ХТЖ логотипі |
Халықаралық төлем жүйесі туралы қысқаша
|
|
![]() |
Visa International- карточкаларының саны бойынша, сондай-ақ айналым бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі. Дүниежүзілік нарықтағы үлесі – 50%-дан жоғары. АҚШ-та басқа американдық банктермен бірге пластик есеп жүйесін алғаш енгізген Bank of America негізінде 1972 жылы ұйымдастырылған. Әр түрлі елдердің қаржы ұйымдарының қауымдастығының принципі бойынша құрылған. Ұйымдастыру принципі – табыссыз корпорация, АҚШ Делавер штатында тіркелген. Қауымдастықтың мүшелері ортақ иеленуші болып та табылады. Әлемдік ірі қаржы ұйымдарының қатарынан 19 мыңнан аса мүшелері бар. | |
"Visa-мен Go" деушілердің саны күн санап артуда |
ХТЖ логотипі | Халықаралық төлем жүйесі туралы қысқаша | |
![]() |
MasterCard Worldwide- әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы мекемесін біріктіретін халықаралық төлем жүйесі. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. Бірнеше американдық банктердің арасында Interbank Card Association деп аталатын қауымдастық құру туралы келісімнің нәтижесінде 1966 жылы құрылған. Әлемдегі төлем карталарының 26 %-ға жуығы MasterCard үлесіне тисе, 57%-ы әлемдік көшбасшы VISA төлем жүйесіне тиесілі.
|
|
"Әлемде ақшаға сатылмайтын бірнеше зат бар. Қалғандары үшін MasterCard жеткілікті" |
Visa Infinite |
|
![]() |
Visa Infinite картасы Visa төлем жүйесі мен ЦентрКредит Банкінің ең беделді картасы ретінде клиенттің жоғары мәртебесіне сәйкес болып қана қоймай, әлемнің кез келген жерінде VIP-қызмет көрсетудің, сондай-ақ бірегей ұсыныстардың кепіліне айналады. Карта элементтері алтыннан жасалып, жұмысы VIP карталар шығаратын High Concept Card Lab (Оңтүстік Корея, Сеул) зауытының шеберлерінің қолынан шыққан. Түрлі-түсті күңгірт пластиктен жасалған картаның негізі картаға қайталанбас әсемдік беріп, ерекшелейді. Заманауи карта: несиелік карта қара пластиктен, дебеттік карта көк пластиктен күңгірт реңкте жасалған.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар >>;, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Премиум сегменті карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Platinum |
|
![]() |
Ауқатты және маңызды клиенттерге арналған Premium сегментінің мүмкіндігі жоғары картасы, ол Банктің клиентке деген айрықша құрметінің белгісі болып табылады. Бұл – ерекше қызмет көрсетудің және сәйкес көңіл бөлудің деңгейі.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы | Банкоматтар,қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Premium сегменті карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Gold |
|
![]() |
Дәулетті клиенттерге арналған қымбат алтын карточка. Карточка иесінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және ауқымды қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады: қонақүйде демалғанда, билет сатып алғанда, автокөлік жалдағанда, дүкендерде есеп айырысқанда және т.б. жеңілдік береді. VISA логотипі бар барлық жерде қызмет көрсетіледі.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы | Банкоматтар қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Premium сегменті карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Classic |
|
![]() |
Ең танымал және көп тараған төлем карточкасы. VISA логотипі бар барлық жерде қызмет көрсетіледі. Шетелге шыққан кезде өте ыңғайлы.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар, , қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Electron |
|
![]() |
Ең қарапайым және қымбат емес халықаралық карточка. Шетелге сапар шеккенде және күнделікті қолма-қол ақша алған кезде, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысқанда төлем жасайтын ыңғайлы құрал. |
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар, , қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Electron Instant Issue |
|
![]() |
Карточканың басты ерекшелігі Банктің кез келген бөлімшесінен бірден шығарылады. Карточкада ұстаушының аты көрсетілмегеніне қарамастан, бұл картаға басқа Visa карталары сияқты POS-терминалдарда және банкоматтарда қызмет көрсетіледі. |
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар, ,, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Instant Social card |
|
![]() |
Банктің тарифтеріне сәйкес Банк шығарған және зейнетақы, жәрдемақы және басқа да мемлекеттік төлемдерді алуға арналған дербестендірілмеген төлем құралы. Толығырақ ... |
Карта валютасы |
KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар, , қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Visa Virtuon |
|
![]() |
Карточка Интернет желісінде есеп айырысуға арналған және жасалатын мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Виртуалды карточкалардың нөмірлері арнайы топқа бөлінген, бұл карточканы заңсыз пайдалануға жол бермейді. Виртуалды карточка есеп айырысатын картадан ерекшеленеді - онда магнитті жолақ та, чип те, қол қоятын жері және Visa логотипі жоқ.
