Қабылдау-өткізу актісі – бұл тауарлар, қызметтер немесе өзге де құндылықтарды басқа тұлғаға беру фактісін тіркейтін бастапқы бухгалтерлік құжат. Мүлікті қабылдау-өткізу актісін дұрыс ресімдеу сатушыға оны сақтауға қатысты жауапкершілікті сатып алушыға беру мүмкіндігін береді.
Келесі жағдайда құжатқа міндетті түрде қол қойылады:
1. Ол шартқа қосымша ретінде ресімделген және шартта тауарларды нақты берген сәтте актіге қол қою қажет екені көрсетілген.
2. Техникалық жай-күйі, жұмысқа жарамдылығы, сыртқы көрінісі тексеруді талап ететін тауарлар немесе жабдықтар жеткізілген.
Акт бір жолғы түрде де, тұрақты жеткізілім кезінде де жасалуы мүмкін.
Қабылдау-өткізу актісінің үлгісі
Құжатты қалай толтыру керек екені туралы мәлімет «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №562 бұйрығында көрсетілген.
Құжатта тауардың атауы мен саны, сондай-ақ жасалған шарт туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Бұл – шарт пен оның орындалуы арасындағы байланысты бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өткізу сәтінде алушының сатушыға ешқандай наразылығы жоқ екені де тіркелуі керек.
Онлайн-открытие счёта для бизнеса
Используйте доступные возможности
в несколько кликов
Назар аударыңыз:
Егер тауарды қабылдау кезінде ақаулар немесе жетіспеушіліктер анықталса, бұл жайттар құжатта көрсетілуі тиіс.
Егер тауар жинақ түрінде жеткізілсе, бұл факт те актіде тіркелуі керек.
Егер тауарды сатып алушының өкілі қабылдап алса, оның тауарды қабылдауға және құжаттарға қол қоюға құқығы бар екенін растайтын сенімхат талап етіледі.
Акт екі данада жасалады, оған тапсырушы және қабылдаушы тараптар қол қояды.
Құжатта тараптардың қалауы бойынша басқа да мәліметтер көрсетілуі мүмкін, мысалы, көп айналымды ыдысты қайтару талаптары, қызметтер үшін ақы төлеу тәртібі және т.б.