face ID, Touch ID), соның негізінде МҚ-ға қайта кірген кезде, оның жеке тұлғасын анықтауға болады.
  2. Пайдаланушының құрылғысында орнатылған бағдарламалық қамсыздандырудың, соның ішінде IP мекенжайының көмегімен оларды пайдалану барысында автоматты түрде берілетін деректер.
  3. Мобильді құрылғы туралы ақпарат. Банк мобильді құрылғының түрі, операциялық жүйенің нұсқасы, құрылғының бірегей идентификаторлары, сондай-ақ мобильді желі туралы мәліметтер мен ұялы телефонының нөмірі сияқты пайдаланушылардың мобильді құрылғылары туралы мәліметтерді жинайды. Сонымен қатар, құрылғының идентификаторы мен ұялы телефонының нөмірін пайдаланушының есептік жазбасына тіркеуге болады.
  4. Жасалатын операциялар туралы ақпарат. Тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу, ақша аударымдары және өзге де операцияларды жүргізетін кезде Банк жүргізілген операциялардың орны, уақыты және сомасы туралы деректерді, төлем тәсілінің түрін, қызметтерді сатушы және/немесе жеткізуші туралы деректерді, егер бар болса, операция жүргізудің себептерінің сипаттамасын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген операцияларды жасауға байланысты өзге де ақпаратты жинайды. Пайдаланушылардың ақпаратын пайдаланатын кезде Банк осы саясатты, сондай-ақ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын басшылыққа алады.
  5. Пайдаланушының бөлек берілген келісімімен Банк Пайдаланушының байланыс деректері (телефон және / немесе мекен-жай кітабы, мобильді құрылғыдағы байланыстар) туралы ақпарат ала алады.
  6. Орналасқан жері туралы ақпарат. MЖ пайдаланушының келісімімен Банкке пайдаланушының нақты орналасқан жері туралы, оның ішінде мобильді құрылғы жіберген GPS деректері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
  7. Клиенттің мобильді құрылғысының камерасына кіру.

2. Пайдаланушылардың дербес ақпаратын жинау және өңдеу мақсаттары

МҚ Банктің қызметтерін ұсыну және көрсету (пайдаланушымен жасалған келісімдер мен шарттарды орындау) үшін қажетті дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.

  1. Қашықтан қызмет көрсету тәсілі үшін MҚ-да тіркелген пайдаланушыны сәйкестендіру.
  2. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, соның ішінде хабарламаларды, сұрауларды, операцияларды МҚ арқылы жіберу, қызмет көрсету, өңдеу.
  3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу және пайдаланушыға жақын Банктің бөлімшелерін және/немесе банкоматтарын іздеу үшін пайдаланушының орналасқан жерін анықтау.
  4. Өнімнің жаңартуларын, арнайы ұсыныстарды, өнімдер, тарифтер туралы ақпаратты, жаңалықты таратуды және Банк атынан немесе Банк серіктестері атынан өзге де мәліметтерді пайдаланушыға ұсыну.
  5. Картаның нөмірі бойынша аударым жасаған кезде, карта нөмірін сканерлеу және тіркейтін кезде биометриялық деректерді сақтау үшін пайдаланушының мобильді құрылғысының камерасына кіру.
  6. МҚ-да ұялы байланыс үшін ақы төлеу және МҚ пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін Пайдаланушының байланыс жасайтын деректері туралы ақпарат (телефоны және/ немесе мекенжай кітабы, мобильді құрылғыдағы байланыстары).
  7. МҚ-да OTP паролін автотолтыру үшін клиенттің SMS хабарламасы (SMS - хабарлама түрінде Банк жіберген растау коды).

3. Пайдаланушының жеке ақпаратын өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру талаптары