Толығырақ ... |
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы | Интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Star Banking SMS -хабарлама |
Visa Gift сыйлық картасы |
|
![]() |
Бұл – алдын ала баланс салынған халықаралық төлем картасы. Visa Electron картасы негізінде шығарылады. Visa Electron халықаралық дебеттік картаның барлық артықшылықтарына ие. Бірден шығарылады. Карта дербестендірілмеген
Толығырақ ... |
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар,, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
MasterCard Platinum |
|
![]() |
MMasterCard Platinum – бұл карталар абырой мен халықаралық мойындауға аса мән беретін тұлғаларға арналған және олардың жоғары мәртебесінің белгісі болып табылады. Бүкіл әлем бойынша сенімді серіктестер желісі осы карточкаларды ұстаушыларға ерекше қызмет көрсетуді ұсынып, шет елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасаған кезде, қонақүй ақысын төлеген кезде, автокөлікті жалға алған кезде айтарлықтай жеңілдіктер беру сияқты бірқатар қосымша мүмкіндіктер сыйлайды. |
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы | Банкоматтар,қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Premium сегменті карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
MasterCard Gold |
|
![]() |
MasterCard Gold – бұл өз иесінің дәулетін білдіретін, жоғары сападағы беделді карта. Алтын картаны ұстаушылар ерекше қарым-қатынасқа, жоғары қызмет көрсету сапасына, елеулі жеңілдіктер алуға және дүние жүзінде тауарлар мен қызметтерге төлем жасаған кезде тиімді ұсыныстар жасалады деп сенуге құқылы.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы | Банкоматтар, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері |
Premium сегменті карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
MasterCard Standard |
|
![]() |
MasterCard Standard MasterCard International халықаралық төлем жүйесінің классикалық карточка өнімі болып табылады. Оның ерекшелігі – құны мен көрсетілген қызметтер жиынтығының қолайлы үйлесуі. Бұл карталар міндетті түрде авторизация жасауды талап етпейді, қонақүйге және билет сатып алуға бронь қою, Интернет арқылы сауда жасау бойынша қашықтан операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі, интернет |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Maestro |
|
![]() |
Maestro электрондық карталары күнделікті есеп айырысуға арналған алғашқы деңгейдегі карталар болып табылады. Бұл MasterCard төлем жүйесінің ең танымал, қолжетімді және тиімді карталары, оның негізгі құндылықтары: қызмет көрсету құнының төмендігі, қолжетімді және сенімді болуы (операциялар міндетті түрде авторизация арқылы жүргізіледі).
|
Карта валютасы | KZT, USD, EUR |
Қолдану саласы |
Банкоматтар,, қолма-қол ақша беру орындары (банктер), сауда желісі |
Қосымша мүмкіндіктері | Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер |
Жеке тұлғалары үшін
Осы арқылы мен «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа (бұдан кейін – Банк) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Осы келісім маған Банктің және оның серіктестерінің қызметін ұсыну, шарттар жасау және орындау, жоғарыда көрсетілген мақсаттарда Банктің менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру, соның ішінде деректерді трансшекаралық беру құқығымен Банкпен арамыздағы қарым-қатынасқа қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Банктің өз міндеттемелерін орындауы мақсатында беріледі.
Көрсетілген келісім берілген сәттен бастап күшіне енеді және оның мерзімі шектелмейді.