  1. Пайдаланушының дербес ақпаратына қатысты, Пайдаланушының өзі туралы ақпаратты шектеусіз адамдар тобына ортақ қол жеткізу үшін ерікті түрде берген жағдайларын қоспағанда, оның конфиденциалдылығы сақталады.
  2. Банк пайдаланушылардың ақпаратын өзінің үлестес тұлғаларына, сондай-ақ серіктестеріне және жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банкпен байланысты өзге де компанияларға беруге құқылы (2- тармақ. Пайдаланушылардың дербес ақпаратын жинау және өңдеу мақсаттары). Бұл кезде Банктің үлестес тұлғалары, сондай-ақ онымен байланысты компаниялар осы саясатты ұстануға міндетті. Ақпаратты беру заңнамада белгіленген процедуралар аясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген.
  3. Пайдаланушы МҚ сервистерінің пайдаланушы келісімін бұзған жағдайда, МҚ-ның немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында деректерді беру.
  4. Төменде келтірілген жағдайларды қоспағанда, Банк Банкпен байланысты емес компаниялар мен жеке тұлғаларға пайдаланушылардың ақпаратын бермейді:
    1. Пайдаланушы бұған өз келісімін берді. Банк пайдаланушылардың ақпаратын өзімен байланысты емес компанияларға және жеке тұлғаларға, оның ішінде басқа пайдаланушыларға беру үшін пайдаланушының қосымша келісімі сұралады. Пайдаланушы кез келген уақытта осы келісімді қайтарып ала алады.
    2. Қолданыстағы заңнаманың талабы бойынша. Банк мұндай ақпаратты алу, пайдалану және жария ету мақсатында қажет болған жағдайда, пайдаланушылардың ақпаратын ұсынады:
      1. қолданыстағы заңнаманы, сот шешімдерін орындау және сақтау немесе мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау;
      2. алаяқтықты анықтау, алдын алу немесе өзге де кедергі жасау, сондай-ақ техникалық іркілістерді немесе қауіпсіздік проблемаларын жою;
      3. ҚР қолданыстағы заңнамасымен рұқсат етілген шекте Банктің, МҚ пайдаланушыларының құқықтарын, меншігін немесе қауіпсіздігін қорғау.
  5. Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдейтін кезде МҚ «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын басшылыққа алады.
  6. Банк серіктестеріне Банк сервистерін пайдаланушылардың жалпыланған тұрлаусыз деректерін ұсына алады (мысалы, статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу мақсатында).

4. Пайдаланушының дербес ақпаратты өзгертуі

  1. Пайдаланушы кез келген уақытта өзіне берілген дербес ақпаратты немесе оның бір бөлігін өзгерте (жаңарта, толықтыра) алады.

5. Ақпараттың конфиденциалдылығын сақтау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шаралары

Банк пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттарына рұқсатсыз қол жеткізу, өзгерту, ашу немесе жою әрекеттерінен, сондай-ақ өзге де тиісінше пайдаланбау түрлерінен қорғау үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолданады. Әсіресе, Банк мүлікті ұрлау, фишинг және алаяқтықтың өзге де түрлерін жасау мақсатында Банк жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізуге қарсы іс-қимыл жасау үшін физикалық қауіпсіздік шараларын қоса алғанда, деректерді жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Банк сондай- ақ қызметкерлердің, мердігерлердің және агенттердің пайдаланушылардың ақпаратына қол жеткізуін шектейді, оларды бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары көзделген конфиденциалдылық саласындағы қатаң шарт бойынша міндеттемелерді көздейді. МҚ-ны пайдалану қауіпсіздігі пайдаланушының банктің ресми сайтында (https://www.bcc.kz/) танысуға болатын ұсыныстарды сақтауына байланысты. Пайдаланушы логин мен пароль сияқты есептік жазба деректерін үшінші тұлғалардан құпия түрде сақтауы керек. Пайдаланушы Банкке өзінің есептік жазбасын рұқсатсыз пайдалануға күдік туғызған кез келген жағдай туралы дереу хабарлауға міндеттенеді. Пайдаланушының Банктің ұсыныстарын сақтауы Банкке берілген ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушының банктік картасының деректемелерінің (немесе өзге де электрондық төлем құралының) және басқа деректердің барынша сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге, оның ішінде Интернет арқылы қолма- қол ақшасыз төлем жасаған кезде, банктік картасының деректемелерін (немесе өзге де электрондық төлем құралын) пайдалана отырып, операциялар жасайтын кезде ықтимал тәуекелдерді азайтады.

6. Конфиденциалдылық саясатын өзгерту. Қолданылатын заңнама

Банктің Конфиденциалдылық саясатын Банктің сайтында https://www.bcc.kz/ жаңа нұсқада орналастыру арқылы осы Конфиденциалдылық саясатына өзгерістер енгізуге құқығы бар. Актуалды нұсқаға өзгерістер енгізетін кезде, соңғы жаңартатын күн көрсетіледі. Егер Конфиденциалдылық саясатының жаңа нұсқасында басқаша көзделмесе, Саясаттың жаңа нұсқасы орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Банк МҚ пайдаланушыларына ең актуалды нұсқамен танысу мақсатында осы Конфиденциалдылық саясатына үнемі жүгінуді ұсынады.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды